Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия / ФИЛОСОФИЯ / Sani i Guli / Қазіргі заман мәдениеті « Казак елi

.htm
Скачиваний:
5
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
504.26 Кб
Скачать

 Қазіргі заман мәдениеті « Казак елi jQuery(document).ready(function() { jQuery("#mycarousel").jcarousel({ scroll: 5, visible:5, initCallback: mycarousel_initCallback, // This tells jCarousel NOT to autobuild prev/next buttons buttonNextHTML: null, buttonPrevHTML: null }); jQuery("#mycarousel-gallery").jcarousel({ scroll: 3, visible:3, initCallback: mycarousel_initCallback_Gallery, // This tells jCarousel NOT to autobuild prev/next buttons buttonNextHTML: null, buttonPrevHTML: null }); //jQuery('.jcarousel-prev').remove(); //jQuery('.jcarousel-next').remove(); }); function mycarousel_initCallback(carousel) { jQuery('#mycarousel-next').bind('click', function() { carousel.next(); return false; }); jQuery('#mycarousel-prev').bind('click', function() { carousel.prev(); return false; }); }; function mycarousel_initCallback_Gallery(carousel) { jQuery('#mycarousel-gallery-next').bind('click', function() { carousel.next(); return false; }); jQuery('#mycarousel-gallery-prev').bind('click', function() { carousel.prev(); return false; }); }; jQuery(function() { jQuery('a[@rel*=lightbox]').lightBox(); }); қазақша

РїРѕ-СЂСѓСЃСЃРєРё

english

  Қазақ Елі — Жерұйық гуманитарлық зерттеулер жобасы Басты бет

Тұлғалар Алғы сөз

Кеңесшілер

Зерттеушілер

Библиография

Ғылыми жарияланымдар мұрағаты

Мақал-мәтелдер

Жаңалықтар

Мақалалар

Cұхбат

Күнтізбе Оқиғалар тізбесі

Конференциялар

БАҚ

Сайттардың каталогы

Фотомұрағат Түркістан фотогалереясы

Астана фотографиялары

Манғыстау фотогалереясы

Алматы фотогалереясы

Жоба жайында Ақпарат қолдану ережесі

Кері байланыс

АФОРРР—Рњ: Ырыс алды ынтымақ. Бірлік болмай тірлік болмас. Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу... 09.11.09 Қазіргі заман мәдениеті КІРІСПЕ

Бұл оқу құралында қазіргі заман мәдениеті философиялық, мәдениеттанулық парадигма аясында қарастырылады.

Қазіргі заман мәдениетінің теориялық мәселелері оқу құралында жан-жақты қамтыған пәнаралық өрісте жалпыфилософиялық, мәдениеттанулық, лингвомәдениеттанулық идеялар негізінде түсіндірілген.

«Қазіргі заман мәдениеті» пәнін оқытудың мақсаты: студенттерге қазіргі заман мәдениеті туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін анықтау және қазіргі заман мәдениетінің орныққан құндылықтары туралы ой қозғау.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- қазіргі заман мәдениетінің динамикасын ашып көрсету;

- қазіргі заман мәдениетінің негізгі үрдістеріне сипаттама беру;

- жаңа технологияларға негізделген жедел өзгерістер кезеңіндегі қазіргі

заман мәдениетінің дағдарыс-тоқырауларының түпнегізін анықтау;

- қазіргі заман мәдениетінің болашақтағы даму бағдарларын көрсету.

«Қазіргі заман мәдениеті» деген оқу құралы қазіргі заман мәдениетін анықтау тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, студенттерді өздері өмір сүріп отырған заманының мәдени дамуының негізгі сатылары мен ондағы құндылық бағдарларымен таныстыруы, қазіргі заман мәдениетінің негізгі болмыс формаларының орны мен рөлін анықтауы, осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени практикасының ерекшелігін көрсету тұрғысынан да маңызды.

Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне қатысты әлемді ең кем дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені, осы қазіргісі және болашағы. Адамзат мәдениетінің өткені мен оның салдары ретіндегі бүгінгісін тарихта орын алған немесе орын алып отырған шындық ретінде сараптауға болады.

Қазіргі заман мәдениеті соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі заман мәдениетін кешенді түрде жан-жақты қарастыру қажет. Қазіргі заман мәдениеті осы заманда дәл осы шақта осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи үрдістердің барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-маңызды деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен бастап, құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі ажырамас бірлікте болады.

Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық адамзат мәдениетінің өлшемдерімен сәйкестігін атап айтуға болады. Жергілікті мәдениеттің өзіндік «исі» оның әрбір саласынан «аңқып» тұрғанымен де, қазіргі адамзат мәдениеті, шындығында, батыстандыру ықпалын ғаламдық деңгейде сезініп отырған мәдениет деу негізсіз емес.

Қазіргі мәдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі – бұқаралық мәдениет, ал ол болса техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенеді. Демек, қазіргі заман мәдениетін студенттерге таныстыруда осы мәселелерді терең зерттеген жөн. Сондықтан осы оқу құралында техника-технологиялық үдерісті дамудың мәдениетке тигізетін әсері, БАҚ және соның тікелей жемісі болып табылатын бұқаралық мәдениет пен одан туындаған тобыр адамының сипаттамалары.

1 ҚАЗІРГІ Р—РђРњРђРќ Р–УРќР• ҚАЗІРГІ Р—РђРњРђРќ РњУДЕНРЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 «Қазіргі заман» ұғымының хронологиялық шектері

Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Р•ТЈ алдымен РѕСЃС‹ сұрақтың жауабын тауып, РѕСЃС‹ мәселенің бетін ашып алған Р¶У©РЅ. Қазіргі шақтың өткен шақ пен болар шақтың ортасында тұрғандығы РєС–Рј РєС–РјРіРµ РґРµ болса мәлім. РђР» СЃРѕР» грамматикалық құрылымда анық РЅУ™СЂСЃРµ мәдениет тарихына келгенде РґУ™Рї сондай анықтық таныта РјР°? УСЂРёРЅРµ, олай деп айту қиын. Өйткені адамзат мәдениеті тарихына қатысты тек мерзімдік, шақтық тұрғыдан сөйлеу дұрыс болмас.

Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Дей тұрғанмен, осы ортада уақыттық-мерзімдік тұрғыдан болсын, мағыналық-мәндік тұрғыдан болсын қойылған сұрақты қанағаттандырар жауап іздеген жөн. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі. Оның мазмұндық желісі, құндылықтарының сұрыпталуы, қазіргі даму деңгейіне жеткізген техника-технологиялық, ақпараттық, әлеуметтік алғышарттары үстіміздегі ғасырдан әріде даярланғаны мәлім. Сондықтан да біз уақыт жебесінде тым алыстамасақ та, ХХ ғасырды осы қазіргі заман мәдениеті ұғымына сыйғызғанымыз жөн. Сонымен, ХХ ғасыр мен осы табалдырықты енді аттап үлгерген ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы мерзімдік тұрғыдан қазіргі заман мәдениетінің хронологиялық шектері болмақ.

Адам әлемінде болсын, адамзат мәдениетінде болсын жоқтан ештеңе пайда болмайды. Осы қазіргі заман мәдениетіне алғышарт болған, осы кезеңнің құндылықтарын даярлаған мәдени дәуірлер қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін сонау Ренессанстық гуманизмнің қалыптасуын, Реформацияның зайырлылық принципіне жол ашуын, Ағартушылық дәуірінің жалпылай сауаттылық пен білім құндылығын алға тартқандығын еске алу керек. Осы аталғандардың барлығының бір сөзбен айтқанда әлемді секуляризациялауға, яғни діни билік уысынан шығаруға және соның нәтижесі ретінде адамның жеке тұлғасының қадір-қасиетін дәріптеуге алып келгендігін айта аламыз.

РћСЃС‹ тұста есімізге Фридрих Ницшенің «құндылықтарды қайта қарау» Р¶У™РЅРµ «Құдайдың өлімі» туралы концепциялары түседі. Улгіде айтқан мәдениеттің секуляризациясы «Құдай өлімі» феноменімен тығыз байланысты. Өйткені «Құдайдың өлімі» әлем мен адамның дербестігін, У©Р· алдына бар болмысын мойындауды білдіреді. Бұрындары Р±Т±Р» әлемнің РґРµ, РѕРЅРґР°Т“С‹ тіршілік етіп жатқандардың ішіндегі адамның РґР° болмысының РјУ™РЅ-мағынасы одан сыртқары тұрған жоғары РєТЇС€ – Құдай арқылы айқындалатын. Ендігі жерде адамзат У©Р· У©РјС–СЂС–РЅРµ РґРµ, У©Р·С–РЅ қоршаған әлемге РґРµ У©Р·С– РјУ™РЅ бермекке бет бұрған.

«Құдай өлімі», немесе басқашалап айтқанда, нигилизм (латын тілінің «ештеңе», «түк те емес» деген сөзінен таралатын термин), яғни қалыптасып қалған салт-дәстүрлерді, қағидалы нәрселерді жоққа шығаратын көзқарас сол кездің дағдарысқа ұшырап, тығырыққа тірелген құндылықтарын қайта қарауға жол ашты. Себебі нигилистік жоққа шығарусыз жаңа құндылықтарға орын босату мүмкін болмаған еді.

РћСЃС‹ феномендерді РѕР№ елегінен өткізіп, РѕРЅС‹ТЈ РјУ™РЅС–РЅ ашуға тырысқан экзистенциалист философ, РҐРҐ ғасырдың кереғар болса РґР° керемет ерен тұрған ойшылы – Мартин Хайдеггер «Құдайдың өлімі» туралы былай деген: «Құдайдың өлімін» христиандық құдайдың РјУ™РЅ-мағына әлемі мен адамның С‚ТЇРїРєС– мақсатын анықтау билігін жоғалту деп С‚ТЇСЃС–РЅСѓ қажет. Р‘Т±Р» жердегі «Христиандық құдай» деп отырғанымыз жалпы алғанда «сезімнен тысқары жатқан» әлем туралы көзқарастың барлығын қамтушы. Оған «идеалдар» мен «нормалар», «принциптер» мен «ережелер», «мақсаттар» мен «құндылықтар» дегеннің барлығы кіреді. Олардың барлығы бұған дейін тіршілік әлемінен тысқары жатқан еді, солар ғана РѕСЃС‹ РєТЇР№Р±РµТЈ тіршілікке РјУ™РЅ-мағына берген еді. Нигилизм СЃРѕР» «жаратылыстан, сезімнен тысқары жатқан» биіктіктің тепе-теңдігін Р±Т±Р·РґС‹, РѕРЅС‹ТЈ тұғырын шайқалтты деуге болады. Нигилизм қарапайым ғана еш бөтен қасиетсіз тіршіліктің У©Р·С–РЅС–ТЈ тарихының басталуын аңғартады. РЎРѕРЅРґР° білінер-білінбес те болса христиандық Құдай өлімі басталады. УСЂРёРЅРµ, РѕР» Құдайға сенушілер бірден жоғалып кетпейді. РћР» құдайға сену әлі РґРµ болса Т±Р·Р°Т› жылдар бойына созылуы РјТЇРјРєС–РЅ. Бірақ РѕР» РґР° Р±С–СЂ осыдан мыңдаған жылдар бұрын сөнген жұлдыздың жарығының жерге жететіндігіндей Р±С–СЂ нәрсе» (Рњ. Хайдеггер. Время Рё бытие. Рњ.,1993. 67 Р±.).

М. Хайдеггердің артын іле-шала осы «Құдай өлімі» феномені туралы ой қорытқан Альбер Камю болды. Ол үшін «Құдайдың өлімі» әлемге Абсурдты әкеледі. Демек, адамның іс-әрекеті де, оны айнала қоршаған шындық та – бәрі-бәрі мағынасыз, мәнсіз тіршілік. Адамның күйбең өмірі таудың басына ауыр тасты күндікке өрмелетіп жеткізе алмаған Сизифтің ит-әлек тіршілігі іспеттес. Ендеше, қасиеттілік те жоқ, күнәһарлық та жоқ, өйткені бұл әлемде бәрі бірдей мағынасыз.

Нигилизмнің арты адамды құдайдандыруға апарады. Оның да кереметтігі шамалы, өйткені тоталитаристік режимнің барлығы дерлік адамға, жеке басқа табынуға негізделген. Бұрынғы шіркеу, немесе діни билік орнын мемлекеттік билік жаулап алады. Ақыр аяғы біз ХХ ғасырда тоталитарлық режим сұмдықтарының – фашизм, социалистік режимдегі қуғындаулар және т.б. келеңсіздіктердің куәсіне айналдық.

