Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
98.3 Кб
Скачать

19

Жоспар:

Кiрiспе

¶ш ж¾здi» º½рылуыны» тарихы мен сипаттамасы

  1. Үлы жүздер.

  2. Кіші жүздер.

  3. Орта жүз.

Корытынды

²олданыл¹ан ¸дебиеттер тiзiмi

Кiрiспе

Қазақ жүздері өмірге қоғамдағы қажеттіліктен келіп, орныққан. Тайпалық, рулық, аталық принциптердің негізінде туындаған одақтар-жүздер, олардың мекен-деген жерлеріне қарай ерекшелене бастады. Бүл да біздің халыққа тән ерекшелік. Осыған байланысты қазақтар қашан, кімнің жерінде түрмасын, үлтын да, руын да, жүзін де өзгертпеген. Ата-бабасының тірі кезінде де, өлген соң да ерекше сыйлап, пір тұтқан.

Соңғы жылдары біржақты идеологияның қүрбандығына айналып мәңгүрттене бастаған орталарда үлтымыздың тамаша сыйлы салты сыр бере бастағаны байқалды. Кейбір ата-аналар ішінен шыққан нәрес-тесіне, ал өзінше болып-толған отбасылар қарт ата-анасына қазақ табиғатына жат қаталдықтар көрсете бастады. Мүндай құбылыстардын тамырына балта шауып, қастерлі салттарымызды әр адамның санасына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу бәріміздің ортақ міндетіміз!

Қазақтың қазіргі үш жүзі Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін қалыптаса бастады. Өздерінің ежелгі сақ, кейінгі түркі қандастарының психологиясын жақсы білген Шыңғыс хан Қазақ Даласын билеуді үлдарына қазақтардың осы ерекшеліктеріне негіздеп, үшке бөліп берген. Осыған байланысты Қазақ Даласының біртүтас жері үш жүздін мекендерінің ыңғайына қарай шартты түрде үшке бөліне бастады. Бүл процесс 1458 жылы құрылған Қазақ хандығы нығайғаннан кейін XVI-XVE ғасырларда аяқталған. 1729 жылы Ордабасыда үш жүз-дің атынан үш данышпан би Төле, Қазыбек, Әйтеке бас қосқан кенесте Қазақ үлтының атынан шешім қабылдап, Қазақ жерін Жоңғар қалмақтарынан азат етудің нақты жоспарын жасады. Осы жылы Аңырақайда қазақтар қалмақтарға қатты соққы беріп, жеңіске жетті. Қазақ жерін жаудан тазартты.

¶Ш ж¾здi» º½рылуыны» тарихы мен сипаттамасы

1. ҮЛЫ ЖҮЗДЕР. Ғалым Н. Мыңжан Қытай түпнұсқаларынан алған мәліметтерді келтірейік. «Жазба жылнамаларында олардың аты «үлы иосі», «үлы иозі», «үлы жүз» түрінде кездеседі. Кейін келе бүлар «үлы иозі» және «кіші иозі» деп екіге бөлінген. Ежелгі ханзу (қытай) тілінде жазылған бүл ұлыстардың атын «ұлы иүз», «кіші иүз», «үлы жүз», «кіші жүз» деп оқуға да болады. «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде»: «Үйсін халқының ішінде сақ тайпалары да, ұлы жүз тайпалары да бар», деп жазылған. Қазақ шежіресінде: «ұлы жүз — үйсін» деген сөз үнемі қосарланып жарыса жүреді. Бұдан, қазақтың ерте замандағы белді ұлыстары-ның бірі болған үйсін бірлестігінің іргесін қалаған үлы жүз тайпасының елеулі үлес қосқандығы байқалады.

Үлы иозылар (жүздер) — б. д. д. 3-ғасырда Дүнхуан мен Чилан (Шүлен) тауы аралығын қоныстанған. Бүлар өз кезінде һұндердің батыс жағындағы ірі ел еді. Алғашында Һүндар осы иозылерге тәуелді болған...»

Бүрын ұлы иозылар Чилан тауы мен Дунхуаң аралығында тұрған кезде үйсін ұлысы да осы өңірде үлы иозылармен қатынас жасаған еді. Үлы иозылар Іле өңіріне қоныс аударған соң, үйсін ұлысы һүндердің көмегіне сүйеніп күшейе бастады. һүндер оларды әскери күш ретінде пайдаланып, соғыс жорықтарына пай-даланды. Ақырында үйсіндер Һүндердің көмегімен үлы иозылерге шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырып жіберді де, Іле өзені алқабы мен Ыстықкөл ала-бындағы құнарлы қонысқа орнықты. Үлы иозылердің көшіп кете алмағаны осы өңірде қалып, үйсіндерге қосылды. Тегінде үйсіндер шағын ел еді, Іле өзені ал-қабына ауысқаннан кейін тез дамып, «120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 әскері бар» ірі елге айнал-ды. Осы өңірде отырып қалған тайпалары мен ұлы иозы (ұлы жүз) тайпаларының тоғысуы үйсіндерді осындай ірі елге айналдырды.

