Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 210217 / Дарын.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
180.85 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

Экология және техногендік қауыпсіздік

СӨЖ №1

Тақырыбы: Климаттық аймақ және биологиялық әртүрлілік

Орындаған: Эк-16-4

тобының студенті Тілеуғазы Д.Д.

Тексерген: доц. Жандаулетова Ф. Р.

Алматы, 2017

Мазмұны

  1. Кіріспе............................................................................................................3

  2. Негізгі бөлім

1 тарау Табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері.........................................................................................................4

2 тарау. Биологиялық әралуандылық  және  оларды сақтау.......................................................................................................8

  1. Қорытынды................................................................................................12

  2. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................13

Кіріспе

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр  дараларды құрады. Генетикалық жағынан  бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.

Экология  ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында  онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр  белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.    Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Соседние файлы в папке 210217