ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№ 1 семестрлік жұмыс
Пәні: «Саясаттану»
Тақырыбы: «Мао дзе Дун»
Мамандығы: 5В071800 – «Электроэнергетика»
Орындаған: Санім А.Т Тобы: Эк-15-3
Қабылдаған: доцент Әбдіқалық А.Ә.
____________ __________ ______» _________ 2017 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе ………….…………………………………………………….….. 3
Табиғи құқық теориясы…..………………………………………..............5
Адам құқығы туралы алғашқы құжаттар...…………………………........8
Әдебиеттер тізімі...……………......…………………......……......……...15
Кіріспе
Батыс Еуропадағы қоғамдық-саяси өмір буржуазиялық тәртіптің Англия, Франция, Германия, Швейцария, Голландия секілді ел- дерде қуаттырақ, әрі тереңірек орнауымен өтті. Сол уақытта пайда болған негізгі идеологиялық ағымдар өзін- өзі анықтай түсті. XVIII ғасыр соңындағы француздық буржуазиялық революция капитализмның Еуропада да- муына күшті импульс болды.
Өзнің бұрынғы кең мүмкіндіктерінен айырылып бара жатқан феодалдық-монархтық орталар, аристократтар капиталистік өмірдің орнауына барынша қарсы болды. Олар буржузияға дейінгі тәртіпті қайта қалпына келтіруді ұсынды. Оған қоса, капиталистік тәртіпті пролетар- лық социалистік лагерде қызу сынады. Капиталистік жүйе оларды кедейшілік өмірдің ең төменгі деңгейіне түсіріп тастады. Олар құтқару жолын жеке меншікке негізделген өркениеттен бас тартудан және ортақ меншіктің орнауынан көрді. Тағы бір идеологиялық ағым – анархизмның бағдарламасы өзгеше еді. Олардың жақтастарының барлығы да буржуазияға қарсы емес, анархистер мемлекетті барлық қоғамдық зұлымдықтың көзі деп білгендіктен, оның кез-келген формасына қарсы шықты.
Батыс Еуропада орныққан капиталистік құрылым либерализм секілді идеологияға жетті, XIX ғасырда ол ықпалды әрі интелектуалды болатын, ал әлеуметтік Саяси ілімдер тарихы 74 негізін кәсіпкерлер, шенеуніктер және университеттік профессорлар құрады.
Консерватизмнің шарықтау шегі өткен ғасырдың бі- рінші жартысына келеді. Социализм мен либерализмге қарағанда, консерватизмнің тұрақты концептуалды негізі болмады. Алайда консерватизмнің идеяларын жасау мен таратудың арқасында белгілі болған азаматтар да жоқ емес. Мәселен француздар Жозеф де Местр (1753–1821 жж.) және Луи де Бональд (1754–1840 жж.), немістерден Людвиг фон Галлер (1768–1854 жж.) және Адам Мюллер (1779–1829 жж.). XIX ғасырдағы қоғамтануға Канттың зерттеушінің фактіге негізделген білімінің міндетті түрде болуы, тарихи үдеріс заңдылығын анықтау, әлеуметтік құрылым мен институттарды зерттеу секілді идеялары белгілі дәрежеде ықпал етті. И. Канттың қоғамды организм ретінде түсінуі, функциялаудың заңдылығын шектеуі және қоғамның даму заңдылығын көрсетуі – теңдесіз еңбек ретінде бағаланады.
Англия XVIII ғасырдың соңғы жартысында қоғамдық дамудың көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші капи- талистік державасына айналды. Оған біршама факторлар ықпал етті. Жеке меншік, жеке тұлға белсенділігі, адамның жеке өмірінің қауіпсіздігі – қоғамтанудың негізгі тақырыптарына айналды. Индивидуалистік идеялар кең тарады. Соның негізін қалаушылардың бірі – Иремия Бентам (1748–1832 жж.). Ол – Т. Гоббс, Дж. Локк, 11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы 75 Д.Юмның әлеуметік-философиялық идеяларын жинаған утилитаризм теориясының негізін қалаушы. Оның негізгі 4 постулатын көрсетсек:
1) ләззат алу мен қайғы-қасіреттің болмауы – адам әрекетінің мәні;
2) пайдалылық, кез-келген тапсырма шешімінің әдісі болу – барлық жағдайдың негізгі критериі;
3) барынша көп адамға барынша мол бақыт ұсынғанда ғана адамгершіліктің негізі қаланды;
4) жеке және қоғамдық мүдделердің гармониясы арқылы жалпы игілікке жету – адамзат дамуының мақсаты.
Бұл постулаттар И. Бентамның саясатты, мемлекетті, құқықты сараптағанда негізгі тірегі болды. Ол өзінің саяси- құқықтық ойларын «Заңнама принциптері», «Үкімет туралы фрагменттер», «Деонтология немесе Мораль туралы ғылым» атты еңбектерінде баяндаған. И. Бентам – еуропалық либерализмнің негізін қалау- шылардың бірі. Бірақ оның либералистік идеялары өзгеше.