Қазақтың байырғы аңыз шежірелері мен жазба әдебиетінде «үйсін» деген атау екі түрлі мағынада — тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap ма-ғынадағы «үйсін» — қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал, кең мағынадағы «үйсін» — Іле алқабы мен Жетісу өңірін және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бүлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр және басқа тайпалар осы үйсін үлысының тармақтары.

Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының негізгі тұлғасы мен үйытқысы болғандығын дәлелдейді. Үйсін-дер туралы деректер осыдан екі мың жыл бүрынғы ханзу (қытай) тіліндегі жылнамаларда кездеседі.

«Үйсін» деген ат бүрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттарында да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Моңғолкүре ауда-нының аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді «усүн» деп жазған. Қазақтар мен моңғолдар бүрын Шиху ауда-нын «Қарусүн» деп атаған.

Қазіргі Манас — сауан аудандарының аралығындағы «Алусұн» деген өзен бар. Толы ауданында «Сарығүсүн» деген өзен бар. Демек, «Қарасүн» — қара үйсін, «алусұн» — ал үйсін, «сарығусұн» — сары үйсін деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бүл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.

Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде», «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалады.

Қазақ халқы сақтардың қауымдасуының нәтижес-інде дүниеге келіп, мемлекет сақ тайпаларының Ұлы одағы (жүзі) — Үлы жүз деп аталды. Мемлекеттің атына байланысты оның халқы қазақтар көбінесе Үлы жүздер деп те аталған. Мемлекет нығайған сайын билеушісі Үйсіннің айбары мен мәртебесі де асқақтап жайылды, ал оның халқы үйсіндер деп аталуға көше

бастады. Сонымен, қауымдасқан сақ тайпаларының ынтымақтасып өмір сүріп, хал-ахуалдарының жақсаруы нәтижесінде біртұтас Үйсін мемлекеті осылай қалыптасты.

Үйсін мемлекетінің қүрамына кірген негізгі сақ тай-палары Арыстар, Асылар, Ғүндар, Хансақтар болды. Басқа үсақтау ру тайпаларының аттары әзірше бей-мелім. Жоғарыда Арыс, Асы, Шығыс Ғұн тайпаларын қысқаша сипаттадық. Енді Хансақтар мен Үйсін мем-лекетінің қүрамына кірген Батыс Ғүнсақтарды туралы мәліметтерге көшейік.

Хансақтар (Канка, Қаңлы) Геродот тарихқа «царские скифы» деп жазған сақтар тайпасы. Олар Сырдарияның бойында, Арыс өзенінің қүйысынан төменгі жағындағы аймақта қоныстанған. Мекендеген халықтың атына байланысты Сырдарияның осы бөлігі Канка өзені деп аталған.

Бір айта кететін нәрсе, Сырдарияның әр деректерде әртүрлі аталуы. Оның басты себебі, ерте кездерде өзенді бастан-аяқ бойлап ешкім жүрмеген. Өзенді оның әр бөліктерін мекендеген халықтардың атына, бойына орналасқан үлкен қалаларға байланыстыра атай бер-ген. Сондықтан, Сырдария әр кезеңдерде Аракс, Яксарт, Бенакент, Сейхун, Шаш, Канка, Йенчу атала бергенін көреміз.

Батысқа қоныс аударған Хансақтар Батыс Даласы-на барғанда да өздерін осылай атаған. Тайпа атауының мағынасы Геродотқа дәл аудармасымен белгілі болған. Атына қарағанда бұл сақтар тайпасы өзгеше мәдениетті болып, олардан ел билеушілер көптеп шыққанға ұқсайды.

Ата қонысы Сырдарияның бойында қалған Хансақ тайпасының аз рулары уақыт өте қайта көтеріліп, санатты тайпаға айналған. Геродоттың деректерінде Қазақ Даласын мекендеген тайпалардың ішінде аталмағанына қарағанда, Аристей келген б. д. д. ҮШ ғасырда хансақтар айтарлықтай белгілі болмаған, Арыс тайпасының құрамында өмір сүрген. Үйсін қүрған сақтардың Үлы Одағына (жүзіне) хансақтар жеке тайпа болып кірген.

Үйсін қайтыс болып, Үйсін мемлекетін билеген кейінгі хандардың заманында хансақтар бөлініп, жеке өмір сүре бастаған. Қытай елшісі Чжан Цзянь Қазақ Даласы арқылы Үлы Жібек жолын жандандыру мақ-сатымен келген дипломатиялық сапарында, б. д. д. 128 жылы Сырдарияның бойын мекендеген Қангюй, яғни Қаңлы мемлекетінде болып, империяға муддесіне қажет мәліметтер жинаған. Қазақтардың әлеуметтік жағдайы мен қүрылымын жетік білмеген Чжан Цзянь Қаңлылар дербес мемлекет, бірақ Үлы жузге тәуелді дейді. Ал, енді бір дерегінде Қаңлылар Үлы жүз одағына кіреді деп тура жазады. Осы мәліметтерге қарап, Қаңлылардың Үлы жүз қазақтары екенін, бірақ Үйсін мемл-екетінің құрамынан шығып, өз бетінше саясат жүргізгенін білеміз.

