ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
Экология және техногендік қауыпсіздік
СӨЖ №1
Тақырыбы: Климаттық аймақ және биологиялық әртүрлілік
Орындаған: Эк-16-4
тобының студенті Тілеуғазы Д.Д.
Тексерген: доц. Жандаулетова Ф. Р.
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3
Негізгі бөлім
1 тарау Табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері.........................................................................................................4
2 тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау.......................................................................................................8
Қорытынды................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................13
Кіріспе
Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді.
Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.
Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.
1. Тарау
Табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Отырар, Шардара аудандары толығымен, ал Бөген, Арыс, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал аудандарының жер көлемінің 2/3 бөліктері шөл аймағына жатады. Аталған аудандардың суармалы жерлерінен басқалары, негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Оның өнімділігіне табиғи-климаттық факторлардың тигізетін әсері орасан зор. Климаттық факторлар: күннің радиациясы, жарық, жылу, ылғалдылық, атмосфералық қысым, ауаның қозғалысына байланысты жылма-жыл өзгеріп отырады.
Ауа және топырақ температурасы, ылғалдылық өсімдіктің өсіп-жетілуіне, өнімділігіне, оның сапасына тікелей әсер ететін факторларға жатады. Ұрықтың өнуі, фотосинтез, пигменттердің түзілуі, фотопериодизм, т.б. сияқты өте маңызды физиологиялық процестерде жарық сәулесі маңызды рөл атқарады. Жыл және маусым сайын өзгеріп тұратын климаттық факторлар әр түрлі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастырады
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты өткір континенталды, құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 80-200 мм. Оның 85% көктем, күз және қыс айларына түседі.
Жаз айларында күннің жалпы радиациясы 155 ккал/см2 жеткенде жауын-шашынның болмауынан жайылым өсімдіктері кризистік жағдайға ұшырайды. Соның салдарынан табиғи жайылымның өнімділігі 1,5-2,0 ц/га аспайды.
Мал басының көбеюі, олардың өнімділігінің жоғары болуы, азық қорының мөлшері мен сапасына тікелей байланысты.
Оңтүстікте шаруаға қолайлы жылдары ұсақ малдар, жылқы, түйе, жыл бойы жайылып, өздеріне қажетті энергия және қоректік заттардың басым бөлігін табиғи жайылымнан алады. Ал құрғақшылық жылдары олар жайылымда қоректік заттардың тапшылығын жаз айларынан бастап сезіне бастайды.
Топырақ жамылғысы. Оңтүстік өңірінің шөл аймақтарында топырақ жамылғысы негізінен сұр, сұр-қоңырқай, қоңырқай, сазды сортаң, құмдақ, тақыр типтерінен тұрады. Олардың құрылымы мен құнарлылығы, су режиміне байланысты өсімдіктер қауымдастығының әртүрлілігіне әсер етеді. Топыратың химиялық құрамында глинозем, кремнезем, кальций және магний тотықтары жиі кездеседі.
Сұр, сұр-қоңырқай, сазды-сортаң топырақты жайылымдар Сырдария өзенінің шығыс, ал құмдақ жамылғы батыс жағында басым болады .
Бекітілген құмдақ топырақтың су режимі ерте көктемгі эфемерлі, эфемероидты, жусан туысты өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қолайлы. Өйткені құмдақ топырақтан жауын-шашын 1,0-1,5 м тереңдікке өтіп, көктемнің салқын ауасының әсерінен конденсацияланған ылғалдылық, жердің жоғарғы қабатындағы өсімдіктерге шапшаң әсер етуден өсімдіктер дүрліге көтеріледі.
Көшпелі құмды топырақтан жауын-шашын ылғалдылығы 8-10 м, кей жерлерде 15-20 м тереңдікке жетеді де, бұталы, жартылай бұталы: жүзгін, теріскен, изен, жантақ, сексеуіл сияқты өсімдіктердің өсіп-жетілуіне септігін тигізеді .
Өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің шөл аймақтарына бейімділуі ксероморфты, сүккүлентті, псаммофитті, эфемерлі әр түрліліктермен сипатталып, құрылымы жағынан ағаш, бұта, жартылай бұта, шөптесінге бөлінеді. Эфемерлердің, бұталылардың өсіп-жетілуі, дән байлауы қысқа мерзімде өте шығатын болса, ксерофиттілер жазда бір қалыптылық сақтап, даму кезеңінің соңы күз айларында аяқталады.
Көшпелі құмды топырақта өсетін псаммофиттер – өсімдіктер қауымдастығының 50% құрайды. Олар қоршаған ортаның өте ыстық жағдайында желдің әсерінен бірде құм басып, бірде ашылып тұрған күйінде ылғалдылықты айрықша үнемдеп тіршілік етеді. Псаммофиттер үш горизонттағы ылғалдылықты ұтымды пайдаланатын тік және жанама тамырларының арқасында тіршілік етеді.
Псаммофиттер ерте көктемнен жанданып, гүлдену және дән байлау кезеңдері жаз айларының бірінші жартысында пісіп жетіледі. Псаммофиттерге шөл ағаш тектестер, бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер жатады.
Шөлдің жартылай бұталы өсімдіктеріне негізінен жусан, кейреуік, изен, теріскен, шоғон, т.б. жатады.
Шөл аймағының 1/3 бөлігі көпжылдық өсімдіктер, жайылымда өте жақсы желінетіндері боз, раң, еркек, қияқ, ноқатек, т.б.
Эфемерлер мен эфемероидтардың вегетациялық кезеңдері қысқа. Олар көктем ылғалдылығын жақсы пайдаланып өсетіндіктен жайылымның 40% эфемерлерден құралады [24].
Жайылым типтері. Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарын, жайылымдарын шартты түрде Арыс-Түркістан, Қызылқұм (Отырар), Қаратау (Созақ), Мойынқұм экологиялық аудандарға бөлуге болады.
Жоғарыдағы экологиялық аудандардың табиғи-климаттық ерекшеліктері-не, жайылым типтеріне, малды сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай малды күтіп-бағу технологиясының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Арыс-Түркістан экологиялық ауданды ерекшелендіретін Сырдария өзені. Ол екі жағалаудың климатына, жер бедеріне, топырағына жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін тигізеді. Өзеннің шығыс жағының топырағы сазды-сортаң, құмдақ, сұр, сұр-қоңырқай топырақ белдеулеріне байланысты өсімдік қауымдастығы сол жерлерге тән болып келеді. Батыс жағалауының топырағы сазды-сортаң, құмдақтан бос (көшпелі) құмға айналады. Өзен жағалауынан құмға қарай алыстай бергеннен өсімдіктер қауымдастығының шекаралары айқындала түседі. Жайылым өсімдіктері эфемерлі-жусанды типтен бастап эфемерлі-жусанды-ірі бұталы топтарға дейін өзгеріп отырады.
Отырар ауданының Қызылқұмында Сырдарияның батыс жағынан басталған сазды топырақ, құмдақтан құмға жалғасқан жайылымы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Өсімдіктер қауымдастығы сораң, эфемерлер, жусан, жүзгін, шоғон, изен, теріскен, сексеуілден құралады.
Қаратау-Мойынқұм (Созақ ауданы) жайылымдары тау етегі, Мойықұм, Бетпақдала алқаптарына бөлінеді. Бұл жерде тау бөктеріне тән эфемерлі және түрліөлеңді өсімдіктер құмға қарай жусанды-түрліөлеңді, жусанды-сортаң, т.б. қауымдастыққа ұласып, Бетпақдалада бүйірген мен боялыш қосылған ассоциациялар түзеді [25, 26].
