Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / Тогыз китаптан туратын тарихнама

.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
103.42 Кб
Скачать

ТОҒЫЗ КІТАПТАН ТҰРАТЫН "ТАРИХЫНАН"

(Ленинград. "Наука ", 1972)

Грек тарихшысы Геродоттың өмірі жайындагы мәлімет-Іпер мардымсыз. Галымдардың дэлелді жорамалдауътша, ол Ііелопоннен созывы басталган кезде 53 жаста болган, ал согыс б.з.б. 431-жылы басталган, ендеше Геродот б.з.б. 484-жылы дүниеге келген болып шыгады. Ол б.з.б. 431-425-жылдар аралыгында дүниеден озган болар деп жорамалданады.

Геродот Галикарнасс деп аталатын қалада туады. Ол жастайынан саясатқа араласады. Әкесі Лике өз заманыныц белгілі адамдарының бірі болыпты. Паниасид атты атасы атақты жырау екен. Соган Караганда, эдебиетті цастерлеу Іиарихшының эулеті үшін үлкен дэстүр болган. Геродот бала кезінен эрнені көруге, тануга аса цүмар болады, оныц бүкіл омірі саяхат жасаумен, сан түрлі ел мен алуан түрлі жерді корумен өтті десе болады. Ол Ливиядан Вавилонга, Ассирия мен Экбатанга дейінгі ұшы-қиырсыз жерді аралап шыгады. (\-\ресе Египетте көргендері оны катты тацгалдырады.

еродоттың екінші бір еркін аралаган жагы - Кіші Азия, Геллеспонт пен Днепр - Бугке дейінгі Солтүстік Қара теңіз бойы. Ол Скифияны Италияныц оңтүстігімен салыстырады, ал ондай салыстыруды тек өз көзімен көріп, аралаган адом гана жасай алса керек. Парсы патшасы Дарийдіц Скифияга қарсы согысын баяндай отырып, ол скифтер (сақтар) жайын-да егжей-тегжейлі мэліметтер береді. Сондықтан қазац тарііхының бастама тарауын Геродот бастап кеткен десек те болады.

Гректің эйгілі шешені Цицерон берген "тарихтың атасы " деген атақ Геродоттыц бүкіл ецбегін дэл багалаган дэреже болып шықты. Оны тарнхтанудың Гомері деп те багалаушы-лар бар. Геродоттыц дэл қандай жагдайда, цалаи қаитыс болгандыгы жайында дерек жоц.

"КЛИО" АТТЫ БІРІНШІ КІТАПТАН

104. Меотида көлінен Фасис өзеніне жэне колхтар жеріне дейін жүксіз жаяу жүріспен 30 күндік жол. Ал Колхидадан Мидияға дейін одан кашық емес, тек қана бұл екі елдің арасында саспирлер деп аталатын тағы бір халық мекендейді. Олардан өтіп Мидияға жетуге болады. Скифтер болса Мидияға бұл жақпен емес, тура жолдан бұрылып, ұзағырақ жолмен, Кавказ тауларын он капталында каддыра отырып, жоғарғы жолмен кетті.

Мидиялыктар дың скифтермен соғысы да осы жерде өтті. Мидиялықтар бұл шайқаста жеңіліс тауып, куаттылығы күйреді. Скифтер болса бүқіл Азияға билік жүргізе бастады.

  1. Бұдан кейін скифтер Еғипетке бет алды.

  2. Скифтер 28 жыл билік кұрғанда өздерініңұждансыздығы меі І жүгенсіздігі саддарынан Азияны толық күйзеліске ұшыратты. Олар эр халыктан белгіленген алым-салық алудың үстіне, бүкіл елді аралап, көзіне түскеннің бэрін тонады. Бір жолы Киаксир мен мидиялыктар көптеген скифтерді қонакқа шақырып, мае болғанша інікізді де, кырып салды. Осылайша мидиялыктар өз державасыныц бүрынғы ұлылығын қалпына келтіріп, оған косымша Нинді жаулап алды (олардың қаланы қалай иеленғені жайлы мен осы еңбегімнің баска тарауында айтып бермекпін), ассириялыктарды бағындырды, тек Вавилон аймағы ғана қадды. Осыдан кейін Киаксир дүние салды. Ол 40 жыл патшалық кұрды (скифтер билік еткен жылдарды коса есептеғенде).

201. Бұл халықты өзіне каратқаннан кейін Кир енді массағеттерді бағындыруды ойлады. Елден естуінше, бұл массағеттер1 - саны көп батыл таила. Олар күншығыс бағытында, Араке өзенінің ар жағындағы исседондарға қарсы өңірді мекендейді. Кейбіреулер оларды да скиф тайпасына жатқызады.