Қазақтар шежіресін көп сараптаған Шоқан Уәлиханов Қаңлыны Үйсіннен таратады. Осы дерекке сүйен-сек, б. д. д. П ғасырдың басында хансақ тайпасын бөліп алып, жеке билік жүргізген Қаңлы атты тұлға Үйсіннің бір үрпағы болып шығады.

Қаңлы деген атауды «Қаңқа», «Қаңсық арба» деген сөздерден шығаратын дерек негізсіз. Арба Қаңлы елін-де, Қазақ Даласында Қытай елшісі келген б. д. д. П ғасырда жасалған жоқ, одан көп бүрын белгілі болып, пайдаланып келе жатқан көлік. Елші осы елге келгенде арба жасап жатқан Қаңлы шеберін көрген болар, аңыз-дың осы оқиғаға байланысты шығып, таралуы мүмкін. Қаңқа, Қаңсық деген атауларының Хансақ екенін, ал Қаңлылардың сақ тайпасынан шыққан қазақ халқының бір тармағы екендігі оңай аңғарылып түрған айғақ.

Қаңлылар б. д. VI ғасырына дейін Қытаймен дербес дипломатиялық қарым-қатынасын үзбеген. Елшілердің жолы Үйсін мемлекеті арқылы өткен. Ары-бері жүрген сапарларында Қаңлылар Қытаймен екі арадағы Ғүн тайпасымен жақсы байланыс жасаған. Нәтижесінде Ғүндар (ғүз, оғыз) VH ғасырда Қытайдың қысымымен Сырда-рияның бойына, қаңлылар еліне қоныс аударды.

Ерте орта ғасырларда Қаңлылар Сырдарияның бой-ына қалалар салып, егіншілікпен, кәсіпшілікпен айна-лысқан. Қаңлы мемлекетін басқарған ханының ордасы Отырар (ол кезде Кангу тарбан) қаласы болған. Оты-рар қаласында барлық керуен жолдары түйісіп, Еуразиядағы барлық дерлік елдердің саудагерлері, зиялы адамдары бас қосып, кеңес құратын болған.-фтырар-дан сауатын ашып, кітапханасының білім бүлағынан сусындаған, кейін атағы әлемге тараған үлы ғүлама бабамыз Әбунасыр әл Фараби шыққаны белгілі.

Қаңлыдан шыққан түлғалардың бірі әскербасы, Қа-зақ Даласын 1219 жылы жаулап алған Шыңғыс ханға алты ай бойы қарсылық көрсетіп, Отырарды жалғыз өзі қалғанша қорғаған Қадырхан батыр (Әбілғазы. Түрік шежіресі, 1992).

Қаңлылар б. д. басында өздері шыққан Үйсін мемлекетіне жауығып, қытайлармен соғысқан немесе тайпа-аралық қақтығыстардан әлсіреген кездерін аңдып, шабуылдай берген. Осыны пайдаланып қытайлар аярлықпен түрткілеп, қажет болған кездерде ашық қолдап, қаңлыларды ретін тауып үйсіндерге айдап салып, соғыстырумен болды.

Қазақ Даласын жайлаған Қидандар (қара қытайлар) шамамен ХП ғасырда Қаңлыларды ата жүрты Сыр-дарияның бойынан ығыстырды. Қаби ханның бастауы-мен көтеріле көшкен Қаңлылардың 50 мың түтіні Еуропаға Рүмға қоныс аударды, кейінірек Осман түріктерінің империясын қүрды (Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шежіре, 1911). Империяның негізгі халқына айналған Қаңлылар қазақ деген атын да ұмытты. Елінде, Сырдарияда қалғандары мемлекеттік дербестігінен айырылып, Үлы жүз қазақтарының арасына Қаңлы рулары болып ыдырап кетті.

ҒҮНДАР (қытайша Хун, арабша Ғүз, түрікше Оғыз) Үлы жүз одағына кіріп, Үйсін мемлекетін қүруға қатысқан сақ тайпасы екенін зерттеп, алғаш түжырым жасаған ғалым Ю. А. Зуев.

