Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Орта гасырлар.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
81.41 Кб
Скачать

Кіріспе

Орта ғасырлар деп аталатын кезең Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс елдерінің қай – қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты « шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философияның арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Осы кезеңдегі философиялық ілім « схолостика» (мектептік ғылым) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті.

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ.)- Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалилерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойдың діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің "зандылығын" дәлелдеуді (Аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалык тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Иоанн Рооцелин, Пьер Абеляр, Августан Аврелий т.б.

2.Кемеліне жеткен схоластика (XIII г.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Аль-Фараби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теориясы негізінде), философиялық-теологиялық ілімінің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт т.б.

3. Құлдырау кезеңі (Х1Ү-ХҮ). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардын тез қарқын дадамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ульям Оккам, Жан Буридан т.б.

Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды, Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ.»

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін—жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады1 . Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалмылардың шын өмір сүретіндігіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да реалистер жағынан да сынға түсті.

Замандастар Абелярды Галлидің Секраты, Шығыстың Платоны деп, өз заманының Аристотелі, диалектиканың лидері деп атайды. Абеллер негізінен номенализмді жақтайды. Өзінің философиялық көзқарас жағынан ол Августин Авреллийге жақын болды. Ол құжай адамдарға ақыл сыйлаы және құдайды танып – білу керек деген. Абеллер дінінің жетіспеушілігін адамдардың ақылдылығымен емес, оны әдет ретінде қабыладауында деп есептейді. Ол негізінен дінді санамен қабылдауға шақырады. Оның әрбір адамзат Құдайға сенуі тиіс, және тек құдай осы адамзатты өмірге әкеледі дегенді ұмытпауын қалайды. Өмірінің соңында Абеллер шіркеуімен «еретик» ретінде сотталады.

Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Августин Аврелий (354-430 ж.ж) философ, белгіліл католин шіркеуінің уағыздаушысы және саясаткері. Ол – августинизм деп аталған христиан философиясындағы неоплатонизм (жаңа платеншылдық) бағытының негізін қолдаушы. Негізгі субъектер: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып, оның іс - әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік – жігерімен белгіленіп қойған.2 Ол белгі игілікке немесе азаптарға бағытталған болуы мүмкін. құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік берген. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір – біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің бәрі де бағынулары керек.

Христиандық діни ілімді Аристотельдін философиясымен байланыстырған, шіркеудің алқашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап католик шіркеуініц шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский - 1225-26 жылы туып 1274 жылы қайтыс болады. Негізгі еңбегі: "Теологияның жиынтығы" т.б. Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар — форма мен материя—жеке заттар әлемін тудырады.3

Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан "таза форма" ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.

Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей келіп, Ибн-Сина сияқты универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: 1. зат айда болғанға дейін — құдайдың ойында; 2. заттардың өзінде - олардың мәні ретінде; 3. заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында — сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.

Заттардың мәні олардың түпнегізі — құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғаңдықтан адамдардың мақсаты — соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдын табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда — Христос, жерде Рим папасы. Аквинскийдің ілімі XIX ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

Адам және оның жаны туралы.

Аквинскийдің ойынша адамның ішкі дүниесінің жекелілігі – бұл адамның денесі мен жанының біркелкілігі және адам ағзасының өмірлік күші жан дейді. Жан әрқашанда уникальді – жеке қасиеттерді қамтиды4. Адам денесі мен жанының қосылып, бірігуінде ғана адам бойындағы ойлау, уайымдау қасиеттері көрінеді. Бұл өмірдегі, табиғаттағы «ең маңыздысы» ол – адам дейді Аквинский.

Этика туралы. Аквинат өзінің этикалық көзқарасында адамның тәуелсіздігіне, құдайға сенуіне тірелді. Этика саласындағы Аквинаттың ең маңыздысы идеясы – ол адамның принциптелген талпынысына бағытталған концепция. Ол адам шығармашылығының – теоретикалық сананың шығармашылығында, шындықты (білуінде) тануында, сонымен қатар құдайды қабылдауында жүзеге асырылады.

Қоғам мен мемлекет туралы.

«О правлении князей» деген трактатында Аквинаттың аристотельдік этикалық идеялардың синтезі және әлемді құдай басқаруы туралы христиандық оқытуының анализі, сонымен қатар римдік шіркеуідің принциптері туралы баяндалған. Аристотельдің ізінше, Аквинский де адам – табиғат шеңберіндегі қоғамдық құбылыс дейді. Мемлекеттік биліктің ең басты мақсаты қоғамда бейбітшілік пен адалдылық болуында, және тәртіптіліктің сақталуы деп есептейді5. Ол негізінде биліктің монархиялық түрін жақтаған, алайда монарх тиран болған жағдайында, халықтың тиранға билікке қарсы шығуына құқығы бар дейді. Өзінің универсалиялар туралы ұрыстарында ол бір қалыпты реализмді жақтаған. Адамда ең бастысы – сезім мен интеллект болуы қажет дейді.

Болмыс туралы. Өзінің болмыстық көзқарастарында Аквинат Арситотельді жақтаған. Аквинаттың ойынша, матеря - формалардың бірін – бірі алмастыратын қабылдағыш, «таза потенциялдық», тек қана формаға байланысты белгілі бір зат анықталады дейді.

Аристотель секілді Аквинат болмысты субстанциялар мен акциденцияларға бөлді. Акциденциялар, атрибуттар, субстанцияның белгілері субстанцияның анықтамалары болып табылады. Фома Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипаталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай – ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф. Аквинискийдің ілімі – хрестиандық діни ілім мен перипатетизм философиясының, хрестиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.

Дунс Скот (1268-1308) шотланд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігерінс тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютгі ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі — игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен біргс сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты — танып білу. Адамдар сезімдік түйсіністер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл- ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың (универсалий) мәнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдын туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уқытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні — рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына құманданбай сену керек.6

Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің із басарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.

Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон болды (1214-1249 ж.). Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы — тәжірибе, эксперимент және математика деп ессптеді. Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан — экспериментке, керегі жоқ кітаптардан — табиғатгы зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті.

Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы — тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы — тәжірибе. Себебі тәжірибе — тәжірибе болғандықтан құндылыкқа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек. Ал кей жағдайда тәжірибе де ақиқаттыққа жеткізе алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.7

Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Суарес, Лейбниц, Г. Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен, ағылшын ғұламасы Уильям Оккам (1300-1349-50 ж.) болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түсініп интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде трансценденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе — интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер.8 Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.

Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарға геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.