Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
67.07 Кб
Скачать

Тарихы. Е. — адамзат өркениетінің алғашқы бесіктерінің бірі (қ. Мысыр). 395 жылдан бастап қазіргі Е. жері Византияның қол астына карады. 612 — 622 ж. Визан­тия мен Иран арасыңдаы соғыс кезінде ел қатты шапқыншылыққа ұшырап, жергілікті халық. Араб халифатынан көмек сұрады. 640 — 41 ж. ха­лифат әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп, гректер сол кездегі ел астанасы Александриядан (Искандария) кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Е. Араб халифатының қол астына өтті. Әкімш. орт. Фустат (казіргі Каир) қ-на ауыстырылды. Елді 9 ғ-дың ортасына дейін кұрайыш тайпасының көсемдері мен халифалардың туыстары басқарды. 854 жылдан бастап үкімет билігі түркі тектс әскери басшІылардың қолына өтті. Солардың арасынан шыққан Тулун және Ихшиз әулеттері Бағдат халифтарының билігін тек сөз жүзінде ғана мойындады. Осы кезеңде (8 — 10 ғ-лар) а. ш. қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (макта, қант қамысы, күріш) өсіріле бастады. Құм астында қалған Суэц кана­лы қайтадан іске қосылды. Жер мемлекетке карасты болып, үкімет әскери басшылар мен діни қызметкерлерге еңбегіие қарай иеліктер бөліп берді. Жерге жеке меншік құқығы — мүлік деп аталды. Діни мекемелерге қарайтын жерлер уакф деп аталып, олардан салық жиналмайтын болды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды. Копт тілі 14 ғ-ға дейін пайдаланылғанымен, кейіннен тек копт христиандар арасында ғана колдапылатын болды.

969 ж. Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Е-ті басып алды. Фатима әулеті 11 ғ-да күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Бат. Арабияны, Мальта, Си­цилия, Сардиния, Корсика аралдарын басып алды, өрі Бағдаттағы Аббас әулетімен бәсекеге түсті. Бірақ 11ғ-дың ортасынан бастап шет аймактарда бүліктер жиі болып, орталықтың билігі әлсірей бастады. Оған коса шет елдіктер соғыс ашып, норман тайпалары — Сицилияны, түріктер Сирия мен Палес­тинаны басып алды. Мекке, Медине, Хиджаз

қ-лары Аб­бас әулетіне өтті. Крестшілер жорығы да елге коп зиян келтірді. 1171 ж. түріктер Фати­ма әулстін биліктен тайдырып, Е - те Салах әд-Дин бастаған Айюб әулеті (1171 — 1250) үкімет басына келді. Бүдан кейін елді мәмлүк қыпшақтары басқарды. Түркі билеушілерді әсіресе, сұлтан Бейбарыс (1260 - 77) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия жерлерін азат етті. Бұған коса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, тәулсіздігін сактап (с. Бейбарыс ). Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшақ мемлекеті Алтын Ордамен елшілер алмасып тұрды. Осы кезеңгі елдегі мәдениет те жоғарғы дәрежеге жетіп, тіл білім әдебиет, философия, тарих математика, астрономия, геграфия. т.б. ғылымдар дамыды.

15 ғ-дың бас кезінде мәмлүк сұлтандары Әмір Темәрдің шабуылын тойтарды. Дегенмен, 14 — 15 ғ-ларда шаруашылық құлдырап, азық жетіспеушілігі пайда болды, халық саны азая бастады. 15 аяқ кезінен бастап Е ке Осман сұлтандығы қауіп төндіріп, 1516 — 17 ж. елді жаулап алды. Жана тәртіп орнатылып, шаруашылық қалпына келтірілді. Бірақ 17 – 18