«Қытаймен бейбіт келісімге қол жеткізген Шығыс Ғұн мемлекетінің билеушісі Мәден (Модэ) хан, осы шы-ғыс мекендерге жеткен үлы жүз үйсіндер тобына б. д. д. 177 жылы шабуыл жасайды. Оларды талқандап, біра-зын тұтқынға алып, билеушісін өлтіреді. Жеңіліс тапқан үлы жүздер өздерінің мекені Тұрпан, Жетісуға қайта шегінеді. Осы оқиға Сыма Цянның Шицзи текстінде, Бан Гудың Цянь Ханьшу текстінде, кейін көшіріліп жазылған жылнамаларда әртүрлі керегар деректермен баяндалады. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бүл кезде Шығыс Ғүндардың батыс шекарасы Лобнордан аспаған, ал ұлы жүздер Жетісудағы мекендерінде түрып жатқан. Қытай жылнамаларында жазылған б. д. д. П ғасыр-дың 50-ші жылдары үлы жүз тайпаларының арасындағы қақтығыстарға Шығыс Ғүндары қатысқан деген деректер негізсіз. Бірақ, бұл үйсін мемлекетінің ішінде болған өзара қақтығыстарда, үлы жүз тайпаларының қатарында жергілікті Ғұн тайпасы да болған. Үлы жүз Ғүндар-дың Шығыс Ғұн тайпасымен ешқандай байланысы жоқ. Шығыс Ғүндары Жетісуға келген емес, олардың Ор жойып, кеңейген Солтүстік аймағын игеріп жүргенде Қытайдың ішінде де іріткі туып, көсемдерінің басына қара бұлт орнады. Туындаған ішкі мәселелерді шешуге бірнеше ғасыр кетті. Осы қиындықтарды өткеріп, қайта түтас империяға айналған Қытай бар назарын батысқа аударды. «Көршісін қозғаған көшірер» дегендей, Қытай-дың қанқүйлы қысымына шыдамаған ғүн-ғұздар (оғыздар) VII ғасырда көштің басын өздерімен жақсы қатынаста болған Қаңлы еліне, Сырдарияға түзеді.

Сырдария бойына келген бір тайпа елдің жергілікті халыққа жайсыздық жасағаны белгілі. Дегенмен, жауынгер оғыздар ашық соғыс пен жасырын саясатын қатар қолданып, келген жеріне табан тіреп бақты. Өздерінің атақты қандасы Оғыз хан (Мәден тәңірқүты) туралы аңыз таратып, Оғызнама дастанын жазып қал-дырды. Көршілес тайпалармен соғыстарда ержүрек жау-ынгерлер деп танылды. Сырдарияның бойында оғыздар «Жаңа ғүз» мемлекетін құрып, астанасы Янгикент қаласын салды.

Оғыздардың бағы бүл жерде де ашылмады. ҮШ ғасырдың соңына қарай Шығыстан, қазіргі Уссури өлке-сінен Қытайдың қысымымен Батысқа қоныс аудара бастаған қидандар (қара қытайлар), өз кезегінде, жолындағы Таулы Алтай аймағын мекендеген Қыпшақтарды Қазақ Даласына ығыстырды. ХП ғасырда Сарыарқаға қоныс аударған Қыпшақтар Сырдарияның төменгі жағындағы Қаңлы, Оғыз тайпаларын жайпап өтіп, Батыс аймақтарды жаулап ала бастады. Аз уақытта Сары-арқа, Батыс аймақтарды толық иеленіп, Дешті-Қыпшақ атандырған Қыпшақ халқының аты шартарапқа тарап кетті.

«Жығылғанға жүдырық» дегендей, ата жұртынан ажырап, тамыры үзілген оғыздарды ХП ғасырда үйсін-дердің жеріне билік жүргізе бастаған қидандар (қара қытайлар), Сырдарияның бойындағы мекендерінен тықсырып, бір бөлегін батысқа қоныс аударуға, ал қал-ғандарының жергілікті халықтардың арасына шашы-рап, сіңіп кетуіне мәжбүр етті.

Сыр бойынан Батысқа қоныс аударған оғыз-қаңлылар Орта Азия, Кавказ, Дунай алабы мен Таяу Шығыс елдерінің негізгі халқына айналып, дербес мем-лекеттер болды. Олар, қазіргі Түркімендер, Әзірбай-жандар, Венгрлер, Түркиялықтар және Кавказдың көптеген халықтары. Осы халықтарда ежелгі оғыз-қаңлы замандарынан келе жатқан аңыз-әңгімелер жақсы сақталған. Солардың 12 жыр-аңызын XV ғасырда «Қорқыт ата кітабы» деген атпен бастырып шығарды. Олар ҮШ — X ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген данышпан күйші Қорқытты өздерінің бабасы санайды.

Осылай, бір кездері Шығысты дүр сілкіндірген, Қытайды қалтыратқан, құдіретті Ғұн тайпасы, орта ғасырларда ғүз, оғыз деп аталған халық жойылып кетті. Олардың артында Шығыста Мәден тәңірқүты, ал Түркіше Оғыз хан, Батыста ерте ортағасырлық Аттила (Еділ, Әділ) патша сияқты тарих аспанында мәңгі өшпейтін жарық жүлдыздар мен соларға байланысты сан-қилы аңыздар қалды.

