Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / 1 курс / 5.Алгоритм и языки программ / С ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ / 15-дәріс. Объектілі-_______бағытталған программалау

..docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
14.69 Кб
Скачать

15-дәріс. Тақырыбы: Объектілі-_______бағытталған программалау.

Жоспар:

1. Объектілі-бағытталған программалау.

Объектілі-бағытталған программалау нақты әлемдегі объектілерді олардың

программалық эквиваленттер көмегімен моделдейді.

Кластар программистке атрибуттары (мәліметтер элементтер түрінде

берілген) және нақты әрекеттері (функция-элементтері түрінде берілген) бар

объектілерді моделдеуге мүмкіндік береді. Бір кластың объектілері бірдей

сипаттамаларға ие болады. Мәліметтер элементтері және функция-

элементтері бар типтерді анықтағанда әдетте class түйінді сөзі

қолданылады.

Конструктор. Функция-элементі класс атымен аталса, онда ол осы

кластың конструкторы деп аталады Конструктор - бұл класс объектісінің

мәліметтер элементтерін инициалдайтын кластың арнайы функция-элементі.

Кластың конструкторы объекті құрылатын кезде автоматты түрде

шақырылады.Объекті құрылғаннан кейін оның элементтері конструктордың

көмегімен инициалдануы мүмкін. Мәліметтер элементтері кластың

анықтауында инициалдануы мүмкін емес. Мәліметтер элементтері не

кластың конструкторында инициалдануы керек, не олардың мәні объекті

құрылғаннан кейін орнатылуы мүмкін. Конструктор қайтарылатын мәннің

типін белгілей алмайды, бірақ қайсібір мәнді қайтарады. Кластың объектісін

баяндағанда оның атының оң жағынан дөңгелек шақшадағы үтірі бар нүктеге

дейін инициализаторлар берілуі мүмкін. Бұл инициализаторлар кластың

конструкторына аргумент ретінде беріледі.

Деструктор. Клдастың атымен бірдей атты, алдында тильда (~) символы

бар функция кластың деструкторы деп аталады. Кластың объекті әрекет

облысынан шыққанда кластың деструкторы автоматты түрде шақырылады.

Деструктордың өзі объетіні нақтылы бұзбайды, іс жүзінде оған бөлінген

жады жүйеге қайтару алдында кластың әрбір объектінің қорытынды

тазалауын орындайды. Деструктор параметрлерді қабылдамайды және мәнді

қайтармайды. Класта тек бір ғана деструктор болуы мүмкін.

Мұралану. Мұралану программалық қамтаманы қайталанып қолдану

механизмін білдіреді, оған сәйкес жаңа кластар бар болған кластардың

негізінде құрылады. Осы кластар базалық кластардың қасиеттеріне ие болады

және жаңа кластарға қажетті қосымша жаңа сапаларға ие болады. Жаңа

кластарды құрғанда мәліметтердің жаңа элементтерін және функция-

элементтерін жазу орнына бұрын анықталған базалық кластың элементтеріне

ие болатын жаңа класты программист көрсете алады. Бұл жаңа класс

туындалған класс деп аталады. Әрбір туындалған класс өз кезегінде қайсібір

туындалатын кластарға базалық класс болуы мүмкін. қарапайым мұралануда

туындалған класс тек бір базалық класс негізінде пайда болады. Күрделі

мұралануда туындалған класс көптеген (мүмкін логикалық байланыспаған)

кластардың қасиеттеріне ие болады.

57

Полиморфизм. Полиморфизм мұраланумен байланысқан әртүрлі

кластардың объектілерінің бір функция-элементінің шақырылуына әртүрлі

тәсілмен әрекет ететін қабілеттін білдіреді.

58