Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
102.91 Кб
Скачать

№173-174 (25571) 16 МАМЫР СЕНБІ 2009 ЖЫЛ2007-06-22:

Абайдыѕ романы

Профессор Шериаздан Елеукеновтіѕ жарияланып отырєан зерттеуі газетімізде былтырєы ќазан айында жарияланєан маќаланыѕ жалєасы. Бўл жолы автор Абайдыѕ эпистолярлыќ туындысын жалпы ќазаќ романы тарихыныѕ кґшбасшысы ретінде ќарастырады. Алєашќы маќала жарияланєалы арада бірсыпыра уаќыт ґтіп кеткендіктен, автор маќаласыныѕ бастапќы бґлімінде Абай романы аударма емес, тґлтума, А.С.Пушкинніѕ “Егвений Онегин” романыныѕ нўсќасы (версиясы) деген пікірініѕ негізгі ќаєидаларын еске салып ґтеді.

Ќазаќ јдебиетіндегі пушкиннама ґзі бір жатќан шалќар дїние. ХХ єасырдыѕ бас шенінде Шјкјрім Ќўдайбердиев А.С.Пушкинніѕ “Дубровский” хикаяты мен “Бўрќасын” јѕгімесін ґлеѕ етіп жырлады. Кеѕес кезінде “Евгений Онегин” романын ќазаќ аќындары Ілияс Жансїгіров пен Ќуандыќ Шаѕєытбаев толыќ ќазаќшалады. Кезінде Ќазаќстанда ўлы орыс аќыныныѕ екі томдыќ ґлеѕдер жинаєы ќазаќ тілінде жарыќ кґрген.

Бўл тараптаєы біздегі аудармалардыѕ тјуір жаєы, ќазаќ аќындары “жаман кґпір – подстрочникті” (М.Јуезов) ќолданбай, орыс тілін жетік біліп, бар пейіл, ыќылас-ынтамен тјржімалаєандыєы. Асыл нўсќаныѕ тілін тереѕ білетін Абайдан ќалєан мјдениетті дјстїрге беріктігі.

Ўлы аќынымыз орыс поэзиясыныѕ елуге жуыќ ґлеѕдерін аударып, тїп нўсќадан ќай жаєынан да кем тїспейтін шеберлікпен ќазаќ поэзиясын жаѕа тїр, соны сґзбен байытты. Пушкиннен шалыс ўйќас алды, ґлеѕ жолын сегіз буыннан ќўрайтын ґлшем енгізді. Осы жјне басќа жаѕалыќтарын алєап айта келе, Мўхтар Јуезов: “Абайдыѕ шын ќуаты – бояуы айќын. Ќыры мен сыры тереѕ тілінде, сґздігінде жатыр” (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ шыєармалар жинаєы. Алматы. 17-том. “Жазушы”. 1986. 67 б.). Пушкинді тјржімалаєанда “Абай не Крыловты, не Лермонтовты аударєандаєы сияќты дјлшілдік јдеттерін ќолданбайды”. “...Абай ґз бетімен еркіндеп, Пушкиннен ойќастап кетіп отырады”, (Жиырма томдыќ. 18-том. 12 б.) – деген.

Абайдыѕ шын ќуаты жайындаєы пікірді жалєай тїскенімізде аныќ кґзіміз жететіні, Александр Пушкинніѕ романына келгенде, “Евгений Онегинді” ыќшамдап, тарауларыныѕ кґбін ќысќартып, эпистолярлыќ роман жанры кїйіне тїсірген. Яєни, жаѕа нўсќасын жасаєан. Нјтижесінде Абай нўсќасы тґлтума шыєармаєа айналєан. Ол, кїні бїгінге дейін айтылып жїргеніндей, аударма емес...

Аударма дегеніміз не? Бір тілде жазылєан мјтінді екінші тілде дјл, тїсінікті етіп жеткізу єой. Тїсінікті етудіѕ амалы јртїрлі. Наќпа-наќ аударма дейтіні бар. Мјтінді сґзбе-сґз беремін деп отырып, тјржіманыѕ оќылуын ќиындатады. Ал, еркін аударма дейтініѕ бґтен тілдегі мјтінніѕ маєынасын бўзып беталды лаєып кетеді, тјржіманыѕ дўрыс-бўрыстыєына шјк келтіреді. Еѕ дўрысы – аударманыѕ балама тїрі (адекватный перевод). Тїпнўсќа авторыныѕ ой ґрбіту, сґз сґйлеу мјнерін саќтау.

Бўл амалдыѕ ќай-ќайсысы да “Евгений Онегинніѕ” Абай жасаєан нўсќасында ќолда­нылмаєан. Пушкин ґлеѕ-романыныѕ эпистолярлыќ сїйіспеншілік роман жанрында ќайта жазылуы тјржімалыќ амалдыѕ бјрінен бас тартуєа мјжбїр етті. “Пушкинніѕ їлкен шыєармасын Абай ґз тўсындаєы ќазаќ оќушысына ґз елегінен ґткізіп, ґзінше ќорытынды жасап, ґзі ойлаєан тїрдегі бір їлгі етіп ўсынбаќ болады”. (17-том. 12, 13 бб.). Кеѕ байтаќ романныѕ махаббат жырына айналуында, Пушкиннен ґзгеше бітім алуында бірќатар сыр бїгулі.