202. Кейбіреулердің айтуынша, Араке Истрден үлкен; ал енді біреулер, керісінше, кіші деп есептейді. Араксте, елдің айтуына карағанда, үлкендіғі Лесбос тэрізді арал көп. Бұл аралдарда өмір сүретін адамдар жазда жерден казып алатын эр түрлі тамырларды қорек етеді. Жаз бойы олар ағаштан піскен жемістерді жинап, қорға сақтайды. Тіпті онда бұл жерде жоқ жеміс беретін ерекше ағаштар да бар көрінеді. Бір жерге топтанған массагеттер алқа-қотан отырып, орталарына алау жағады екен де, бұл жемістерді отқа лақтырады екен. Жанған жеміс иісінен олар шарапқа қызған эллиндер сияқты мае болады. Отқа жемісті көбірек тастаған сайын, олардың қызулығы арта түседі; ақырында олар орындарынан атып тұрып, билеп кетеді жэне эн салуға кіріседі2. Бұл тайпаның тұрмыс-тіршілігі жайлы осындай сөз бар. Араке өзені болса, Гинд өзені сияқты Матиен тауларынан бастау алады, одан Кир, жоғарыда айтып өткеніміздей, 360 канал қаздырған. Араке 40 тармақ жасай бұралаңдап ағады, ол тармақтардың біреуінен өзғесі мибатпақтарға сіңіп жоғалады. Естуімше, бұл батпақтарда шикі балықпен3 қоректенетін жэне итбалық терісінен жасалған киім киетін адамдар мекендейтін көрінеді Аракстің жалғыз сағасы ғана жазық жермен Каспий теңізіне карай ағады. Каспий теңізі - басқа еш теңізбен байланыспай- тын тұйық суқойма. Өйткені эллиндер жүзетін теңіз, Геракл Жартасының ар жағындағы, Атлант жэне Қызыл теңіз деп аталатындардың бэрі - бір ғана теңіз ғой.

1 203. Керісінше, Каспий теңізі — бүл мүлде ерекше теңіз. Оның үзындығы - ескекті кемемен жүзгенде он бес күндік, ал ені ең жалпақ жерінде - сегіз күндік. Батысында ол барлық тау тізбектерінің ішіндегі ең ендісі де биігі - Кавказ жотасымен шектеседі. Кавказда көптеген эр түрлі тайпа тіршілік етеді, олардың көпшілігі жабайы ағаш жемістерімен қоректенеді. Бүл елде, естуімше, ғажайып жапырағы бар ағаштар өседі. Бүл жапырақты үгітіп, суға араластырып бояу дайындайды да, ол бояумен киімдеріне өрнек салады екен. Бүл өрнектер жуса да кетпей, жүн матаға коса тоқылғандай болып көрінеді. Бүл адамдар жануарлар секілді ашық түрде жыныстық қатынас жасай береді.

204. Сөйтіп, батысында Каспий теңізі Кавказбен шектеседі, ал шығысында күншығыс бағытында көз жеткісіз шексіз жазыққа үласады. Бүл үлан-ғайыр жазықтың айтарлықтай бөлігін жоғарьща айтылған массагеттер жайлайды, Кир соларға қарсы соғыс ашуга ниеттенеді.

Бүл жорықка Кирді итермелеген бірнеше маңызды себеп болды. Ең алдымен - оның өзін ең қүдіретті адам санауы, содан кейін - барлық соғыста желі оңынан түрған жолыболғыштығы себеп болды. Өйткені Кир кәрін төккен бірде-бір халық оған қарсылық көрсете алмады ғой.

  1. Массагеттерді марқүм болған патшаның эйелі билеп түр еді. Аты Томирис болатын. Кир оған қүдалыққа елші жіберіп, өзіне үйленгісі келетіндігін білдірді. Алайда Томирис оның өзіне емес, массагет патшалығына кызығатынын түсініп, күйеуге шығудан бас тартты. Қулықпен ештеңе шығара алмаған Кир енді массагеттерге қарсы ашық соғыс жариялады. Өзеннен (Араке) эскерін өткізу үшін патша калкымалы көпір4 салуға, ал көпір болған кемелерден мүнара түрғызуға бүйрық берді.

