
- •Студенттің пәндік
- •5В070800 –“Mұнайгаз ісі” мамандығы үшін
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Сурет. Еңкіш жатқан қабат.
- •Мұнай және газ кен орындары
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •2 Сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.
- •1 Сурет. Бір тізбекті ұңғы сағасының байланысты схемасы.
- •1 Сурет. Шеттелген суарыны 2 сурет. Жабық (экрандалған) газ
- •Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері (тәртіптері)
- •Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру
- •1 Сурет. Қабаттың схемалық қиылысы.
- •Ұңғының құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •1 Сурет. Терең сорапты қондырғының схемасы.
- •1 Сурет. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі.
- •Төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
- •1 Сурет. Мұнай айдау жүйесі.
- •Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
- •2.3. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауап паспорты
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •Мұнай-газ ісі негіздері
1 Сурет. Еңкіш жатқан қабат.
Қ а т п а р л ы (пликативті) қ о з ғ а л ы с т а р нәтижесінен қатпарлар түзіледі, яғни қабаттар толқын тәрізді иілімдер құрайды (1 сурет).
Осы иілімдердердегі тау жыныстарының жасына қарай қатпарларды екі түрлі атайды. Егер өзегінде жас жыныстар, қанатында көне жыныстар жатса қатпарды с и н к л и н а л дейді. Оның майысуы төмен қарайды да, қанаттарындағы қабаттар бір-біріне қарай беттеседі. Ал егер өзегі көне қабаттармен толып, қанаттарында жас қабаттар жатса ондай қатпарларды а н т и к л и н а л деп атайды. Оның майысу доғасы жоғары қарайды да, қанаттарындағы қабаттар кері жақтарға құлайды. Жапсарлас антиклинал мен синклинал бірігіп т о л ы қ қатпар құрайды.
Жарықтар (дизъюнктивтік) деформациялар кезінде жердің ішкі күштерінің салдарынан қабат жарылып кетеді. Содан пайда болған жарықты бойлап қабаттың екі қабаты бір біріне жылжиды. Жарықтың өзімен қоса бұл жерде лықсыма, ығыспа, жылыспа, бастырма түрлері болады.
Жоғарыда айтылған деформациялар бірігіп жер қыртысының алғашқы құрылымы мен жер бетінің бедерінің өзгертуіне әкеледі. Жер қыртысында әлденеше геологиялық құрылымдар пайда болады, олардың ішінде ең ірілері платформалар мен геосинклиналдар (қатпарлы құрылымдар).
П л а т ф о р м а л а р - жер қабығының негізгі тектоникалық құрылымы. Оларға негізінде шамалы амплитудадағы тербеліс қозғалыстары тән, себебінен өзінің байырғы құрылымын кілт өзгерте алмайды. Платформалар екі үлкен қабаттан құрылады. Төменгі қабаты күшті метаморфталған, бұзылған өте көне (докембрий) жыныстардан құралады, ал үстіңгісі одан жас фанерозойдың жыныстарынан түзіледі.
Г е о с и н к л и н а л – жер қабатының ең қозғалысты аймақтары. Сондықтан олар қалың (бірнеше мың метр) әртекті жыныстар қабаттарынан құралады. Геосинклиналдар даму жолында екі сатыдан өтеді. Алғашқы сатысында ол өркенді төмен майысқан теңіз бассейнінің табаны болады да онда әртүрлі шөгінді және вулканды жыныстар үймелейді. Екінші сатысында геосинклиналдар қатпарланып, жоғары көтеріліп таулы қатпарлы жүйеге айналады. Мысалы – Орал, Сарыарқа, Кавказ, Қырым, Копет-Даг. Геосинклиналдар қазіргі кезде де дамуда. Осындай даму үстіндегі ретінде Жапонның Камчатка-Курил аралдарын және олармен жапсарлас теңіздің терең науаларын айтамыз.
Кеуектілік. Тау жыныстарының арасындағы барлық қуыстардың аумағын ақиқаттық немесе теориялық кеуектілік деп атайды. Жыныс арасындағы қуыстарды қосқандағы қосынды көлемін алынған жыныстың сыртқы аумағына қатынасы кеуектілік коэффициенті деп аталады. Ол былай табылады:
(1)
Kк – жыныстың кеуектілік коэффициенті; Vк – жыныстың (үлгінің) қуыс көлемі; V – сол жыныстың (үлгінің) аумағы.
