
- •3.Мәдениеттер типологиясы қалай жүзеге асады?
- •4. Мәдениеттердің кейбір типологиялық моделдерінің сипттамасы. Мәдениеттердің этнографиялық типологиясы.
- •О. Шпенглердің мәдениет типологиясы
- •Ф.Ницшеннің типологиялық моделі.
- •П.Сорокиннің мәдениет типологиясы
- •Бақылау сұрақтары және өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Рефераттар шығармашылық тапсырмаларының тақырыптары
4. Мәдениеттердің кейбір типологиялық моделдерінің сипттамасы. Мәдениеттердің этнографиялық типологиясы.
Титер бойынша тарихи бірінші қалыптасқан мәдениеттер жетекшілігіне тарихи-этнографиялық типология жатады. Ол этнография - халықтардың пайда болуы және этникалық тарихы туралы ғылымның шектерінде қалыптасты, және бұл кездейсоқ емес, өйткені мәдениеттанудың өзі білімінің дербес саласы ретінде бастапқыда этнография шеңберінде дамығанын еске алсақ жеткілікті. Мәдениеттің тарихи этнографиялық типологиясының негізіндегі басты критерийге сол немесе басқа мәдениеттер тобы үшін ортақ өмір тәсілдері ерекшеліктерінің түрлі халықтары мен этностарды толық көрініс табуы жатады.
Қазіргі этнос ұғымы өзіне, бір жағынан, оның ерекшелігі табиғи факторлардың ықпалымен анықталатын, адамның табиғи жаны ретінде өмір сүру формаларының сипаттамасының, ал басқа жағынан, нақтылы таихи әлеуметтік жүйе ретіндегі адам сипаттамасын, енгізетіндіктен, сондықтан этнография мәдениеттер типтері сипттамасы үшін негіздер сапасына адам өмірінің оның мәдени ортасының көптеген көрініс
1. Қар.: Ерасов Б.С. Социология культуралогия. Ч ІІ. М., 1994 с273-282
2. Орлова Э.А. Введение... М.,1994 с204
формаларын: нәсілге жатуын (табиғи факторлар, шаруашылық-тұрмыстық бітімдерін, тілді және т.б. қамтуға ұмтылады. Осыған байланысты мәдениеттің этнографиялық типология жүргізу тәжірибесінде түптілікті критерийлердің (негіздердің) үш маңызды топтарын және соған сай үш түрлі этнографиялық типологиялық құрылымдар бөліп көрсетуге болады. Біріншіден оның басты критерийлері түрлі нәсілдерге жату (шығуы бойынша туысқандық), тәндік (табиғи) белгілер және териториялық ортақтық болып табылады.
Мәдениеттің тарихи-этнографиялық типологиясының екінші түрі-мәдениеттердің шаруашылық-тұрмыстық типологиясы, оның басты біріктіруші белгісі шаруашылықтың бірегей типі, шаруашылық әрекеті ұйымдастырудың ортақ формалары болып табылады. Бұл ортақтық ұқсас табиғи-географиялық жағдайлардағы әлеуметтік – экономикалық өндірістік дамудың жақын деңгейімен анықталады. Атап айтқанда шаруашылық әрекеттің өмір сүру ортасындағы физикалық-географиялық жағдайлардан тәуелділігі мәдениеттің бұл типіндегі кәсіптердің, тәсілдердің, еңбек құралдарының ортақтығын түсіндіреді.
Солай, капиталистікке дейінгі өмірдегі шаруашылық-тұрмыстық тарихи-этнографиялық мәдениеттер типологиясында пайдаланушы шаруашылық-мәдени тип ерекшеленді. Әрине, бұл шаруашылықтың мәдени типі шеңберінде, оның қойнауларында тек дайын табиғи өнімді тұтыну ғана емес, сонымен бірге сол шаруашылықтың белгілі бір ұйымдасу формаларын қажет ететін, алғашқы еңбек құралдарын дайындау жүзеге асады.Сонда да, бұл шаруашылық – мәдени типтегі басым, приоритті, жүйе құрастырушы белгіге құралдарды жасау емес, ал дайынды алу жатады, сонымен бір шаруашылықтың төмен өнімділігі және кездейсоқ факторларда үлкен тәуелділігі себептеледі, ал оларды жеңу қиын, кейде тіпті мүмкін емес болып келеді.
