Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
19
Добавлен:
25.10.2016
Размер:
242.69 Кб
Скачать

Қорытынды

Соңғы жылдары ИСО қызмет көрсету саласы және сапаны қамтамасыз ету жүйесi саласында халықаралық стандарттауға көп көңiл бөлiп отыр. Сапа мәселесiн шешуге бiрыңғай жол әзiрлеу мақсатында "Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету" 176 техникалық комитет құрылған болатын. Оның негiзгi жұмысы сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң негiз болатын принциптерiн стандарттау және үйлестiру болады. АҚШ-тың, Францияның, Ұлыбританияның және басқа елдердiң ұлттық тәжiрибелерiн талдап зерттеу негiзiнде 1987 жылы халықаралық стандарттар серти-ИСО 9000, содан кейiнгi жылдары – серти ИСО-14000, 17025 әзiрленген және жарияланған.

ИСО Әлемдiк сауда ұйымымен (ӘСҰ) стратегиялық ынтымақтастық орнатты. ӘСҰ-ның мүше елдерi немесе мүше болғысы келген елдер халықаралық стандарттау мәселелерiн жақсы бiлуi қажет және халықаралық саудадағы өз үлестерiн түсiнуi қажет.

ИСО-ның 146 мүшесiнiң 100-ден астамы дамып келе жатқан елдер. Олардың көбiсiнде стандарттар саласында және техникалық регламент, сәйкестендiрудi, сапаны және метрологияны бағалау сияқты бiр-бiрiмен ұштасып жатқан салаларда дамыған инфра құрылымның болмауы, бұл елдердiң экономикалық процесiне күрделi мәселелер туғызады. Нәтижесiнде саудада қажетсiз кедергiлер пайда болады, ресурстар мен өнеркәсiптiң мүмкiншiлiгi тиiмсiз пайдаланылады – осының бәрi экономиканы және елдiң өмiр сүру сапасын көтеруге жiберген күштiң дәрменсiздiгiн көрсетедi. Осы себептермен ИСО осы елдерге стандарттардың инфра құрылымның жасауға мұрындық болып, көмектесуде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

Жоспар :

I. Кіріспе

1. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы

II. Негізгі бөлім

2.1 Кристалдардың өсу жылдамдығы

2.2 Металдардың салқындау және қыздыру сызығы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты. Қорытпалар — екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.Металдық қорытпалар — тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат — темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін. Бейметал қорытпалар — бейметалдық заттардан, мыс., табиғи (гранит, гнейс, базальт) және жасанды силикаттар (шыны, қождар), тұздар мен органикалық заттар Қорытпаларынан тұрады.

Соседние файлы в папке новая папка