Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
55
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
256.2 Кб
Скачать
  1. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы.

  2. XVI-XVIII ғғ. Қазақ орыс қарым-қатынасы.

XVIIIғ.-дың ортасына қазақ өлкесінің саяси-экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары және шет елдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы . XVIIIғ. 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.Өазақтардың жиі саудаласытын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңейтті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.1766ж.Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.Ресейден әкелінетін тауарлар – көшпенділірдің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.1767 ж. 15 қараша – екінші Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан териториясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

  1. Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары.

  2. Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.

  3. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі. Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу; Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

  1. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.

1726ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы