Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
214.38 Кб
Скачать

Бұл ұсыныстың түпнегізгілік дәлелдемесіне мәдениет қайда болмасын – Еуропада, Қытайда, Америкада, Африкада және қашан да-антикте, бүгін, ІІІ мыңыншы жылдықта – адамзат өмірінің мазмұны болып табылады және бір нәрсе туралы ойластырады: қалай өзнің және қоршаған адамдарының өмірінің ең жақсы ұйымдастыру керек?

Дүние жүзілік мәдениет бірлігі, жалпы адамдақ мәдениет туралы пікір таластар әлемдік мәдениет туралы пікір таластар әлемдік мәдениеттегі жалпылықты жалқылықпен қатар, әрбір жеке мәдениеттен тыс өмір сүретін ретінде түсінсек, ал жалқылықты жалғыз бір жалпы адамдық мәдениет деп, яғни біргілікті жалқылық деп пайымдасақ, онда әрине, сондай жалпы адамдық мәдениет жоқ. Бірақ жалпылықты адамдар өмірінің түбегейлі қырларындағы ұқсастық, сәйкестік,әрбір жеке мәдениетте өмір сүретін және көрініс табатын ортақтық деп түсінсек, онда қойылған сұраққа оң жауап әбден заңды болады. Тағы да атап көрсетейік: сөз бірегей жалпы адамдық мәдениет туралы емес, ал мәдениет көптүрлілігіндегі ортақ тенденциялардың барлығы туралы болып отырады. Ғылыми тұжырымдамасында бұл мәселе мәдениет көп түрлілігінің бірлігі мәселе ретінде шығарылады.

Оған қоса, түрлі мәдениет игермелерінің қарым – қатынасытарында бұл мәселе өзара «түсініспеудің», «айрылудың», «жаттанудың» себептерін іздеу мәселесі ретінде қойылады және бұл ұсынысында көптүрлі мәдениеттер бірлігі мәселесі теориялық жағынан да, практикалық жағынан да басқа мәселенің – мәдениеттер сұхбатының негізін құрастырады.

2. Тип, типология, мәдениеттер типологиясы ұғымы.

Тағы да сұрақ қоялық: көптүрлі мәдениеттер бірлігі мәселесін қалай шешуге болады. Мынаны пайымдаудан бастайық, орасан зор мәдениеттерде қалай адаспай оларды топтастыруға, жіктеуге болады? Егер болады десек, онда көзге анық, барлық қайталанбайтын элементтердің, жеке мәдени бірліктердің әлдебір ортағын бір көптік (топ) щеңберінде бөліп көрсетуге және бұл ортақты ажыратушы ерекшелік ретінде басқа көптген ажыратуға болады. Осымен мәдениет типі ұғымы байланысты.

«Тип»терминімен біздің көп кездескенімізді еске алайық. Математикада біз түрлі типтген есептермен істес бламыз; механикада қозғалыс берілуінің түрлі типтері кездеседі, әдебиетке – ақылға сиымды эюист және артық адам типімен, яғни орыс дворяндығы типімен; тарихта – орыс демократы типімен, кездесеміз. «Тип» терминінің мазмұнын айқындау, тип, типтік сипаттама элементтерді ортақ бір белгі бойынша бірегей топқа біріктіретінін, бірақ сол мезгілде бұл типтік сипаттаманың осы көптігі басқа топтардан, ортақтастықтардан ерекшеленетінін білген, өте маңызды.

Сөйтіп, мәдениет типі – бұл ұқсастық, ортақтық, сол, не мәдени бірлестіктерді мәдениеттердің бір тобына (ал бір мәдениет емес) біріктіретін және бұл көптікті басқалардан ерекшелейтін, ұғым.

Ал, онымен көмегімен Жерде өмір сүрген мәдениеттердің бүкіл көптүрлілігі мәдениеттердің түрлі типтеріне (топтарына) ретке келтірілетін, жіктелетін, ғылыми таным методы типологияландыру деп аталады.

Мәдениеттануда қолданылатын, ғылыми метод ретінде типологияландыру әлеуметтік – мәдени объектілерді бөліктерге бөлу және оларды қайсыбір ортақ негіз, белгілер бойынша топтастыру, әлдебір мәдениеттің идеалдандырылған типологиялық моделік немесе типін жасау болып табылады. Типологияландырудың нәтижесі онымен мәдениеттердің бөлініп шығарылған типтері жүйесін түсіндіру қажетті, мәдениеттер типологиясы болып табылады. Нақтылы өмір сүрмейтін, атап айтқанда абстрактылы «таза түріндегі» мәдениеттің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын неміс социологі Макс Вебер толық қарастырады. Бұл ұсыныстарда М.Вебердің мәдениеттінің «идеалды типі- басқалармен қатар өмір сүретін мәдениет типі емес, ал мәдениеттің кез келген типінің оның абстрактылы –теориялық идеалдандырылған формадағы гносеологиялық, логикалық – танымдық сипаттамасы болып табылады.»

3.Мәдениеттер типологиясы қалай жүзеге асады?

Мәдениеттерді типологияландыру, немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық – танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.

