Қорытынды
Егемендік алған жылдар ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Президенттің аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарында үнемі ізденісі Қазақстанның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, басқа елдермен өзара қарым-қатынас кепілдігі ретінде де қызмет етеді. Біздің мемлекетіміз қазіргі таңда экономикалық реформаны жүргізу аймағында көшбасшы болып табылады. Қазақ халқында ежелден қоғам көшбасшысын сый-құрметке бөлеген. Н.Ә. Назарбаевты бүгінгі күні мемлекеттің негізін қалаушы, ұлт атасы ретінде мақтаныш етеді. «Назарбаев» пен «Қазақстан» деген сөз синоним болып қалды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты халық жақсы көруімен қатар, мақтаныш та етеді!
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, тәжірибелі көшбасшы бола тұра, экономикалық және саяси жетілдіру арасында, сыртқы және ішкі саясаты арасында, еліміздің жуық және ұзақ мерзімді мүдделері арасында соншалықты қажет тепе-теңдікті таба білді. Бұл оған маңызды стратегиялық мақсаттардан ауытқымастан елімізді алып шығуға мүмкіндік берді. Басты мәселе ретінде Тұңғыш Президент берік экономикалық негіз салу міндетін алға қойды, онсыз кез келген демократиялық түрлендірулер үстірт және тіршілікке қабілетсіз болып қалу қаупі бар. Алдымен экономика, сосын саясат – президенттік бағыттың лейтмотиві осындай болды, әрі бұл бағыт өзін толық ақтады. Тұңғыш Президенттің күшті әрі сенімді қолы жетелеген Қазақстан — экономиканы реформалауда, жаңа заманғы банктік-қаржылық, салықтық жүйені, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін құрудың көптеген өзекті мәселелеріне алғашқы із салушының өзі болды.
Барлық осы қасиеттері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халықаралық ауқымдағы нағыз талап етілген және беделді саясаткер етіп көрсетеді. Оның пікіріне әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары, ықпалды халықаралық ұйымдардың басшылары мен әлемдік бизнес-элита өкілдері ықыласпен құлақ қояды. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саяси табыстарындағы арыстандай үлесі оның көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың жоғарғы беделі мен жеке басының ықпалының арқасында болды деп айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272.
2.Алма Мүхамеджанова. ЬІқпалдастық уақыт талабы. // Егемен Қазақстан. 09.04.2002.
3.Назарбаев Н. Ұстанар қағидамыз бұлжымайды. //Егемен Қазақстан. 09.04.2002. №76
4.Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. 5.Назарбаев Н. Тарих толқынында .-Алматы: Атамұра,1999
6.Назарбаев Н. Тауелсіздік белестері.-Жібек жолы,2012