Пушкинніѕ басты шыєармасын ќазаќ жўртын таныстырмаќќа бел байлаєанда, Абай орыс данасыныѕ асыл ќазынасын халќыныѕ санасына ќалай жеткізудіѕ жолдарын ќарастырмады, кґп ойланып-толєанбады дей алмайсыѕ. Орыс пен ќазаќ ол кезде бір шаѕыраќтыѕ астындаєы ел еді десек те ментальділігі, бїткіл болмысы бґлек, ўќсастыєы шамалы болатын. Орыс мјдениетімен аралас-ќўраластыєы јлі жетімсіз кґшпенділер їшін Пушкин туындысын бар ќалыбында жеткізу, шыєарманыѕ тўќылын ќалдырмай ќотарып аудару јлі ертерек болатын.

Оны ќойып, орыс тіліне жетік дїлдїл аќын Ілияс Жансїгіровтіѕ ґзі 1937 жылы “Евгений Онегинді” толыќ аударєанда талай ќиындыќтарєа кезікті. Ленинградтыѕ оќуын тауысќан Јуезовтіѕ ґзі аудармаєа жазєан пікірінде “Евгений Онегинніѕ” бірінші тарауын ўєыну аса ќиын”, ондаєы аттары аталатын Фонвизин, Княжнин, Шаховскойлар, јртіс Семенова, биші Дюпло арќылы Пушкин ґз уаєындаєы ґнер ќайраткерлерініѕ суретін беріп отырєанын тїсіне ќою оѕай ма? Альбион, О’Брента, не Петрарканыѕ єашыќ тілі деген сґздерініѕ арєы сырын екініѕ бірі тїсіне ќояр ма екен? – деген.

Абай Пушкин романынан ґз тўсындаєы ќазаќ оќырманыныѕ ўєымына неєўрлым етбауыр жаќын жаєын іздеген. Абайєа бјрінен де кїшті јсер еткені Татьянаныѕ Онегинге жазєан хаты еді. Ќыз елден ерек јрекетке барып, сїйген жігітіне асыќтыєын бірінші боп білдіреді. Жјне бейкїнј балаѕ сезім махаббаттыѕ шапаєатына бґленгенде ќандай сыршыл да сазды тілге ие болєан. Дјл осы хат эпистолярлыќ формаєа жїгінуге тїрткі болды деп топшыласа керек.

Ќазаќ бўрынєы ґмір салтында хатќа тїскен жазуєа айырыќша мјн берген. “...Єалымныѕ хаты ґлмейді” деген мјтелді еске алсаќ та жеткілікті. Ауыл жігіттері сїйіспеншілік сезімін хат арќылы жеткізуге ўмтылєан. Хат жазу ўсталыєы ќолынан келмегені аќындыќ желі барєа жалынєан. Абай Пушкинніѕ романын ќазаќ жўртына жеткізбек талабында ауыл єашыќтарыныѕ хат арќылы табысатын сол єадетін де есепке алєандай.

Пушкинде Татьяна хатына Онегин хатпен емес, ауызекі жауап береді. Байєўс ќызбен деревня баєында кґзбе-кґз тілдеседі. Сол кездесуде ќыздыѕ меселін ќалай ќайтарєаны Абайда “Онегинніѕ Татьянаєа жауабы”, “Онегин сґзі” деген бґлімдерде хат тїрінде беріледі. Петербург салонында Татьянамен жїздескендегі Онегинніѕ сїйдім-жандымы, оєан Татьянаныѕ ґр жауабы, “Онегинніѕ Татьянаєа жазєан хаты”, “Татьяна сґзі” боп таєы да хат формасына тїсіріледі. Хатќа жатпайтын “Онегинніѕ сипаты”, “Ленский сґзінен” жјне “Онегинніѕ ґлердегі сґзі” атты їзінді бґлімдер шыєарманыѕ эпистолярлыќ ґрнегін біржолата аныќтады.

Ќазаќ туындысыныѕ орыс тїпнўсќасынан жанрлыќ айырмашылыєын алєаш аѕєарєан кісі – Мўхтар Јуезов. “Кґбінше, Абайдыѕ аударуында хаттармен баян етілген роман (эпистолярный роман) ќалыптанєан тјрізді”. (Мўхтар Јуезов. 20 томдыќ шыєармалар жинаєы. 20 т. 199 б.) – деп жазады ол “Абай (Ибрагим) Ќўнанбайўлы” атты монографиясында.

Эпистолярлыќ жанр... Жанр дегеніміз шыєарманыѕ белгілі бір тегі, тїрі. Тїрі ґзгерсе туындыныѕ бїкіл кґркемдік болмысы ґзгермек. Эпистолярлыќ романныѕ кґп-кґп тўсы Пушкиннен алыстап кеткендіктен, Абай туындысын академик-жазушы нјзира жанрына жатќызєан. Абайтануда осы кґзќарас кїні бїгінге дейін саќталып келеді. Біраќ Мўхтар Јуезовтіѕ талдауларын таєы да бір сїзіп ґткенде, бўл кґзќарасты да ќайта ќарау керектігі аѕєарылады.

Абайдыѕ эпистолярлыќ романыныѕ тїпнўсќадан ауытќу себебі, Мўхаѕ пікірінше, Абайдыѕ аударма жґніндегі тїсінігіне байланысты. Јуезов Абайды нјзира формасына жїгінген дегенде “Ескендір” поэмасына арќа сїйейді. Таќырып желісін Низамиден алып, кґп ґзгертіп жырлаєаны сияќты дейді. Міне, осы жерге келгенде јлі де біраз аныќтай тїсетін жайлар барлыєы байќалмай ќалмайды.