Жоғарыда Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарының жайылым өнімділігі мен қоректілігі, өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы табиғи-климаттық факторларға байланысты болатындығы айтылғанды. Соған байланысты шөл аймақтағы жайылымның негізгілеріне сипаттама беруді жөн көрдік.
Профессор Т.Қ.Рисимбетов шөл аймағының жайылымның жылдық өнімділігі құрғақшылық жылы 1,37 ц/га, орташа жылы – 2,14 ц/га, шаруаға қолайлы жылы – 3,89 ц/га (құрғақ затқа есептегенде) болатындығын жазған. Ол 1970-1987 жылдары жүргізілген зерттеулерінде қуаңшылық жыл 5 рет, орташа жыл 9 рет, шаруаға қолайлы жыл 3 рет қайталғанын көрсетеді [27].
Жайылым типтерінің сипаттамасы [23]. Ақ жусанды жайылым тегіс және қыратты, сазды және құмдақ жерлерде кездеседі. Аралас өсімдіктер ішінде раң, бетеге, қоңырбас, сораң жиі кездеседі. Ақжусанды жайылымның орташа өнімділігі: көктемде – 1,5-2,1, жазда 2,5-3,0, күзде – 2,2-2,8, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Ақжусанды жайылым негізінен күзде және қыста пайдаланылады.
Еркекті (шөл бидайықты) – ақжусанды жайылым сұр, құмдақ, сирек-сазды топырақты жерлерден орын алады. Аралас өсетін өсімдіктер ішінде бетеге, раң, арпаған, қоңырбас үлесі басым болады. Олардың өнімділігі көктемде – 1,7-2,5, жазда – 2,6-3,3 күзде – 2,6-3,2, қыста – 2,0-2,8 ц/га. Қолайлы жылдары жайылым шабындығынан 6 ц/га пішен орып алуға болады.
Қаражусанды жайылым шөл аймағының сұр, сұр-қоңырқай, сортаң топырақты жерлерінде көптеп кездеседі. Кей жерлерде ол ақжусанмен аралас ландшафт түзеді. Оның араларында раң, бетеге, қоңырбас, т.б. түрлі масақты өсімдіктер кездеседі.
Бүйіргенді-қаражусанды сортаң, сұр, қоңырқай топырақты жерлерге таралған. Мұндай жайылымда теріскен, изен жиі кездесіп, өсімдік қауымдас-тығына раң, боз, күйреуік араласады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,3-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,5-3,7, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Қолайлы жылдары шабындық жерлерден 6 ц/га пішен орып алуға болады.
Бозжусанды жайылым шөл аймақтың барлық жерлерінде кездеседі. Оның ішінде жусанның басқа түрлері, еркек, қоңырбас, раң, бетеге көптеп таралады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,6-2,8, жазда – 2,83,3, күзде – 2,5-3,5, қыста – 1,7-2,0 ц/га. Бұл жайылымда мал тез қоңданып, күйекке дайындалады. Жаылымның өнімділігі: көктемде – 2,3-3,0, жазда – 2,8-3,5, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,5 ц/га.
Қоңырбасты-бозжусанды жайылым шөлде сұр, құмдақ, кейде сазды топырақты жерлерде таралған. Оның ішінде ақ жусанмен бірге раң, еркек, т.б. түрлі майда өсімдіктер болады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,0-3,0, жазда – 2,5-3,3, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,3 ц/га. Жайылым негізінен күздік деп есептелгенмен кез-келген маусымда пайдалануға болады.
Күйреуікті-бозжусанды жайылым сұр-қоңырқай, қоңырқай, құмдақ және тақыр жерлерде кездеседі. Мұндағы аралас өсімдіктер жусанның басқа түрлерінен, сораң тұқымдастарынан, раң, бетегелерден тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,5-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,2,-2,7, қыста – 1,5-1,7 ц/га.
