2.2. Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер
Әлеуметтік процесс – бұл адамдардың мінез-құлқының өзара байланысқан әрекеті, соның нәтижесінде өзгерістер іске асырылады. Көптеген басқа әлеуметтік әрекеттерден бөліп көрсетуге болатын бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы әлеуметтік процесс деп аталады. Қоғамда әр түрлі өлшемдері бар көптеген әлеуметтік процестер орын алып жатады. Көбіне оларды төрт түрге бөледі: мақсатты, стихиялы, материалдық, рухани. Қандай әлеуметтік процесс болатындығына қарамастан, олардан туындайтын өзгерістерді үлкен үш топқа бөлуге болады: табиғаттағы өзгеріс, адамның өзі жасайтын өзгеріс, қоғамдағы өзгеріс. Алуан түрлі әлеуметтік процестердің ішінен ортақ беліглері бар процестерді Р. Парк пен Э. Берджес топтастырып берді. Соған сәйкес мынандай әлеуметтік процестің мынандай типтерін бөліп көрсетуге болады: кооперациялар, бәсекелестік, бейімделу, шиеленіс, ассимиляция.
«Саяси процесс» деген атау әлеуметтік философия мен саясатты зерттеу ғылыми әдебиеттерде, сондай - ақ публицистикада ежелден - ақ қолданылып келеді. Бірақ оның бүгінгі мазмұны, өмірде алар орны, тарихи түрлері, құрылымы, сыртқы пішіндері туралы мағлүматтар өте аз, Саяси процестің жалпыға бірдей абстрактылық жобасын жасаудың өзі әрі маңызды, әрі іс жүзінде бағалы екені даусыз. Саяси процесс саяси жүйенің қалыптасуын, оның әрбір құрамды бөлшектерінің қарым - қатынасын, өзгеруін қайыра құрылып, басқаша іске асуын, көпшілік билігінің жанама түрде болса да өмірден орын алуын тиянақты түсіндіреді. Саяси процесті бұлай түсінудің өзіндік мәні бар екенін аңғару қиын емес, өйткені, осы процестің өзі толып жатқан шексіз саяси қажеттілігі бар жиынтықтардан қалыптасады.
Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі мемлекет болып саналады. Оның себебі, саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы мәселе. Мемлекеттің философиялық -әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі қоғамның экономикалық-әлеуметтік формацияларының тарихи-қоғамдық дамуының құралы деп қарастырды. Ал оның заңдық қырына тоқталатын болсақ, ол мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы рттеп отыруды көздейді. Саяси-экономикалық жағынан мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құрал ретінде көрсетеді.
Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады Ол - адамзат тәжірибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардьң қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар турал ы мәлімет берудің құралы болып табылады. Белгілі бір халықтың дүниені кабылдауына тән ұғымдар, ұғымдар жүйесі тіл арқылы бейнеленеді, ол - кез келген мәдентеттің алғашқы негізі. Барлык халықтар дүниені өзіншс, ерекше түрде меңгереді, оньң ұсақ-түйектеріне дейін ойлайдьі, белгілейді. Мысалы, қазақ халқына, қазақтарға ғана тән болып келетін табиғат құбылыстарының көптеген түсінікктері мен ұғым атаулары кездеседі.
Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.
Қазақстандағы әлеуметтік процестер
Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер. Бірақ, бұл саладағы еңбектердің зерттелу деңгейіне шолу жасамай-ақ, өзекті мәселелер шоғырының біріне назар аудартайын. Ол тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселесі. Осы кезге дейінгі зерттеулерде тарихи оқиғалардың этнодемографиялық салдарлары басты назарда болып, оның әлеуметтік процестермен байланысты өзгерістерге ұшырауы арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.
Кеңестік дәуірдегі көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберсе, оның әлеуметтік құрылым динамикасындағы орны мен рөлін және олардың даму заңдылықтарын анықтау мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік процестердің халықтану саласындағы барысы тіпті де қарастырылмады деп айтуға болады. Жалпы, өзекті мәселелер жеткілікті. Мен соның ішінде, арнайы зерттеу нысаны ретінде алуға болатын өзекті мәселенің бірі – тәуелсіз Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тақырыбына тоқталайын.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы трансформациялық процестер қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де қатынастарды жаңа арнаға салды. Республикадағы әлеуметтік құрылымның қалыптасу эволюциясында екі процесті бөліп алуға болады: 1. Инновацияның қалыптасу процесі (жаңа әлеуметтік құрылымның тууы, қалыптасуы, оның жаңа сапалық қасиеттерінің бекуі); 2. Инновацияны таңдау процесі (бұл бір топтардың сақталуы мен екіншілерінің жойылуы). Мұндай сапалық өзгерістердің қазақстандық қоғамдағы түрлі таптар, топтар мен әлеуметтік қабаттардың түбегейлі мүдделерімен тоқайласатын тұстары өте көп: меншік қатынастары мен еңбекті ұйымдастырудың нарықтық жолға түсуі, әлеуметтік қабаттарға жіктелуде жаңа элементтердің туындауы және т.б. Қоғамдағы осындай түбегейлі әлеуметтік-экономикалық процестердің бірі – Қазақстан халқының экономикалық жағынан белсенді әрі анағұрлым басым бөлігі ретінде орнығатын орта таптың қалыптасуымен де тығыз байланысты.
Республикадағы әлеуметтік саланың трансформациялануын, жалпы алғанда, стратификация жүйесіндегі жаңа қабаттардың (бір жағынан, ірі және орташа меншік иелері болып табылатын «жаңалар», екінші жағында - әлеуметтік қамсыздандырылмаған және нарықтық сұранысқа сай келмейтін топтар) туындауы мен олардың қалыптасқан мәртебелік-рөлдік қызметтерге бейімделуі, әлеуметтік және жеке тұрғыдағы жаңаша бағдарға икемделуі ерекшелейді.
Әлеуметтік құрылымда жүріп жатқан өзгерістердің тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі болып табылатын нарықтық қатынастар тудыратын процестерге тығыз байланысты. Сондай-ақ, еліміздегі экономикалық, әлеуметтік қатынастардың бос жерде қалыптасып жатпағаны тағы да белгілі. Олай болса, қоғамдық дамудың әлеуметтік саласын қамтитын өзгерістерге Кеңес дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік құрылымында өткен ғасырдың ортасында жүрген өзгерістердің байланысы бар ма, жоқ па ? - деген сұрақтарға да жауап іздеген жөн. Осының барлығын жоғары мемлекеттік органдар жалдамалы жұмыскерлердің төменгі қабаттарының, сонымен қатар дербес жұмыскерлердің, әсіресе ауылдық желерде жағдайын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, елдің әр түрлі қабаттары арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нығаюы және Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтылған халқының қатарында жанжалдық жағдайларды жою бойынша тиісті әлеуметтік саясатты әзірлеу мен жүргізу кезінде назарға алуда қажет.