Үлы жүз, үйсін қазақтары тарихта көптеген жеке тұлғалармен қатар көркем аңыз-әңгімелер қалдырған. Солардың бірегейі «Қозы Көрпеш — Баян сұлу». Аңызды арнайы зерттеген академик Ә. Марғүлан «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» сюжеті б.д.д. Ш — I ғасырларда туған дейді. Лироэпостағы деректерге негіздеп, сол кездегі қазақтардың Жетісу — Сырдария аймағын қыстап, көк-темде көліктерін ыңғайлап, мал-мүлкімен Сарыарқаға көш түзейтінін айтады. Қатты ыстық басталмай тұрып Қүлынды, Бараба көкмайса жазығында биелерін құлындатқан. Содан ары қарай Батыс Сібір ормандарына кірген. Мұзды мүхиттың жағасына дейін жетеді екен. Салқын түсе малдарын алдына салып, қоңырсалқынмен Жетісу — Сырдарияға жетіп, осында қалған ел-жүр-тымен қайта қауышқан. Шығармадағы Бағаналы деген жер Сібірдің қарағай-бағаналары өскен тайгасы, ал Бал-талылар ну орманда өткір балтасымен жол салған өзіміз-дің қандастарымыз көрінеді. Балталы — Бағаналы, өзен-көлді Сібір тайгасы ерте ғасырларда қазақтарға мекен болған екен.

Ғұлама А. Бернштам қазіргі қытайша аталған Тянь-Шань таулары, ежелгі Тәңір (Аспан) таулары, үйсін халқы мекендегендіктен Үйсін елі немесе Үйсін таулары аталған деген. Үйсін тауы деген атау, ежелгі Үйсіннен ескерткіші, қазіргі Қытайға қараған жерде де қалды.

2. КІШІ ЖҮЗДЕР. Әртүрлі себептермен Үлы жүз одағына кірмеген сақ тайпаларының одағы, олар да ша-мамен б.д.д. V — Ш ғасырларда құрылып, қауымдасқан сақтар — қазақтар. Қытай жылнамашыларының Кіші жүзді Үлы жүзге ере алмай Оңтүстік тауларда (Тянь-Шань, Памир) қалған аз бөлігі дегені дұрыс емес. Бүл деректер тарихшылардың өздері басы-қасында болған оқиғалар негізінде емес, кейінгі ауызша айтылған мәліметтерге сүйеніп жазылған.

Алғаш Орта Азияға б.д.д. 138 — 126 жылдары келген Чжан Цзянь Кіші жүздерді осы жерден көреді. Кіші жүз қазақтарының мекені ежелден Қазақ Даласының Батыс жағында, Амудария, Арал мен Каспий теңізінің аралығынан Мұғалжарға дейінгі аймақты қамтыған. Олардың қүрамына Геродоттан тарихынан белгілі Дай, Массагет, Сармат және басқа сақ тайпалары кірген. Қытай Империясы Кіші жүз одағымен көп араласпа-ғанымен, бізге алғашқы деректердің түпнүсқасын жазып қалдырды.

Кіші жүз қазақтары б.д.д. замандарда да, кейінгі замандарда да Оңтүстігіндегі Иран — Парсылармен байланыста болғаны анық. Арабтар да Орта Азияға жорық-тарын бастағанға дейін де, жаулап алғаннан кейін де Кіші жүзбен қарым-қатынассыз қалмаған. Әзірше Кіші жүз туралы Парсы және Араб түпнұсқаларындағы жазба деректер бізге жабулы сандық қалпында. Өкінішке орай, сол сырға толы сандыққа жетсем деп, талпынып жүргендер де көрінбейді.

Нақты түпнүсқаларда жазылған деректер бойынша қазіргі кейбір ру-тайпалар ертеректе белгілі болғанын көреміз. Мысалы, Батыс тарихшылары жазған Алазон — Алшын болса, Арал теңізі X ғасырға дейін Батыс жағалауын мекендеген кердері (кедері) тайпасының аты-на байланысты Кердері теңізі аталған. Арал X ғасыр-дан кейін, Хорезм хандығының өркендеуіне байланыс-ты XI — ХШ ғасырларда, Хорезм теңізі атанды.

Кіші жүз құрамындағы қазіргі ру-тайпалар ежелгі замандардан белгілі сақтардың Дай, Сармат, Массагет, Каспий, Хазар тайпаларының ұрпақтары екендігі дау-сыз. Олар кейінгі өмір өзгерістеріне, түлғалы ел билеушілері мен қолбасыларына байланысты атаула-ры өзгеріп, VI — VE ғасырларда Түрік хандығының құрамына кірген. Осы заманда Кіші жүз қүрамындағы кейбір ел аттарының Ұлы Түрік хандығының батысы ғана емес, Шығыс жағындағы жерлерден де көрініп қалатынын байқаймыз. Мүмкін, бүл ру-тайпалардың біртұтас мемлекет ішінде еркін қозғалып жүргендігінен болар.

Тарихи деректерден Алшын, Адай, Беріш, Шекті, Шөмекей деген және басқа атаулардың ортағасыр-лардан белгілі болғанына қарағанда, Кіші жүздің ру-тайпалары негізінен Қазақ Даласында VIII — X ғасырлардағы әлеуметтік жағдайда қалыптасып, аттары сол кездерде шыға бастаған.