Біріншіден, кез келген жіктеме сияқты, мәдениеттер типологиясы, топтар бойынша реттеу негіздер, жіктеме критерилерін таңдауға сүенеді. Оның үстіне типологияны құрастырудың әрбір нақтылы жағдайында, онымен мәдениеттер ортақтыға белгіленетін және оларды мәдениеттің бір типіне біріктіретін, әлде жалғыз негіз, бір түбегейлі белгі, әлде бірден бірнешеуі, таңдалып алынады. Бірақ олардың, осы көптікке (мәдениет типі) енгізілген, әрбір мәдени бірлік үшін сол бір негіз, ортақтықты табудың критери болуы маңызды.

Түрлі көптіктерді, мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінілген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негіздердің (критерилердің) өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:этнографиялық критерийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);

Мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік – географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.т;

Төмнедегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық – уақыттық:алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет қайта өрлеу мәдениеті, Ағартушылық мәдениеті, Жаңа заман мәдениеті, Модернистік мәдениет, постмодерн және т.б. Мәдениеттер типтерін бөліп шығарудың критерийлері сапасында құндылық бағдарламалары, сол немесе басқа құндылықтардың басымдылығы көріне алады. Міне осындай белгі қазіргі, ең жалпылай «Батыс-Шығыс» мәдениеттер технологиясының негізінде салынған.

Бір белгілері бойынша мәдени бірлестіктер (төлтума мәдениеттер) мәдениеттің бір типіне, ал басқа негіздерімен-басқаларына енгізіле алады.

Мәдениет технологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын (міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық-оқулықтары да) міндеттер, оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздері сапасында таңдап алатын, сипаттамалардың (белгілердің, критерийлердің) жиынтығын айқындайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ал осыдан мәдениеттердітипологияландырудың критерий де бірнеше болады.

Мысалы, мәдениеттер типологиясы, оны әлеуметтік өзара қатынаста мәдениет ойнайтын, сол рөлдерді айқындау мақсатында жүргізілуі мүмкін. Сонда критерийлер ұйғарылғандық (мәдени үлгіге ілесу); әмбебаптылық-стандарттау; ерекшелік-жағдайда қайтарым ретіндегі диффуздық бола бастайды. Сонда мәдениеттің консервативтік, дәстүрлі типін және инновациялық типті бөліп көрсетеді. Осындай жіктеменің көмегімен қандай танымдық мәселелер шешіледі? Осындай технологиялау қалай осындай қоғамда белгілі бір әлеуметтік-мәдени өзара қарым-қатынас кеңістігінде қарым-қатынас тезнологиясы жүзеге асатынын көрсетеді.

Белгілі отандық мәдениеттанушы Э.А.Орлова мәдениеттерді ойлаудың негізгі формаларының функционалдық рөлі және жүзеге асу тетіктері критерийлері бойынша топтастырады. А.Е.Гленж осы негізде мәдениеттің екі типін атап өтеді: олардың бірі-абстрактылықтың басымдылығы, басқасы – ассоциативтік ойлау формаларының басымдылығы. Осыған сәйкес – бірінші типте әмбебаптылықтың, концептуализацияның, жалпылаудың, генерализацияның үстемдік етуіне иеміз, ал екіншісінде – партикуляризмнің, яғни қайталанбайтын жеке-дара, ерекше мәдени сипаттамалардың басымдық танытатын көреміз. Әмбебаптылық мәдениетті анықталмағандықтың үлкен дәрежесімен сипаттайды партикуляризмде анықталмағандық төмен деңгейде болады. (Мысалы, еуропалық абстрактылы бейнелеу өнерін қытайлық немесе жапондықпен салыстырыңыз). Ол сол немесе басқа мәдениетте мәселенің шешімін таңдау қалай жүзеге асатынын, ненің негізінде және қандай сапада ақпарат іріктеліп алатынын жағдайдың қалай анықталатынын көрсетеді.

Оның негізінде әлеуметтік критерий – сол немесе басқа мәдениетте индивидуалдық немесе коллективтік бастаулардың басымдылығы жататын, мәдениет технологиясы бар, соған сәйкес индивидуалистік және коллективистік мәдениеттерді бөліп көрсетеді. Индивидуалистік мәдениеттерде тек өзіне сүйенгенді, тек өзі және өзінің отбасы жөнінде қамқорлық жасауды көздейді, осындай мәдениеттерде көңіл жеке дара жетістіктер мен құлшыныстарға, өмірлік әрекеттерде өзінің «мәніне» сүйенуге және т.б. аударылады: «здерінікі» мен «басқаныкінің» айырмашылықтары қатты бағаланады (нені қазір «қос стандарт» деп атайтын», және, әрине мәдениетті түбегейлі ұстанымға «бізге» бағдарлану жатады. Зерттеулік – танымдық қатынаста осындай типология нені береді?

