
- •Студенттің пәндік
- •5В070800 –“Mұнайгаз ісі” мамандығы үшін
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Сурет. Еңкіш жатқан қабат.
- •Мұнай және газ кен орындары
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •2 Сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.
- •1 Сурет. Бір тізбекті ұңғы сағасының байланысты схемасы.
- •1 Сурет. Шеттелген суарыны 2 сурет. Жабық (экрандалған) газ
- •Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері (тәртіптері)
- •Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру
- •1 Сурет. Қабаттың схемалық қиылысы.
- •Ұңғының құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •1 Сурет. Терең сорапты қондырғының схемасы.
- •1 Сурет. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі.
- •Төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
- •1 Сурет. Мұнай айдау жүйесі.
- •Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
- •2.3. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауап паспорты
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •Мұнай-газ ісі негіздері
2.3. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары
Тақырып. Мұнай және газ кен орындарының сипаттамасы.
№1- практикалық тапсырма. Қабаттың негізгі коллекторлық қасиетттерін талдау. Кеніштің негізгі параметрлерін қарастыру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Күмбезді және массивті мұнайгазды кеніштер арқылы кеніштің негізгі параметрлерін талдау қажет.
Нег.: 1. [33-46], 2. [21-28], 3. [4-11], 4. [9-19]
Бақылау сұрақтары:
Кеуектілік дегеніміз не?
Кеуектілік коэффициенті дегеніміз не?
Өткізгіштік дегеніміз не?
Кеуектіліктің өткізгіштіктен айырмашылығы не де?
Кеніш дегеніміз не?
Мұнайлылықтың ішкі нұсқасы дегеніміз не?
Мұнайлылықтың сыртқы нұсқасы дегеніміз не?
Кеніштің биіктігі қалай анықталады?
Кеніштің ұзындығы мен еңі калай анықталады?
Тақырып. Температура және қабат қысым. Мұнай және газдың физикалық қасиеттері.
№2- практикалық тапсырма. Температураның тереңдікке байланысты өзгеру сипатын және жер қойнауындағы қысымды анықтау формуласын түсіндіру. Мұнай мен газдың негізгі қасиеттерін талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қандай мұнайлар ең бағалы және мұнайдың тығыздығы өндірісте қандай аралықта өзгеретіне назар аударындар.
Нег.: 1. [46, 52], 2. [29-39], 3. [14-22]
Қос.: 7. [3-11], 7. [46-50]
Бақылау сұрақтары:
Қабат қысым қалай анықталады?
Кеніштің тереңдігі үлкейген сайын температура мен қысым қалай өзгереді?
Мұнай мен газ дегеніміз не?
Мұнайдың құрамына қандай заттар кіреді?
Мұнайдың негізгі қасиеттерін атаңыз?
Қайда, қабатта әлде жер бетінде, мұнайдың тұтқырлығы көп?
Мұнайдың көлемдік коэффициенті дегеніміз не?
Мұнайдың көлемдік коэффициенті не үшін керек?
Қайда, қабатта әлде жер бетінде, мұнайдың тығыздығы көп?
Мұнайдың фракциялық құрамы дегеніміз не?
Құрғак газдың майлы газдан айырмашылығы не де?
Қандай газ табиғатта кең тараған?
Тақырып. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау.
№3 - тапсырма. Бұрғылау қондырғының жұмыс істеу принципін талдау.
№4 - тапсырма. Бұрғылау тәсілдері. Қашау және жуу сұйықтардың
түрлері мен тағайындалуы.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұңғыларды роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау үшін арналған қондырғыны (схемасын) қарастыру керек.
Нег.: 1.[60-66], 2. [44-64]
Қос.: 8. [30-55]
Бақылау сұрақтары:
Айналмалы бұрғылау тәсілдері.
Роторлық бұрғылаудың түптік қозғалтқышпен бұрғылаудан айырмашылығы не де?
Ротор не үшін керек?
Турбобұрғы дегеніміз не?
Электробұрғы дегеніміз не?
Жуу сұйықтарды не үшін қолданады?
Бұрғылау үшін бұрғылау тізбек ұзындығын қалай үлкейтеді?
Тазарту механизмдер не үшін тағайындалған?
Свеча дегеніміз не?
Тақырып. Ұңғы туралы түсінік.