  2. Кир эскері осы жүмыспен айналысып жатқанда, Томирис Кирғе жаршы жіберіп, мына сөздерді айтқызды: "Мидия патшасы! Ойға алған бүл ісіңнен бас тартқаның жөн. Бүл көпірді түрғызу саған пайда экелеріне элі көзің жетпейді ғой. Мүны қойып, өз мемлекетіңе ғана биліғіңді жүргізе бер, біздің де өз жерімізге билік қүруымызды қызғаныш етпе. Алайда сен, эрине, бүл кеңесіме қүлақ аса қоймассың, қалайда

03 деғеніңе басып, бітімге көнбейсің. Еғерде сен массагеттерді ІІІабуға соншалықты күмартсаң, онда өзен үстімен көпір салу /Ісүмысына эуре болма. Өзеннен жайбаракат өте бер, ал біз бүл жерден үш күндік кашықтыққа жылжып кетеміз. Ал еғер біздің ссмдер жаққа өтуімізді қолай көрсең, онда сендер де сөйтіндер";

Бүл сөзді естіғен Кир парсы шонжарларын кеңеске шақырып, моселені баян етгі де, не істеу керектіғін сүрады. Бэрі бірауыздан Гомиристі эскерімен осы бетте қарсы алуды жөн деп тапты.

207. Кеңеске қатысып отырған лидиялық Крез ғана бүл Іпешімді қостамады. Ол өз қарсылығын білдіріп былай деді: "I Іатша! Мен бүрын да (Зевс мені сенің қолыңа түсірғен кезде) сенің үйіңе қауіп төне қалса, көмектесуге уэде берғен едім; Менің көрғен қайғы-қасіретім маған сабақ болды. Еғерде сен озіңді жеңілмейтін эскерді басқаратын ажалсыз адаммын деп ессптейтін болсаң, менің пікірімнен саған пайда жоқ. Ал еғер сен өзіңнің кэдімғі адам екеніңді жэне қоластыңдағылар да ажалды пенде екендіғін мойындасаң, ең алдымен мынаны есіңце сақта: өмір деғен алма-кезек, тек бір адамдардың ғана үиемі желі оңынан түра бермейді. Сондықтан бүл істе мен сенің шонжарларыңның ойын қүптай алмаймын. Еғер сен

04 жерімізғе жау табаны тиюіне мүмкіндік берсең, бізғе мынадай қауіп төнеді: сен жеңілғен жағдайда, бүкіл держа­ на ңның да түбіне жетесің. Өйткені сені жеңғен массағеттер дереу кейін қайта қоймайды ғой, бүкіл иеліғіңді жаулап алады. Ал енді жауды сен жеңғен жағдайда да сенің жеңісің массағеттерді өз жерінде жеңіп, қашқан жауды дүркіретіп қуғандай даңққа белене қоймайды. Мен сенің жэне олардың артықшылықтарын салыстыра қараймын: жауды қирата жсңіп, сен Томирис иеліғіне баса-көктеп енесің ғой. Әрі Камбис үлы Кирдің эйел талабына бас иіп, өз еліне аяқ Гкісуына мүмкіндік беруі сүйекке таңба салар үят нэрсе болар еді. Сондықтан, меніңше, бізғе өзеннен өтіп, олар мүмкіндіқ Осрген жерғе дейін ілғерілеу керек те, мынандай тэсілмен жеңіске қол жеткізу керек. Менің білуімше, массағеттерғе иарсылардың өмір салты, жанға рақат түрмысы мүлдем жат. Сондықтан, менің ойымша, біздің қосынымызда олар кызығатындай ағыл-теғіл дастарқан жасап, қойды аямай еояйық, күшті шарап толы ыдыстарды да молынан қояйық, Іогіі-дэмділермен де түрлендірейік. Осыдан кейін аз ғана оскер қалдырып, қалың қолмен өзенғе қарай шеғініп қетейік.

  1. Кирдің өз сөзіне қүлақ аспағанын көрген Томирис бүкіл эскерімен парсыларға шабуыл жасады. Бүл үрыс варварлар арасындағы үрыстың ең бір қатыгезі болды деп ойлаймын. Оның барысы туралы менің білгенім мынау. Әуелі қарсыластар бір-біріне қасқая қарсы түрып, садақпен атысады. Жебе коры таусылған кезде олар канжар жэне найзалармен қоян-қолтық ұрысқа кіріседі. Қарсыластар үзақ шайқасады, ешкім де шегінгісі келмейді. Акырында массагеттер тықсыра бастайды. Парсы эскері түгел дерлік ұрыс алаңында қырылады, Кир де өледі. Ол 29 жыл бойы патшалық қүрған еді. Томирис шарап құятын торсықты адам қанына толтырып, үйіліп жатқан парсы өліктерінің арасынан Кирдің денесін іздетеді. Кир денесі табылған кезде патшайым оның басын торсыққа тығуға бүйырады. Өлі Кирді мазақтап, ол былай дейді: "Мен аман калып, сені шайқаста жеңіп шықсам да, сен бэрібір мені тірідей өлтірдің, өйткені менің ұлымды кулықпен колыңа түсірдің. Сондықтан да, мен саған уэде еткенімдей, қаңды тойғаныңша іш". Кир қазасы жайлы көптеген эңгіменің неғүрлым шындыққа жақыны осы деп ойлаймын.

