Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / Bakha_sotsiologia.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
42.18 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

"Әлеуметтану" пәнінен

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС №1

Тақырыбы: Әлеуметтік процесс

Орындаған: Эк-15-01 тобының

студенті: Сарсенбаев Б.С

Тексерген: проф. Дакенов М.

Алматы, 2017

Ж о с п а р:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Әлеуметтік процесс»

  2. Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық және т.б

  3. Қазақстандағы әлеуметтік процестер

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.

Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

    1. Әлеуметтік процесс

Әлеуметтік процесс дегеніміз – кез-келген бір әлеуметтік құбылыстың белгілі бір мерзім ішіндегі дамуы. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес –негізгі заңы тұжырымдалған:

  1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.

  2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

  3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.

  4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

  5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б. Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады. Әлеуметтік жүйенің интеграциясы мен дезинтеграциясы, топтардың тұтасталуы мен дағдарыстарға ұшырауы, эмиграция мен иммиграция; еңбекпен қамтылуы мен жұмыссыздық, тіпті ұйымдардағы мамандардың сақталуы мен тұрақтанбауы да әлеуметтік процестердің қатарына жатады. Ал, қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы әлеуметтік өзгерістер қоғамның жай-күйін өзгертеді, оны жаңа сатыға көтереді немесе керісінше, түсіреді. Былайша айтқанда, зерттеу нысанының белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген қозғалысы, өзгерісі, эволюциясы, оның сандық және сапалық, түр өзгерісі – осының бәрі әлеуметтік процесс болса, оның халықтану саласындағы нәтижелерін зерттеу тарихи демографияның еншісіне тиесілі.

Бірнеше ғылымның қиылысында тұрған тарихи демография ғылымы үшін  қазіргі кезеңдегі әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста өрбудегі халықтың ұлттық, әлеуметтік, мамандықты-біліми, кәсіби, демографиялық көрсеткіштердегі өзгерістерін, олардың өзара байланысын, эволюциясы мен нәтижесін зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда қажет және әлі зерттелмегеніне орай өзекті болып табылады.

Әлеуметтік процестерді туындататын әлеуметтік өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан, олардың ішіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің (әлеуметтік жіктеліс, әлеуметтік және мамандықты бейімделудің) сандық және сапалық көрсеткіштері мен қалыптасқан немесе қалыптасудағы тарихы алдағы зерттеу тақырыптарының бірі болатынына күмән жоқ.  Себебі, тарихи демографияның қарастыратын мәселелерінің қатарына адамдардың әлеуметтік жағдайына, мамандықты, таптық белгілеріне қарай бөлінуі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының қай бөлігіне жататындығына байланысты өзгешеліктерді зерттеу де жатады.

Әлеуметтік процесс деп қоғамдық жүйе мен оның жеке құрамдас бөліктерінің тіршілік етуі мен дамуының жағдайлары мен қозғалыстары, адамдардың күнделікті қайталанып отыратын өмір салты айтылады. Әрбір адам және әлеуметтік топ бір жағынан, Әлеуметтік процесс құрса, екінші жағынан соны атқарушылар. Әлеуметтік процесс құрамдас бөліктері, жағдайлары сол процестің сақтаушысы, жүзеге асырушысы және өзгерушісі. Сондықтан Әлеуметтік процесс нақтылы зерттелгенде оның осы құрамдас бөліктерінің мазмұны мен формаларын, ішкі және сыртқы жағдайларын, өзара – байланыстарын, тіршілік ету әрекеттері мен қамтамасыз ету шарттарын, олардың тұрақтылығы мен өзгерісін, өзгерту бағыттарын, кезеңдерін, сапалық сипаттарын т.б. анықтайды.

Әлеуметтік процесс жалпыға бірдей немесе адамдардың үлкен топтарына қатысты құбылыс. Әлеуметтік процесс адамдардың іс - әрекеттерінің сыртқы көріністері ғана емес, сонымен бірге сол істерді атқарушы адамның ішкі дүниесінің іске қатысатын, соған байланысты өзгеретін жақтары да жатады.

Әлеуметтік процесс сапалық жағынан екі бағытта болады:

а) адамдардың әрекеттерін біріктіруші, әлеуметтік тіршіліктің белгілі түрін тұрақтандырушы, жетілдіруші (эволюциялық);

ә) бірлікті бұзушы, бақталастық, қақтығыстар туғызушы (революциялық).

Әлеуметтік процесс екі түрінің қайсысы пайдалы немесе зиян деп кесіп айту мүмкін емес. Олар белгілі бір себептерге байланысты обьективті түрде туады, жүзеге асады және орын ауыстырады. Мысалы, қоғамдық шиеленістер, қоғамның бұған дйін бір бағытта дамыған кезендеріне бірте – бірте жинақталып, шешуші бейбіт жолмен дер кезінде табылмаған қиындықтарды, әділетсіздікті түзету мақсатында туындайды. Сондықтан әлеуметтік шиеленіс қоғам дамуының уақытша жағымсыз, регрессивті болып көрінетін түрі. Мұндай жағдай кейде уақытша шын мәнінде регрессивті болуы мүмкін ( диктатураның теориялық, тоталитарлық түрлері, белгілі бір қоғамның бұрынғы, күні өткен жақтарын сол күйінде зорлықпен қайта орнату т.б. ) бірақ ондай жағдайлар ертелі – кеш қарсы күштермен бұзылады немесе өздігінен прогрессивтік жаңа сапаларға өтеді. Соңғы жағдайды кейде - « өмірдің өзі өзгертті » деп те атайды. Осы тұрғылардан алғанда әлеуметтік процесс зерттеудің асты бір міндеті ол сол прцестердің ішкі қайшылықтарын, олардың шиеленісу шектерін шешу жолдарын анықтау.

