Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
documents_mx_umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij.doc
Скачиваний:
1155
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
5.94 Mб
Скачать

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері

1 - Модуль

1-дәріс. Мұнай және газ геологиясының негіздері. Тау жыныстарының топтамасы, тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері, кеніш және кен орны туралы түсінік.

Минералдар - жер қабығындағы физика-химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты болатын қосындыларды атайды.

Тау жыныстары – бір немесе бірнеше минералдардан құралған жер қабығындағы геологиялық денелерді атаймыз.

Жаратылу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық, шөгінді және метаморфтық деп үш үлкен топқа жіктеледі.

Магмалық тау жыныстары - жер қойнауындағы болатын силикатты балқыма-ерітіндінің (магма) жер бетіне жетіп (лава ) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болатын тау жыныстарын атайды. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нығыз қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті, немесе жер бетінде төгілген базальтты айта аламыз.

Шөгінді тау жыныстары - жер бетіндегі су бассейндерінің түбінде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қабаттар түзу арқылы шөгінді тау жыныстарын қалыптастырады. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегінде байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.

Метаморфтық тау жыныстары – шөгінді және магмалық типті тау жыныстарының тереңге батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанып, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшуімен тау жыныстары әжептеуір өзгерістерге ұшырап, жаңа қасиеттерге ие болады. Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді, мәрмәрді, әртүрлі тақтастарды, гнейстерді атаған жөн.

Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір-бірімен үнемі параллел, немесе параллелге жақын орналасуы. Оны жыныстың қаттасуы дейді. Жыныс қабаттары бір-бірінен құрамы, құрылысы, түзілімі және түсі арқылы ажыратылады.

Шөгінділердің жеке қабаттары (тастары) бір-бірінен қаттасу шектерімен ажыратылады. Қабаттың төменгі межесін оның т а б а н ы дейді, үстіңгі шегін оның ж а б у ы дейді. Ендеше, астыңғы қабаттың жабуы үстіңгі қабаттың табаны болғады.

Шөгінді жыныстардың әуелгі пішіні біркелкі жыныстардан түзіліп горизонталь қабаттарда жатады. Дегенмен кейіннен жер қабығында дүркін-дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың горизонталь жатуы бұзылады да, қабат әртүрлі еңкіш бағытта құлайды. Көлбеу құлаған қабаттың қалыңдықтарын нақтылы, горизонталь және тік бағытта өлшейді.

Қабаттың н а қ т ы л ы қ а л ы ң д ы ғ ы деп кез-келген нүктеден оның жабуынан табанына түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды (1 сурет, АС).

Қабаттың г о р и з о н т а ль қ а л ы ң д ы ғ ы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді (1 сурет, АБ).

Қабаттың ті к қ а л ы ң д ы ғ ы – кез-келген нүктеден тік бағыттағы жүргізілген табан мен жабу арасындағы сызықтың өлшемі (1 сурет, АД).

Жер астында болатын процестер әсерінен жер қабығындағы қозғалыстар үш түрге бөлінеді: тербеліс, қатпар құрушы және жарылыс. Алдыңғы екі қозғалыстардан тау жыныстарының қабаттары иіліп, майысады, ал үшіншісінен жыныс қабаттары сынып, жарықшақтанады.

Т е р б е л і с қ о з ғ а л ыс т а р д а н жер қабығының жеке аймақтары тік бағытта төмен құлдырайды немесе жоғары көтеріледі. Тербеліс қозғалыстары қай заманда болсын ұдайы өтіп тұрады. Бұлардың нәтижесінде шөгінді қабаттар аздап майысып, горизонталь жатқан қабаттар өздерінің горизонталь жатысын жоғалтып, өте жатық ойыстар (синеклизалар) мен көтерілімдер (антеклизалар) құрайды. Олар ішінара тағы да кішігірім ойыстар мен көтерілімдерге тап болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]