Одан ерекше басқа шаруашылық- тұрмыстық тарихи- энографиялық мәдени тип- қолдың жер өңдеу мен малшылыққа негізделген шаруашылық мәдени тіршіліктің типі – отырықшылық, мүліктік теңсіздік, әлеуметтік бөлінудің бөлінудің бастамасы, саяси бүліктің ұжымы ретіндегі ммемлекеттің пайда болуы сияқты көптеген ортақ белгілерге ие болады. Шаруашылық- тұрмыстық тарихи –этнографиялық мәдениет типологиясында, оның ортақ белгісі және ажыратушы ерекшелігі еңбек құралдарын жетілдіруді үй жануарларының тартушы күшімен қосатын жыртушы жер өңдеуге негізделген, шаруашылық мәдени типі бөліп көрсетіледі.
Сол немесе басқа шаруашылық – тұрмыстық тарихи – этнографиялық мәдени тип шеңберіндегі барлық мәдени бірліктердің, барлық субъектілердің, мәдениет иегерлерінің ортақтастығы, әдетте, шаруашылық – құрылысының ортақтастығымен яғни әлеуметтік- тұрмыстық элементтің бірлігімен ғана шектеледі. Ал мәдениеттің басқа элементтеріне жеке алғанда, дүниені рухани игеруге келсек, онда бірдей шаруашылық- мәдени типке ие халықтардың адамгершілік нормаларында саяси, психологиялық, эстетикалық және т.б. құндылықтарында мәнді айырмашылықтарды байқауға болады. Бұл шаруашылық – мәдени этнографиялық типологияның сыңар жақтылығын, оның тек экономикалық мақсаттағы зерттеуде шекті қолданылатын және бүкіл мәдени байлықты қамтымайтынын көрсетеді.
Мәдениеттердің этнографиялық жіктемесі шектеріндегі типологиялық құрастырулардың үшінші типі мәдениеттерді типтерге бөлудің түбегейлі критерийін іздеуді табиғи ерекшеліктер мен ұқсастықтарды ( мәдениеттің антропологиялық типологиясында орын алатындай) табумен, шаруашылық – тұрмыстық типологиясындай) емес, ал ойлау мен қарым- қатынастарды білдіретін, тіл ортақтығымен байланыстырады. Мәдениет типологиясының бұл тарихи – этнографиялық түрі этнолингвистикалық мәдениеттер типологиясы болып қалыптасады. Этностық маңызды сипаттамаларының біріне оның тек ортақ пайда болуы ғана емес, сонымен бірге ортақ тілді пайдалануы жататындығы, жақсы белгілі. Этнолингвистикалық технология шектерінде екі түрлі мәдениет типі көрсетіледі. Олардың бірі-сәдениеттің технологиялық немесе генетикалық тілдік типі, ода ортақ мәдениет шығу тегі бойынша тілдер туыстығымен анықталады. Бүгін үш мың тіл саналған, олардың арқасында 3796 суреттелген және олар лингвистермен 13 тіл шоғырына топталған.
Мәдениеттің басқа лингвистикалық типі-морфологиялық, ода тілдер ортақтығы тілдердің шығу тегіндегі туыстық бойынша белгіленеді. Бұл белгілер бойынша романдық халықтар және соған сай романдық мәдениет, ағылшын-саксондық, словяндық, арабтық, туркілік, латынамерикандық және т.б. халықтар мен мәдениеттер жіктеледі.
Мәдениеттің этнографиялық жіктемесінің алғашқы екі түрлері сияқты лингвистикалық типологияның да әмбебапты емес екендігін атап өтейік. Мәдениеттердің даму барысында, мәдениеттер сұқбатының күшеюінде, әлемдік халықтармен барған сайын көп экономикалық-мәдени, әлеуметтік-саяси, ғылыми технологиялық дағдыларды қабылдауы нәтижесінде мәдениеттер дифференцияға ұшырайды және тілі мен этностығына қарағанда, ал басқа күрделену жүйе ұйымдастырушы белгілері бойынша ұқсастық танытады.
ХХ ғасырдағы мәдениеттанулық ойға үлкен ықпалын тигізетін ең белгілі авторлық типологиялық үлгілердің кейбіреулерін қарастырайық. Біздің отандасымыз – Н.Я.Даниловскийдің (1822-1885) мәдениет типологиясынан бастайық.
