Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
340.47 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы

«ОжАЭЖЖ» пәнінен

Есептік сызбалық жұмыс №1

Тақырыбы: Жылулық жүктемені анықтау

Нұсқа - 7

Мамандық: 5В071700 «Өндірістік жылуэнергетика»

Орындаған: Құмарбеков С.Қ. Тобы: ПТЭк-13-01

Қабылдаған: Бергенжанова Г.Р.

Алматы 2016

Кіріспе

Өндірістік ауданды жылулық энергиямен қамтамасыз ету бойынша ЕСЖ 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Жұмыста өндірістік ауданды жылумен жабдықтаудың басты проблемалары есептеледі. Мысалы, тұрғын ауданды және өндірістік кәсіпорынды жылыту, желдету және ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын жылу шығыны есептеледі, жылулық жүктеменің температуралық графигі тұрғызылады. Есептік сызба жұмысы «Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері» курсынан алған білімді жетілдіру үшін, ЖЭО-ң негізгі жабдықтарын таңдағанда және жобалағанда есептеу жүргізуді игеру үшін, тұрғын ауданды жылумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін, қандайда бір өндірістің технологиялық жылу шығындарын анықтай алу үшін студенттің теория жүзінде алған білімдерін нығайтуға арналған.

Бұл әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша ЕСЖ орындау үшін бастапқы берілген шамалар келтірілген, жұмыстың мазмұны, құрамы, көлемі және оны рәсімдеу бойынша қойылатын талаптар жазылған, әрі қолданылатын әдебиеттер тізімі келтірілген.

Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Есептік-сызбалық жұмыс тапсырмасы

  3. Есеп бөлімі

  4. Қорытынды

  5. Әдебиеттер тізімі

Есептеу-сызба жұмысы бойынша жалпы мағлұмат

1.1 Есж рәсімдеуге қойылатын талаптар

Есептеу-түсініктемелік хаттаманың тексті 297210 мм форматта жазу қағазына жоғарғы және төменгі шетінен – 20 мм, сол жағынан – 30 мм, оң жағынан – 10мм қалдырыла отырып рәсімделеді. Хаттамада АЭжБУ фирмалық стандартында келтірілген рамкалар қойылады.

Есептеу-түсініктемелік хаттамада барлық есептеулер мен теңдеулер толық жазылып, теңдеудің құраушыларына анықтамалар келтірілу керек. Шамалардың барлығының өлшем бірліктері жазылуы керек.

Барлық кестелер мен сұлбалардың реттік нөмірлері мен аталуы жазылу керек.

1.2 Бастапқы берілген шамалар

ЕСЖ нұсқаулықта берілген тапсырмаларға сәйкесті орындалады. ЕСЖ орындаудағы нұсқа нөмірі студенттің оқытушы журналындағы реттік нөміріне сай алынады.

1.1 к е с т е – ЕСЖ-а бастапқы берілетін шамалары

Нұсқа №

ЖЭО жобаланатын аймақ

Халықтың тығыздығы Р, адам/га

Кварталдар саны

Кварталдар ауданы, га

Өнеркәсіп-ке берілетін бу шығыны Dп, т/сағ

ηoi

Суқыз-дырғыш-тарды қосу түрі

Жылуландыру периодындағы судың орташа нормалық шығыны, л

1

2

3

4

5

6

7

8

9

7

Жезқазған

2010

1

40

290

0,79

екі сатылы тізбектей

115

560

2

22

780

3

18

1000

4

18

560

5

22

350

6

14

750

7

15

Барлық нұсқалар үшін:

  • жылумен қамдау жүйесі – жабық;

  • тура магистральдағы желілік судың есептік температурасы 1=1300С;

  • кері магистральдағы желілік судың есептік температурасы 2= 70 0С;

  • элеватордан кейінгі су температурасы 3= 95 0С;

  • ғимараттың ішіндегі ауаның есептік температурасы tв= 18 0С;

  • ЫСҚ жүйесіндегі ыстық су температурасы tгв = 60 0С;

  • суық су температурасы tс= 50С;

  • ЫСҚ жүктемесі үшін теңестік коэффициенті б= 1,2.

Соседние файлы в папке 2102172