Тағы бір айта кететін жай – қазіргі заман мәдениетінің маңызды-маңызды деген сипаттамаларының қайткен күнде де еуропалық мәдениетпен, сонда қалыптасқан құндылықтар жүйесі мен техника-технологиялық жетістіктермен тығыз байланысты екендігі. Адамзат тарихында еуропалық мәдени өнімдер өтімді болып тұрған қазіргі заман сол мәдениеттен туындаған ақпарат алмасу құралдарының әлеуеттілігіне байланысты екендігін де айта кету керек. Бұл тұста Еуропада қарқынды даму тапқан баспа ісі мен компьютерлік технологияларды меңзеп отырмыз. Ал «жағдай үнемі солай болып па еді?» деген сұраққа тарихқа қиянат келтірмейтін шыншыл зерттеушілер, тарихшылар «жоқ» деп жауап беретіндігі мәлім. Алысқа бармай-ақ, ортағасырларды алайық. Онда әлемдік өктемдіктің де, ғылыми-ақпараттық танымалдылықтың да араб-мұсылман мәдени аймағымен байланыстылығын көрсетуге әбден болады. Алма-кезек дүние деген осы.

Сонымен, қазіргі заман мәдениеті қаласақ та, қаламасақ та, әйтеуір, көбінде батысеуропалық мәдени дәстүрдің өркендеуі мен жаһандық деңгейде қамтылуымен анықталады. Бұл құбылысты вестернизация десек те, мәдени еуроорталықтық десек те жарасады. Қазіргі батысеуропалық мәдениеттің бесігі деп көне грек антикалық мәдениетін көрсету-көрсетпеу даулы мәселе болғандықтан, біз ешкім күмән келтірмейтіндей негізге иек артқанымыз жөн, яғни батысеуропалық мәдени дәстүр іргетасын Ренессанстық және Жаңа дәуірлік кезеңдерде қалыптасып үлгерген құндылықтық қатарға сілтемелегеніміз оң. Сол құндылықтар қандай болған еді?

Танымның, іс-әрекеттің, жарқын болашақтың негізі ретінде ақылды алатын рационализм, жеке тұлғаны абсолютті құндылық көзі етіп алатын субъективизм, ғылыми білімді жаратушылық, іскерлік идеалы мен мамандану машығы – міне, осылар батысеуропалық басым құндылықтар легі ретінде жалпы алғанда қазіргі заман мәдениетінің іргетасын қалады.

Жалпы, мәдениеттану ғылымында мәдени-әлеуметтік өзгерістер, олардың себептері мен салдары туралы мәселелер өте терең қарастырылған болатын. Ол біздің қазіргі кезеңдегі ғылыми таным шекарасында жеткілікті түрде талдауды қажет ететін орасан көп деректік материалдардың жиналып қалғандығымен де байланысты. Оның үстіне, осы кейінгі тарихтың ерекшелігі оның өндірістік революциялардың, дүниежүзілік соғыстар мен әлеуметтік күйзелістердің зардабының адамзаттың өмірінің сала-саласына әсер ететіндігіне байланысты.

Осы тұрғыдан алғанда бұдан бұрынғы кезең ұрпақтарын салыстырар болсақ, онда олар қазіргілерге қарағанда тыныш өмір сүрген: ешқайда асықпаған, күнделікті өзгерістерді көксемеген және баяу да болса болмай тұрмайтын өзгерістерді аса байқай қоймаған.

Қазіргі әлемнің қарқынының жеделдеуі – тарихи үдемелі прогрестің заңдылығы. Алдыңғысымен салыстырғанда әрбір келесі келетін дәуірдің өмір кезеңі қысқарақ болатындығы туралы мәдени зерттеулер саласында біраз теориялар барлығы да белгілі. Алғаш рет терең тарихи толқындардың өмір жасының ұзақтылығының қысқаруы туралы идеяны Фернан Бродель айтқан болатын.

Соңғы онжылдықтарда адамзат өзінің бүкіл тарихында жасаған жаңалықтары мен өнертапқыштықтарының 70-90 пайызын жасап қойғандығын мамандар есептеп берсе керек. Мәдениеттің дамуының жылдамдауының өлшемінің бірі ретінде, мәдени жаңашылдықтың “өміршеңдігінің”, сұрыпталуының өлшемі ретінде ақпараттық үдеру принципі алға тартылады

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Уақыт, заман, дәуір туралы түсінік бер және де олардың арақатынасын анықта.

2. «Қазіргі заман» ұғымы нені білдіреді?

3. Қазіргі заман қай кезден басталады?

4. Нигилизм туралы не айта аласың?

5. Құндылықтарды қайта қараудың қажеттілігі қаншалық?

6. Ницщенің «Құдай өлді!» дегенін қалай түсіндің?

1.2 Қазіргі заман мәдениетінің өзіндік сипаттамалары

Қанша жерден алуандылықтағы бірлік түп мақсатымыз десек те, әрбір қоғамның өзіндік құндылықтарының маңызды өлшем екендігін мойындасақ та, әлемдік мәдениеттегі қазіргі жағдайды біз көбінде еуропалық өмір үлгісінің басымдылық танытуы деп қарастыруымызға негіз бар. ХХ ғасырда мұндай жағдайды еуропаорталықтық деп атағаны да белгілі. Олардың айтылуы, аталуы түрліше болғанмен, түп мән-мағынасы сол күйінде қалғандығын мойындамасқа болмайды. Еуроорталықтық болсын, батыстандыру болып аударылатын «вестернизация» болсын – Батыстың өндірістік даму деңгейі биік елдеріне тән өмір сүру тәсілі және стилі, сондағы құндылықтар мен экономикалық даму моделінің басқа елдерді экспансиялау процессі.

Еуропалық құндылықтар жүйесін орнықтыруға Еуропаның және одан кезінде бастау алған АҚШ-тың экономикалық, технологиялық және әскери басымдылығы қуат беріп отыр. Оның үстіне У.Черчилл айтыпты-мыс деп жүрген: «Ақпарат кімнің қолында болса әлем соның уысында» деген көріпкелдіктің орындалған заманында, әрине, қоғамдық пікір тудыратын ақпарат тасқынының 70-80 пайыздайын қадағалап отырған, көпшілік мәдениетін қалыптастыратын киноиндустрия өнімінің жартысынан көбін шығарып отырған англо-американдық, демек, бастыстық мәдениет өз өмірінің стандарттарын бүкіл әлемге үлгі етіп тықпалауы таң қаларлық жағдай емес.

