Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

П.Сорокиннің мәдениет типологиясы

Ф.Ницше типологиясына критерилік әдістемелік негіздерінде орыс текті американ социологі П.Сокриннің мәдениет типологиясы жақын. Дұрысында Ф.Ницшеден бөлек, П.Сокорин өзінің тек қана көркем мәдениетті емес, бірақ тіршілік салаларының басқада мәдениеттерінің енгізетін мәдениеттің кеңдеу түсінігінен шығады.

П.Сорокиннің мәдени типологиясының негізіне салынған, түбегейлі критерий болып, дүниені қабылдау және игерудің ерекше тәсілі табылады. Ол дүние қабылдаудың нағыз айқын қарсы қойылған и тасимдылық танытатын екі мәдени типін бөліп көрсетеді: идеационалдық және сезімдік.

Идеационалдық – бұл мәдениет типі, ода қабылданудың рационалдық тәсілі үстемдік ететіні көрініс табады, ал сезімдікте – сезімталдық үстемдік етеді. Оның үстіне П.Сорокин тағы екі аралық (өтпелі, «таза емес») мәдениет типін ажыратады:

а)аралас – үйлесімді, оны ол идеалистік деп атайды, оның мысалдарына Ежелгі Грецияның Алтын ғасыры немесе еуропалық Ренессанс жатады;

ә) аралас, үйлесімді емес – эклектикалық тип, оның мысалына біздің дәуіріміздің бірінші ғасырының мәдениеті (христиандық және көпқұдайылық) жатады2.

П.Сорокиннің маңызды зерттеу мақсаттарының бірі әлеуметтік – мәдени динамиканы ашу міндеті болғандықтан, сонда ол тек мәдениеттің түрлі типтерінің өмір сүретіндігін белгілеп қана қоймай, сонымен бірге бұл екі «таза», «полярлық»мәдени типтердің илеционалдық пен сезімталдықтың – толқындық түрде ауысатынын ол көрсетеді. Бұл ерекшелікті П.Сорокин психика күйімен (Шпенглер іліміне ұқсас) және дінмен түсіндіреді.

Қазіргі мәдениет дағдарысын бағалай келе, одан шығатын жолды ол жаңа құндылықтарды қалыптастыру мен әмбебапты етуден көреді.

К.Ясперстің мәдени типологиялық моделі.

Неміс философ-экзистенциолисті К.Ясперс Даниловский мен Шпенглерден ерекше жалпы адамзаттың мәдениет пен тарих идеясына көңілін бұрады. Ол О.Шпенглердің мәдени типологиялық іліміне сын берді және өзінің, шпенглерлікке альтернативті, мәдени типология ілімін қалыптастырады. Ясперс ұжымдық жанның қайталанбас шпенглерлік ілімі тек рухани құбылыстарды, дәлірек айтқанда – халықтың писхологиялық өмірін тек өнердегі стильді ғана түсіндіре алады деп есептеді. Оның үстіне Ясперс пікірінше, Шпенглер тірі жүйелердің биологиялық баламаларын тым әсірелеп жіберді, және бұл тарих пен мәдениеттің шпенглерлік жіктемесіне фаталистік сипат берді.

  1. Ф.Ницше. Рождение трагедии из духа музыки // Соч.: В2т.М,1990. Т.1.с59.

  2. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общества. М.,1999. с.430-431

Сонымен бірге, К.Ясперс, ода тарих пен мәдениеттің дамуындағы анықтауыш негіз ретінде тек экономикалық факторлар мойындалатын, мәдениеттің материалистік (соның ішінде марксистік) ілімін де дұрыс емес деп есептеді. К.Ясперс сенімі бойынша, тарих пен мәдениеттің дамуында шешулі рөлге экономикалық емес, ал рухани факторлар ие болады. Марксизіммен пікірталаста ол мәдениеттің рухани құрастырушысының рөлін, ал Шпенглермен пікірталаста – халықтардың мәдени бірлігін жоқтайды. Дүниежүзілік тарих пен мәдениет бірлігі идеясын жариялай отырып, К.Ясперс шектелген өркениеттер ілімінің көптеген қағидаларымен тіпті келіседі. Сонда да, ол мәдениет тарихы тура бағыттық сипатқа және мағыналық аяқталуға ие болады деп, пайымдады, ол тарих пен мәдениеттің жалпы бейнесі сияқты, адамдық тіршіліктің «бастаулары» және «мақсатымен» айқындалған1. мәдениеттің тарихи дамуын құрылымдастырыла келе, К.Ясперс дүниежүзілік тарих пен мәдениеттің «белдеуін» іздейді. Мәдениеттің «белдеуін уақыты, К.Ясперс бойынша - бұл өзінше тарих «орталығы». Оған дейін адамзаттың қоғамын мәдениеттің дамуы негізінен шектелген сипатта болады. Одан кейінгі адамзаттың әмбебапты, бірегей мәдени- тарихи дамуының мүмкіндігі ашылды.

