
- •3.Мәдениеттер типологиясы қалай жүзеге асады?
- •4. Мәдениеттердің кейбір типологиялық моделдерінің сипттамасы. Мәдениеттердің этнографиялық типологиясы.
- •О. Шпенглердің мәдениет типологиясы
- •Ф.Ницшеннің типологиялық моделі.
- •П.Сорокиннің мәдениет типологиясы
- •Бақылау сұрақтары және өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Рефераттар шығармашылық тапсырмаларының тақырыптары
О. Шпенглердің мәдениет типологиясы
Өзінің мәдениет типологиясын құрастыра отырып, Н.Я.Даниловский сияқты, О. Шпенглерде, бірегей жалпы адамдық мәдениет бар ма деген сұраққа, теріс жауап береді. Бірақ, Н.Я.Даниловскийден өзгеше, бұл сұраққа ол жауапты, ода әрекеттің қайсыбір түрінің басымдық танытқанынан, әрбір жеке мәдениет оны тарихта жүзеге асыратын, сол функционалдық ролінен іздегінен басқаша, О Шпенглердің өз жауабын барлық мәдениеттердің оқшау екендігін мойындаудан және, өздерінен кейін еш нәрсе қалдырмай, сол бойынша әрбір индивидуалды мәдениет кеңінен туындайтын, гүлденетін және өлетін, олар өзгерісінде тек осы логиканы мойындаудан іздейді.
Шпенглер бойынша, мәдениеттердің өмірлік циклі- бұл кез келген тірі организмнің өмірлік циклі. Әрбір мәдениеттің өлімі және оның басқа мәдениеттерден оқшаулығы мәдени және адамзаттардың тұтас тарихи өмірінің бірлігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл ұстанымда О.Шпенглер, өзінің аяқталуына жеткен, 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді, олар: қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық (грек – римдік), араптық, батысеуропалық, майя. Туындау сатысында, оның пікірінше, орыс- сібірлік мәдениет тұр. Егер Н.Я.Даниловскийдің мәдениеттер типологиясында критерий ролін адамның әрекетшіл табиғаты, шығармашылық әрекет атқарса, онда О.Шпенглерде осындай критерийге халықтың ұжымдық жанының ішкі, психологиялық құрылысы жатады. Шпенглер боынша, мәдениеттің мәнісі – бұл халықтың ұжымдық жанының өзін білдіруге ұмтылысы. Әрбір ұжымдық жанға (халыққа)өзіндік көңіл – күйі, сезімталдық әлемі, оның негізінде ұжымдық жан өмір сүретін, сезетін, жасайтын, одан мәдениформалардың бүкіл байлығы шығатын, өзіндік психикалық ілкі рәміз (прасимвол) тән. Шпенглердің мына метафоралық нақыл сөзі белілі: бұл «....ұлы мәдениеттердің әрбірі, кім бұл мәдениетке жататын болса, тек соған әбден түсінікті, дүние сезінудің құпия тіліне ие. Үнді мәдениетінтүсіну үшін, дауыстық жанға ие болу керек, оның негізінде кеңістік пен уақытты ерекше сезіну – ал атап айтқанда – шексіздікке ұмтылыс, жатыр. Антикалық мәдениетте О.Шпенглер, көрінетін шек принципіне негізделген, апполондық жанды көреді. Гректер үшін көзбен көрінетін үш өлшемді кеңістік бар болды.
1. Шпенглер.О.Закат Европе Новосибирск 1993 Т1с255
О.Шпенглер, тарихи мәдени тип шектерінде мәдениет, олардан ештеңені қабылдамай, оқшау өмір сүруі, сондықтан мәдени сұхбат мүмкін емес, деп пайымдады.
Ф.Ницшеннің типологиялық моделі.
Кейбір ескертулер мен типологиялық модель сапасында, неміс философы Ф.Ницше ұсынған, Дионис-Аполлон анипологиясын қарастыруға болады. Ескерту бұл оның типологиясының тек көркем мәдениетпен қатысты екендігімен байланысты Ницшеннің мәдениеттің бүкіл мазмұнын өнер саласымен шектемей ме екендігі немесе мәдениеттер типтерін ажыратуда ол бұл салаға көпшілік, сенімділік мақсатында көңіл аудара ма екендігі әбден түсінікті емес, бірақ өзінің типологиялық мәдени моделін ол көркем шығармашылық негізінде құрастырады. Сипаты бойынша қарама-қарсы болмыс пен мәдениеттің бастауларын белгілейтін, «аполлондық» және «дионисейлік» ұғымдарының өздері Шеллингпен, адам санасының терең қабаттарында шоғырланған екі күшті анықтау үшін енгізілгендігін де ескеру қажет. Бірақ бұл антипологияларды Ф.Ницшенің үлесіне жатады («Трагедияның музыка рухынан тууы» еңбегі, 1872 ж.), онда ол Вагнер драмасын және антикалық трагедияны аполлондық және дионисейлік бастаулардың түйінделуі ретінде қарастырады.
Өз моделінің түбегейлі типологиялық критерийін Ф.Ницше қабылдау тәсілінде, әлемді игеруде дәлірек айтқанда –дүние қабылдау табиғатында көреді. Ф.Ницше дүниеқабылдау мен шығармашылықтың негізінде екі «бастау»: аполлондық және дионсейлік жатыр дейді, оларға адамда екі әр түрлі табиғи негіздердің бар болуы сәйкес келеді, олар: еркектік – грек мифологиясындағы оның кейіпкеріне Аполлон жатады және әйелдік, оның кейіпкері Дионис болып табылады. Ф.Ницше үшін Аполлон – Эллада рухының жүзеге асуы, күдік жан, құдайлық ақиқаттың, аспан стихиясының, тыныштықтың реттіліктің, шаманың, даналық пен өзін шектеудің, алтын орташаның иегері. Аполлондық дүниеті қабылдауды рационалдық үстемдік етеді. Басқа дионисейлік дүниеқабылдау – сезімталдықтың басымдылығына негізелген, ирационалдық бастау. Бұл әйелдік бастау, өйткені Дионис - жер стихиясының құдайы, жер өңдеудің, өнімділіктің құдайы, өсімдік дүниесінің, шарап дайындаудың, жүзім өсірудің қамқоршысы, сезімталдықтың, эмоциалардың, сезімдер қопарылысының, қуаныштың, көңіл көтерудің, кез келген атқарушылықтың кез келген шамадан асудың құдайы. Ежелгі грек мифологиясында дионис Римдік құдай –Вакхпен теңестірілді оның құрметіне жын ойнақтар – Вакханиялар өткізілді. Жалпылама сезімшіліктің бұл негізінде Дионисийлік дүние қабылдау бірлікке әкелді.
Ф.Ницше мұратты тепетеңдіктен көрді, мәдениетке екі бастауларда керек:біріншіден көркем бағалы туындылыар, қашан екі бастаулар теңестірілгенде пайда болады. Ал екіншіден, атап айтқанда әрбір мәдениеттегі қос бастаулармен ( олардың бірінің басымдылығында ) және оған сай мәдениеттер типтерінің қосарлығымен Ф.Ницше пікірінше, әлемдік мәдениеттің алға жылжуы байланысты: «Туу жыныстардың қосарлағынан бітпейтін күресте және уақытша болатын бітімге келде тәуелді тұр»1