ХП — ХШ ғасырларда Қазақстанның Сарыарқа, Ба-тыс аймақтарын иемденген қыпшақтардың даңқымен осы өңір Қыпшақ Даласы атанды. Соған байланысты Кіші жүз қазақтары да Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінде Қыпшақ деген ортақ атпен әйгіленді.

Кіші жүз қазақтарының ерекше ержүректігіне тәнті болған Таяу Шығыс пен Мысыр елдері, олардан шыққан ер-азаматтардан арнайы «жеңілмейтін» мамлюк жасақтарын қүрып, әскербасылар тағайындаған. Солардың бірі, Беріш руынан шыққан Бейбарыс, Мысыр-Сирияның сұлтандығына дейін (1260 — 1277 ж.ж.) көтерілген. Тарихта Шыңғыс хан әскерлеріне түңғыш соққы беріп, жеңген осы Бейбарыс. Шыңғыс ханның немересі Хулағү бастаған қол Сирияға шабуыл жасағанда оларды тас-талқанын шығарып жеңіп, Евфрат өзенінен ары асырып қуып тастаған. Бейбарыстың қолбасшылық талантын, ел басқару даналығын дәріптеп Таяу Шығыс елдері кітап жазған. Ал, біз кітап жазуды былай қойғанда, өзгелердің біздің үлы тұлғаларымыз туралы жазған кітаптарын әлі күнге дейін тілімізде сөй-лете алмай келеміз.

3. ОРТА ЖҮЗ. Шығыс Даласында қалған сақ тайпаларының ұрпақтары б.д. басында Моңғол жеріне жина-лып, қоныстана бастады. ХП ғасырдың соңына қарай Шыңғыс хан бытыраңқы руларды біріктіріп, біртүтас мемлекет қүруға кірісті. Ғасырлар бойы дербес өмір сүріп жүрген ру-тайпаларды біріктіру Шыңғыс ханға оңай болған жоқ. Айла-тәсілмен қатар күш көрсету, қоқан-лоққы да көп қолданылды. Мүндай әрекеттерге қарсылық көрсетіп, бағынғысы келмеген ру-тайпалар Батысқа, ата жүрты Қазақ Даласына ХП ғасырдың соңында XIII ғасырдың басында, Шыңғыс ханның жорықтарына дейін-ақ қоныс аударуға бет бүра баста-ды. Олар Арғын, Уақ, Керей, Найман тайпалары еді (М. Тынышбаев, 1925, 1993). Олардан бұрын Моңғол даласының солтүстігіндегі таулы аймақта мекендеген Қыпшақ тайпасы Сарыарқаны басып өтіп, Қазақ Дала-сының Батыс бөлігіне, Еуропаға дейін қоныстанды.

Орта жүзді қүраған тайпалар — шамамен б.д. басында, Майқы ханби Үйсін мемлекетінің кеңістігін Ал-тай — Моңғол алқабына дейін жеткізген кезде, осы мемлекеттің қүрамындағы қазақтар. Олардың ата тегі Шығыс Даласын, Тынық мүхиттың жағалауларына дейінгі жерлерді мекендеген сақ тайпалары. Шығыс Ғұн мемлекеті ыдырап, жерін Қытай империясы иемденгенде, тәуелсіздікті мойындамаған сақ тайпаларының ержүрек топтары соғыстардан көп шығынға үшырап, жойылып кету қаупі төнгенде, Батыстағы аталас ағайын-дарына келіп паналады. Негізінен Үлы жүз одағындағы Батыс Ғүн тайпасы мекендеген Түрпан — Алтай аймағына, Жетісу мен Сарыарқаға келіп қоныстанып, қазақ-тардың қүрамына енді. Дәл осындай мәліметтер беретін қүжаттар сақталмағанымен, Арғын, Қыпшақ, Керей атауларына үндес үғымдардың б.д.д. П — I ғасырларындағы Қытай деректерінде көрініс беріп қалатынын байқау қиын емес.

Кейінірек ес жиып, ел болған осы қазақтар б.д. ба-сында Алтай-Моңғол алқабында түпкілікті түрақтанып қалды. Олардың жалпы қазақ халқына ортақ тілі, мәдениеті, түрмыс-салты сақталды. VI ғасырда Моңғол даласына Дулының ұрпақтары Бумын (Түмен) мен Ес-темес бастап келген шағын елді қарсы алып, Түрік хандығының құрамына кіріп, мемлекеттің негізін қалаған қазақтар болды.

Орта жүз тайпаларының қалыптасқан уақытын шамалап білгенімізбен, бүл этнонимдердің дәл қашан өмірге келгені туралы нақты деректер әзірше жоқ. Дегенмен, бар мәліметтерді сараптай келе, бүл атаулардың әр кездері қалыптасқанын байқаймыз.

Қыпшақтар. Қыпшаққа ұқсас атаулар Қытай жыл-намасында б.д.д. Ш — П ғасырларда кездеседі. Бүл атаудың көне Қыпсақ тайпасынан туындайтыны көрініп түр. Осыған қарағанда қыпшақтардың ататегі ертеде, б.д.д. 2-1 мыңжылдықта, Қазақ Даласынан Шығысқа қоныс аударған сақ тайпаларының бірі деп айтуға болады. Қыпшақтар мың өліп, мың тірілген ежелгі сақ тайпаларының бірінен жеткен тайпа.