“Ескендір” поэмасы Абайдыѕ эпистолярлыќ романы секілді нјзира жанрына жатќызылса, не себепті аударма деп кїні бїгінге дейін аталмай жїр? Олай аталмауыныѕ жґні бар. Абай Низамиден періштеніѕ Ескендірді “бїкіл дїниені жауласаѕ да саєан тойымдыќ жоќ екен”, “топыраќтан біткен топыраќтан єана тойым табады” деген идеяны єана алєан да, оны ґзінше бейнелеген. Тіпті шаєын детальєа дейін Абай ґзінше кетеді. Таразыєа тартќанда не асылдыѕ бјрін басып кететін ќу сїйек Низамиде – періште сыйлаєан кішкене тас. Абайдыѕ “Ескендірінде” Низамиден тіке аударылєан, не оќиєа желісін ќайталаєан бір жол кездестірмейсіѕ. Ескендірден ґзге кейіпкерлерініѕ аттары бір-біріне ўќсамайды. Оќиєа ґтетін жері де басќа басќа. “Ескендір” – Абайдыѕ тґлтума поэмасы. Барлыќ басылымдарєа ґз туындысы есепті енгізіліп келеді.

Шын мјніндегі – нјзира Науаидіѕ “Лјйлі-Мјжнїні”. Ол жайынан академик Конрад былай деп жазєан: “Навои внес много своего. И в то же время это, по нашим современным понятиям, и не оригинальное произведение: слишком многое у Навои идет прямо от Низами”. (Н.И.Конрад. Запад и Восток”. М., 1966. Гл. ред. Восточной литеартуры. С.346.). Пушкинге жаќын жерінен гґрі Пушкинше емесі јлдеќайда басым шыєарманы – Абайдыѕ эпистолярлыќ романын нјзираєа жатпайтынын айтатын уаќыт жеткен сияќты.

Мўхаѕ тілініѕ ўшында тўрєан “аударма емес” деген сґзді ґз уаќытыныѕ жоќ жерден пјле жапќыш, ќитўрќы, ќўбылмалы мінезімен санасып айта алмаєан тјрізді. Јйтпегенде “Евгений Онегинніѕ” ќазаќ нўсќасыныѕ Пушкиннен алыс-жаќындыєы мјселесін кґп тґѕіректетпес еді єой. Маза бермеген сол ойларын “Абай жолы” атты кґркем дїниесіне де сыналап енгізіп жіберген.

“...Татьянаны аќын ґз елініѕ тілімен сґйлете бастап еді. Сґйлеткен сайын Татьяна майда ќоѕыр їн тауып, бўл тілде де нјзік кґркем кїй толєап, ділмар жас шебер-шерлі боп барады. Ќазір ўяѕ майда ќызєа Пушкин жазєызєан хат пен ґзі жаздырєан хатты салыстырады. Кей жерлері Пушкинше емес...” (Мўхтар Јуезов. Елу томдыќ. 412 б.).

Абайдыѕ “Пушкинше емес”, ґзінше кетуі аєыл-тегіл зерттеулерінде де ашыќ айтылады. Бўл тараптаєы ойларын ол эпистолярлыќ романдаєы хаттарды негізгі їш топќа бґліп ќорытќан.

Бірінші топ – “Онегинніѕ сипаты”, “Татьянаныѕ Онегинге жазєан хаты” (“Амал жоќ – ќайттім білдірмей”), “Онегин сґзі” (“Хатыѕнан жаќсы ўєындым сґздіѕ бјрін”), “Ленский сґзінен” бґлімдері. Аталєан “бґлімдерде Пушкинге кґп жерлерінде жаќын келіп отырады”. “Кейбір жолдар мен Пушкин ќолданєан теѕеулерді де Абай дјл шебер аударып береді. Біраќ сонда да бўл бґлімдердіѕ ґзінде Абайдыѕ ґзінен ќосылєан жолдар, шумаќтар, ой сезімдер жиі ўшырайды”. “Абайдыѕ бўл аудармасында Пушкинніѕ текстіне їнемі ўќсас келіп отырмайтын еркіндік бар”. (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ шыєармалар жинаєы. Алматы. “Жазушы” 1985. 20 том. 200 б.).

Екінші топты “Онегинніѕ Татьянаєа жауабы” (“Таѕєажайып бўл ќалай хат”), “Онегинніѕ Татьянаєа жазєан хаты” (Ќўп білемін, сізге жаќпас”), “Татьяна сґзі” (“Тјѕірі ќосќан жар едіѕ сен”) ґлеѕдері ќўрайды. “Бўл тўстарында Абай Пушкиннен аударма жасамай, оныѕ орнына Пушкинніѕ ізімен жаѕа жайларды жырлап кетеді”. (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ . 20 том.. 200 б.).

Їшінші топ – жалєыз ґлеѕ: “Онегинніѕ ґлердегі сґзі”. “Абай ґз жанынан Онегинге аќырєы сґз береді. Бўл – Пушкинде жоќ, еркін ґзгерістіѕ, Абайдыѕ сґзінше дјлелденген ерекше бір тїр”. (Жиырма томдыќ 19. том. 8 б.).