  2. Массагеттер скифтер сияқты киінеді, өмір сүру салты да ұксас. Олар ат үстінде жэне жаяу саппен шайқасады (екі түрінде де). Сондай-ақ оларда садақ, найза жэне жауынгерлік айбалталар да бар. Олардың бүкіл заты алтын мен мыстан жасалған. Найза, жебе жэне жауынгерлік айбалтаның барлық металл бөлігін олар мыстан жасайды, ал баскиімдері, белдіктері мен аспа бауларын алтынмен өрнектейді. Аттарына да олар көкірекше етіп мыс сауыт кигізеді. Жүген, ауыздық жэне өмілдірікті алтынмен эшекейлейді. Темір мен күміс олардың тұрмысында мүлдем жоқ, өйткені бүл металдар ол елде кездеспейді. Керісінше, алтын мен мыска бай.

216. Массагеттер салт-дэстүрі туралы мынаны айтуға болады. Олардың эрбірі бір эйелден алады, бірақ бүл эйелді бірлесе пайдаланады. Скифтердің [осындай] дэстүрі туралы эллиндердің әңгімелері негізінен массагеттерге байланысты айтылган. М ысалы, массагеттің бір эйелге көңілі ауа қалса, ол өзінің корамсағын сол эйел түратын үйге іліп қояды да, эйелмен жайбарақат араласа береді. Олар адам өміріне ешқандай шектеу қоймайды. Дегенмен эбден қалжыраган карт болса, бүкіл туыскандары жиналып, карияны қүрбандыққа шалады да, етін қүрбандыққа шалынган малдың етімен қосып асып жейді.

Мүндай өлім - олар үшін ең қасиетті нэрсе. Аурудан өлгендерді олар жемейді, көміп тастайды. Жасы жетіп құрбандыққа шалынбай өлу үлкен бақытсыздық деп есептеледі. Массагеттер егін екпейді, малмен жэне балық аулаумен күн көреді (Араке өзенінде балық өте мол), сондай-ақ сүт ішеді. Олардың табьшатын жалғыз қүдайы - Күн. Күнге арнап олар қүрбандыққа жылқы шалады, өйткені ең жүйрік қүдайға дүниедегі ең жүйрік жандыны шалу керек деп түсінеді.

"МЕЛЬПОМЕНА" АТТЫ ТӨРТІНШІ КІТАПТАН

  1. Вавилонды жаулап алғаннан кейін Дарий өзі скифтерге қарсы жорыққа аттанды. Ол кезде Азия жауынгерге бай болғандықтан жэне мол байлық елге агылып келгендіктен, патша енді скифтерді Мидияға басып кіргені үшін жэне де скифтер өз қарсыластары - мидиялықтарды жеңіп, бірінші болып бейбітшілікті бұзғаны үшін жазаламак болды. Бүдан бұрын айтқанымдай, скифтер 28 жыл бойы Жоғаргы Азияда билік жүргізген еді. Киммерийліктердің2 артынша олар Азияға басып. кіріп, мидиялықтардың державасын қиратқан болатын (скифтер келгенше Азияны мидиялықтар билеп түрған еді). Осыдан кейін, 28 жылдан соң скифтер өз еліне қайтып оралғанда, оларды мидиялықтармен соғыстан да ауыр бақытсыздық күтіп тұрған еді: олардың алдынан күшті жау эскері қарсы алды. Өйткені скиф әйелдері үзақ уақыт қүйеулері жоқ болтан кезде қүлдармен жыныстық қатынасқа түскен еді.

  2. Скифтер бүкіл қүлдарының көзін агызып жібереді. [Олар мұны] өздері ішетін бие сүті үшін жасайды. Бүл сүт былайша даярланады: сыбызғы тэріздес сүйек түтікті биенің қынабына енгізеді де ол арқылы аузымен ауа үрлейді. Біреуі ауа үрлеп тұрганда, екіншісі биені сауады. Олардың бүлай істейтін себебі: тамырларга ауа толган сайын биенің желіні салбырай түседі. Сауып алған сүтті іші қуыс агаш күбіге қү_яды. Содан қейін айкала тұрған қүлдар кезекпен күбіні піседі. Біраз тү_рғаннан кейін сүттің бетін қалқып алады, бүл - аса жоғары

бағаланатын тагам, ал қаймағынан айырылған сүттің маңызы онша болмайды. Қолға түскен түтқындардың көзін ағызып жіберетіндіктері сондықтан, өйткені скифтер егінші емес, көшпелі халық кой.