Кеуектіліктің проценттік мағынасын табу үшін 1 формула арқылы табылған мағынаны 100-ге көбейту керек:
(2)
мұндағы: kк – жыныстың кеуектілік проценті.
Қуыс-кеуектердің мұнайға, суға, газға қанығуы және олардың қуыс қаналдарымен жылжуы қуыстың аумағына байланысты. Көлденеңі ірілеу қуысқа сұйық оңай кіреді де ол тартылыс күшінің әсерінен кеуектің саңлауларымен әжептеуір жылжиды. Майда кеуектерге (капилляр кеуектер) сұйықтың енуі үшін күшті қысым керек болғандықтан сұйықтың кеуектік қаналдармен жылжуы қиынға түседі.
Өткізгіштік. Шөгінді тау жыныстарының өз бойынан қысыммен сұйық (мұнай, су) пен газ өткізу қасиетін өткізгіштік деп атайды. Өткізгіштік – тау жыныстарының коллекторлық сипаттамаларының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Өткізгіштік жыныс ішіндегі сұйықтың көлемін сипаттамайды; ол тек қана сұйық пен газдың кеуектік саңлауын бойлап жылжу қабілетін көрсетеді.
Мұнай мен газ орналасқан қабаттардың өзінен сұйық пен газды өткізу қабілетін өткізгіштік коэффициенті арқылы білуге болады:
(3)
Бұнда, kө - өткізгіштік коэффициентті; Q – үлгіден өтетін сұйықтың шығымы см3/сек; - сұйықтықтың тұтқырлығы, спз; L – үлгі тастың ұзындығы, см; F – үлгі тастың кесін ауданы, см2; (P1 - P2) – үлгінің басы мен аяғындағы қысым айырмашылығы, атм.
Шөгінді тау жыныстарының өткізгіштігін өлшеу үшін Дарси (д) немесе оның мыңнан бір бөлігі миллидарси (мд) өлшем бірлігі қолданылады.
Коллекторлар - сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын айтады.
Табиғи резервуарлар – деп жер қойнауында мұнай, газ және су орналасқан коллекторлардың үстіңгі және астыңғы жағы сұйықтық пен газды өткізбейтін (немесе нашар өткізетін) жыныстармен қоршалған табиғи қоймаларды айтады.
Жер қойнауында табиғи резервуарлардың бірнеше түрлері кездеседі.
Массивтік резервуарлар - қалыңдығы едәуір кеуекті жыныстардан құралған бірнеше қабаттан тұратын, асты мен үстіңгі жақтары сұйықтық пен газды өткізбейтін жыныстардан құралған табиғи қоймаларды атайды. Көп жағдайларда мұндай резервуарлардың астыңғы жағында тек қана ортақ – мұнай-су шекаралығы болады. Осындай резервуарлардың қатарына жабыны мен табаны сазбен қоршалған жарықшақ қалың әктастан тұратын қабаттар жатады.
Литологиялық шектеулі резервуарлар - деп жер қойнауында жан-жағы литологиялық өткізбейтін тау жыныстарымен қоршалған кеуекті және өткізгіш резервуарларды айтады.
Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныққан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынан көшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары – су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады.
Ұстағышы (тұтқыш) - деп мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау жыныстарының жиынтығын айтады.
Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті.Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады (2 сурет).
Дөңбек күмбез ұстағыштар - антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез құрылымының жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, кұрылымның тұлғасына сай орнығады (2, а-сурет).
Литологиялық экрандалған ұстағыштар. Мұнай мен газдың шоғырлануына ұстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес, кей жағдайларға мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған деп атайды (2, б-сурет).
Тектоникалық кедергілі ұстағыштар. Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды (2, в-сурет).
Стратиграфиялық кедергілі ұстағыштар. Бұл жағдайда құламалы мұнай-газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергі келтіріп, қорды сақтауға көмек келтіреді(2, г-сурет).
2- сурет. Ұстағыштардың (тұтқыш) түрлері