Бїл жіктеуден тїйетін тїйін: Мўхаѕ Абай еѕбегініѕ екі топтаєы ґлеѕдерін яки шыєарманыѕ жартысынан кґбі аударма саласына мїлде жатпайды деп кесіп айтќан. Сонда ќалып отырєаны бірінші топтаєы ґлеѕдері болса, оныѕ ґзінде де аудармаєа “їнемі ўќсамайтын кґп еркіндік бар”. Абайдыѕ ґзінен ќосылєан “шумаќтар жиі ўшырайды”. Оны да айтушы Мўхтар Јуезовтіѕ ґзі. Абай Татьянаныѕ хатын јлденеше ќайтара оќып алып, тереѕ тїйсініп ўєынып, жїрегіне жеткен кїйінде берген. Јр сґзін тіске басып, баламасын тура беруге тырыспаєан. Осы принцип ґлеѕініѕ аќыр аяєына дейін саќталєан.

Я к вам пишу – чего же боле?

Что я могу еще сказать?

Теперь, я знаю, в вашей воле

Меня презреньем наказать. (А.С.Пушкин. Сочинения. Том третий. Госиздат худежественной литературы. М:, 1954. С. 59).

Пушкин сґзіне дґп сґз табуєа Абайдыѕ ќалам ќуаты жетпей тўрмаєан шыєар. Тїсінікті етіп жеткізгенмен, ќыз байєўстыѕ шер-шеменіне еркін тїйсінетіндей болмайды єой. Сол себепті хат алєашќы шумаќ ґлеѕінен бастап Татьянаныѕ сґзі мїлде ќазаќы реѕк ала бастайды.

Амал жоќ – ќайттім білдірмей,

Япырмау ќайтіп айтамын.

Ќоймады дертіѕ кїйдірмей,

Не салсаѕ да тартамын. (Абай. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”. 1995. 138 б.).

Салыстырып кґріѕіз. Бастапќы тґрт жолдыѕ їшеуі Абайдыѕ тґл сґзі. Тек соѕєы жолы єана негізгі мјтінніѕ ой тґркініне жаќын. “Мені жек кґріп кінјлап жазаласаѕ да тґреѕе ќўлдыќ” деген сґзді жып-жинаќы етіп “не салсаѕ да тартамын” деп ќайырєан. Басќасы, јрине, Пушкинше емес. Ґлеѕніѕ бїкіл ґн бойы – Абайша: “Жат їн, жат тілді Татьяна” ел-жўрттыѕ “Абайдан да естіп кґрмеген зарымен шерленеді” (Мўхтар Јуезов. Шыєармаларыныѕ елу томдыќ толыќ жинаєы. 23-том. Алматы. “Жібек жолы”. 2005. 421 б.) . Сол зардыѕ мўѕды ырєаєы демесеѕ, бар соны сґз Абайдікі. Батыс пен Шыєыстыѕ тїйіскен тўсында туєан Абай ґлеѕінікі. “Шыєыс” деген ўєым кездейсоќ келтіріліп отырєан жоќ. Татьяна:

Шеш кґѕілімніѕ жўмбаєын,

Јлде бары – алданыс.

Жас жїрек жайып саусаєын,

Талпынєан шыєар айєа алыс, — дейді. (Абай. Бірінші том. 139 б.). Бўл Пушкин романы їшін ґгей образ. Бояуы орыс ґлеѕініѕ ґрнегіне кірікпей тўр. Сґз саптау айшыєы таза ќазаќша.

Эпистолярлыќ романныѕ тїпнўсќадан алшаќтыєы алєашќы бґлім – “Онегинніѕ сипатынан”-аќ белгі бере бастайды. Роман сюжетінініѕ ќозєаушы кїші – характер десек, хат-романнан Пушкин романындаєыдан мінезі ґзгеше сомдалєан характерге кезігеміз. Бас кейіпкердіѕ сипаты Абайша бейнеленеді. Салыстырып кґрелік .

Как рано мог он лицемерить,

Таить надежду, ревновать,

Раузуверять, заставить верить,

Казаться мрачным изнывать,.. (А.С.Пушкин. Указ. Соч. Т.3. С 11.).

Абай “Евгений Онегинді” Пушкин романыныѕ бірінші тарауыныѕ осы Х шумаєынан бастап аударєан. Біраќ сол еѕ ілкі шумаќ, не ќалайы жоќ, аудармаєа жатпайды. Жатпайтыны, Пушкин Онегині мен Абай Онегині характері, таєдырына дейін бір-біріне кґп ўќсай бермейді.

Жасынан тїсін билеп, сыр бермеген,

Дјмеленсе, кїндесе, білдірмеген.

Нанасыѕ не айтса да амалыѕ жоќ,

Тїсінде бір кјдік жоќ алдар деген. (Абай. Бірінші том. 136 б.).