3. Осы қүлдар мен скиф эйелдерінен түтас бір жас үрпақ өсіп-жетіледі. Өз шықкан тегінен хабардар жасөспірімдер Мидиядан кайтып оралған скифтерге бағынудан бас тартты. Ең эуелі олар Таврия тауларынан Меотия көлінің ең енді бөлігіне дейін жалпақ ор4 қазып, өз жерін қоршап алды. Сөйтіп, скифтер көлден жүзіп өтуге айналғанда, жас қүлдар олардың алдынан шығып, айқаса кетті. Ұрыс үзаққа созылды, алайда скифтер карсыластарын жеңе алмай-ақ қойды; сонда олардың біреуі былай деді: "Біздің мүнымыз қалай, скиф жауынгерлері? Біз өзіміздің қүлдарымызбен соғысудамыз! Олар бізді өлтірген сайын, біз элсірей түсеміз; ал біз оларды қырып салсақ, біздің қүлдарымыздың саны азаяды. Сондықган, менің ойымша, найза мен садақты қоя түрып, эркім қамшысымен ғана шыксын. Өйткені мүздай қаруланған бізді көргенде олар өздерін бізбен тең санайды, демек еркін адамбыз деп есептейді. Ал егерде олар біздің қолымызда қару-жарақ емес, қамшы ғана барын көрсе, өздерінің қүл екендіктері есіне түседі, осыны мойындаған соң- ақ олар бізге қарсылык көрсетуге жарамайды".

  1. Бүл сөзді естіген скифтер оны дереу жүзеге асырды. Қүлдар үрейленіп, айкасты койып, қашуға бет алды. Сөйтіп, скифтер Азияны билеп-төстеушілер болды; ал мидиялықтар қуып шықканнан кейін олар осылайша туған еліне оралды. Міне, осы үшін Дарий оларды жазаламақ болып, эскер жасақтай бастады.

  2. Скифтердің айтуынша, олар - ең жас халық. Олардың пайда болу тарихы мынандай. Бүған дейін жан мекендемеген бұл елдің түңғыш түрғыны Тарғытай деген кісі болыпты. Скифтердің айтуынша, бұл Тарғытайдың ата-анасы - Зевс пен өзен қызы Борисфена екен (олар қанша дэлелдесе де, мен бүған, эрине, сенбеймін). Осы Тарғытайдың үш ұлы болыпты: Липоксаис, Арпоксаис жэне ең кенжесі - Колаксаис. Олардың патшалығы кезінде Скиф жеріне аспаннан соқа, мойынтұрық, айбалта жэне тостаған5 секілді алтын заттар түсіпті. Бүл

заттарды ең бірінші болып үлкен ағасы көреді. Ол алуға еңкейе бергенде, алтын лапылдап жана бастайды. Ол шеғініп кеткенде, екінші ағасы жақындайды, алтын тағы отқа оранады. Сөйтіп, алтын алауы екі ағайындыны қуып жібереді, алайда үшінші, кіші үл келгенде, алау сөніп, ол алтынды үйіне алып барады. Сондықтан үлкен ағалары патшалықты кішісіне беруғе келіседі.

  1. Олардың айтуынша, Липоксаистан авхат, ортаншы үлдан - катиар жэне траспи, ал кіші патша ұлдан — паралат деп аталатын скиф тайпалары тараған деседі. Бүл тайпалар ортақ атпен - сколот, яғни патша тайпалары деп аталады. Эллиндер оларды скифтер деп атайды.

  2. Өз халқының шығу тегі жөнінде скифтер осылайша әңғімелейді. Олар түңғыш патша Тарғытайдан олардың жеріне Дарий басып кіргенғе дейінғі аралықта 1000 жыл өтті деп есептейді. Жоғарыда аталған қасиетті алтын заттарды скиф патшалары мүқият сақтап, табынып, жыл сайын аса мол қүрбандық шалып отырған. Егер мейрам үстінде бүл қасиетті алтынмен бірғе ашық аспан астында үйқтап қалған жан болса, ол адам, скифтердің ойынша, келесі жылға аман жетпейді. Сондықтан скифтер ол адам бір күнде атпен қанша жерді айналып өтсе, сол жердің бэрін өзіне беретін болған. Оларда жер өте көп болғандыктан, Колаксаис оны үшке бөліп, өзінің үш үлына берген екен. Алтын сақталатын патшалыққа жердің ең үлкенін беріпті. Олардың айтуынша, скиф жерінен қиыр солтүстікке қарай жатқан аймақта қалқып жүрғен қүс жүнінен түк көрінбейді, ол жерғе бас сүғу мүмкін емес деседі. Шынында, ол жакта жер мен эуе үлпа жүнғе толы, көзді аштырмайды6.

