Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
documents_mx_umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij.doc
Скачиваний:
1155
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
5.94 Mб
Скачать

Тест сұрақтарының жауап паспорты

Сұрақтың №

Күрделілік

деңгейі

Дұрыс

жауап

Сұрақтың №

Күрделілік

деңгейі

Дұрыс

жауап

1

2

А

31

3

A

2

2

А

32

2

А

3

1

А

33

1

А

4

1

А

34

1

А

5

2

А

35

2

А

6

2

А

36

2

А

7

3

А

37

2

А

8

2

А

38

1

А

9

2

А

39

2

А

10

2

А

40

1

А

11

1

А

41

2

А

12

1

А

42

1

А

13

3

А

43

1

А

14

3

А

44

1

А

15

3

А

45

1

А

16

1

А

46

1

А

17

2

А

47

2

А

18

2

А

48

2

А

19

2

А

49

2

А

20

3

А

50

1

А

21

2

А

51

2

А

22

2

А

52

1

А

23

3

А

53

2

А

24

3

А

54

2

А

25

3

А

55

1

А

26

3

А

56

2

А

27

3

А

57

2

А

28

2

А

58

2

А

29

1

А

59

2

А

30

2

А

60

1

А

2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Жер қыртысының қозғалу түрлері

  2. Шөгінді тау жыныстарының жату пішіндері.

  3. Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері

  4. Резервуарлардың түрлері

  5. Ұстағыштардың түрлері

  6. Мұнай және газ кен орындары дегеніміз не?

  7. Кеуектілік пен өткізгіштік

  8. Кеніш туралы түсінік. Кеніштің параметрлері.

  9. Жер қойнауындағы қысым мен температура.

  10. Геологиялық барлау жұмыстарының түрлері және кезеңдері

  11. Геохимиялық және геофизикалық барлау әдістері

  12. Мұнай, оның құрамы және негізгі қасиеттері. Тығыздық пен тұтқырлық.

  13. Газ, оның құрамы, топтамасы, негізгі қасиеттері.

  14. Мұнай мен газдың пайда болуы жөнінде ғылыми болжамдар.

  15. Ұңғы туралы негізгі түсініктер.

  16. Ұңғының конструкциясы дегеніміз не?

  17. Газ және мұнай ұңғыларың бұрғылау тәсілдері.

  18. Турбобұрғы және электробұрғы дегеніміз не?

  19. Қашаулардың түрлері мен тағайындалуы

  20. Жуу сұйықтың тағайындалуы, оның түрлері

  21. Жуу сұйықтардың пайдалы функциялары

  22. Айналмалы бұрғылаудың соққыламаға қарағандағы артықшылықтары

  23. Ұңғыны аяқтау: бұрғылау және зерттеу жұмыстары

  24. Ұңғыны аяқтау: ұңғы түп маңы бөлігінің конструкциялары

  25. Ұңғыны аяқтау: ұңғы сағасын жабдықтау

  26. Пайдалану тізбегін қабатпен қатынастыру.

  27. Перфораторлардың түрлері, олардың тағайындалуы.

  28. Ұңғыға мұнай мен газдың құйылуын шақыру (ұңғыны меңгеру)

  29. Ұңғыны меңгеру әдістері

  30. Суарынды және серпімді суарынды игеру режимдері.

  31. Газарынды игеру режимі және ерітілген газ режимі.

  32. Қанығу қысым дегеніміз не?

  33. Қабат және түп қысымдары.Ұңғыны пайдалану және бұрғылау шарттары.

  34. Гравитациялық игеру режимі

  35. Ұңғыға мұнай құйылуының жалпы теңдеуі

  36. Ұңғыға газ құйылуының жалпы теңдеуі

  37. Әр түрлі игеру режимінде мұнай мен газдың ұңғыға құйылу теңдеуі

  38. Индикаторлық диаграммалар

  39. Игеру объектісі және жүйесі

  40. Игеру технологиясы және игеруді реттеу

  41. Игерудің негізгі көрсеткіштері

  42. Газ және газконденсатты кен орындаын игеру ерекшеліктері

  43. Нұсканың сыртынан су айдау және оны пайдалану үшін тиімділік шарттары.

