Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кан айналым.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
302.88 Кб
Скачать

Қорытынды

Қан (sanguis) – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка (жасуша) және клетка аралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық үрдістерді (процестерді) біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін. Қанның қызметі көп.Соның ең бастыларының бірі – газ тасымалдау (газ алмасу, тыныс алу); трофикалық тасымалдау – глюкоза, аминқышқылдарын, тұздарды, суды, тағы да басқа қоректік заттарды ас қорыту органдарынан тіндерге жеткізу; экскреторлық тасымалдау – организмдегі қажетсіз заттарды (несеп зәрін, несеп қышқылын, креатин, т.б.) зәр шығару мүшелеріне тасымалдау. Қанның ақ түйіршіктері бар. Оны лейкоциттер деп атайды. Бұлар бактерияларға қарсы арнайы иммунитет қалыптастырады, бактерияларды арнаулы емес (бейспецификалық) жолдармен жою арқылы ағзада қорғаныш қызметін орнатады. Қанда гормондар, биологиялық белсенді заттар болады. Олар зат алмасу өнімдерінің қатысуымен организмде мынандай күрделі жұмыстардың ұйытқысы болады: ағзада су мен тұздардың тепе-теңдікте тұруы, қышқылдар мен сілтілердің үйлесімділік табуы, организмде дене температурасының тұрақты болуы, қанның өндірілуі, тағы да басқа физиологиялық көрсеткіштердің қалыпты жағдайда реттелуі, организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының сақталуы.

Адам қанының құрамы

Қан эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер деп аталатын қан түйіршіктерінен, клеткааралық сұйық зат – плазмалардан тұрады. Гематокриттік көрсеткіш дегеніміз осы қан түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасы. Қалыпты жағдайда қан түйіршіктері 40-48 пайыз, плазмасы 52-60 пайыз болады, дейді дәрігерлер. Қан плазмасының 90-93 пайызы – су да, 10 пайызы – құрғақ зат. Бұл құрғақ заттың құрамы: 7-8 пайызы белок (4-5 пайызы альбуминдер, 3 пайыздайы глобулиндер, 0,2-0,4 пайызы фибриноген), 2-3 пайызы органикалық заттар мен минералдық қосылыстар. Қан плазмасы көмірсуының негізі – глюкоза. Қан липидтерінің құрамы: нейтральды майлар, бос май қышқылдары, олардың ыдырағаннан кейінгі өнімдері, холестерин, стеройдты гормондар.

Қанның бір тамшысының құрамында:

1. Қызыл қан денешіктері. Олар 20 миллионға жуық. Олардың әрқайсында оттегіні оңай біріктіріп, тасымалдайтын гемоглобин деп аталатын зат бар. Негізінен, қызыл қан денешіктері үш айдай өмір сүріп, жаңарып отырады.

2. Ақ қан денешіктері – лейкоциттер. Олардың көптеген түрлері болады. Көпшілігі микробтармен, аурулармен күреседі. Денеде қанмен бірге лимфа сұйықтығы да жүріп, зат алмасу қалдықтарын әкетеді, зиянды заттар мен микробтарды жоятын ақ қан денешіктерді таратады. Қаннан айырмашылығы, тек бір бағытта ғана қозғалуы. Ақ қан денешіктерінің кейбірі бірнеше күн, ал кейбіреулері бірнеше жыл өмір сүреді.

3. Қан пластинкалары немесе тромбоциттер. Олар бір-екі миллионға жуық, қанды ұйыту қызметін атқарады. Қанның ұюы деп – қан тамыры жарақаттанғанда ағзаның қансырауды болдырмайтын биологиялық қасиеті.

Қанның мөлшері мен тамырлары

Адам денесі салмағының он екіден бір бөлігіне жуығы – қан. Ересектердің көпшілігінде бұл 4-6 литр қан шамасында. Қанның 55 пайызға жуығы бозғылт сұйық плазма да, қалған 45 пайызы микроскоппен ғана көрінетін ұсақ жасушалар. Былайша айтқанда, адам денесіндегі қанның қалыпты көлемі дене массасының 6-8 пайызын немесе 1/13-1/14 бөлігін құрайды. Орта есеппен ер адамда 5,2, әйелде 3,9 литр қан болады.

Денеде жарақат пайда болғанында қан ұйып, жараның аузын бітеп тастау үшін оған қарай барады да жарақат орнында қанның құрамында фибрин деп аталатын зат микроталшықтардың торын құрайды. Қан пластинкалары (қан жасушалары) жарақаттан қанның сыртқа шығуын болдырмайтын ұйынды құруға жәрдемдеседі. Сонан соң ұйынды қатаяды, қабыршаққа айналады, жара жазылғанша, оны бірнеше күн бойы қорғап тұрады.

Қан тамырларының бес түрі бар. Олар:

Күретамыр (артерия). Жүректен қанды тасиды. Жүректің әрбір соғысында қан қысымына төтеп беретін күретамырдың жуан қабырғалары бар. Осы қабырға арқылы қан ірі ағзаларға жеткізіледі, күретамыр ол жерде былай тармақталып кетеді:

Артериолалар. Күретамырдың көшірмесі. Шаштың жуандығындай ұсақ. Олар қылтамырға бөлінеді:

Қылтамырлар (капиллярлар). Ұзындығы 1 мм-ге жетпейді. Ені мұнан да жіңішке және ұсақ. Олардың қабырғаларымен оттегі және құнарлы заттар қаннан айналадағы тіндерге ағады. Бірігіп, қылтамыр венулалар құрайды.

Венулалар. Баяу аққан қанды одан да аз қысыммен көктамырға жеткізеді.

Көктамырлар (веналар). Қанды жүрекке кері жеткізетін жұқа қабырғалы, жұмсақ тамырлар.

Әрбір уақыт аралығында денедегі қанның 66 пайызы көктамырда, 29 пайызы күре тамырда, 5 пайызы қылтамырда болады.

Қан айналымы

Қанның жүрек арқылы қан тамырлары бойымен жылжуын – қан айналымы деп атайды. Бұл үрдіс организмді сыртқы ортамен байланыстырады, тіндер арасында зат алмасуды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол ағза жасушаларын оттек, су, белок, көмірсу, май, минералдық заттармен, дәрумендермен жабдықтайды, зат алмасу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газ, тағы да басқа организмнің тіршілігінен түзілген зиянды заттарды сыртқа шығарып, ағзаны тазартады. Қан айналымы дене температурасын да реттеп отырады. Қан айналымы жүйесін медицина ғылымында ашқан адам – ағылшын дәрігері У.Гарвей (1578-1657). Бұл – 1628 жыл болатын.

Қан айналымының бұзылуы жүрек, қан тамыр және жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда пайда болады. Тромбоз, эмболия, атеросклероз, т.б. ауруларда да қан айналымы бұзылады. Инфаркт, миға қан құйылу (инсульт), эндартерит (артерияның ішкі қабығының қабынуы) аурулары да қан айналымының бұзылуына себеп. Жарақаттану жұқпалы аурулар, қан кету де қан айналымын бұзатын – патологиялық жағдайлар. Емхана, ауруханаларда сырқатқа диагноз қою, оны емдеу үшін ағзасынан белгілі бір мөлшерде қан алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]