Адам әлемінде болсын, адамзат мәдениетінде болсын жоқтан ештеңе пайда болмайды. Осы қазіргі заман мәдениетіне алғышарт болған, осы кезеңнің құндылықтарын даярлаған мәдени дәуірлер қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін сонау Ренессанстық гуманизмнің қалыптасуын, Реформацияның зайырлылық принципіне жол ашуын, Ағартушылық дәуірінің жалпылай сауаттылық пен білім құндылығын алға тартқандығын еске алу керек. Осы аталғандардың барлығының бір сөзбен айтқанда әлемді секуляризациялауға, яғни діни билік құрсауынан шығаруға, ғылым-білімнің жетістіктерін өмірде кеңінен пайдалануға және адамның жеке тұлғасының қадір-қасиетін мойындауға алып келгендігін айта аламыз.

Сонымен қазіргі заман мәдениетінің негізгі сипаттамаларына азғантай тоқтала кететін болсақ, мына төмендегілерді баса айту керек сияқты.

Қазіргі заман мәдениеті адам өмірінің қай саласында болмасын рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рационализм – таным мен іс-әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстырып пайымдайтын көзқарастар жиынтығы. Қазіргі мәдени дәстүрдің рационалистік дәстүр екендігін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ ол дегеніміз бұған дейінгі мәдени кезеңдерде рационалистік көзқарас жоқ еді деген сөз емес, өйткені адамзат мәдениетінің қай-қайсысына болсын ақыл-зердеге (рациоға) негізделу тән. Демек, әр мәдениеттің, тіпті, әр тарихи-мәдени кезеңнің өзіндік рационалистік дәстүрі бар екендігін ескергеніміз жөн.

Ал жалпы адамзаттық рационализм арасынан осы қазіргі замандағы рационализм несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, оған шындыққа деген ерекше қатынастың тән екендігін айта аламыз. Атап айтар болсақ, бұл рационалистік дәстүрде шындық қадағалау мен бақылауға, есептеуге келетін шындық есебінде, яғни көз алдыңа нақты елестетуге болатын шындық есебінде алынады. Есептеу, соның негізінде нақты жоспарлау, жоспарланғанның орындалуын қатаң қадағалау – міне, шындықты нағыз көзге көрінерлік шындық ететін рационализм, немесе, қазіргі рационализм деген осы.

Бұл рационализмнің еуропалық рационалистік дәстүрден бастау алатындығын да баса айтқан жөн. Еуропалық рационализмнің кредосын жасап берген кезінде Рене Декарт болды. Оның түсінігінде, әлемдегі кез келген бар нәрсені әдіс (метод) арқылы, демек, белгілі бір процедуралар жүйесі арқылы тануға болады. Ғылыми танымның әдісі танымның математикалық операцияларына сүйенген шақта ғана дәйекті де ақиқат нәтижелер береді деп білген Декарттан бастап осы тәсіл тек қана жаратылыстанымдық ғылымдарда ғана емес, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыла бастады.

Сол кезеңнен бастап, «білім дегеніміз күш» деген қанатты сөз тағы бір рационалистік ұстанымдағы Ф.Бэконның арқасында ел арасына кең тарады. Адамның ақыл-ойынан тысқары қалатын ештеңе жоқ деген қағидатты ұстанған, ғылыми әдістеме арқылы барлығын танып-білуге талпынған адамзаттың еуропалық бөлігінің экспансиясы сол еуропалық мәдениеттің әлемге кеңінен тарауына бірден бір себеп болды. Бірақ сол экспансия арқасында басқаларды бодандау саясаты мен табиғатты аяусыз қанау да жүзеге асырылғандығын ұмытпаған абзал.

Рационализмнің соңынан ерген ғылым-білім ғасыры техника әлемі деген ғаламатты туындатты. Техниканың жетістіктері адам мен оны қоршаған ортаны танымастай өзгертті. Жеке бастың еңбек үдерісін көпшілік-конвейерлік өндіріске дейін көтерген техникалық прогресс жер шарын бір үлкен фабрика-зауытқа, ал тіршілікті қандай да бір алып механизмнің әрекетіне айналдырып жібергендей. Қазіргі заман мәдениеті техницистік мәдениет, яғни техникалық прогресс пен техниканың маңыздылығына құдайдай сенетін мәдениет.

Техницизм қатаң мамандану процессін тудырмай қоймайды. Техникаға негізделген өндіріс процесі барысында адамдардың көпшілігі техникалық процесске қажетті бір бөлшек есебіне жүреді.

Осы жоғарыда келтірілген рационализмнің тағы бір қисынды көрінісі субъективизмде жатыр. «Ойлаймын, демек, тіршілік етемін» деген жоғарыда аты аталып өткен картезийліктің (Р.Декарттың) тағы бір танымал формуласы ақыл-ес иесі адам баласының субъективтілігін жоғары құндылыққа айналдырады. Субъективизм деп әлемді танушы субъектінің орны мен рөлін танылатын объектке (әлемге) қатысты басым тұрады деп қарастыратын ұстанымды айтады. Еуропалық дәстүрде адам тұлғасы абсолютті құндылық ретінде алынады. Соның нәтижесінде онда адам құқықтарының теңдігі мәселесі өткір қойылған.

Адам құқықтары мәселесінен демократияға дейінгі аралық қашық емес. Демократия туралы айтқанда сөз қайдағы бір абстракты демократия туралы деп ойламаған дұрыс. Қашанда сөз демократияның тарихи шындықтағы нақтыланған бір түрі туралы болатындығы белгілі. Мысалы, көбінде буржуазиялық капиталистік еуропалық демократия нышандары басқа әлемге үлгі ретінде ұсынылады. Бірақ осы тұста еуропалық типтегі демократияның адамзат қоғамын ұйымдастырудың тиімді жолдарының жалғызы еді деу сыңаржақтық болар еді.

Адамзат демократиялық принциптерден тиімділігі тұрғысынан асып түсетін адам қоғамын заңды түрде ұйымдастырудың, үйлестірудің әдісін әлі ойлап тапқан жоқ. Сондықтан қоғамның әлеуметтік тұрғыдан болсын, экономикалық тұрғыдан болсын дамуының оң динамикасын беретін демократиялық құрылыс басымдығын ешкім жоққа шығара алмайды.

Мәдениеттің прагматикалануы, яғни «пайда» ұғымы тұрғысынан негізделуі де осы қазіргі заманның айдары. Адам әрекетінің барлығы практикалық бағыт алып, келтіретін нақты пайдасы, есепке алынатын нәтижесі тұрғысынан құрылымданады. Есеп, пайда және ұтымдылық – міне, бүгінгі прагматикалық әлемнің ұрандары осылар.