  44. Нұска ішімен су айдаудың ерекшеліктері және түрлері.

  45. Бөлшектеп суды айдау жүйесі. Артықшылығы мен кемшілігі

  46. Алаңды су айдау. Артықшылығы мен кемшілігі

  47. Таңдап және ошақты су айдау.

  48. Ұңғыны фонтанды тәсілмен пайдалану

  49. Ұңғылардың фонтандау шарты.

  50. Фонтандау кезіндегі қысымның баланс теңдеуі..

  51. Фонтанды ұңғылардағы парафин шөгінділерімен күресу

  52. СКҚ –дың тағайындалуы, оларды диаметрі

  53. Фонтандық арматураның тағайындалуы және түрлері.

  54. Фонтандық ұңғыларды реттеу

  55. Ұңғыларды газлифтілі тәсілмен пайдалану

  56. Компрессорсыз газлифтілі және ұңғы ішіндегі газлифтілі әдістер

  57. Газ көтергіштердің түрлері

  58. Газлифтілі әдістің артықшылығы мен кемшілігі

  59. Ұңғы төңірегін қышқылымен өңдеу

  60. Қабатты гидравликалық жару

  61. Қабатты гидравликалық жаруда жабдықтардың орналасу схемасы

  62. Гидроқұмағынды перфорация

  63. Ұңғылардың түп маңы бөлігіне жылумен ықпал ету

  64. Штангалы терең сорапты қондырғымен ұңғыларды пайдалану.

  65. Сорапты қондырғының бергіш формуласы (теориялық және нақтылы)

  66. Салынатын және салынбайтын сораптар

  67. Штангалы тереңсорапты қондырғымен пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  68. Күрделі жағдайда ұңғыларды пайдалану

  69. Батырмалы штангасыз сораптармен ұңғыларды пайдалану.

  70. Газ және газконденсатты ұңғыларды пайдалану

  71. Ұңғыларды күнделікті жөндеу

  72. Ұңғыларды күрделі жөндеу

  73. Құм тығындардан ұңғы түбін тазарту

  74. Мұнай мен газды жинау және тасымалдау сұлбасы (схемасы )

  75. Мұнайды өндірісте дайындау

  76. Газды дайындау

  77. Деэмульсациялау тәсілдері

  78. Сепараторлардың (айырғыштар) тағайындалуы

  79. Мұнайды өңдеудің өнімдері.

  80. Мұнайды өңдеудің ұрдістері

  81. Мұнайды тікелей айыру

  82. Мұнайды өңдеудің термиялық ұрдістері

  83. Каталитикалық крекинг және каталитикалық риформинг

  84. Көмірсутекті газдарды өңдеу

  85. Абсорбция және адсорбция дегеніміз не?

  86. Мұнай, мұнай өнімдерін су және теміржолмен тасымалдау

  87. Мұнай, мұнай өнімдерін автокөлік және құбырмен тасымалдау.

  88. Басқа тасымалдау түрлерімен салыстырғанда құбырмен тасымалдаудың артықшылығы.

  89. Мұнайды айдаудың жұйелері (схемалары)

  90. Магистралдық құбырды есептеу.

  91. Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау тәсілдері (принциптері)

  92. Табиғи газды сақтау тәсілдері

  93. Табиғи газды тасымалдау

ГЛОССАРИЙ

  1. Минералдар – бұл жер қойнауындағы физика-химиялық үрдiстер (процесстер) натижесiнде пайда болған, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша ұқсас болып келетiн табиғи зат.

  2. Тау жыныстары – жер қойнаунда жатып өздiгiнен геологиялақ денелер түзетiн, минералдық және химиялық құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болып келетiн минералдарды айтады.

  3. Ақтарылған(магмалық) жыныстар – негiзiнен кристалды құрылымға ие, олар жер бетiнде немесе жер қойнаунда магма деп аталатын силикатты балқыманың қатуы нәтижесiнде пайда болады.

