- •Курстық жұмысқа тапсырма
- •3. Тұйықталған тармақтардан тұратын ауа жолы желісінің гидравликалық есебін орындаудың әдістемесі Бас Магистраль есебі
- •Тармақтар есебі
- •4. Сығымдағыш станцияға орналастырылатын негізгі және қосалқы қондырғыларды таңдау және есептеу (2 нұсқасы)
- •4.1 Сығымдағыштарды таңдау
- •Описание компрессора 305вп-30/8 305 вп-30/8
- •Смазка компрессора вп-30/8
- •Технические характеристики компрессора 305вп-30/8 305 вп-30/8
- •4.3 Сығымдағыш станцияның қосалқы қондырғыларын таңдау
- •4.2 Негізгі және қосалқы қондырғыларды қосу
- •4.3.2 Су-май айырғышты таңдау
- •5 Сығымдағыш станцияны құрастыру
- •Әдебиеттер тізімі
- •Курстық жұмыс
4.2 Негізгі және қосалқы қондырғыларды қосу
Станцияға орналастырылатын сығымдағыштардың типін, санын және өндірулігін таңдау берілген сығымдағыш станциядан өндірілетін сығылған ауаның тұтынушыларының сипаттамасына байланысты.
Өндірістік кәсіпорынды қысымы 1-1,2 МПа болатын сығылған ауамен қамтамасыз еткенде СС-ң жұмыстық өндірулігі кәсіпорынның максимал ұзақ жүктемесі мен сығылған ауа берілетін технологиялық процестердің категориясына байланысты таңдауға тәуелді емес. Әдетте СС бір типті агрегаттар орналастырылады және оның біреуі қосалқы. Егер станцияға өндірулігі әртүрлі агрегат орнату керек болса, онда қосалқы сығымдағыштың өндірулігі үлкен агрегатқа сәйкес болуы керек.
Негізгі
және қосалқы бір типті агрегаттан
тұратын СС өндіруліктерінің мәні
станцияның жұмыстық өндірулігін
қамтамасыз ететін сығымдағыштардың
санына байланысты –
.
Станцияның жұмыстық және қосалқы сығымдағыштарының тиімді мөлшері сығымдағыш станцияны жабдықтау мен сынықтаудың келтірілген минимал шығынын ескермегендегі техника-экономикалық есептелінуі арқылы анықталады.
Арнайы жеке график бойынша едәуір мөлшерде ауа шығынын қажет ететін әрбір тұтынушыны сығылған ауамен жабдықтағанда ортадан тепкіш және өстік сығымдағыштар арқылы ауамен жабдықтаудың жиынтық сұлбасы қолданылады.
Бұл схемада әрбір тұтынушыға ауа беру жеке сығымдағыштардың көмегімен, ал станциядағы сығымдағыштардың жалпы саны ауа берілетін тұтынушылардың санына байланысты анықталады
СС үнемді, сенімді, әрі ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін, сығымдағыштардың істен шығуын азайту үшін, сондай-ақ тұтынушыға қажетті қысымда, температурада, таза және төмен ылғалдылықта сығылған ауа беру үшін сығымдағыш қондырғыларға қосымша қондырғылар орналастырылады.
Қосымша қондырғылар:
- Сорылатын ауаны механикалық қоспалар мен ылғалдан тазартатын құрылғылар — фильтрлер және фильтр-камералар;
-
Қысымдалатын ауаны майлар мен сулардан
тазартып кептіретін құрылғылар—май
айырғыштар, кептіру жүйесі;
- Қысымдалатын ауаны салқындатушы құрылғылар—саты аралық және саты соңында орналастырылатын тоңазытқыштар;
- Желідегі қысым тербелісін реттейтін және ауа аккумуляциялайтын ыдыстар-ауа жинағыштар;
- Сығымдағыш қондырғының жұмысын автоматты бақылау және басқару жүйесі.
Ауа қабылдағыш, фильтрлер, фильтр-камералар және т.б. ауаны тазартуға арналған арнайы қондырғылар екі сатылы болады. Бірінші сатыда ірі бөлшектер инерция күші нәтижесінде сыртқа шығарылады, ал екінші сатыда ұсақ бөлшектер фильтрлеуден өтеді.
Ауаны ірі бөлшектерден тазарту құрылғысы әдетте фильтрлермен бірге фильтр-камераға орналастырылады. Ауаны ірі бөлшектерден тазарту құрылғысы сыртқы ауаның шаңдануы жоғары болғанда майда тазартушы филтрлерді толтыру үшін орналастырылады.
4.3 Сығымдағыш станцияның қосалқы қондырғыларын таңдау
4.3.1 Ресиверді таңдау
Ресивердің
негізгі құрылымдық параметріне оның
,м3
көлемі жатады
![]()
мұндағы
-
таңдап алынған сығымдағыштың өндірулігі,
м3/мин.
Ауа жинақтағыштың сыйымдылығының сығымдағыш өндірулігіне тәуелділігін 4.1 суреттегі график бойынша да анықтауға болады. Әдетте сығымдағыш станциясында әрбір сығымдағышқа бір-бір ресиверден орналастырады.
4.1 Сурет – Ауа жинақтағыштың сыйымдылығының сығымдағыш өндірулігіне тәуелділік графигі бойынша рессивердің параметрін анықтаймын.
Өндірулігі Q = 30 м3/мин – қа байланысты ау жинақтағыш 8,6 – 12,2 м3 аралығында болады.
Vк = 30 м3/мин
Vp = 1,6 ∙ 30 = 8,764 м3/мин
Ауа жинақтағыштың техникалық сипаттамалары
|
Белгіленуі |
В-10 |
|
Сыйымдылығы, м3 |
10,0 |
|
Ауа жинағыштың салмағы, кг |
2600 |


4.1 Сурет – Ауа жинақтағыштың сыйымдылығының сығымдағыш өндірулігіне тәуелділік графигі