Әлеуметтік процесс ғылыми тұрғыдан нақты зерттеудің тағы бір жағы - оның әр түрлі деңгейлердегі көріністерін анықтау, солардың ішінде механизмдерін ашу. Әлеуметтік процесс деңгейлері, социеталдық, немесе бүкіл қоғамға ортақ ( біркелкі немесе әр түрлі ); институционалдық немесе өмірдің кейбір салаларында, сфераларында ( өндірісте рухани дүниенің бір бөліктерінде - білім беру, өнер т.б. жанұяда т.с.с. ); жеке топтар арасында; жеке адам деңгейінде тараған қатынастар. Осындай әрбір деңгейлерді зерттегенде олардың ішкі құрылымдық – функционалдық сипаттарын: Олардың ара байланыстарын, септік негіздерін және салдарлық көріністерін ( детерминалдық көріністерін ); басты және қосалқы жақтарын; тұрақты және уақытша күйлерін анықтайды. Мұндай зерттеулердегі басты мақсаттардың тағы бір жақтары толық не жартылай, сондай – ақ кездейсоқ басқаруға болатын түрлерін түсіну.

Әлеуметтік процесс мазмұндық жақтарына еңбек ету жағдайлары, әлеуметтік қамтамасыз ету, құқықтық демократиялық қатынастарды жүзеге асыру, саяси бостандықты пайдалану, адамның азаматтығының қалыптасу, рухани жетілу, дем алу мүмкіндіктері т.с.с. мәселелері жатады. Әлеуметтік процесс тағы бір жағына адамдар арасында орын алатын қылмыскерлік, нашақорлық, парақорлық тағы басқа имансыздық құбылыстар да жатады. Бұл құбылыстарды зерттеу мен оларға ғылыми тұрғыдан әсер етудің ерекше мәселелері социология ғылымында айтарлықтай дамыған салалар.

Сонымен әлеуметтік процесс ұғымы социология ғылымында айырықша орын алатын, қоғамды түсіну мен оған ғылыми тұрғыдан ықпал етудің ең күрделі жағын қамтитын ұғым.

Қоғам дамуының қозғаушы күшін нағыз ғылыми – материалистік тұрғыдан түсіну үшін « әлеуметтік өзгеріс », « қозғалыс » және « даму » ұғымдарының арақатынасының дұрыс айқындап алған жөн.

Күнделікті ойлау – сөйлеу практикасында «өзгеріс», «құбылыс», «даму» ұғымдары тепе – тең мағынада қолданыла береді. Өзгеріс дегеніміз қозғалыс, өйткені қозғалыссыз өзгеріс жоқ. Сондай –ақ, қозғалыс дегеніміз алуан түрлі өзгерістер. Алайда өзгеріс, қозғалыстардың барлығы бірдей «даму» бола бермейді. Қоғам дамуының қозғаушы күші жайлы мәселеде марксизм дүниенің материалдылығы және оның бірлігі жайлы ілімді басшылыққа алады. Марксистік ілім әлеуметтік дамудың қозғаушы күштерін қоғамның өз ішінен іздей отырып, олар өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылық екенін дәлелдеп береді. Адамдардың таптарға бөлінетіндігін және олардың арасындағы таптық күресті социологтар марксизмнен әлдеқайда бұрын байқаған болатын. Алайда, идеалистер болғандықтан, олардың бәрі қоғамның топтарға бөлінуінің обьективтік негізін дұрыс түсіндіре алмады. Марксизм ғана материалистік диалектиканы қолдана отырып, қоғамның таптарға бөлініуінің шын себебін ашып берді: таптар деп адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи системасындағы орнына қарай олардың өндіріс құрал – жабдықтарына деген ( көбінесе заң түрінде бекітіліп тұжырымдалған ) қатынасына қарай, еңбетің қоғамдық ұйымдасуына атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, олардың қоғамдық байлықтан алатын үлесінің мөлшерінен және алу тәсілінен қарай айырылатын үлен топтар түсінігін ашып берді.

Таптар пайда болғаннан кейін олардың арасында қайшылықтары туып, олар біртіндеп шиеленісе келе келісімге келе алмайтын антагонистік сипатқа ие болды. Содан бері антогонистік таптық тарихы таптар күресінің тарихына айналды. Әрбір таптық қоғамда негізгі және негізгі емес топтар бар.

Таптар күресі антогонистік қоғамдардағы дамудың қозғаушы күші болып табылады. Қвсқасы, тап күресінсіз таптық қоғамдарда әлеуметтік прогресс жүзеге аспаған болар еді.

Соседние файлы в папке 2102172