Осыған сай дүниежүзілік тарих схемасын белгілей келе, К.Ясперс тарихтың төрт гетерогенді кезеңдеріне сәйкес келетін, төрт тарихи мәдени типтерді атап көрсетеді, олар:

І) тарихқа дейінге алғашқы қауымдық кезең – мәдениеттің проистейлік типі;

ІІ) ежелгінің «ұлы мәдениеттер» дәуірі;

ІІІ) адамдық болмыс негіздерінің қалыптасу дәуірі - өзіндік белдеулік уақыт және шектелген тарихты бірегей дүниежүзілік мәдени-тарихи процеске айналдыру негіздері қалған әмбебапты гуманистік мәдениет;

IV) белдеуліктен кейінгі, ғылым мен техниканың дамуына негізделген және адамзат пен оның мәдениеттік өркениеттердің шектелген-тарихи санасына жартылай қайтарған, «империялық дәуір». К.Ясперс бойынша, адамзат төрт рет қайтадан жаңа негізден жолға шыққандай болады2.

Тарихқа дейінгі дәуірдегі құрастыратын простейлік дәуірдің мәдениеті, К.Ясперс бойынша, б.з.д. 5000 ж. басталады және «адамзат болмысының негізгі қасиеттерінің» қалыптасуын, адамның «адамның түр ретінде оның барлық дағдылары және ерекшеліктері мен»3 пайда болуын және оның мәндік негізінің шыңдалып шығуын, ең басты тарихқа дейінгі адамның мәдениетті адамға айналуын кқрсетеді. Бұл дәуірдің өзіндік мәдени өрісі мыналармен сипатталады: «от пен еңбек құралдарын пайдалану», тілдің пайда болуы, реттеу мен бақылаудың бірінші тәсілдерінің, соның ішінде, өзін шектеу формаларында (мысалы – табу), қалыптасуы, бірлесе өмір сүрудің топтық формаларының пайда болуы –

  1. К.Ясперс Сымысл и назначение истории М.1991 с.54

  2. К.Ясперс Смысл и назначение историиМ.,1991 с.53

  3. сонда, 56 б

түрлі типтегі қауымдастықтардың, мифология сана, коммуникация формалары мен тәжіри тартудың тәсілдерінің қалыптасуы. Міне осы әлеуметтік-мәдени қабылдаулар мәдени-тарихи дамудың да бастамасы, оның бірінші тарихи мәдени типі болып табылады. К.Ясперс бөліп көрсететін мәдениеттің екінші тарихи типі – бұл «ежелгінің ұлы тарихи мәдениеттері». Олар бір мезгілде барлық үш жер шарының әлемдік мәдени отрталықтарында: Қытайда, Үндіде және Батыста (оған К.Ясперс тек грек – римдік қоныстарды емес, сонымен бірге Таяу Шығыста да жатқызды) пайда болды. Батыста – бұл шуммер-вавилондық және египеттік-эгейлік мәдениет, б.з.д. 4000 ж. Үндіде-Шумермен байланысты, арийлікке дейінгі мәдениет, шамамен б.з.д. 3000 ж және Қытайдың археологиялық мәдениеті, б.з.д. 2000 ж. Осы типтегі мәдениеттердің негізгі типологиялық белгілеріне жататындары: жазудың пайда болуы мен өрістеуі, арнаулы – техникалық жаңашылдық қалыптасуы соның нәтижесінде көптеген ұлы жаңалықтар ашылды. К.Ясперс бойынша, тарихи мәдени процесте, аса маңызды құбылыс бола тұра «ежелгінің ұлы мәдениеттерінің» тарихы әл дүниежүзілік мәдениет тарихына айнала алады, ал шектілік және автономиямен сипатталады. Батыс, Үнді, Қытай өркениеттері өмір сүруінің шектелген тарихи арасында қалып қойды. Ежелгі ұлы мәдениеттер дәуірі Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің шығуы және қалыптасуымен (шамамен б.з.д. 500 ж) аяқталды, олардың негізнде мәдениеттердің рухани бастауларында жатқан құндылықтар айырмашылығы алға шығады, әйтсе де олардың даму сатыларынан бірреттілік пен паралельділікті байқауға болады. өздерінің ұлттарына қарамай, өздерінің қойнауларында, өздерінің ықпал аймақтарында әлдебір мүгіліп жатқан, бірақ оянбай кеткен, болашақ белдеулік уақыт мәдениетін ұстай тұрып, бұл ұлы мәдениеттер шарасыз жойылды.