  3. Скифтер өздері жэне көрші солтүстік елдері жайлы осылайша эңгімелейді. Понтта өмір сүретін эллиндер болса, мүлде басқаша айтады. Герионның бүқаларын қуалаған Геракл ол кезде адам түрмайтын (қазір скифтер мекен етіп отырған) бүл жерғе келеді. Герион болса, Понттан өте алые, Мүхиттағы Гадирде, Геракл Жартасы артындағы аралда (эллиндер бүл аралды Эрифия деп атайды) өмір сүрген. Эллиндердің айтуынша, Мүхит күншығыстан басталып жерді айна л а ағатын көрінеді, бірақ олар мүны дэлелдей алмайды. Міне, осы жерден Геракл қазірғі скифтер елі деп аталатын елғе келғен. Онда ол қолайсыз ауа райы мен суыққа

тап болды. Доңыз терісіне оранған ол үйқтап кеткен кезде, оның жегін аттары (оларды жайылуға жіберген болатын) түсініксіз жағдайда ғайып болады.

9. Үйқыдан оянған соң Геракл атгарын іздеп бүкіл елді кезеді де, ақырында Гилея деп аталатын жерге келеді. Осы жердегі үңгірде ол табиғат жартылай қыз, жартылай жылан қып жаратқан бір жанды кезіктіреді. Оның бөксесінен жоғарғы жағы эйелдікі, ал төменгі жағы жыланға үқсас еді. Оған таңдана қараған Геракл өзінің жоғалып кеткен аттарын сүрастырады. Жылан-эйел оған аттарының өзінде екенін, өзімен жыныстық қатынасқа түспейінше аттары қайтарылмайтынын айтады. Сонда Геракл аттарына қол жеткізу үшін, бүл эйелмен жыныстық қатынасқа барады. Алайда эйел Гераклден айырылғысы келмей, аттарды қайтаруды кешіктіре берді, ал ол аттарын алып жүріп кетуге асықты. Ақырында эйел оған аттарын қайтарып тұрып был аи деді: "Бүл аттар маған келген соң, мен оларды сен үшін сақтадым; сен де олардың ақысынан құтылдың. Өйткені мен сенен үш үл таптым. Ал енді ол үлдар ержеткенде не істеуім керек? Олар осында қалсын ба (мен бүл елде өзім дара билеушімін ғой) немесе оларды саған жіберейін. бе?" Ол осыны сүрады. Геракл оған былай деп жауап қайтарды: "Ұлдар ержеткен кезде сенің былай еткенің жөн: олардың қайсысы менің садағымды былай, мен көрсеткендей тартып, менің беддіғімді буынатын болса, соны осында қалдыр. Ал менің нүсқауымды орындай алмағанын жат жерге аттандыр. Еғер сен бүл айтқанымдай жасасаң, өзіңе де жақсы болады эрі менің тілеғімді де орындағаның".

10. Осы сөзді айтып Геракл өзінің бір садағын тартты (бүған дейін Гераклдің екі садағы болған ғой). Содан соң белдікті қалай буынатынын көрсеткен ол садақ пен белдікті (белдіктің қаптырмасында алтын тостаған ілулі) қалдырып, жүріп кетті. Балалар өскен кезде анасы оларға ат қойды. Біреуін Агафирс, екіншісін Гелон, ал кішісін Скиф деп атады. Сосын Гераклдің ақылын есіне алып, оның айтқандарын түғел жасады. Екі үлы - Агафирс пен Гелон тапсырманы орындай алмады да, шешесі оларды елден куьт жіберді. Кішісі Скиф болса тапсырманы толық орындап, елде қалды. Гераклдің үлы осы Скифтен бүкіл скиф патшалары таралады. Сол алтын тостағанның қүрметіне скифтер күні бүгінге дейін белдіктеріне тостаған тағып жүреді (шешесі Скиф үшін осыны ғана жасай алды).

11. Бүлардан басқа үшінші аңыз да бар (мен оған барынша сенемін). Ол былай дейді. Көшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер оларды эскери күшпен ығыстырған соң, скифтер Аракстен өтіп киммерийлер жеріне келген (қазіргі скифтер мекендейтін жер бүрын киммерийліктерге қараған)7.0?