Ақпараттану идеологиясы бүкіл әлемді компьютерлік желінің торына айналдырған ақпараттық технологиялардың күрделене әрі жедел дамуының арқасында ақпараттық мәдениет феноменін дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің барлық саласына әсер етіп отыр.

Ақпарат алмасу саласындағы жаңа технологиялық төңкеріс болып табылған – Ғаламтордың пайда болуымен етене байланысып жатқан әлемдегі адамзаттың өзара тәуелді байланысының қалыптасуы жаһандану үдерісін туындатты. Жаһандануға адамзат өміріне саяси-экономикалық өзгерістер әкелетін кұбылыс деп қана қарауға болмайды. Жаһандану ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ғаламдық қатынастарға бейімделу деген үлкен мәселені күн тәртібіне қойып отыр.

Міне, қысқаша қайырсақ, қазіргі заман мәдениетіне тән сипаттамалар реті осындай. Қазіргі заман мәдениетінің бедерін салып отырған ақпараттық технологияларға, олар туындатқан рухани мәдениет үлгілеріне келесі тарауларда нақтырақ тоқталатын боламыз.

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазіргі заманның ерекше сипаттамалары не деп ойлайсың?

2. Қазіргі заманның өзіндік бет-бейнесін қалыптастыратын факторларға нелер жатады?

3. Қазіргі заман мен осының алдындағы кезеңге салыстырмалы сипаттама бер.

4. Қазіргі заман мәдениетіндегі батыстық басымдықты қалай түсіндіресіз?

1.3 Техниканың қазіргі заман мәдениетіндегі орны

Техника термині тар және кең мағынада қолданылатындығын айта кететін болсақ, ұғымының тар мағынасы оны адамның табиғатты өзгерту барысында өз іс-әрекетіне көмекші ретінде қолданатын құрал-сайман деп қарастырады. “Техника” ұғымының кең мағынасы технологиялықтан тыс деңгейде қолданыс тауып, оны әлеуметтік құндылық дәрежесіне көтереді. Мысалы, француз зерттеушісі Жак Эллюль «техника» терминіне дүниетанымдық мағына береді. Ол техника деп машиналық механизмдерді, машиналық құрал-сайманды ғана емес, көздеген мақсатқа жетудің қандай да бір әдістерін, процедураларын қарастырады.

Эллюль техниканы әлемді жалпылай рационализациялаумен байланыстырады. Соның нәтижесінде адамның ойлау жүйесінен эмоциялар кетіп, себеп-салдарлық реттілік, қатаң қисындылық орнығады, сананың әмбебаптығы жоғалады.

Техниканың С‚ТЇРї тереңінде жатқан ерекшелікті сипаты РѕРЅС‹ТЈ табиғат пен адам арасындағы делдалдығы, СЏТ“РЅРё оларды байланыстырушы буын болатындығы. Техниканың әлеуметтік-мәдени іргелі ерекшеліктерінің Р±С–СЂС– РѕРЅС‹ТЈ қоршаған ортаны, табиғат пен адамның У©Р·С–РЅ қайта Т›Т±СЂСѓ құралы екендігі. Р‘Т±Р» ерекшелік әлімсақтан бері келе жатқан аңыздарда РґР° кездеседі. Мысалы, адамдарды тұңғыш техникалық РґР°Т“РґС‹Т“Р° – РѕС‚ жағуға үйреткен Прометей туралы аңызды есімізге түсірелік немесе қанат көмегімен ұшу жолын білген Дедал Р¶У™РЅРµ РѕРЅС‹ТЈ ұлы Ркар туралы аңыз, Вавилон мұнарасының құрылысы Р¶У™РЅРµ С‚.Р±.

Техниканың айтпай кетуге болмайтын тағы бір әлеуметтік-мәдени сипаттамасы оның адамның өзін өзгертетіндей әлеуетінің барлығында. Осыдан көптеген мәселелер келіп туындайды: адам қоғамындығы техниканың орны; социум ерекшеліктеріне оның ықпалы; әлеуметтік, саяси, сондай-ақ халықаралық қатынастар жүйесіне техниканы қосу; психикалық, интеллектуалдық тұрғыдан алғандағы техникаға байланысты өмір этосы (өнегелік мөлшер жүйесі) және т.б.

Қалыптасқан көзқарас бойынша, техника дегеніміз адам қолынан жасап шығарған, адам өмірін жетілдіруге, қоршаған ортаны оның өмір сүруіне бейімдеуге, оның күш-жігерін сақтап, жағдайын жақсартуға бағытталған құрал-жабдықтар жиынтығы.

Техниканың атқаратын қызметтерінің бастысы оның адамды табиғатқа тәуелділіктен алып шығып, бостандық беруі. Алайда, табиғаттың қатал қажеттілігінен босанған адам, өзі соны байқамастан, техниканың қоршаған ортаға әсерінен, табиғи ресурстардың азаюынан, тағы да сол сияқты келеңсіз салдарлардың болуынан техниканың өзінің қатал қажеттілігі торына түсті. Техниканың дамуы, әсіресе, қазіргі таңдағы дамуы ол үшін адамның белгілі бір құрбандыққа баруын талап етеді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін техника тағдыры философтар мен әлеуметтанушыларға қарағанда суретшілер мен ақындардың назарын көп аударған болатын. Техниканың дамуы өнеркәсіптік революция кезеңінен бастап, адамды табиғатпен ұштастыра отырып, ағартушылық оптимизм мен рационалистік көзқарасты дүниеге әкелді. Ғылым мен техника көмегімен моральдық, экономикалық, мәдени қарқынды дамуға деген үміт арта түскен болатын.

Бірақ шындығында да солай ма? Біржақты техницистік көзқарастарға бүгінгі таңда технофобиялық сарындар келіп қосылғандай. Ондай болатын жөні де бар. Бұл қауіпті зерделеу немен байланысты? Техниканың барған сайын күрделенуіне сай оның адам мен табиғатқа әсерінің алдын-ала болжауға келмейтіндігі қобалжытады. “Болашақты болжау” мүмкіндігі техниканың сенімділігін талап етеді. Техниканың күрделілігі, оның адамның бақылап, қадағалауынан тыс қалып қою мүмкіндігі көңілге күдік ұялатуда.