К.Ясперс бөліп көрсететін, үшінші мәдениеттің тарихи типі – «белдеулік уақыт» мәдениеті (К.Ясперс ойларынша, белдеулік уақытта бірінші, бірақ тарихи-мәдени процесте соңғы емес). Хронологиялық жағынан бұл шамамен б.з.д. 800-200 ж қамтиды. Бұл типтегі барлық мәдениеттер үшін типологиялық сипатты (әр бір мәдениет үшін ортақ және бүкіл тип үшін ерекше) болып адамның өзіндік санасының қалыптасуы табылады, сонда, қалай К.Ясперс жазғандай, адам болмысты тұтас, өзін-өзі және өзінің шекараларын (мүмкіндіктері мен шектері) сезінеді және азаттық алу мен құтқарылу туралы ойлай бастайды. Бұл сәтте ол өзінің алдында жоғары мақсаттырды (еске алыңыз: тарих- бұл оның бастаулары мен мақсатының арасындағы процесс), абсолюттік өзіндік сана қойнауларында тани бастайды. Және міне сондықтан бұл барлық мәдениеттерде іске аса бастайды, адамзаттың ортақ рухани негіздері қалыптаса бастайды. Батыста, Грекия мен Римде – Перменид, Геранлит, Платон, Гомер, Фукидит, Архимед және т.б.; Шығыста, Қытайда – Конфуций, Лао-цзы, Үндіде – Будда, Таяу Шығыста – Заратустра, Илия, Исая,Иеремия пайғамбар және т.б. – олардың бәрі өз шығармашылығында бір ортақ идеямен жігерленеді: болмысты тұтас және жеке адамды тану. Белдеулік уақыт дәуіріндегі мәдениеттерде, ие сақталатын және күні бүгінге дейін адам өмірінің рухани негіздерінқұрастыратын, солардың көпшілі қалыптасты. Солай бұл мәдениетте, оларды біз қазірде қолданып жатқан, категориялық-логикалық ойлау элементтері дүниежүзілік діндердің негіздері қаланды, барлық бағыттарда әмбебаптылыққа, жалпыламалыққа өту басталды. Атап айтқанда әмбебатылық рефлекйиясы бүкіл адамзаттың рухани туыстығының негізінде жатыр.

Бұл ой К.Ясперс, Шығыс пен Батыстың (батыс және шығыс мәдениеттері) арасындағы қарама – қарсылық, полярлық абсолютті емес, ал олардың ортақ рухани тамырлары коммуникация тәсілдерін жанжалдарды шешу мен бірегей мәдени келеңсіздік қалыптастыру әдістерін табуға мүмкіндік береді дегенді мойындауға жетелейді. Бірақ адамзаттың бірегей әмбебапты даму мүмкіндігі, К.Ясперс бойынша, әлі жүзеге асқан жоқ. Ғылым мен техниканың қатты дамуы арқасында, мәдениет белдеуліктен кейінгі империалық уақыт дәуіріне енді, сонда Батыста, Үндіде, Қытайда және т.б. өркениеттердің шектелген тарихи дамуына жартылай қайту жүзеге асты. Адамзат өзінің мәдениеттердің бірегейленуі мен сұқбатына бағытталған жолынын бұрылды, бұл азаматты ХХ ғ., неміс философының пікірінше, жойылу қауіпінің алдына жеткізеді. Қалай адамзатты құтқару керек және ол құтқарыла ма? Осы үшін К.Ясперс бойынша белдеулік уақытпен байланысты жақсарту, оның бастапқылығына қайту керек, келе жатқан ұлы мәдениеттер екінші белдеулік уақыт үшін адамзаттың шынайы қалыптасуы үшін түбегейлі негіздерді орнықтыруы қажет1.

Белдеулік уақыт «бізді шексіз коммуникацияға», «өзінде қамалған жеке тарихилықтың» тар өрісін бұзуға шақыратынын түсіну маңызды. Ол басқа мәдениеттерді, өйткені бұл оған өзін-өзі айқындауға себебін тигізеді және сол арқылы дүниежүзілік тарихтық өзінше масштабы қызметін атқарады және міне ол адамзаттың нақтылы бірлігін2 қамтамасыз ете алады және атап айтқанда ол әлемдік мәдениет пайда болуының негізінде жатыр. Мәдениет типологиясы мәселесі бойынша біздің қарастыруымыздың нәтижесін айта келе, біздің тек сол типологиялық модельдерді, қайсыларымен мәдениеттанулық білім қатынасы болғандарын, алғанымызды еске салайық, сондықтан, мысалы, мәдениеттердің тарихи типологиясы немесе белгілі «Шығыс-Батыс» дихотомиясы сияқты бағыттардың біздің назарымыздан тыс болуы түсінікті. Олармен арнаулы танысу үшін басқа ғылыми және оқу әдебиетіне көңіл аудару қажет2

  1. К.Ясперс Атал, еңбек 53 б

  2. Қар., мыс.: Клуьтурология Уч. Пособие / Под ред. Г.В.Драча. Ростов-на -Дону

Соседние файлы в папке РЕФЕРАТЫ