  4. Шөгінді тау жыныстары – су бассейндерінің түбіне және құрлықтар (материктер) бетiнде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуі нәтижесiнде түзiлген.

  5. Метаморфтық тау жыныстары – шөгiндi және ақтарылған тау жыныстарынан түзiлген, бұлар жер қойнауының қалыңдығының белгiлi бiр тереңдiгiне дейiн батқан.

  6. Стратиграфиялық шкала – бұл жер қойнауының дамуындағы басты тарихи–геологиялық зандылықтарды көрсететiн шкала.

  7. Геохронологиялық кесте – бұл жердiң даму тарихын шартты белгiлi бiр уақыт кескiнiмен көрсететiн кесте.

  8. Қабаттың табаны – бұл қабаттың төменгi жағынан шектелу бетi.

  9. Қабат жабыны – бұл қабаттың үстiңгi жағынан шектелу бетi.

  10. Айқын (нақты) қалыңдық – бұл қабат жабынының кез-келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тұрғызылған перпендикуляр.

  11. Көлбеу (көлденең) қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi көлденең қашықтығы (аралығы).

  12. Тiк қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тiк бағыттағы аралығы (қашықтығы).

  13. Тербелмелi қозғалыстар – бұл жер қойнауның жекелеген участкiлерiнiң (бөлiктерiнiң) вертикалтiк бағытта бiр–бiрiне салыстырмалы түрде орын ауыстыруларын туғызатын қозғалысты айтады.

  14. Қатпарлы қозғалыстар – бұл қозғалыстар натижесiнде қатпарлар түзiледi, яғни толқын тәрiздi иiлiмдер қүрайды.

  15. Синклинал – бұл өзегiнде жас жыныстар қанатында көне жыныстар жатқан қатпарлар.

  16. Антиклинал – бұл өзегi көне қабаттармен толып, қанаттарында жас қабаттар жатқан қатпарлар.

  17. Толық қатпар – бұл жапсарлас (көршiлес) антиклиналдар мен синклиналдардың жиынтығы.

  18. Моноклинал немесе флексура – табиғи жағдайда бiр қанаты ғана көтерiлiп, не құлаған иiндердi айтады.

  19. Көсiлу сызығы – қатпар қанатының горизонтал жазықтықпен қиылған сызық

  20. Құлау сызығы – деп көсiлу сызығына перпендикуляр орналасып қатпар қанатында жатқан сызықты айтады.

  21. Абсолюттiк немесе теоретикалық кеуектiлiк –деп жыныстардағы барлық қуыстардың (қуыс, каверна, жарық) жалпы көлемiн айтады.

  22. Кеуектiлiк коэффициентi – бұл жыныстардағы қуыстардың жалпы колемiнiң сол жыныстың барлық көлемiне қатынасып айтады.

  23. Тиiмдi кеуектiлiк –деп өзара бiр–бiрiмен қосылған қуыстардың көлемiн айтады.

  24. Өткiзгiштiк – бұл қысым өзгерген кезде тау жыныстарының өз бойынан сұйықтьармен газдарды өткiзу қабiлетi.

  25. Коллекторлар деп сұйық пен газды өзiнен өткiзе алатын және олар үшiн қойма бола алатын кеуектi және жарықшақты тау жыныстарын айтады.

  26. Табиғи резервуарлар деп – жабыны мен табаны өткiзбейтiн немесе нашар өткiзетiн жыныстар мен қоршалған коллекторларды айтады.

  27. Ұстағыш – бұл мұнай–газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабiлетi бар тау жыныстарының жиынтығы.

  28. Дөңбек күмбездi ұстағыштар – антиклиналдық иiлiмдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткiзбейтiн тау жыныстарынан құралады.

  29. Литологиялық экрандалған ұстағыштар – бұл өткiзгiштiгi жақсы жыныстар он бойына өткiзгiштiгi нашар жыныстармен шектеледi.

  30. Тектоникалық экрандалған ұстағыштар – бұл тектоникалық жарықтармен байланысты болған ұстағыштар.

  31. Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар – бұл жағдайда құламалы мұнай–газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергi келтiрiп, қорды сақтауға көмектеседi.