Н.Я.Даниловскийдің мәдениеттер типолгиясы. Мәдениеттер типологиясы мәселесінің бастауларына апаратын теориялық жағдайларды еске алайық және мынадай сұраққа жауап іздейік: көп түрлі мәдениеттердің бірлігі бар ма, планеталық тарихи-мәдени процестің тұтастығы болам ма, бірегей әлемдік мәдениет туралы айтуға құқымыз бар ма? Бұл сұрақтарға өз жауабында Н.Я.Даниловский теріс ұстында болды. Онымен локальді «мәдени-тарихи типтер» ілімі құрастырылды. Және бұл типтер өз дамуында туындау, гүлдену, құлдырау және жойылу кезеңдерінен өтеді делінеді. Алайда Н.Я.Даниловскийдің көрнекті жетістігіне, мәдениеттер типологиясын жүзеге асыра отырып, ол біріншілердің бірі болып, мәдениеттер жіктемесіне мәдениеттің әрекетшіл табиғаты тұрғысынан келді, жатады. Қалыптасқан, әсіресе қазіргі деңгейге дейін жеткен адамның (адамзаттың) әрекеті бір текті болмағандықтан, жақсы түсіне отырып оның түрлі типтерге жіктеле отырып, жүзеге асатынына ол басты назар аударды. Н.Я.Даниловский өзінің мәдениеттер, типологиясының негізгі критерий ретінде сол немесе басқа нақтылы мәдениетке, оларға сәйкес мәдени құндылықтардың басымдылығын қамтамасыз ететін, әрекет түрлерінің басымдылығын алды.
Сол немесе басқа әрекет түрлерінің және олардың нәтижелерінің басымдылығындағы ұқсастық пен ортақтық сол немесе басқа мәдениеттерді олардың әлде бір тобына біріктіруге, яғни олардың мәдениеттің қайсыбір анықталған типіне жатқызуға мүмкіндік береді.
Н.Я.Даниловский төот түбегейлі әрекет түрлерін атап өтеді:
1. Ол, біріншіден, өзімен құдайға қатынасты қамтитын, діни әрекетті (қазіргі ғылыми тілде- діни-дүниетанымдық әрекет) бөліп көрсетеді, оның пікірінше ол адамгершілік және кез келген басқа әрекеттің негізінде жатыр.
2. Әлдебір дербес ретінде қараластыратын, әрекеттің басқа түрі-бұл, Н.Я.Даниловскийдің өзінің айтуы бойынша, адамның сыртқы дүниеге қатынасын қамтитын және теориялық-ғылыми, эстетикалық-көркем, техникалық-өнеркәсіптік формаларында жүзеге асатын, мәдени әрекеттің өзі.
3. Н.Я.Даниловский- бөліп көрсеткен, дербес әрекеттің үшінші түрі-бұл өзіне қалай ішкі, солай сыртқы саясатты енгізетін саяси әрекет («билік маңайындағы билік туралы әрекет).
4. Ақырында, әрекеттің төртінші дербес түрі – оның нәтижесінде белгілі бір экономикалық қатынастар мен жүйелер құрастырылатын, экономикалық әрекет.
Қайсібір әрекет түрінің басым болуынан Н.Я.Даниловский мәдениеттер жіктемесін шығарады. Алайда, аталған әрекет түрлерінің бірден дамыған күйде берілмегенін олардың пайда болуы, қалыптасуы және дамуы бірдіндеп жүзеге асатынын еске алу керек. Сондықтан Н.Я.Даниловскийдің жіктемесі дамыған мәдениеттерге сай келеді. Бірақ мәдениет бірінші кезеңде туындау сатысында дайындық немесе басталу сипатына ие, Н.Я.Даниловский бойынша, онда тіршілік жағдайлары қамтамасыз етілетін шарттар қалыптасып және онда әрекет түрлерінің біреуі де жеткілікті дамыған және басым бола алмайды. Осындай бірінші мәдениеттерге Н.Я.Даниловский мыналарды жатқызды: египеттік, қытайлық, вавилондық, үнділік, ирандық. Міне осы мәдениеттер Н.Я.Даниловскийдің сенімділігі бойынша келесі мәдени-әрекеттік дамудың түпнегіздерін қалады. Пайымдардың ары қарай қисыны Н.Я.Даниловскийді, егер мәдениеттерді гүлдену сатысында, яғни дамыған формада қарастырсақ, онда көрсетілген әрекет түрлеріне және олардың сол немесе басқа мәдениетті алатын басым орнына сай мәдениеттердің бірінші типтеріне қосымша мәдениеттердің үш дамыған типін бөліп көрсетуге болады деген ойға жетелейді.