Әбілғазы хан өзінің 1663 жылы жазған «Түрік шежі-ресінде» Қыпшақ атауының шығуы туралы аңыз дерек келтірген. Сонымен қатар, қыпшақтар Еуропаға дейі-нгі Батыс өңірді 300 жыл билеп, 4 мың жылдай мекендеген дейді. Қыпшақтардың Еуропаға ХП ғасырда барғаны, 300 жылдай болғаны белгілі, ал 4 мың жылға байланысты мәлімет әрине аңыз. В. Бартольд Қып-шақтар тарих беттерінде 1120 жылы көріне бастады деп дәл уақытын да көрсеткен.

Дегенмен, Әбілғазы ханның Қыпшақтар осыдан 4 мың жыл бұрын белгілі болған деген мәліметін Батыс-тан Шығысқа аударсақ, ол сақ тайпаларының Шығысқа қоныс аударған мерзіміне сәйкес келеді.

Тамыры тереңге кетіп, сақ тайпаларынан бастау алатын халықтан ҮШ — IX ғасырларда Қыпшақ тайпасы бөлініп, ерекшелене бастады. Қыпшақтар Моңғол Ал-тайының солтүстік жағын мекендеп, қанат жайған. XI ғасырда Шығыстан Қытай ығыстырған сансыз көп қидандар (қара қытайлар) қыпшақтарды Батысқа қоныс аударуға мәжбүр етті. Дәл осы кезде Алтайда, Ертістің орта бойында, бір кездегі Ұлы Түрік хандығы ыдырағанда жеке отау тіккен Қимақ мемлекеті дағдарысқа үшы-рай бастаған еді. Қоныс аударуға тастүйін бекініп, жорыққа дайындалған Қыпшақ жауынгерлері қимақ-тардан айтарлықтай қарсылық көрмей басып өтіп, елін Ертістің шығыс жағында созылған Сарыарқаға әкелді. Қыпшақтар жәйлі қоныс іздеп Сырдарияның төменгі жағына Аралдың маңына шоғырлана бастады. Бүл өлкені мекендеген Қаңлы-Оғыздар соғыста шыныққан Қьшшақ жауынгерлерінің тегеурініне шыдамай Орта Азия мен Батыс аймақтарға қоныс аударды.

Қазақ Даласына қыпшақтар XI ғасырда келген. Аз уақыт тыныстап, ата жүртына керек тайпаның бірі екендігіне көзі жеткен қыпшақтар бір кездері Түрік хандығының қүрамында болған Ба-тыс елдеріне қарай жорыққа аттанды. Ертіс пен Дунайға дейінгі қыпшақтар билік жүргізген өлке Қыпшақ Дала-сы (Дешти — Қыпшақ) атанып, тарихқа кірді. Осы ХП ғасырдан бастап Қыпшақ Даласындағы оқиғалар мен оны мекендеген көптеген халықтар Қыпшақ этнонимімен байланыстыра баяндалып келді.

Арғындар. Саны жағынан қазақ халқының ішіндегі ең көп тайпа арғындар. Бұл тайпаның қай кезде қүрыл-ғаны туралы нақты дерек болмағандықтан, арғындар туралы әр түрлі пікірлер айтылады). Зерттеулер мен тарихи де-ректерді сараптасақ, арғындар негізін тарих тереңінен, ежелгі Ғұн сақтарынан алады деуге болады. Ал, атау-ына келсек, Арғын шамамен сол VBI — X ғасырларда шыққан. Арғын өз ұрпақтарын, соңына ерген елін

басқарып, оны кейін ру-тайпа санатына жеткізген тұлға. Арғын тайпасы бірнеше ру-тайпаның жұрнағының бірігіп, топтасуынан құралған деген пікір қисынсыз. Қа-зақ халқының тарихында үлкен құрама тайпа жоқ, болса да аз уақытта қайта ыдырап кетеді. Бір аталықтан тараған ұрпақтар ғана түтас тайпаға айналып, осы түлғаның атымен аталуы біздің халыққа тән ежелгі дәстүр.

Ерте ортағасырларда арғындар Шыңғыс ханға дейін Моңғол өлкесінде бейбіт өмір сүрген. Біріге бастаған Моңғол тайпаларының қүрамына кіргісі келмеген арғындар ХП ғасырдың соңында Сарыарқаға қоныс аударған. Арғын тайпасының Қазақ Даласына келгені Қыпшақтар мен Наймандар сияқты дүбірлі оқиғалармен байланысты тарихи деректерде айтылмайды. Олар жергілікті қазақ ағайындарымен оңай тіл табысып, ешкімге ауыртпалық жасамағаны байқалады.