Техниканың дамуы техникаға негізделген, ғаламаттылығы тұрғысынан табиғатқа тең түсерліктей жаңа әлемінің пайда болуына әкелді. Техника адамның қол еңбегін жеңілдету арқылы еңбек өнімділігін арттырғанымен, босаған уақытты ұйымдастыру және жұмыссыздық сияқты басқа мәселелерді туындатты.

Ал адамдар арасындағы байырғы бетпе-бет тұлғалық қарым-қатынастар аясы бірте-бірте тулақтай боп кішірейіп келе жатыр. Мысалы, біздің тұрақ жайымыздың жақсаруы адамдардың бір-бір қуысқа кіріп алып, бір-бірінен жаттануына әкеліп соқты. Көлік арқылы қол жеткізген шапшаңдық жол апаты, елді мекендегі дыбыс шуы деңгейінің өсуі, ауаның ластануы, табиғатқа зиян әкелу, ағзаға кері әсер ету сынды көп қосымша қолайсыздықтар әкелді.

Техника адамның табиғатына араласуға мүмкіндігі арқылы адамның тұлғалық қайталанбас біртуарлығына қауіп туғызып отырған сыңай танытады. Қазіргі заманның компьютерлендіруі адам миының «құдіретін» ұлғайтып, ақыл еңбегін жеделдету негізінде тұлғаның және қоғамның интелллектуалды-рухани өміріне үлкен әсер етеді. Бірақ жаңа техника арқылы еңбекті, өндірісті және жалпы адам өмірін рационализациялау өз ретінде адам интеллектін таяздататын және дербестігінен айыратын компьютерлік рационализация монополиясына әкелуі мүмкін.

Техника туындататын мәселелер түбегейлі шешімін таппағанымен, олардың кері әсерін азайту мүмкіншілігі де жоқ емес. Өзіндік органикалық ырғағы бар табиғи тіршілік иелері ретіндегі адамның табиғи өмір сүру дағдысынан айырылуы біздің тұла бітім түп негізімізден жаттануға алып келді.

Сонымен, техника белгілі бір өмір қағидаларын, өнегелік ережелерін, экономика мен саясатқа қойылатын талаптарды қалыптастырып, бекітіп қана қоймай, біздің қоршаған ортаны тану тәсілімізге айтарлықтай әсер етеді екен.

Техниканың барған сайын кеңею үрдісінің және оны жалғастыратын мәдениеттегі басым еуропалық өркениет құндылықтары жүйесінің әсерінен қазіргі заман мәдениеті жалпы алғанда техногендік сипатқа ие бола бастады.

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Техника деген не? Оның шығу тарихы?

2. Техника мәдениетттің басқа феномендерімен (ғылым, өнер, мораль, саясат және т.б.) қандай байланыста болады?

3. Адам мен техника қарым-қатынасының амбиваленттігі немен байланысты?

4. Неліктен ХХ ғасырда табиғи және жасанды техникалық ортаның қарым-қатынасы ғаламдық мәселеге айналды?

5. ХХІ ғасыр басында қазіргі техника қандай жаңа мәселелер мен жағдайлар туындатуда?

2 РљРћРњРњРЈРќРРљРђР¦РРЇ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ КҮРДЕЛЕНУІНІҢ ҚАЗІРГІ Р—РђРњРђРќ РњУДЕНРЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ

2.1 Коммуникация және коммуникация құралдары туралы түсінік

Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді. Оны қазақ тіліндегі аудармасын келтіріп бергеннің орнына осы тақырып контестінде термин ретінде латын тілінде қалдырған орынды деп білдік, өйткені байланыс ұғымына адами сарын тән болып көрінеді.

Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.

«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде РґРµ РєРµТЈ қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», СЏТ“РЅРё белгілі Р±С–СЂ ақпаратты жеткізу барысында тілді С–СЃРєРµ Т›РѕСЃСѓ деп те қарастыруға болады. УСЂРёРЅРµ, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, РѕРЅС‹ТЈ лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі Р±С–СЂ ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен Т›РѕСЃР° әлеуметтік-психологиялық мағынасы РґР° барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық СЂРµТЈРєС– басым қатынасу, іштесу, араласуын РґР° білдіретіндігін көреміз. РћСЃС‹ айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді Р¶У©РЅ көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу С–СЃС–РЅ жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.

Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады. Коммуникация – адам «Мен»-інің өзін «Басқадан» табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты.

Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады.

Коммуникация процесін түрлі үлгіде РєУ©Р·РіРµ елестетуге болады. Солардың Р±С–СЂС–РЅ келтіре кететін болсақ, РѕРЅС‹ интерактивті үлгі деп атаймыз. Рнтерктивті үлгідегі коммуникация бірінен кейін Р±С–СЂС– келіп отыратын төмендегідей өзара байланысты сатылардан тұрады:

Жіберуші көз – ақпарды жіберу үшін даярлаушы (ол жеке адам да, ұйым да бола алады).

Кодтау – жіберілетін ақпарды белгілі бір таңбалық түрге айналдыру.

Ақпар – коммуникацияның не үшін жүзеге асырылып жатқандығына себепкер идея, жаңалық, хабар. Ол рәміз, таңбалардан тұрады, сөйтіп, не ауызша, не жазбаша, не көзге көрінетін визуалды қалыпта болады.

Арна – ақпаратты тасымалдау жолы. Ол тұлғааралық сипатта да, көпшілік сипатта да болуы мүмкін.

Кодын алып тастау – ақпаратты қабылдау барысында түсінікті ету жолы.

Қабылдаушы – ақпардың кімге арналғандығы.

Кері байланыс – қабылдаушының алған ақпаратына деген реакциясы: ақпарат оның білімін, ұстанымын, іс-әрекетін өзгертуі мүмкін.

Бұдан басқа коммуникация процессінің психологиялық компоненттері де болады. Оларға:

коммуникативтік ниет – басқа біреумен қарым-қатынасқа түсу пиғылы;

ақпараттың жобасы – автордың қабылдаушыға жібергісі келген таза бастапқы күйдегі ақпарат, сол ақпараттың идеясы;

ақпараттың көздеген мақсаты жатады. Соңғысы әдетте екі топтан тұрады: жақын арадағы мақсат және ұзақ уақытты көздеген түпмақсат. Көбінде адамдар түпмақсатты жасырын ұстауға тырысады.

Коммуникация туралы айта бастағаннан-ақ оның рәміздік табиғатына жүгінуге тура келеді. Адамдардың реттелген түрде қарым-қатынас жасау қажеттілігі, табылған білімді сақтау және мұралау талабы, әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігі адамзат мәдениетіндегі көптеген таңбалардың, рәміздердің дүниеге келуіне әсер етті.