  32. Мұнайгаз кенiшiнiң табаны немесе сумұнай бөлiмiнiң бетi деп мұнай мен суды бөлып тұратын беттi айтады.

  33. Мұнайлықтың сыртқы нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызығын айтады.

  34. Мұнайлықтың iшкi нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.

  35. Газды шапка – еркiн газ, мұнай кенiшiнiң үстiнде жинақталғанын айтамыз.

  36. Газдылықтың сырткы нұскасы -деп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызықты айтады.

  37. Газдылықтың iшкi нұсқасы- деп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.

  38. Мұнай және газ кен орындары- деп жер қойнауында бiр тектес құрылымдағы мұнай және газ кенiштерiнiң жиыктыгын айтады.

  39. Мұнай – көмiртегi мен сутегiнiң күрделi қосылыстары, табиғи жаңғыш зат.

  40. Мұнайдың көлiмдiк коэффициентi – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемiнiң осы мұнайдың газсыздандырылғаннан кеiнгi, яғни қалыпты жағдайдағы көлемiнiң қатынасына тең.

  41. Құргақ газ – құрамында ауыр көмiрсутектерi жоқ немесе елеусiз болатын табиғи газ.

  42. Майлы газ – қурамында ауыр көмiрсутектерi бар, айыру процесiнде олардан сұйық газ және газды бензiндер алуға болатын газдар жатады.

  43. Ұңғы – дегенiмiз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспантарының көмегiмен қазылатын диаметрi тереқдiгiнен бiрнеше есе кiшi цилиндр пiшiндi тау–кен құрылыс орны.

  44. Шурфта орнатылған құбырды бағыттаушы деп айтады.

  45. Бiрiншi шегендеу тiзбегiн кондуктор деп айтады.

  46. Екiншi шегендеу тiзбегiн аралық құбыр деп айтады.

  47. Пайдалану тiзбегi -бұл мұнай мен газды ұңғы түбiнен сағаға шыгару үшiн немесе қабат қысымын ұстау мақсатында өкiмдi қабаттарға су (газ) айдау үшiн арналған құбырлар тiзбегi.

  48. Диаметрлерi көрсетiле отырып шеген тiзбектерiн орналастыру, ұңгының үлкен диаметрден кiшi диаметрге оту тереңдiгi, исеген тiзбегiн түсiру тереңдiгi және өларды цементтеу интервалдары ұңғы конструкциясы жөнiндегi түсiнiктi бередi.

  49. Егерде ұңғығы, бағыттаушы және кондуктордан басқа тек дана пайдалану тiзбегiн түсiрсе, онда констркцияны бiртiзбектi деп атайды.

  50. Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi деп атайды (бiр аралық тiзбек кезiнде).

  51. Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi (бiр аралық тiзбек кезiнде) немесе үштiзбектi (екi аралық тiзбек кезiнде) деп атайды.

  52. Ұңғының ыңшамдалған конструкциясы деп ұңғылар қабарғасының және шеген тiзбектерiнiң арасындағы санылауды азайтуды түсiнемiз, бүл бұрбыланатын жыныстар көлемiнiң азайуына және ұңғыны цементтеуге кететiн шығынды азайтады.

  53. Ұңғы конструкциясын жеңiлдету деп пайдалану тiзбегiнiң диаметрiн азайтуды, осыған сәйкес басқа тiзбектердiң диамертлерiн азайтуды айтады; көмекшi тiзбектер (кондукторлар, аралық тiзбектер) қолданылмайды, тiзбектi түсiру тереңдiгi азаяды.

  54. Ұңғыны бұрғылау мен пайдалануға қосу аралығында бiрнеше жұмыстар атқарылады, бұл жұмыстар ұңғыны аяқтау деп аталады.

  55. Қабаттан мұнайдың ағысын шақыру әдiсi бұл қабатқа қарсықысымды азайтатын әдiстер, яғни нәтижесiнде ұңғыдағы гидростатикалық қысым қабат қысымынан аз болатын белгiлi бiр шараларды өткiзу.

  56. Суарынды режим қабаттағы мұнайдың ұңғыға қозғалысы шектiк суларының әсерiнен болатын режим.

  57. Мұнай бергiштiк коэффициентi – кенiштен алынған мұнай мөлшерiнiң оның бастапқы қорына қатынасы.

  58. Қабатта негiзгi қозғаушы күш жыныс пен сұйықтың серпiмдi ұлғаюы болып табылатын мұнай қабатының жұмыс режимiн серпiмдi су арынды (серпiмдi) режим деп аталады.

  59. Қабатта негiзгi қозғаушы күш газ шапкасындағы (бүркенбе) еркiн газдың энергиясы болып табылатын қабат жұмысының режимi газарынды режим деп аталады.

  60. Газ факторы – бұл қалыпты жағдайға келтiрiлген, 1 т өндiрiлген мұнайға келетiн газ мөлшерi.

  61. Қабаттағы арын энергиясы ауырлық күш әсерiнен болатын мұнай кенiштерiн дренаждау режимi гравитациялық режим деп аталады.

  62. Қабат қысымы – жабық ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кезде өлшенген қысым.

  63. Ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кездегi қалыптасқан сұйық деңгейi статикалық деңгей деп аталады.

  64. Ұңғыны пайдалану кезiнде құбыр сырты кеңiстiкте қалыптасатын сұйық деңгейi динамикалық деңгей деп аталады.

  65. Сұйық ағынының депрессияға тәуелдi қисығын индикаторлық сызық деп аталады.

  66. Игеру объектiсi – жер қойнауынан кең көлемiндегi белгiлi топ ұңғылармен, өндiрiстiк көмiрсутектер қоры бар, геологиялық құрауларды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) бөлiп қарастыру.

  67. Игеру жүйесi – инженерлiк шешiмдердiң өз ара байланысты жиыны: объектiлердi сайлау және оларды игеру ретiн белгiлеу; негiзгi және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санын, ара қатынастығын және орналастыруын анықтау; жер қойнауынан мұнай мен газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдiсiн дәлелдеу; игеру үрдiсiн басқару (меңгеру) және бақылау әдiстерiн анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.

  68. Мұнай кеп орнын игеруiн реттеу – өпiмдi қабаттан пайдалану ұңғысы түбiне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдiсiн басқару.

  69. Ұңғы қоры – кен орнын игеру үрдiсiн жүзеге асыруға арналған айдау және өндiру ұңғыларының жалпы саны.

  70. Ұңғы торы тығыздығының параметрi Sс – бiр ұңғыға келетiн игеру объектiсiнiң алаңы, яғни бұл шама мұнайлылық алаңын өндiру және айдау ұңғыларының жалпы санына бөлгенге тең.

  71. Мұнайдың меншiктi алынатын қоры немесе А.П.Крылов параметрi Nс – объект бойынша алынатын мұнай қорының ұңғылардың жалпы санына қатынасы.

  72. Параметр ω – айдалатын ұңғылар санының өндiру санына қатынасы, яғни ω=nа/nө.

  73. Параметр ωр – резервтiк ұңғылар санымен негiзгi қор ұңғылар санына қатынасы, яғни ωр=nр/nн.

  74. Мұнай өндiру qм – объектiнi бұрғыланған барлық өнiмдi ұңғылардың бiрлiк уақыт бойынша, жиынтық көрсеткiшi және бiр ұңғыға сәйкес орта тәулiк өнiмi qмұ.

  75. Суйықты өндiру qс мұнай мен судың бiрлiк уақыт бойынша, жинақталған өнiмi.

  76. Газ өндiру qг – бул көрсеткiш қабат мұнайының құрамындағы газдаң алардың қабат iшiндегi мұнайға қарағанда қозғалмалысы салыстырмалығынан қабат қысымының қапығу қысымына қарым–қатынастығынан газ бүркембесi барлығынан және кен орнының игеру жүйесiнен байланысты.