Теріскенді-бозжусанды жайылым сұр, сұр-қоңырқай құмды жоталы рельефті жерлерде кездеседі. Оның құрамында жусандардың басқа түрлері, теріскен, изен, еркек, т.б. майда шөптер өседі. Жайылымның өнімділігі; көк-темде – 1,9, жазда – 3,0, күзде – 2,2, қыста – 1,7 ц/га. Жайылым негізінен көк-темде – жаз маусымдарда пайдаланады. Ол қыстық жайылымға да жарайды.
Сексеуілді-бозжусанды жайылым жалды құмда, сұр-қоңырқай, тақыр жерлерде болады. Жайылымның өсімдіктері сексуіл, сораң туыстары (шеркез, шоғон), раң, қоңырбас, бетеге. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-1,9, жазда – 2,9-3,0, күзде – 2,5-2,7, қыста – 1,8-1,9 ц/га. Жайылым күз және қыс айларында пайдаланылады.
Боялышты-жусанды жайылым құмдақ, сазды және сортаң жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында боялыш, әртүрлі жусандар, сораң туысты өсімдіктер, еркек, эфемерлер мен эфемероидтар орын алады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,0, жазда – 3,0, күзде – 2,5, қыста – 1,8 ц/га.
Жусанды-кейреуікті жайылым сазды, құмдақ, қоңырқай, тақырлау топырақты жерлерден орын алады. Аты айтып тұрғандай, бұл жайылымда түрлі жусан мен сораң туыстары басым болып, раң, қоңырбас, бидайық сияқты өсімдіктер көптеп кездеседі. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-2,0, жазда – 2,0-2,4, күзде – 1,9-3,0, қыста – 1,3-2,4 ц/га. Жайылым көктем-күз аралығында пайдаланады. Бұл жайылым өсімдіктер түрінің басымдылығына қарай сексеуілді-кейреуікті, бозжусанды-сексеуілді топтарына бөлінеді. Олардың өнімділігі жусанды-кейреуікті жайылымның көрсеткіштеріне шамалас болады.
Бүйіргенді жайылым сазды, қиыршық құмдақ, сортаңды жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында жусанды, ағаштәрізді сораң туыстыра басым болып, араларында жалпы шөл аймақтарына тән көптеген өсімдіктер түрлерінен тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,7-2,0, жазда – 2,8-3,3 күзде – 2,6-3,0, қыста – 1,8-2,5 ц/га. Жайылымды жыл бойы пайдалануға жарайды.
Қара жусанды-бүйіргенді жайылым сортаң топырақты жерлерге тән. Мұнда негізінен жусанның әр түрінен және бүйіргеннен, сораң туыстарынан тұратын өсімдіктер қауымдастығы орын алады. Жайылым өнімділігі көктемде – 1,5, жазда – 3,2, күзде – 3,7, қыста – 2,0 ц/га. Ол күз және қыс айларында пайдаланылады.
Теріскенді, еркекті-теріскенді жайылым құм, құмдақ, сазды топырақты алқаптарда кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығын теріскен, шытыршық, жантақ, таспа, құм акациясы, т.б. құрайды. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,7, жазда – 3,0, күзде – 2,7, қыста – 2,1 ц/га.
Изенді-теріскенді, жусанды-теріскенді, раңды-сексеуілді, еркекті-боз-жусанды-сексеуілді жайылымдар негізінен жалды құмды топырақта кездеседі. Олардың өнімділігі жыл жағдайына қарай – 1,5-2,8, жазда – 2,8-3,0, күзде – 2,6-3,1, қыста – 1,5-1,9 ц/га аралығында болады.
Жусанды-жүзгінді-сексеуілді жайылым жалды құмда болады. Мұндағы өсімдіктер қауымдастығында жүзгін, шытыршық, таспа, раң, қоңырбас, т.б. басым. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,2-4,0, жазда – 2,5-3,8, күзде – 2,3-3,8, қыста – 1,8-2,6 ц/га.