Шумаќтыѕ тіпті бастапќы жолыныѕ ґзі тїпнўсќамен сјйкеспейді. Абайда Пушкинніѕ екіжїзді кейіпкері атымен жоќ. Ќазаќ нўсќасындаєы Онегин сырын шашпайтын, ішіне не тїйгенін сыртына шыєармайтын абзал да асыл азамат кґрінеді. “Лицемерить” деген сґз Абай кейіпкерініѕ характеріне, “опалы, жаќсы жігіт” (М.Јуезов) мінезіне їйлеспеуі себепті эпистолярлыќ романнан сылынып тасталєан. Ґйткені эпистолярлыќ романныѕ идеялыќ-кґркемдік маќсаты Пушкин романымен дґп келе бермейді. Ќазаќ аќыны шыєармасын аєартушы реализм рухында, јдебиеттіѕ ўстаздыќ рґлін еске ала отырып жазєан. Ќазаќтыѕ жастары Онегиндей парасатты жігітті їлгі етсін деп ойлаєан. Сол себепті “...Абай Онегинді айыпты адам ќылып шыєармайды. Оны тек жўлдызынан жаѕылєан, жазыќсыздан жаза басќан жазыќсыз жан етеді”. (Сонда. 201 б.)

Ќысќасы, Абайдыѕ Онегині мен Пушкинніѕ Онегині кґп тўстарда ўќсамайтыны, екі аќынныѕ шыєарма жазудаєы кґркемдік јдістерініѕ јртїрлігінен.

Мўхтар Јуезовтіѕ “Пушкин мен Абай” маќаласыныѕ жазылєанына жарты єасырдан асты. “Елу жылда ел жаѕа” дегендей, кґп ќалыптасќан ќаєидалар, тїсінік, баєам ґзгеріс тапты. Јдебиеттану ґлшемдері де бўрынєыдай емес. Айталыќ, Мўхтар Јуезовті бўрын “Шыєыстыѕ Шолоховы” дегенді едјуір маќтаныш тўтсаќ, ќазір ол ўєым да ескіргендей. Бір јдебиеттіѕ табысын екінші јдебиетке телу оныѕ ішкі заѕдылыќтарымен есептеспеуден, біздіѕ еѕ бетке шыєар туындыларымыздан Шоло­хов таѕбасын іздеп јуре-сарсаѕєа тїсушіліктен туєан шалаєайлыќ.

Біздіѕше, ўлы жазушы бїгінгі тјуелсіздік мінберіне кґтерілсе, уаќыт ќыспаєынан кїмілжіп айтуын кейінге ќалдырєан шындыќтарды жайып салар еді. Абайдыѕ эпистолярлыќ романы аударма емес, “Евгений Онегинніѕ” жаѕа версиясы, тыѕнан туєан тґлтума нўсќасы дер еді. Олай деп жорамал айтуєа толыќ негіз бар. Шынында да таќырыбы, жанры бґлек, кейіпкерлері басќа їлгіде сомдалєан, сґз саптауына дейін дара туынды ќалайша аударма аталмаќ?

Пушкинніѕ Онегині – жас кезіндегі адасу, жеѕіл жїріс ќўрбаны. Ґмірініѕ еѕ ќымбат жастыќ шаєыныѕ сегіз жылын салтаѕ серілік, јлјулјймен босќа ґткізді. Абайдыѕ Онегині – ґйтпеген. Ол сўм ќоєамныѕ јділетсіздігінен жапа шегіп жїрген “опалы жігіт”. Сондыќтан да “Сорлы Онегин, жолды ґзіѕ біл, ќай тарапќа ќаѕєырар” (Абай. 142 б). деп ќамыєулы. Бўл ґмірден жапа шегіп жїрген талайсыз таєдырлы кейіпкер аќыры фјни дїниемен ќоштасып тынады.

Эпистолярлыќ романныѕ аударма емес, Пушкин романыныѕ жаѕа нўсќасы болатыны тіпті кейіпкердіѕ сґйлеу мјнерінен, христиан дініндегі Онегинніѕ мўсылманша “гјпіруінен” кґрінеді. Ол орыс арасында емес, бейнебір ќазаќ арасында ґскен сияќты. Ґйткені, єашыєына зарын тек дала тілімен айтады. “Сен – аєашта піскен алма”, “Гаућарым”, “Он сегіз мыѕ бўл єаламныѕ Бар тынысы кїнде тўр. Мен сыќылды сорлы адамныѕ Ыќтияры сенде тўр”(Сонда. 145, 146 бб), таєы осы секілді Пушкинде атымен жоќ ќазаќы тіркестер Онегинніѕ машыќты сґзі. Татьяна да бўл жаєынан сїйген жарынан ќалыспайды. “Сен жаралы жолбарыс еѕ, Мен киіктіѕ лаєы ем. Тірі ќалдым, ґлмей јреѕ, Ќатты батты тырнаєыѕ”, т.т. Бјрі де Пушкинде кездеспейтін, кездесуі мїмкін де емес метафоралар, ауыстырулар.

Ґлеѕмен жазылєан эпистолярлыќ роман Шыєыс поэмаларымен жеѕ ўшынан жалєасќан. Онымен типологиялыќ тамырластыєы кїшті. Онегинніѕ Татьянаєа жазєан хатында басталєан образ жасаќталуында тїпнўсќадан соншалыќ айырмасы бар шыєарма ќалайша балама аударма болмаќ?

Абай туындысы тїпнўсќадан форма жаєынан да алыс жатыр. Стилінде батыс-шыєыс сарыны біте ќайнасќан. Лексикалыќ ќўрамын “Абайдыѕ ґзі тудырєан тамаша, нјзік те, тереѕ сырлы ащы сґздер, кґрікті ойлар немесе шанышпа, мысќыл, јжуа, ащы сґздер...” (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ. 20 том. 198 б) ќўрайды.

