Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Илтимас.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
74.33 Кб
Скачать

Ежелгі Грекиядағы саяси ғылымның негізгі мектептері

Ең атақты Ежелгі Грек философиялық мектептері:

1.Милет мектебі;

2.Пифагоршылар мектебі;

3.Эфестік Гераклит мектебі;

4. Элей мектебі;

5.Атомистер; 

Милет мектебі – ежелг Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б.6ғасыр).Негізгі өкілдері Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Ионий  аймағындағы (Кіші Азияның батыс жағалауы) Милет қаласының атымен аталған. Милет мектебі ежелгі грекфилософиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Тіпті жердің өзі су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Анаксимандр дүниенің негізі – су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон деп білді. Дүние пайда болып, жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон ғана. Ол әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болған. Милет мектебі кейінгі грек ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал етіп, ежелгі Грекияда философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті. Пифагор мектебі – негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол ашты, сандарға мистикалық қасиеттерді таңды. Пифагоршылар сан – табиғатты бейнелеуде бірінші принцип, сан – материя және әлемнің формасы. «Барлық заттар саннан пайда болды» Филолай былай деген: «Егер сандар болмаса ешнәрсе пайда болмас еді, санның құдіретін құдайлар мен перілердің әрекеттерінен, адамдардың ойы мен ісінен, қолөнер мен музыкадан байқау қиын емес» пифагоршыларда сан – көзге көріненін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі пішін түрінде көрінеді.  Тақ және жұп сандардың түрлі сапалары болады: жұп сандар төмен дәрежеде, ал тақ сандао жоғары дәрежедегі қасиетке ие. пифагоршылар әлемнің пайда болу концепциясын былай түсіндірді: барлығының бастамасы – бірлік, бірліктен сан құралады., сандардан нүктелер, нүктелерден сызық, сызықтан жазық дене, садан кейін көлемді денелер пайда болады. содан соң төр түрлі материалды элементтердің бар екендігі тұжырымдалды: жер, от, ауа, су. Пифагор материалды элементтерді түрлі дұрыс көпбұрыштармен байланыстырып түсіндірді: жер – куб формасының бөлшектерімен, от – тетраэдрлер формасының бөлшектерімен, ауа – октаэдрлермен, су икосаэдрлермен. Эфестік Гераклит (б.з.д.535 – c. 475ж.) антикалық филсофияның бірегей өкілдерінің бірі, Эфес мектебінің ұстазы, Сократқа дейінгі философияның көшбасшыларының бірі. Ол диалектикалық ойлау дәстүрінің негізін салған ойшыл.Табиғат философиясы дәстүрін жалғастырушы. "Логос", "От", "Ағын", "Қайшылық" ұғымдары арқылы өзінің онтологиялық философиясын қалыптастырған. Оның мағынасы терең нақыл сөздері бүгінге дейін айтылады. Ақсүйек болса да, бірақ мінезі тұйық, мұңлы жүзді болғандықтан, әсіресе жазған, айтқан сөздері астарлы, күрделі, сырлы болып келетіндіктен замандастары оны Тұңғиық әулие деп атаған екен. Элей мектебі - б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған философиялық мектеп. Италиядағы грек колониясы – Элей қаласының атымен аталған. Өйткені мұнда Элей мектебінің ірі өкілдері тұрды. Элей мектебі тұңғыш рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Элей мектебі философия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Элей мектебі біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм философиясының қайнар көзіне айналды. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.Атомистер ілімі. Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы–атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне - өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б.тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.  Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ . Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.  Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым. Өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Денеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан өледі.Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы пікірлер айтқан. Адмдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті, ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық – сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп турлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты. Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес,тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана. Демокриттің атомистік ілімдерін әрі қарай жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дуниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атған қасиеттерден басқа көле, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады. Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр болды. Негізгі еңбегі «заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпикур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптылықпен қарап, олардың қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын бірге ұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.  Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды. Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]