Рәміз – мәдениеттегі ең көпмағыналы ұғымдардың бірі. Ол қандай да бір затты, процессті әлде құбылысты білдіретін шартты белгілер. Олардың басты қызметі өзі арқылы басқаның орнын басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет (икона) ретінде де жеткізуге болады. Рәміздер өзінің тасымалдауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын, қомақтылығын білдіртпейді деуге болады.

Рәмізге байланысты тағы бір айта, түсіндіре кететін терминдер денотация мен коннотация. Денотация деп рәміздің жалпыға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал коннотация деп барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті әрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, «базар» сөзі Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол – денотат. Ал ол сөзді қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада – «айтылған сөз» мағынасында пайдаланып жүр. Бұл «базар» сөзінің коннотациясы.

Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі кез келген әрекет ақпарат болып табылады. Өйткені адам әлемі мәнділік әлемі. Сол мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім.

Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теледидар және т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.

Вербалды ақпарат көздеріне – тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер – түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.

Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді:

1. Ақпараттық қызмет

2. Улеуметтік қызмет

3. Экспрессивті қызмет

4. Прагматикалық қызмет

5. Рнтерпретациялық қызмет

Ақпараттық қызмет – адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады.

Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады.

Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі.

Рнтерпретациялық қызмет коммуникацияға Р±С–СЂРіРµ түскен адамды С‚ТЇСЃС–РЅСѓ үшін қажет. Коммуникация құралдарының С‚ТЇСЂ С‚ТЇСЂС– қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, РѕРЅС‹ белгілі Р±С–СЂ мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Коммуникация дегеніміз не?

2. Коммуникация құралдарына не жатады?

3. Коммуникацияның атқаратын қызметтері қандай?

4. Коммуникация, байланыс және сұхбат ұғымдарының арақатынасын талда.

2.2 Коммуникация құралдарының түрөзгерісі және оның мәдениетке тигізетін әсері (М. Маклюэннің концепциясы негізінде)

Коммуникация құралдарының түрөзгерісі сол құралға түбегейлі тәуелділік танытатын мәдени шындықты да өзгертпей тұрмайды. Адамзат тарихының алдыңғы даму сатыларымен салыстырғанда, соңғы бір-екі жүз жылдықтар күрт өзгерістер әкеліп отыр. Ауызекі сөзден жазылған хатқа, одан басылған кітапқа өткен адамзат мәдениеті бүгіндері аудио-визуалды экрандық мәдениет тұтқынында.

Коммуникация құралдарының күрделену үрдісі өз ландшафтында, өз тұрмыс-тіршілігі аясында шектелген мәдени қауымды ашықтыққа, қарым-қатынас өрісіне сүйрейді. Фиксацияланған (қағазда, кітапта, электронды дискте…) адам тәжірибесі орындалған жеріне байлаулы болудан қалып, басқа мәдениеттер иелігіне емін-еркін өте алады. Соның нәтижесі ретінде мәдениетаралық байланыстар өрбіп, мәдениеттер сұхбатының заңды жемісі – өркениет пайда болады. Күнделікті сөз қолданысында болсын, талай ғылыми кітаптар мен монографияларда “әлемдік мәдениет” деген сөз тіркесін кездесіп тұрамыз, бірақ соның өзі пікірталасты нәрсе екендігін осы тұста айта кеткен жөн.

Герберт Маршал Маклюэн – РҐРҐ ғасырдың 50-ші жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат қоғамына тигізетін әсерінің салдарын зерттеуге алғашқылардың Р±С–СЂС– болып кіріскен ғалым. Содан бері “Торонтодан шыққан пайғамбар” – электрондық РґУ™СѓС–СЂРґС–ТЈ ізашары, жаршысы деп есептелінеді. РћРЅС‹ТЈ кітаптарынан алынған сөздәйек ретіндегі ТЇР·С–РЅРґС–-цитаталар қанатты СЃУ©Р· қатарына өтіп кетті. Мысалы, екінің Р±С–СЂС– таңертеңмен С‚Т±СЂР° салып У©Р·С–РЅС–ТЈ электронды поштасына сонау алыс Америкадан әлде Африкадан келіп түскен жора-жолдастарының хатын алып, арадағы алыс шақырымдарды жақындатқан әлемдік Рнтернет жүйесіне рахметін айта отыра ғаламшардың “бір уысқа” сыйып, Р±С–СЂ кішігірім ауылдай болып қалғанына СЂРёР·Р° болады. Улемнің арғы бетінде РЅРµ болғанын Р±С–СЂ-екі минуттай ғана кідіріспен білу мүмкіншілігі РґУ™Р» Р±С–СЂ айқайласаң айғайыңды көшенің аяғы естіп қоятын ауылды РєУ©Р·РіРµ елестетеді. Рњ. Маклюэннің кезінде айтқан “жаһандық ауыл” дегені РѕСЃС‹ РґР°. Немесе, “Гутенберг галактикасы” деген СЃУ©Р· тіркесі РґРµ СЃРѕР» Рњ. Маклюэннің еңбектерінен кейін орнығып, СЃС–ТЈС–СЃС–Рї кеткен бейне жолдар. Кітап РѕТ›СѓРґС‹ТЈ У©Р· маңызынан айырылып қалғандығын, кітапханадан оқырманның кетуін РѕСЃС‹ РєТЇРЅС– Р±С–Р· “Гутенберг галактикасының” өлімі деп күйзелеміз.

М. Маклюэннің адамзат тарихы сол адамзаттың өмір сүріп отырған қоғамындағы жетекші коммуникация құралдарының алмасуынан құралады деген болжамы, “The Medium is the Massage” деген оның кітабының атауынан кейін танымал болып кеткен анықтамасы және т.б. – қазіргі өркениетті сананың қағидаларына айналып кеткендігі белгілі. М. Маклюэнді бүгінгі таңдағы коммуникатологиялық дискурсты қалыптастырушылардың бірі десек жаңылмаймыз.