Мазмўндыќ-формальдыќ сыпаты жаєынан да тїпнўсќа мен оныѕ ќазаќша нўсќасы екі бґлек дїние. “Евгений Онегин” романында автордыѕ ґзініѕ образы їлкен рґл атќарады. Лирикалыќ кейіпкер кейпіндегі аќын ќай тўста оќиєаєа тікелей араласады. Онысы – бїкіл шыєарма бойында кґбіне оќиєаєа баєа беруінен, жеѕіл я ащы мысќылмен бас кейіпкердіѕ кей јрекетін јжуа етуінен, ґзініѕ пушкиндік таєдырыныѕ ауырлыєын шаєынудан кґрінеді. Ал, Абай нўсќасында мўныѕ бірі де жоќ. Оќырман назарында – тек екі жастыѕ бір-біріне іѕкјрлігі. Сґніп жанєан, аќыры баян таппаєан ґкінішті махаббат.

Версиялыќ бітім јдеби байланыстар тїрініѕ алуан табиєатына ќатысты. Јр јдеби шыєарма басќа тілде јр тїрде, јр нўсќада ґмір сїре бермек. Поэзия ќай тілде ґмірге келсе, сол тілде салтанат ќўрмаќ. Аќын айтќандай, аударма кілемніѕ ґѕінен гґрі сыртќы астарына кґбірек ўќсайды. Астарда ґрнек тым кґмескі кґрінеді. Сондыќтан эстетикалыќ јсері тїпўсќаєа бара-бар бола алмайды.

Пушкин тоќыєан кілемнен ќатты јсерленген Абай, ґз жаныныѕ жаѕєырыєын ўлттыќ ўєымда беруге тырысты. Татьяна мен Онегинніѕ шерлі махаббатыныѕ бейнесі кілемніѕ ґѕ жаєында ўлттыќ ґрнек ќалпында тоќылєан. Ќазаќтыѕ кјрі-жасы бірдей оны тамашалаудан жалыєып кґрген емес. Романды оќыєанда не еске алєанда Абай жїрегін жарып шыќќан Татьяна јнін іштей ыѕылдап ќоса айтып отырады. Сезім јлемі махаббат тазалыєыныѕ шјрбјтінен сусындайды.

* * *

Јдеби байланыс атаулы адамзаттыѕ, јр ўлттыѕ, халыќтыѕ рухани байлыєын тасытпаса, жасытпайды. Абай орыс рухани јлемін ашып ќана ќойєан жоќ. Ол ґз жїрегініѕ мўхиттай тереѕ сырларына, туєан јдебиетініѕ шыєармашылыќ кен байлыєыныѕ сарќылмайтындыєына, ќазаќ кґркем сґзініѕ нелер ќўз-биіктерге самєай кґтеріле алатын ќуат-кїшіне кґз жеткізді. “Єаќлия” атты ќара сґзінде ўлы Абай: “Јрбіреудіѕ тілін, ґнерін білген кісі соныменен бірдейлік даєуасына кіреді” (Абай (Ибраћим) Ќўнанбаев. Екі томдыќ. 2 т. “Єылым”. 1997. 162 б.). , иыќтасады, теѕеседі деген. Бўл компаративистика єылымында айтылмай жїрген шешуші принцип. Ол принциптіѕ дўрыстыєын Абай јлемдік јдеби аламан бјйгеніѕ алдыѕєы легіне жїйткіп шыќќан тўлпар талантымен, даналыќ ќуатымен дјлелдеді.

* * *

Абай – ўлт кґркі. Адамзаттыѕ рухани ќазынасына ќазаќ не ќосты деген сауал туа ќалса, жауабын іркіліссіз Абайдай сарќылмас бай кенішімізден іздейміз. Абай ќазаќтыѕ жазба јдебиетін дїниеге јкелді. Абай мўрасынан јдебиетіміздіѕ кґп жанры тарайды. Жетекші жанр – роман да. Романныѕ эпостыќ оќиєашылдыєы, хикаяттыќ (повествовательность) ќасиеті фольклор мен ауызекі јдебиеттен. Жан жїрегі – Абай туєызып ґркендеткен лирика жанрынан. Абай ќазаќ романы тарихыныѕ бастау кґзін ашып, Мўхтар Омарханўлы Јуезов айтќандай, романныѕ эпистолярлыќ тїрін ґрнектеді.

Бір ґкініштісі, Абайдыѕ эпистолярлыќ туындысыныѕ ќазаќ романы тарихындаєы орны кїні бїгінге дейін аныќталмай келеді. Жанрлыќ тектіліктіѕ јдеби дамуєа тіке ќатыстылыєына жґнді мјн берілмей, ќазаќ прозасыныѕ жетекші жанрыныѕ ґсіп ґркендеуіне Абай туындысыныѕ тигізген шарапаты тиісті дјрежеде сґз етілмей жїр. Міржаќып Дулатовтыѕ “Баќытсыз Жамал”, Спандияр Кґбеевтіѕ “Ќалыѕ мал”, Сўлтанмахмўт Торайєыровтыѕ “Ќамар сўлу” секілді роман бастаулары, “Шўєаныѕ белгісі” тјрізді хикаяттар романєа баратын жол есептеледі де, ол ќатарєа Абайдыѕ эпистолярлыќ романы ќосылмай ќалады. Шын мјнінде, аталмыш прозалыќ туындылар – јдебиетіміздіѕ былайєы дамуына ыќпалы жаєынан бір тґбе де, Абай туындысы бір тґбе. Бјрін термелеп жатпай-аќ, алєашќы кітабы 1942 жылы дїниеге келген “Абай” романыныѕ жазылуына мўрындыќ болєан “Татьянаныѕ ќырдаєы јні” јѕгімесі екенін айтса да жеткілікті.

Алєаш рет 1937 жылы “Ќазаќ јдебиеті газеті мен “Јдебиет майданы” журналында жарияланєан јѕгімеде ќазаќ-орыс јдеби байланыстарыныѕ їлкен бір ќадамы зор мјнді рјміздік суретпен аяќталады.

“Осылайша, 1887 жылдыѕ ќысында орыстыѕ данасы Пушкин ґзініѕ сїйікті Татьянасын ќолынан жетектеп кеп, кеѕ ќазаќ сахарасына еѕ алєаш рет ќадам басты” (Мўхтар Јуезов. Шыєармаларыныѕ елу томдыќ жинаєы. 23-том. Алматы. “Жібек жолы”. 2005. 440 б.) .

Јѕгімеден – роман. Ол ќалай туады? Мўхтар Јуезовтіѕ ўзаќ жылдар бойєы ізденіс-толєаныстарыныѕ ґзі бір мектеп. Абай – тарихи тўлєа, оныѕ їстіне аќын. Демек, ол жайында жазылатын шыєарманыѕ, айталыќ “Бірінші Петр”, “Емельян Пугачев” немесе “Степан Разин” секілді роман типтерінен ґзгешелігі болуы тиіс. Мўндай твор­чествоолыќ тўлєаны бейнелегенде дјуірдіѕ ќоєамдыќ-јлеуметтік келбетіне ќоса, ўлы аќынныѕ шыєармагерлік психологиясын, поэтикалыќ жаѕашылдыєын реалистік-тарихи картиналар арќылы суреттеу керек. Осы ќиямет ќиын міндетті жїзеге асыру маќсатында Мўхтар Јуезов аќын, жазушылар туралы кїрделі роман типініѕ ХХ єасыр басында жасалєан їлгілеріне їѕілді. Ю.Тыняновтыѕ “Смерть Вазир-Мухтара”, А. Моруаныѕ “Байрон” атты шыєармаларына, таєы басќаларына.

Біраќ жазушы шыєармасыныѕ елден ерек сјтті тууына еѕ кґп ќаруы тигені басќа ешкім де емес, дјл Абайдыѕ ґзі еді. “Как я работал над романами “Абай” и “Путь Абая” атты маќаласында Мўхаѕныѕ: “мне на помощь приходит сам Абай со своими произведениями” (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ шыєармалар жинаєы. Алматы. “Жазушы”. 1985. 261 б.) деп атап кґрсетуінде їлкен мјн бар. Еѕбегініѕ жемісті шыєуына Абай ґлеѕдер жинаєыныѕ, ќаршадайынан жаттап ґскен “Евгений Онегин” нўсќасыныѕ зор ыќпал еткенін арнап айтуды ол ґзініѕ борышы санайды.

Мўхтар Јуезов Абайдыѕ јѕгімедегі психологиялыќ суреткерлік ґнерінен єибрат алєан. “В едином комплексе идет во всех четырех книгах и тема развития Абая-поэта, отражаясь в эпизодах, изображающих первые творческие побуждения, через овладение пушкинским языком...” (Cонда. 277, 278 бб.) — деп роман-эпопеяныѕ жанрлыќ табиєатын аныќтауда аќынныѕ ґміртарихынан гґрі, ґлеѕ мен јн ґнерініѕ туу, кемелдену тарихына кґбірек назар аударєанын арнайы бґліп айтады.

Хат алысып, хат берісу екі жастыѕ романына айналып кетеді. Адам жаныныѕ еѕ бір нјзік ќўбылыстары шертіледі. Сол тјсілге ќызыєып, оны ќолданбаќ ниетте жазушы Пушкин, Абай тілі жеткен шеберлікке проза жанрында жетігу жолдарын зерттейді. Ќўрєаќ ќаєидаларды тізбектеу, ґмірбаяндыќ оќиєаєа бірыѕєай беріліп кету Абайдыѕ аќындыќ жїрегін толыќ ашып бере алмайды. Негізгі салмаќты ўлы аќынныѕ жан дїниесіндегі алуан ќўбылыстарєа, ішкі ґмірі аєынына салса, прозаныѕ да бірталай нјрсеге шамасы келіп ќалар деген байламєа тоќтайды.

“Татьянаныѕ ќырдаєы јні” “Абай жолы” роман-эпопеясыныѕ екінші кітабыныѕ (1947) соѕєы тарауына “Таєы да јнде” деген таќырыппен енгізілді. Кейінгі басылымдарында ґзгеріп “Биікте” деп аталды. Татьянаныѕ ќазаќ тілінде жазылєан хаты ќалай туды, јнге ќалай сўранды, махаббат јуені ќазаќ сахарасында ќалай шырќалды, – јѕгіменіѕ осы рухы аќын шабытыныѕ туу, ґрістеу тарихын паш ететін роман-эпопеяныѕ шынында да таѕєажайып биік беттеріне айналды.