Ол әлеуметтік байланыстардан, табиғаттан және әлеуметтік-мәдени динамиканы айқындауға, жанжалдар мен қозғалыстардың әлеуметтік-мәдени табиғатын көруге, ал сондықтан, оларды мәдени сұқбат арқылы шешудің жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Мәдениеттер типологиясы критерийлерін іздеуге әлеуметтік ұстынға жақын келетін және іс жүзінде одан дербес болып қалыптасатын бағытқа-ақпараттық - коммуникативтік ұстын жатады. Мәдениеттің ақпараттық-коммуникативтік технологиясының түбегейлі критерийіне әрбір мәдениеттің әлеуметтік – мәдени кеңмәтіннен тәуелділік дәрежесі жатады. Іс жүзінде бұл ақпараттар ауысуы формалары бойынша мәдениеттің типтерге бөлінуі критерийі. Осы көзқарас бойынша мәдениеттің әлеуметтік-мәдени кеңмәтіннен жоғары және төмен дәрежелердегі тәуелділік типтері бөлініп көрсетіледі. Оның үстіне әлеуметтік – мәдени мәтіннен бұл тәуелділік дәрежесі мен ақпараттар ауысуының формаларына коммуникацияның қалай логикалық-рационалдық қырын болсын (ақпараттар ауысуы), солай психологиялық қырын да (қарым-қатынас) қамти алады. Солай мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялық типологиясын жүзеге асыра отырып, Дж.Хофстед мәдениеттерді ақпараттық белгісіздіктен арылу дәрежесібойынша белгісіздіктен арылудың жоғарғы және төменгі дәрежедегі типтеріне бөлінеді. Оның пікірінше ақпараттық белгісіздіктен кетудің жоғары деңгейіндегі мәдениеттер логикалық ақпараттық жағдайынан қосмағыналықты қабылдамау қатаң ережелерге бейімділік, абсолюттік ақиқатқа ыңғалылық сияқты белгілерге ие, ал сезімдік-психологиялық жағынан жанжалдар мен агресияшылдықтан аулақ болғысы келеді, ауытқуларды жібермеуге тырысады, эмоциялық жағынан басыңқы. Екінші типтегі мәдениеттер көзқарастар алшақтығына жеткілікті ұстамды қарауымен, жоғары дәрежедегі тәуекелшілдігімен, жоғары сезімталдығымен және таңдау еркіндігімен ерекшеленеді.

Осындай типология қандай мәселелерді шешеді. Ол психологиялық қақтығыстардың нүктелерін айқындауға және оларды реттеушілерді табуға себебін тигізеді, қылық мотивтерін, күтілетін белсенділік сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Олар мен мәдениеттер типологиясы жүзеге асырылған, негіздер мен критерийлердің тұтас басқа қатарын атап өтуге болады. Солай, К.Маркс бір – біріне өндіріс тәсілдері және қоғамдық қатынастарымен ерекшелінетін, қоғамдық экономикалық формациялар теориясын негізге алып, мәдениеттердің экономикалық-тарихи типологиясын берді.

В.И.Ленин олардың таптық белгісін негізге алып, мәдениеттердің буржуазиялық және пролетарлық типтерін көрсетеді.

Бүгін, халықтар бірегейлігін өзегі, олардың өзін бекітуінің білдірілу формасы болып табылатын және қазіргі мемлекетариялық қатынастардың құрылымын, анықтайтын, олар да ұлттық өзіндік сапаның жүзеге асу дәрежесімен орын алуына сай мәдениеттірдің типтерге бөліну мәселесі, қызу талқыланып келеді. Бұл ұстында мәдениеттерді ұлттық және ұлтшылдық деп бөлінуі, олардың типтік сипаттамаларын айқындау және олардың арасындағы қақтығыстарды, шешу жолдарын анықтау мәселесі- тек қана өткір теориялық емес, сонымен бірге өткен ғасырдың ғана емес, бірақ одан да жоғары дәрежеде басталған ғасырдың практикалық мәселесі1.

Олар мен мәдениеттер типологиясы жүргізетін, критерийлердің жай көрсетілген санаты, мәдениеттер типологиясы негіздерінің сан алуан екендігін және әр бір типологгия белгіленген мақсатпен жүзеге асатынын, белгілі бір, танымдық-зерттеулік мәселелерді шешетінін, көрсетеді. Олардың түп негізінде мәдениеттер типологиясының жүзеге асатын, критерийлермен танымдық мақсаттардың көпмағыналығы мәдениеттердің бірден-бір жалғыз типологиясын құрастырудың, мүмкін еместігінің куәсі. А.Э.Орлова осы туралы былай жазады: «...Қалай олар іс жүзінде болатындай, мәдениеттердің өздерімен өзіндік «объективтік» жіктемесі мүмкін емес»2 Қазіргі мәдениеттанулық білімде түрлі мәдениеттер типологиясының орын алу және көп түсті типологиялық мозайкалық пен көп баламалықтың көріпіс табуы, осымен түсіндіріледі. Түрлі типологиялық модельдермен таныса отырып, сол немесе басқа мәдениеттер типологиясының авторлары қандай нақтылы танымдық – зерттеулік мақсаттарды өздеріне қойғанның және олардың негізіне қандай критерийлердің салынғанын, білу маңызды және қажетті.

Соседние файлы в папке РЕФЕРАТЫ