Скифтер таяп келген кезде киммерийліктер бас қосып, көп санды жау эскері алдында не істеу керектігін ақылдасады. Кеңесте пікір екіге жарылды. Екі жағы да өз пікірін табанды жактағанымен, ақырында патшалардың дегені болды. Халық мүндай саны көп жаумен шайқасудан бас тартып, шегінуді жақтады. Патшалар керісінше, туған жерді басқыншылардан табанды қорғау керек деді. Сонымен, халық патшалар ақылына бас үрмады, ал патшалар халықтың дегеніне көнгісі келмеді. Халық отанынан ауа көшіп, жерді басқыншыларға үрыссыз беруді жақтады; патшалар болса, халыққа еріп бассауғалағаннан гөрі өлсе, сүйегі туған жерінде қалуын артық көрді. Өйткені патшалар туған жерде мол бақыттың дэмін татып көрген-ді эрі отанынан айырылған қашқындарды алда қандай қиыншылық күтіп түрғанынан хабардар болатын. Өстіп киммерийліктер екіге жарылып, бір-бірімен күреске шықты. Ағайындылар бірін-бірі өлтірғен соғыста қаза тапқандардың бэрін киммерийліктер Тирас өзені жағасына жерледі (патшалар зираты ол жерде эліге дейін түр). Бүдан кейін киммерийліктер жерін тастап кетті, ал көшіп келген скифтер қүлазыған жерді иемденді.

12. Скиф жерінде қазірғе дейін киммерийлік бекіністер мен өткелдер бар; тіпті Киммерия деп аталатын аймақ пен Кимме- риялық Боспор дейтін атау да бар. Скифтерден Азияға қашып қүлылған киммерийліктер қазіргі Синопа атты эллиндер қаласы түрған түбекті мекендегені белгілі. Сондай-ақ киммерийліктер- дің соңына түскен скифтер жолдан адасып, Мидия жеріне басып кіргені де белгілі. Өйткені киммерийліктер үнемі Понтаны жағалай жүріп отырса, олардың соңына түскен скифтер Кавказ- дың солтүстігін бетке алып, ақырында мидиялықтар жеріне басып кіреді. Сөйтіп, олар елге тереңдей сүғына енген. Бүл аңыз- ды эллиндер де, варварлар да бірдей айтады.

  1. Ал Проконнестегі Каистробийдің баласы Аристей өзінің эпостық поэмасында өзінің Фебтен жеңіліп, исседоңдарғакелуін эңгімелейді. Оның айтуынша, исседондардан кейін аримас- пылар - жалғыз көзді адамдар мекендейді; аримаспылардан кейін - алтын корушы грифтер, ал олардан жоғары - теңіз жағалауында, гиперборейлер өмір сүреді. Бұл халықтардың барлығы гиперборейлерден басқасы, көршілерімен үнемі соғысып жатады (соғысты бірінші болып аримаспылар баста- ған). Аримаспылар исседондарды елінен куып шыққан, исседон- дар скифтерді ығыстырған, ал Оңтүстік теңіз8 жағалауын мекендеген киммерийліктер скифтер тықсыруымен өз отанын тастап шықты. Өстіп, Аристей эңгімесі осы елдер жайлы скифтер аңызымен сай келмейді.

  2. Бұл поэманы тудырушы Аристейдің қайдан шыққанын мен айтып өттім. Енді ол туралы мен Проконнес пен Кизикте естігендерімді айтып берейін. Естуімше, Аристей Проконнестегі ең атақты азаматтар санатынан болса керек. Бір күні ол шұ_ға басу шеберханасына келді де, сонда жан тапсырды. Шұға басушы шеберханасын жауып, марқұмның туыстарына хабарлауға жөнелді. Бұ_л кезде қалада Аристейдің казасы жайлы сөз тарап кетгі, алайда Артаки қаласынан келген кизиктік біреу бұл хабарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, Кизикке барар жолда ол Аристейді жолықтырып, ауызба-ауыз тілдескен. Кизиктік азамат өзінің шын айтып тұрғанына ант-су ішті. Бұл кезде марқұмның туысқандары жерлеуге кажеттінің бэрін алып ттгүга шеберханасына келеді. Алайда олар есікті ашқан кезде, онда өлі де, тірі де Аристей жоқ болып шығады. Содан жеті жыл өткенде Аристей тағы Проконнесте пайда болады. Сонда ол қазір эллиндер "Аримаспылар туралы эпос" деп атайтын эпостык поэмасын шығарады. Осы поэмасын тудырғаннан кейін ол тағы жоқ болып кетеді.

  3. Бұл қалаларда осындай эңгімелер айтады. Ал менің білетінім, Италиядағы Метапонтияда Аристей екінші рет жоға- лып кеткеннен кейін 240 жыл өткенде мынандай оқиға болды (мен бұған Проконнес пен Метапонтияда болған оқиғаларды салыстыра отырып көз жеткіздім). Метапонтиялықтардың айтуынша, бұл елге Аристей келіп, Аполлонға мехрап орнатуға жэне оның қасына проконнестік Аристей аты жазылған мүсін