Ќысќасы, Абайдыѕ эпистолярлыќ романы жазушы ќолына јлемніѕ 116 тіліне аударылєан атаќты “Абай жолыныѕ” эстетикалыќ кілтін ўстатты.

* * *

“Онегин – Татьяна” романы 1887-1889 жылдары дїниеге келген. Баспа жїзін кґруі – 1909 жыл. Бўл жылдары – Х1Х єасырдыѕ аяєы ХХ єасырдыѕ басында – Ќазаќ елі бодандыќ ќамытын мыќтап киді десек те, Ресейдей экономикасы мен мјдениеті ґркен жайєан империямен бір шаѕыраќтыѕ астында ґмір сїру патриархалды Ќазаќстанды дамудыѕ жаѕа белесіне шыєарды. Јсіресе, Ќазаќ елініѕ Ресеймен, сол арќылы бїкіл јлеммен ќоян-ќолтыќ мјдени ќатынасќа енуі, Батыс пен Шыєысќа бірдей їѕілуі тегін кеткен жоќ. Сол процестіѕ басты жемісі – Абай шыєармагерлігі.

Абай поэзиясы ќазаќ јдебиеті јлемніѕ ґзге јдебиеттерімен иыќ теѕестірді. “Жоќты-барды ертегіні” термектен тиылып, ел ґмірініѕ толєаќты проблемаларына бет бўрды. Абайдыѕ “Сґз айттым “Јзірет Јлі, айдаћарсыз” дегені, Ќўдайєа ќарсылыќ емес, ендігі ґскен биік рухани талап дјрежесінен шыєу їшін ќисса, ертегі-хикаядан гґрі кґркем сґздіѕ кїрделірек тїрі ќажет екендігінен ґрбіген пікір.

Абай адамныѕ ішкі ґмірініѕ ќайнаєан ќўбылыстарын јлеуметтік болмыспен ўштастырып суреттеуге еѕ ебдейлі жанр роман екендігіне аныќ кґзі жетті. Лирикалыќ кейіпкердіѕ ішкі кґѕіл ажарын хат тїрінде берген Пушкин тјсілін ќолдауды ќўба-ќўп кґрді. Ерекшелігі, Шыєыс јдебиетініѕ ежелгі дјстїріне баєып, классикалыќ шыєармаєа ґз тарапынан їн ќосты. Орыс данасынан алєан таќырыбы мен сюжетін ґзінше баєамдап, ґнер жарыстыруды ўйєарды. А.С.Пушкинніѕ “Евгений Онегин” романын сол тјсіл беделінде ќазаќ ќауымына жеткізуге бел байлады.

Ќазаќ ќауымына жеткізудіѕ мјнісі – оєан ўлттыќ реѕк беру деген сґз. Татьяна мен Онегинніѕ жазысќан хаттарын, жауаптасќан сґздерін тїгел эпистолярлыќ формаєа тїсіргенде ойында аударма емес, “Татьянаныѕ тілімен ќазаќ ќызыныѕ жїрегіне ќоса тіл” бітіру, “Онегинніѕ ойлы-сырлы ґкінішімен ќазаќтыѕ саналы жігіт, жас буынын їлгілі сезімдерге” (Мўхтар Јуезов. Жиырма томдыќ шыєармалар жинаєы”. 19 том. 10, 11 бб.) тјрбиелеу міндеті тўрды.

Эпистолярлыќ роман ўлттыќ реѕк алуы барысында тґлтума ќасиетке ие бола бастады. Тїпнўсќамен салыстырєанда шыєарманыѕ аудармаєа жатпайтын тілін былай ќойєанда, мазмўны да ќазаќ болмысына икемделді. Кейіпкерлердіѕ характері, ойлау, сезіну жїйесіне дейін тїпнўсќадан ґзгеше ќалыпќа енді. Абай нўсќасындаєы Онегинніѕ аты орыс болєанымен, заты орыс емес. Діні мўсылман, басы тыєырыќќа ўшыраєанда аузына Христос емес, Алла тїседі. Ойлау, сезінуі, ділі мен тілі – бјрі мўсылманша, ќазаќша жїйеленген. “Он сегіз мыѕ бўл єаламныѕ Бар тынысы кїнде тўр” деген сияќты таза ќазаќы тіркеспен ќўйєытады. Татьянаєа жазєан хатында Онегин де “Тјѕірі добы – бўл єарып бас” (Абай Ќўнанбаев. Шыєармаларыныѕ екі томдыќ толыќ жинаєы. 2 том. “Єылым”. 1977. 45 б.) — деп, “Адамныѕ басы – Алланыѕ добы” дейтін белгілі мјтелді ґз таєдырына лайыќтап тўжырымдайды.

Онегин тип ретінде ќалада тјрбие алып ґсіп шыныќќан ќазаќ жастарына кґбірек ўќсайды. Философиясы, уайым-ќайєысы, ішкі дерті автордыѕ ґзін толєандырып жїрген жайлармен ґзектес. Ќаладан білім, єылымєа уызданып, орыс ойшылдарымен кеѕесіп, јѕгіме-дїкен ќўрып, он алты жыл патша јкімшілігімен тікелей араласып ќызмет істеген, ќала мен ауыл арасында кґп ќатынаєан, сол ќоєамныѕ кінјрат-кесапаттарынан ќиналєан, жапа шеккен Абайдыѕ ґз ґресімен шамалас.

Соседние файлы в папке Абай туралы материалдар