Бірінші типті олар дайын сатыларынан соң ілескен және қайда әрекеттің бір түрі негізінен айқын және толық көіністабатын, бірнегізділік мәдениеттер құрастырады. Мәдениеттердің осындай типіне ол, қайда, оның пікірінше діни – дүниетанымдық әрекет басым болған, християндықтың негізі қаланған, монотеистік дінді әлемге әкелген, еврейлік мәдениетті жатқызады. Мәдениеттің бұл бірнегізді типіне, ол өзіндік мәдени әрекетті жүзеге асырған, қайда жетекші әрекет ретінде өнер мен философия көрніс тапқан, грек мәдениетін де ол жатқызады. Осыған Н.Я.Даниловский әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын сақтап келген, әлемге құқық пен мемлекеттіліктің классикалық жүйесін сыйлаған, онда саяси құқықтық әрекет басымдық танытқан рим мәдениетін де енгізеді.
Сосын қоснегізді мәдениеттер ілеседі. Бұл типке ол герман-романдық немесе еуропалық мәдениетті жатқызды. Оны ол саяси-мәдени тип деп атайды, себебі әрекеттің осы екі түрі – саяси және жеке мәдени – оның сенімділігі бойынша, еуропалық халықтардың бүкілшығармашылық әрекетінің негізі болады.
Атап айтқанда Еуропа әлемгі парламент пен орталық жүйені саяси әрекет шектерінде және ғылым, техника, өнердің орасан зор дамуын сыйлайды. Оның пікірінше, экономикалық әрекетте еуропалықтар аз жетістіктерге жетті, өйткені олардың жасаған экономикалық қатынастары әділдік мұратына сай болмады.
Н.Я.Даниловскийдің пайымдауынша, мәдениет бағдары үшінші – төртнегізді типке орай бұрылған. Бұл тип оның айтуынша тек, енді ғана қалыптасып келеді, бірақ ол – болашақтық. Бұл Н.Я.Даниловскийдің оый бойынша, адамзат мәдениеті тарихындағы, ода барлық төрт әрекет түрлері үйлесімді дамитын, соған сай құндылықтардың негізгі түрлерін: шын сенімді, саяси және экономикалық әділдікті, еркіндікті ғылымды «ақиқат) және өнерді (әсемдік) үйлесімді сәйкестендіретін, ерекше тип болып табылады. Бұл мәдениеттанушының ойынша, ондайды әлі бұрынғы мәдениеттер жүзеге асыра алмаған, әбден үйлесімді қоғамдық құрылыс болып табылады. Н.Я.Даниловский осындай тип ретінде словяндық мәдени тип,егер ол еуропалықтардан дайын үлгілерді алуға бейімделіп кетпесе, қалыптаса алады дейді.
Осындай мәдениеттер типологиясын ұсына отырып, Н.Я.Даниловский қандай танымдық – зерттеулік мәселелерді шешіп келеді. Алдымен Даниловский ілімінің, оны қайсібір оның көрінісімен шектелмей, мәдениетке берген кең ауқымды түсіндірмесін, үлкен жетістігі деп атап өтуге болады. Сонымен бірге, оның типологиясы адамзат бірлігінің, мәдениет-тарихи прогрестің бір бағытының шоқ екендігін көрсетті. Н.Я.Даниловскийдің осындай тұжырымының тамырлары, біздің ойымызша, оның бірегей жалпы адамзаттық мәдениет пен тарихты, ол әрбір жеке-дара мәдениеттен тыс, әлдебір субстационалды дербес ретінде, жеке төл тума мәдениетке балама ретінде, одан тыс, онымен қатар, ал әрбір жеке мәдениеттердегі ұқсастық, бірлік, ортақтық, қыр, мәнді бөлік ретінде емес, өмір сүретіндей түсіндіруінде тұр.
Мәселені жалпы адамдық мәдениет, туралы емес, ал әрбір мәдениеттегі жалпы адамдық және индивидуалдық туралы қою күдіксіз, дұрысырақ, негізделу болады. Және сонда мынадай тұжырым өзінен- өзі шығады: олар (жалпы адамдық және индивидуалдық ) Жер планетасы мәдениетттерінде бірін- бірі шегермейді, ал толықтыратын болады.
Алайда тағы да атап өтейік: Н.Я.Даниловский біріншілердің бірі болып, мәдениеттің түбегейлі сипаттамасы – оның әрекетшіл табиғатын негіздеді және бұл оның үлкен жетістігіне жатады.