қоюға бұйрық береді. Өйткені Аполлон барлық италиоттар ішінде тек сендерге ғана (Метапонтия қаласына) келді ғой, ал құдай нөкерлері арасында оның өзі де - қазіргі Аристей де келген-ді, - деді ол. Бұрын ол Аполлонның серігі кезінде қарға9 кейпінде болған-ды. Осыны айтып Аристей жоқ болып кетгі. Метапонтиялықтар Дельфыға елші аттандырып, құдайдан бұл адам елесінің көріну себебін сұрады. Пифия олардың бұл елесқе сенуін, сөйткен кезде бұл оларға жақсылық эқелерін айтты. Метапонтиялықтар Пифияның қеңесіне кұлақ асты. Шынды-ғында, ол жерде күні бүгінге дейін өз құдайы Аполлонның қасында Аристей есімі жазулы мүсін тұр, айналасын лавр ағаштары қоршаган. Ал құдай мехрабы базар алаңына салынған. Аристей туралы осымен тэмэмдайық.

  1. Мен әңгімемнің басында айтқан, елдің солтүстігіндегі аймақтар туралы ешкім анық ештеңе айтпайды. Бұл жерді өз қөзіммен қөрдім деген жанды кездестіре алмадым. Тіпті жаңағы мен айтып өткен Аристейдің өзі эпостық поэмасында исседондар елінен эрі бармағанын айтады; исседондардан солтүстіктегі жер туралы ол исседондар эңгімесінен естігендері- не ғана сүйеніп айтады. Деғенмен мен бұл солтүстік елдері туралы ауызекі эңғімеден білғендерімнің өзін барынша гыңғылыкты етіп айтып берейін.

  2. Борисфениттер10 сауда айлағына (ал ол шамамен скифтердің припонтиялық жерінің орталығында жатыр) ең жақын жерде эллиндіқ сқифтер - каллипидтер өмір сүреді; олардан ары ализондар деп аталатын тағы бір тайпа бар. ()лардың қаллипидтермен жэне басқа сқифтермен өмір салты үқсас, алайда бұлар астық, пияз, сарымсақ, жасымық жэне тары еғіп, тагам ретінде пайдаланады. Ализондардан солтүстікке қарай егінші скифтер өмір сүреді. Олар астықты оздері тағамға пайдалану үшін емес, сату үшін өсіреді. Ал олардан ары неврлер меқен етеді, неврлерден солтүстікке қарай, менің білуімше, адам мекендемейтін бос кеңістіқ. Бұл Іюрисфеннен батысқа қарай Гипанис өзеніндегі тайпа.

18. Борисфеннің теңіз жағында Гилея созылып жатса, оның солтүстігінде егінші скифтер өмір сүреді. Оларды Гипанис өзенінде өмір сүрген эллиндер борисфениттер деп, ал өздерін бұл эллиндер ольвиополиттер деп атайды. Бұл егінші скифтер Пантикапа" өзенінен шығысқа қарай үш күндік жол, ал солтүстікке карай Борисфен аркылы он бір күн жоғары жүзу аймағын мекендейді. Олардан жоғары үзыннан-ұзақ шел дала жатыр. Шөлден ары андрофагтар деп аталатын ерекше, скифтік емес тайпа мекендейді. Одан солтүстікке қарай созылған нағыз шел, менің білуімше, онда ешқандай адамдар жоқ.

  1. Осы егінші скифтерден шығысқа қарай, Пантикапа өзенінің келесі бетінде көшпепі скифтер өмір сүреді; олар жер жыртып, егін екпейді. Барлық скифтер жерінде, Гилеядан өзге жерде, агаш кездеспейді. Көшпелілер бүл аймакты шығысқа карай Герра өзеніне дейінгі он күндік жол аралыгын түгел мекен етеді.

  2. Герра өзенінен ары патша иелігі деп аталатын жер басталады. Онда ең айбынды жэне неғұрлым саны көп скиф тайпасы тұрады. Бұл скифтер өзге скифтерді өз билігімде деп есептейді. Олардың аймағы оңтүстігінде Таврикияға дейін, ал шығысында сокыр құлдар ұрпақтары қазған орға дейін жэне Меотийск көліндегі Кремны деп аталатын айлаққа дейін созылып жатыр. Олардың иелігінің бір жағы тіпті Танаиспен12 шектеседі. Бұл патшалы скиф тайпаларынан солтүстікке карай меланхлендер деп аталатын басқа, скифтік емес тайпа өмір сүреді. Меланхлендерден ары, менің білуім­ ше, батпақты жэне елсіз жер созылып жатыр.

  3. Танаис өзенінен ары скиф жері емес, савроматтар иелігі. Савроматтар жері Меотийск көлі ойпатынан басталып, солтүстікке карай, жабайы да, екпе де ағаштары жоқ он бес күндік жол шегінде созылып жатыр. Олардан жоғарғы екінші үлес жерді будиндер мекендейді. Олардың жері эр түрлі ағаш тұқымдастарынан тұратын қалың орманға бай.