На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / Тоғыз кітаптан тұратын тарихнан
.doc
-
Будиндерден солтүстікке карай аддымен жеті күндіқ шөл дала созылып жатыр, одан шығысқа қарай фиссагеттер - саны көп, ерекше тайпа өмір сүреді. Олар аң аулаумен күнелтеді. Сол өлкеде олармен көршілес иирктер13 деп аталатын халық бар. Олар да аң аулаумен қүн көреді, аңды мынадай тәсілмен ұстайды. Аңшылар аңды ағаш басында отырып андиды (өйткені олардың жері қалың ағашты ғой). Әрбір аңшының көзге көп түспеу үшін ит сияқты жербауырлап жатуға үйретілген аты қарауылда даяр тұрады. Аңды көрген аңшы эуелі садақпен атады да, іле атына қарғып мініп, қуа жөнеледі, иті соңынаң жүгіреді. Иирктен жоғары шығысқа қарай тағы бір скиф тайпалары тұрады. Олар патшалы скифтер езгісінен қашып шығып осы жерді жайлаған.
-
Осы скифтер жерін қоса жоғарыда аталған барлық елдер жері топырағы қалың жазық болып келеді. Ал одан ары қатты, тастақ, ойлы-қырлы жер басталады.14 Осы тастақ даламен ұзақ жүріп отырып, биіқ таулар етегін мекендеген елге келесің. Естуімше, олардың еркектері де, эйелдері де туғаннан тақырбас болатын қөрінеді, жалпақ танаулы, Іиықшытты.|5 Олар өзгеше тілде сөйлеседі, скифтерше киінеді, ағаш жемістерімен қореқтенеді. Олар жемісін тамаққа пайдаланатын ағаш аты - понтик. Бұл ағаштың биіктігі інжір ағашындай, жемісі бұршақ тэріздес, бірақ ішінде сүйегі бар. Пісқен жемісті матаға орап сыққанда, одан "асхи" деп аталатын кара шырын ағады. Бұл шырынды олар жалайды жэне сүтке қосып ішеді. Асхи қоюынан олар шелпеқ пісіреді. Ол жерде жайылым мардымсыз болғандықтан, малдары аз. Әрқайсысы ағаш түбінде өмір сүреді. Қыста ағашты қалың ақ киізбен жабады, ал жазда жабусыз қалдырады. Олар қасиетті деп есептелетіндіқтен ешқандай адамдар оларға
І иіспейді, оларда тіпті қару-жарақ та болмайды. Олар қөрші халықтардың арасындағы жанжалды реттейді, ал қандай да бір қашқын бұларға келіп паналаса, оны ешкім ренжіте алмайды. Бұл халықтың аты - аргиппейлер.