  77. Нұсқа сыртынан су айдау – мұнайлылық нұсқасынын сыртында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

  78. Нұсқа маңынан су айдау – мұнайлылық нұсқасына жақын немесе мұнайлылықтың iшкi және сыртқы нұсқаларының арасында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

  79. Нұсқа iшiнен су айдау – кенiштiң таза мұнайлы бөлiгiнде орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

  80. Блокты жүйе – айдау ұңғыларын құрылымның өс бойына тiке қиылысатын параллельдi түзусызықты қатарлармен орналастырады, өндiру ұңғыларын айдау ұңғылар арасына бұрғылайды.

  81. Алаңды су айдау – пайдалану және айдайтын ұңғыларды алаңда түзу геометриялық тор бойынща бiрқалыпты квадрат немесе үш бұрыш түрiнде орналастырады.

  82. Сұрыптап су айдау – бұл жүйеде кәсiпшiлiк–геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мәлiметтерi арқылы тепе–тең төр бойынша алаңдарды бұрғылағаннан соң су айдау ұңғыларын таңдайды.

  83. Ошақтық сулану – бұндай жүйеде жеке таңдалған немесе арнайы бұрғыланған ұңғылар арқылы суды қабатқа айдайды.

  84. Қабаттың өз энергиясы арқылы суйықтың сағаға көтерiлу кезiндегi пайдалану тәсiлi фонтанды тәсiл деп аталады.

  85. Пайдаланудың газлифтi әдiсi – бұл ұңғы ағымының өнiмiне қабаттан келетiн немесе жоғарыдан айдалатын газ арқылы пайдалану әдiсi.

  86. Плунжердiң астына енетiн нақты суйық көлемiнiң осы плунжердiң жоғары жүрiсi кезiндегi сипатталатын көлемiне қатынасын сораптың толу коэффициентi.

  87. Тербелмелi станоктар – бұл айналмалы қозғалыс жасайтын электрқозғалтқыштың бiлiгi арқылы плунжердi штангiмен жоғары–төмен қозғалысына келтiрiп сұйықтықты айдау механизмдер.

  88. Су мен мұнайдың араласу нәтижесiнде пайда болатын сұйықтықты мұнай эмульсиясы деп аталады.

  89. Төменгi температурада қайнайтын фракциялар жеңiл фракциялар деп аталады.

  90. Жоғары температурада қайнайтын фракциялар ауыр фракциялар деп аталады.

  91. Конденсацияланған будың алғашқы тамшысының құлау температурасы фракциясын қайнай бастауы деп аталады.

  92. Фракцияның булануы тоқтағандағы температура фракция қайнауының аяқталуы деп аталады.

  93. Төменгi температурадан жоғары температураға дейiн айырылған фракцияларды дистиллятор деп атайды.

  94. Ректификация – бұдың щыққан ағынымен төмен аққан суйықтың арасындағы жылу не масса алмасуды айтады. Осының нәтижесiнде булар төмен температурада қайнайтын, ал сұйықтықтар жоғары температурада қайнайтын компоненттермен байытылады.

  95. Ректификациялану колонна – тесiктерi табақшалармен жабылған ондаған горизонталь бөгеттерi бар болат цилиндр.

  96. Жоғары қысымда жүретiн термиялық крекинг – бұл қысым және жоғары температураның әсерiнен мұнайдың органикалық қосылыстарының ыдырауы.

  97. Кокстау дегенiмiз – ол ауыр мұнай қалдықтарының термиялық крекингi. Кокстау мұнай коксын алу үшiн (t=450—550°С және р=0,1—0,4 МПа) немесе ақшыл мұнай өнiмдерiнiң шығуын көбейту үшiн қолданылады.

  98. Алюмосиликатты катализаторлар қатысқан жоғарғы температурада (440—500°С) және төменгi қысымдағы (0,15 МПа дейiн) мұнай фракцияларының бөлiну үрдiсiн каталитикалық крекинг деп атайды.

  99. Катализаторлар – химиялық реакцияны жеделдететiн зат. Каталитикалық риформинг – бұл бензиндердiң октандық санын арттыру және мұнай шикiзатынан жеке ароматтық көмiрсутектерiн (бензол, толуол және ксилолды) алу үрдiсi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]