Сарыарқаны ен жайлаған арғындар мал-жаны есе-леп өсіп, кейінгі замандарда үлкен тайпаларға айналған. Мүхаммед Хайдар Дулати (1499 — 1551) өзінің «Тари-хи-Рашиди» атты кітабында Қазақ Даласын иемденген Шыңғыс ханның ордасында Арғын билері, әскерінде Арғын қолбасшылары болғаны туралы айғақтар келтірген. Осы деректер Арғын тайпасының Шыңғысханға дейінгі заманда болғанының дәлелі.

Наймандар. Найман тайпасы туралы тарихи деректер ҮШ ғасырдан белгілі. Наймандар туралы мәліметтер ортағасырлық және қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.

Наймандар Шыңғыс ханға ашық қарсылық білдіріп, бағынудан бас тартқан. Бірақ ішкі араздықтан екіге бөлініп кеткен Найман үлысы әлсіреп қалады. Шыңғыс хан наймандардың Бүйрек билеген бір бөлігін 1199 жылы, ал Таян бастаған екінші бөлігін 1204 жылы ойсырата жеңеді. Бірақ наймандар бас имей қашып, Күшлік ханның бастауымен 1208 жылы Алтайдың Ертіс жағасына келіп тоқтады. Күшліктің көзін жоймай алдына қойған ұлы жоспарын іске асыра алмасын білген Шыңғыс хан оны өкшелеуін қойған жоқ.

Наймандардың ханы Күшлік те Шыңғыс ханға қарсы үлыстарды біріктіріп, қарсы соғысқа дайындалды. Ертістің жағасында 1208 жылы біріккен наймандар мен мер-кіттер Шыңғыс ханнан тас-талқан жеңіліс тапты. Күшлік наймандарды Ертістен өткізіп, Жетісудағы қазақ ағайындарын паналады. Сол кездегі Қазақ Даласында билік жүргізген қара қытай Жилигу горхан Күшлікті жылы қарсы алады, қызын беріп күйеу баласы етеді.

Билікке үмтылған Күшлік 1212 жылы жасы келіп, қартайған Жилигу горханды ордасында өлтіріп, өзін Қазақ Даласының билеушісі жариялайды. Бірақ елге жайсыз Күшлік хан қазақтардан қолдау таппайды. Осыны білген Шыңғыс хан қазақтарға маған керегі Күшлік ал сендерге тимеймін деп сендіріп, жауынгер топтарын Қазақ Даласына жібереді. Жергілікті қазақтардан да, Түркістанға келіп түрақтаған өзінің наймаңдарынан да қолдау таппаған Күшлік Қашқарға келеді. Арнайы тапсырмамен жүрген Жебе ноян бастаған Жауынгерлер Күшлікті бұл жерде де түрақтатпай өкшелеп қуып, 1218 жылы таулы Бадахшанда жетіп, басын алады. Өзіне қарсы келген, бітіспес жауы Күшліктің көзін жойған ІІІыңғыс хан 1219 жылы Қазақ Даласына лап қойғаны белгілі.

Қоңыраттар Монғол үлысының қүрамьінда болған ежелгі қазақтардан тараған тайпа. Шыңгыс ханның бәйбішесі, төрт ұлының анасы Бөрте Қоңырат тайпасынан, осыған байланысты қоңыраттар Щыңғыс хан қүрған Моңғол империясында, қайын жұрты ретінде, айрықша орын алған. Ордадағы билеушілер арасында қоңыраттар көп болған.

Қазақ Даласына келген Шыңғыс ханның жауынгерлерінің арасындағы қоңыраттар Отырар мен Сырдың бойын алған соң осы өлкеде тұрақтап қалады. Қоңыр-аттар өзбек, қарақалпақ халықтарының ішіңде де бар

Керейлер. Бүл тайпа туралы деректер тарихта VII — ҮТП ғасырларда бой көрсетеді. Керейлер осы заман-нан бері Моңғол даласында дербес тайпалық құрған. Еркін тіршілік етіп жүрген керейлер Шыңғыс ханға бағынбай, қарсы шығады. Бірақ 1203 жылы Шыңғыс ханнан жеңілген керейлер батысқа қарай қоныс ауда-рьга, Қазақ Даласын паналайды.

Уақтар. Тарихи деректердегі Оңғыттар осы Уақтар деген пікір дүрыс болса, олар керейлермен қатар өмір сүрген болып шығады. Уақтардың барлығы Шыңғыс ханды бірауыздан қолдамаған. Керейлерді жақтаған Уақтар, солармен қатар Қазақ Даласына келген.

Арғын тайпасы Сарыарқаны, Уақ пен Керей тайпалары Солтүстік аудандарды, Найман тайпасы Алтайдан Жетісуға дейінгі Шығыс жақты, Қоңырат тай-пасы Сырдарияның орта жеріне қоныстанды.

Үлы жүздің бүрынғы Қаңлы жеріне қоныстанғандығына байланысты Шәкәрім Қүдайбердіұлы (1911, 1990) қоңыраттар алғаш, Қазақ Даласына келгенде, ¥лы жүз қүрамына кірді, кейін Орта жүзге қарады дегенді олардың қоныстанған жеріне ғана байланысты айтқан.