ғ-ларда қолөнер мен сауда тағы да дағдар ұшырап, халык бұкарасы күйзеле бастады. Халықтың толкуы жиілеп кетті. 1718 - 98 ж. момлүктер ішкі билікті өз колдарына алып. Стамбұлға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780 - 90 ж. түрік сүлтандарына багынудан бас тартты. 1798 ж. елге Наполеон әскерлері басып Оның ислам дінін қабылдап, Е – ке тәуелсіздік алып берсем деуі кұр алдау екені белгілі болғаннан кейін, Каир басқа да калаларда француз дарға карсы көтерілістер басталды. Көтерілісшілер түрік жане ағылшын әскерлерінің көмегімен 1801 ж. француздарды елден куып шыкты. Ел ішіндегі ішкі тартыстар тоқтамай, 1805 ж. албан жасақтарының қолбасшысы Мұхаммед Али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мәмлүктерді жеңіп, іс жүзінде теуелсіз Е. мемлекетін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер, әскер, өндіріс, ағарту ісі, сауда, т.б. салаларда) жүргізді. Еур. үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты, орта және жоғары оқу орындары, өнді­ріс орындары ашылып, Е. кайтадан дами бастады. Мұхаммед Али 1820 — 30 ж. Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын, Кіші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821 — 29 ж. болған грек көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер , Мухаммед Алидің теңіз флотын талкандап, әкерін Грекиядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік сұлтанымен соғысты әрі карай жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 ж. Суданнан басқа жерлердің бәрінен айрылды. Елдің әскери күштері қысқартылды, шет ел саудагерлеріне жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Е-ке үстемдік жүргізе бастады. Әсіресе, Суда каналы салынғаннан кейін (1869ж .) олардың ықпалы қатты күшейіп кетті. Бірақ елдің Батыс мемлекеттеріне тәуелділігі арта түсті. 1867 жылдан қаржы жүйесі ағылшын - француздардың қолына өтті. Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды, ұлтшыл топтар пайда болып, 1879 ж. Шығыс елдердегі ең алғашқы саяси партиялардың бірі — Уатан партиясы құрылды. Уатан партиясын қолдаған хедив Исмаилды Батые елдері тақтан түсіріп, орнына Тауфикті отырғызды. Оған қарсы Араб паша бастаған әскерилер төңкеріс жасап, жаңа үкімет құрылды. Жаңа үкіметке Англия соғыс ашып, елді басып алды. Ел ресми түрде Осман сұлтандыгының бір бөлшегі саналғанымен, іс жүзінде Англиянын отарына айналды. 1899 ж. Суданды билеуге египет-ағылшын келісімі жасалынып, онда да ағылшын үстемдігі орнады. Екі ел де ағылшын өндірісіне қажетті макта өсірумен айналысты. 1-дүниежүз. соғыс басталғанда ағылшындар

