Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
15
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
112.13 Кб
Скачать

Абай үшін табиғат әманда нақтылы да, ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақьш оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретін-де қабылдайды. Бірак, Абай үшін негізгі нәрсе — адам мен табиғаттың бірлігі болуы да адам сол табиғаттың ең елеулі, басты түлғасы ретінде қаралды. Сондық-тан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмай-ды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқа-сында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары түрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адам­ды. кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», деп ой түйеді.

Абай тәрбие адамға эсер етіп, оған кісілікті қалып-тастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа бері-летін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да„ адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлы-ғына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға бо­лады деп есептейді.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдык,, қайғы ойладық, үйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетін-ші, отыз сегізінші қара сездерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл

Дүние үлкен кел, Заман соққан жел Алдыңғы толқын — ағалар, Артқы толқын — інілер, Кезекпенен керінер,—

деп толғанса, бірауык «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екеиі рас», яки «замана шаруа, мінез күнде езгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман ербітеді.

Қорытынды

Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің аркауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея —бүл халыққа білім беру.. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған... «Білімнен мал болушы ма еді? —■ деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, машалық қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі.

Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтак территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, үлы философ-шафрат болатын

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007

  2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c

  3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .

  4. Философиялық сөздік. --/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.

  5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр

  6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.

1

2

3

4

19

Соседние файлы в папке Абай туралы материалдар