Жалпы, оның коммуникация құралдарына нені жатқызатындығының өзі бір қызық тақырып. Өйткені ол коммуникация құралдарына киім-кешек, көлік, ақша, жарнама, электр жарығы, қатынас көлік жолдары, үй, сағат, фотосуреттер, ойындар, қару-жарақ және т.б. көптеген нәрселерді жатқызады. Бір сөзбен айтқанда, коммуникация құралдары деп адамның қоршаған ортасы (мейлі табиғи орта болсын, мейлі әлеуметтік орта болсын) мен қарым-қатынасына түбегейлі өзгерістер енгізетін технологиялар түрін айтады. Коммуникация құралдары өзінің түр өзгерісімен бірге адамның дүниені қабылдау тәсілін қайта құрып, адамдардың өмір салтын өзгертеді.

Коммуникация құралдары адамның өзін сыртқы әлемге дейін “кеңейтуі, ұлғайтуы” болып табылады. Мысалы, телефон, телеграф – оның Саққұлағы (құлағының ештеңені қалт жібермей естігіштігі), самолет, ғарыш кемесі – оның Желаяғы (қатынас құралы – аяқтың жылдамдауы), теледидар, компьютер – оның Көреген қырағы көзі, жаңылмас миы және т.с.с.

Кез келген сезім өзінің интенсивтілігінің, үдеруінің ең биік деңгейіне жеткенде басқа сезімдердің күшін әлсіретіп, білдіртпей тастайтын анестетик ретінде әсер етеді. Мысалы, қазірде стоматологтар тіс емдеу барысында пациент тісінің ауырғанын сезбес үшін музыканы немесе бөтен шуды пайдаланады емес пе? Адамнан “бөлектенген” оның сезім органдары оны өзіне тәуелді етеді, өйткені, адамның өз бойында жаратылысынан бар қабылдау мүшелері әлгілердің әсерінен семетін көрінеді. М. Маклюэн оны сезім мүшелерінің “ампутациясы” деп атайды. Технологиялық инфрақұрылымның дамуы адам қабілеттерінің бірте-бірте семе бастауына әкеп соғады. Мысалы, әбден калькуляторға (есептегіш машинаға) үйреніп кеткен адам ойында қосу, алу, көбейту дегеннен аулақ, әбден теледидар немесе компьютердегі виртуалды шындыққа меңдеп алған адам нақты өмірде нақты адамдармен, нақты іске, нақты сезімге келгенде шорқақ және т.б. деген сияқты ғой. Ақыр аяғы, коммуникация құралдары күрделене келіп, адам санасын “ампутацияға” ұшыратпаса болғаны, әйтеуір.

М. Маклюэннің аталған әрі талқыланып отырған шығармасының гештальты (тәмамдалған мазмұн-бейнесі), орталық тезисі – “Хабарды (ақпаратты) жеткізуші құралдардың өзі – хабар (ақпар)” –“The Medium is the Massage”. Ол адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз – тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, теледидар және тағы басқалар. Тарата айтар болсақ, ақпаратты жеткізуші құрал сол кезге тән әлеуметтік ұйымдастырылу ретін танытады. Басқаша жеткізер болсақ, берілетін ақпараттың мазмұны ғана емес, сол ақпараттың қалай, не арқылы тасымалдануы, яғни ақпарттың формасы да негізі маңызды рөлге ие.

1967 жылы М. Маклюэннің кітабы “The Medium is the Massage” (“Хабарды (ақпаратты) жеткізуші құралдардың өзі – ақпар”) деген атпен шыққанда көбісі ондағы “Massage” сөзін типографиядан кеткен қате деп ұққан болатын. Дұрысы – “message” (месидж, хабар, хат). Ал, шындығында, бұл қателікті Маклюэн әдейілеп жасап отыр. Ол “Massage” деу арқылы мынадай екі түрлі ойға түрткі болғысы келген еді. Біріншіден, ақпарат құралдары (медиа) массаж сияқты әсер етеді, яғни адам санасын сылап-сипап, керек көңіл-күйге алдын-ала даярлайды, сөйтіп, шындықты қабылдау заңдылықтарын қалауынша өзгерте алады. Екіншіден, ақпарат құралдары бұқаралық мәдениетті тұтынатын тобыр ғасырын – Mass-age тудырады.

М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. “Мәселенің бәрі ақпарат құралдарында!” – бұл М. Mаклюэннің Квентин Фьоремен қосыла жазған осы аттас еңбегінде айтылған тағы бір негізгі тезисі. Сол арқылы ғалым қоғам сол қоғамда басымдық танытатын коммуникация типімен анықталады, ал адамның қабылдау, аңғаруы – тасымалданушы ақпараттың жеткізілу жылдамдығымен анықталады дейді. Ол ол ма, коммуникация түрі тек қана сезіммен қабылдауды ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік құрылым түрін де анықтайтын болып шықты. Адамзат тарихы, түптеп келгенде, бір коммуникация құралдарын екіншілерінің “жалмау” тарихы.

М. Маклюэн адамзаттың тарихи даму барысында негізгі қарым-қaтынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді бөліп атап көрсетті. Оны кестелі түрде:

1. Ауызекі сөйлеуге негізделген тіл мәдениетінен әліпбиге негізделген хат мәдениетіне өту;

2. Жазылған сөзден қағазға басылған кітап мәдениетіне өту;

3. Баспаға негізделген “Гутенберг ғаламынан” электронды коммуникация құралдарына өту деп үшсатылы бейнелеуге болады.

УСЂР±С–СЂ тарихи-мәдени сатының У©Р·С–РЅРґС–Рє қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші кезeТЈ – тас дәуіріндегі жабайылық (варварлық) кезеңі. Адамдардың өзара қарым-қатынас құралының бірден-Р±С–СЂ РєУ©Р·С– – ауызекі СЃУ©Р·, тіл болды. Ауызша СЃУ©Р·РіРµ негізделген қауымдық У©РјС–СЂРґРµ адам тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте У©РјС–СЂ сүреді. Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық (акустикалық) кеңістік адам баласының алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіне сәйкес келеді. Сананың синкретикалығының (бөлінбегендігінің, жіктелінбегендігінің) нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам табиғат пен қауымнан РєС–РЅРґС–РіС– ажырамаған, У©Р·С–РЅС–ТЈ дербес жан, тіршілік иесі екeРЅРґС–РіС–РЅ әлі РґРµ С‚ТЇР№СЃС–РЅРµ алмайтын дәрежеде болған. РЎРѕР» себепті қауым мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.

Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі СЃУ©Р·РіРµ негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылaРјР° айтсақ, фольклор кеңінен дамыды Р¶У™РЅРµ ұрпақтар мирасқорлығының негізі РґРµ СЃРѕР» болып табылды. РўС–Р» – РєРѕРјРјСѓРЅРёР