Е- ке билеуші етіп Хусейн Камилді отырғызып, оған сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне кара жұмысқа 1 млн. Е. тұрғындары алынды. Халық тұрмысы күрт нашарлады. Жер-жерде саяси бас көтерулер басталды. 1922 ж. Ан­глия тарапынан протекторат жойылып, Е-ке тәуелсіздік берілгендігі жөнінде үндеу жарияланды. Ел билеушісі Ахмед Фуад (1917 — 36) мәлік лауазымын алып, конс­титуция жариялап, парла­мент сайлауын жүргізді. Негізгі мәселе — ұлттық тәуелісіздік шешілмегеннен кейін, халық толқуы жалғаса берді. Саяси жағдай шиеленісіп кетті де, 1936 ж. тамызда жаңадан ағылшын-египет шарты жасалынып, елдің тәуелсіздігі нығайтылды және Е. Ұлттар Лигасына қабылданды. 2-дүниежүз. соғыс басталғаннан кейін Англияның ықпалынан шығу үшін кейбір топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай, Италия және Герма­ния әскерлері Е-ке басып кірді, бірақ. 1942 ж. қазан — қараша айларында ағылшындар оларға әл-Алемейін түбінде күйрете соққы беріп, Ливияга шегіндірді. 1945 ж. ақпанда Е. Германияға соғыс жариялап, наурыз айында Е. үкіметінің ұйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы кұрылды. 1945 ж. шілдеде Е. БҰҰ ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948 — 49 ж. басқа да араб мемлекеттерімен одақтасқан Е. Израильге соғыс жариялап, жеңіліске ұшырады. Мәлік сарайынын беделі төмендеп. оған және отаршыларға қарсы партизан соғысы күшейді. 1952 ж. Каирде 700-ге жуық Ірі-ірі сарайлар мен үкімет мекемелері өртеліп жіберілді. Мәлік төтенше жағдай енгізіп, 6 ай ішінде 6 үкімет ауыстырылды, жаппай жазалау шаралары басталды. Осындай ауыр кезде 1952 ж. 23 шілде күні әскери төңкеріс болып, билік басына Аб­дель Насер бастаған Ерікті офицерлер ұйымы келді. 1956 ж. ағылшын әскерлері Е. жерінен шығарылды да, 23 маусым күні жаңа конс­титуция кабылданды. Абдель Насер президент болып сайланды. Елдін сырткы саясатында көптеген өзгерістер болып өтті. Социалистік елдерден кару-жарақ сатып алуға байланысты келісімнен кейін Батые елдері Асуан бөгетін салуға қажетті көмек беруден бас тартты. Жауап ретінде Е. Суэц каналын мемлекет меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Е-ке соғыс ашып, тәуелсіздігіне қауіп төндірді. КСРО, басқа да социалистік елдер Е-ті қолдап, Азия мен Африканың халыктары ынтымақтастық білдірді. Үштіктің шабуылы сәтсізлікке үшырады. Бұдан кейін Е. социадистік елдермен тығыз карым - қатынас орнатып, КСРО Асу­ан бөгеті мен электр ст-н, бас­ка да кәсіпорындар салуға көмек берді. 1956 — 61 ж. шет ел капиталының үстемдігі жойылып, әлеум.-экон. жағдай жақсарды. 1960 — 61 ж. банкілер, кәсіпорындар үкімет қолына өтіп, жекеменшік жер иелену көлемі азайтылды. 1965 ж. экономиканың 80%-і мемл. секторға өтті. 1967 ж. 5 маусым күні Израильдің шабуылына тап болған Е., Сирия, Иордания 6 күн ішінде тас-талқан болып женіліп, біраз жертіерінен айырылды. Бұл оқиға Е. үшін аса ауыр соққы болды. Синай түбегін Израиль басып алды, Суэц каналы қиратылып, 1975 .жылға дейін жабылды. 1970 ж. Абдель На­сер қайтыс болғаннан кейін үкімет басына Ануар Саадат келді. Елдін саяси бағыты күрт өзгеріп, бұрынғы президентінің жақтастары куғынға ұшырады. 1971 ж. шілде-де кеңестік әскери кенесшілср еллен шығарылып, жаңа конституция кабылданды (1971, қыркүйек). Шет ел капиталына еркіндік беріліп, жаппай жекешелендіру басталды. Ислам — мемл. дін болып жарияланды. 1973 ж. 6 — 22 казан аралыгында .Е. әскерлсрі шабуылға шығып, Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. Бұл оқиға жеңіліспен аяқталғанымен, әсері зор болды. Еги­пет — Израиль кедіссөздері басталып, Батыс елдерімен жақындасу күшейе түсті. Бұл бетбұрыс 1977 ж. қараша айында Ануар Саадаттың Иерусалимгс баруымен және 1978 ж. Кэмп-Дэвид келісімі, 1979 ж. наурызда Египет — Израиль бейбіт келісімі жасалынуымен жалғасты. Нәтижесінде. Е. басқа араб елдеріне оқшауланып каллы да, Ануар Саадаттын өзі 1981 ж. 6 қазан күні қарақшылар колынан қаза болды. Орнына келген Хосни Мубарак Кэмп-Дэиид кедісімінен бас тартпаса да, басқа араб елдсрімен карым - қатынасты жандандыруға күш салды. Нәтижесінде, Е. Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам конференциясы ұйымына қайтадан мүшелікке қабылданды. Ануар Саадат тұсында қабылданған конституцияға кейбір өзгерістер енгізіледі. Соңғы жылдары үкімет елдік экон. дамуын жеделдету бағытында елсулі жүмыстар атқаруда. Е. пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым- қатынастар 1992 ж. орнаған. 1993 ж. 13 — 16 ақпан аралығында Қазақстан Президенті - Н.На­зарбаев Е-те болып қайтты. Екі ел арасындағы келісім бойынша Каир мен Алматы қал ал ары арасында тікелей авиабайланыс орнатылды. Білім беру саласы (студенттер алмасу. экономика, қаржы. халықар. құқық мамандары арасында тәжірибе ал­масу) мен денсаудық сактау саласындағы (дәрі - дәрмек эксперты және фармацев фабрика салу) ынтымақтастық туралы келісімдер жасалынды. Алматыда Ислам Мәдени орталығы салынды.

Экономикасы. 1998 жылы Е-тің ішкі жиынтық өнімі 70 млрд. АҚШ долл. шамасында болды. Экономикадағы жеке меншік кәсіпорындар үлесі — 70%, а. ш-ның үлесі — 17%, ал өнеркәсіп орындарының үлесі 28,3%-тен астам. Жерінің 5%-ке жуыгы а. ш-на жарамды жерлер. Азық-түлік тауарларымен халық 40% қана қамтамасыз етілген. Қалғаны сырттан әкелінеді. Жоғары сапалы мақта шығарудан Е. дүние жүзінде 1-орын алады. А. ш-нда бұдан басқа бидай (6,2 млн. т.), жүгері (5,9.млн. т.), күріш (5,1 млн. т.), ет (0,6 млн. т.) өндіріледі. 1997 жылдан бастап жаңа, жоба бойынша 1,4 млн. га шөл даланы игеру жүзеге асырылуда. Өнеркәсібінің негізгі салалары: мүнай шығару, мүнай өндеу, тамак, тоқыма өнеркәсібі, металлургия.

Өнері. Е. жеріне арабтардың келуіне (639) және ислам дінінің таралуына байланысты мұнда араб мәдениеті оркендеді. Алғашқы араб қалалары (Фустат, 640, т.о.), мешіттер мен сарайлар, көпшілік моншалары салынды. 7 — 9 ғ-ларда нақышты бағаналар тізбегімен әрленген мешіттер (Фустаттағы Амра ибн әл-Аса мешіті, 641 —642) іргс көтерді. Ніл өз-нің денгейін анықтап тұратын Каирдағы құдық сол кездегі азаматтық архитектураның озық үлгісіне жатады. 9—12 ғ-лардағы Е. сәулет өнеріне тән сипат— кең тыныстылық, композициялық айқындық пен жинақылық. Осы кезендегі архит, ескерткіштерден сақталғандары — Каир кақпалары: Баб әл-Футух, Баб ән-Наср және баб оз-Зүбәйла (11 ғ.); Фустаттағы тұрғын үйлер (10—11 ғ.). Айюб әулсеті мен мәмлүктер билігі тұсында күрделі сәулет өнері кешендері, діни кұрылыстар салынды (мыс., Каирдағы Калаун сұлтан кешені, 1284 — 85). Осман империясы билігі кезеңінде Е. мешіттері түріктік сипат алды. Мыс., Каирдағы Синан пашаның (1571), Мүхаммед Алидің 1830 — 48) мешіттері. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың 1-жартысындағы сәулет өнерлнің дамуына француз, ағылшын және бельгиялқ, италиялық сәулеткерлер қатысты (мыс., Каирдагы Египет музейінің ғимараты, 1902, француз сәулетіпісі М.Дурньон). 1952 жылы, революциядан кейін Е. қалаларын кайта салу мен абаттандыру ісі қолға алынды, қоғамдық ғимараттар, көп кабатты мейманханалар сап түзеді. Каирдың солт-н ала туристік жайлар мен 100 мың кісілік стадионы бар қанаттас кала — Насер бой котерді. Е-тің қазіргі заманғы сәулет өнері кейде ортағасырлық араб сәулет өнерімен астасып жатады (балкондар мен терезелердегі оймышты торлар, сырткы нақыштар). Е. бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері Фатима әулеті билік құрған кезеңге жатады (Фустаттағы монша фрескалары, 10—11 ғ-лар; Ислам өнері музейі; тасқа, ағашқа піл сүйегіне оймыштап түсірген музыкашылардың, бишілердің, аттылы адамдардың бейнелері, аңшылық пен мейрам көріністері; миниатюралар). 10 —12 ғ-ларда нақыштап түсірілген адам мен ай бейнелері.