№5- пратикалық тапсырма. Ұңғы конструкциясын және ұңғы түп маңы бөлігінің конструкцияларын талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді екені не және олардың тағайындалуына назар аудару керек.
Ұңғы түп маңы бөлігінің пайдалану тізбегі цементелінген жағдайдағы конструкциясын жие қолдану себептерін қарастыру қажет.
Нег.: 1. [59-60], 1. [94-96], 2. [50-54]
Қос.: 8. [134-136]
Бақылау сұрақтары:
Бағыттаушы құбыр не үшін тағайындалған?
Кондуктор не үшін керек?
Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді?
Аралық шеген құбырлар не үшін керек?
Ең соңғы шеген құбырды қалай атайды?
Өнімді қабат қатты тау жыныстарынан тұрған жағдайда, қандай ұңғы түп маңы бөлігінің конструкциясын пайдаланады?
Өнімді қабатта мұнай мен бірге су және балшық қабаттары араласып жатса, онда қандай ұңғы түп маңы бөлігінің конструкциясын пайдаланады?
Сүзгіштерді қандай мақсатпен қолданады?
Тақырып. Сұйықпен газдың ұңғыға құйылуы.
№6 – практикалық тапсырма. Мұнай мен газдың ұңғыға құйылу теңдеуін қарастыру. Индикаторлық қисықтарды талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Индикаторлық сызықтар қандай жағдайларда дөңес, ойыс және түзеу болатына назар аудару қажет.
Нег. 1. [138-140], 2. [135-138], 3. [36-38]
Бақылау сұрақтары:
Ұңғының дебиті дегеніміз не?
Депрессия (қысым айырмашылығы) дегеніміз не?
Ұңғы өнімділігінің коэффициентін қалай анықтайды?
Индикаторлық диаграмма дегеніміз не?
Тақырып. Мұнай мен газдың құйылу теңдеуінің заңдылықтары.
№7 – практикалық тапсырма. Әр түрлі игеру режимінде мұнай мен газдың ұңғыға құйылу теңдеулерін талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Әр игеру режимін қарастырғанда, құйылу теңдеуіне өнімді қабаттың қандай параметрлері кіретініне назар аудару керек.
Нег. 1. [131-134], 3. [30-33]
Қос. 7. [79-83]
Бақылау сұрақтары:
Мықты суарынды режимінде, мұнайдың ұңғыға құйылу теңдеуі қалай аталады?
Кеуекті ортаның көлемді серпімділігін және сұйықтың сығылу коэффициентін, қандай игеру режимінде ескеру қажет?
Ерітілген газ режимінде, қабаттың өткізгіштік коэффициенті қалай табылады?
Пьезоөткізгіш коэффициенті неге тең?
Пьезоөткізгіш коэффициентін қандай игеру режимінде ескереде?
Тақырып. Мұнай кен орындарын игеру.
№8 –практикалық тапсырма. Серпімді суарынды игеру режимінде, игеру қисықтары бойынша А және Б кеніштердің негізгі көрсеткіштерінің уақытпен өзгеру сипатын түсіндіру керек.
1 4 3 2
А кен орнын игеру мерзіміндегі,
негізгі көрсеткіштердің өзгеру графигі.
1 – орташа қабат қысымы; 2 – игеру екпіні; 3 – шығарылған қорды алу коэффициенті; 4 - өнімнің сулануы.
1 4 3 2
В кен орнын игеру мерзіміндегі,
негізгі көрсеткіштердің өзгеру графигі.
1 – орташа қабат қысымы; 2 – игеру екпіні; 3 – шығарылған қорды алу коэффициенті; 4 - өнімнің сулануы.
Әдістемелік ұсыныстар:
Серпімді суарынды режимінде қабат қысымының өзгеру сипатын қарастыру керек.
Нег.: 1. [170-172], 3. [71-75], 2. [131-135]
Қос.: 7. [158-179]
Бақылау сұрақтары:
Серпімді суарынды игеру режимі (тәртібі) қандай жағдайда пайда болады?
Игеру екпіні дегеніміз не?
Ұңғы өнімінің сулануы дегеніміз не?
Шығарып жатқан қорды алу коэффициенті дегеніміз не?
Қабат қысым дегеніміз не?
Тақырып. Мұнай кен орындарын игеру.
№9-пратикалық тапсырма. Ерітілген газ игеру режимінде, игеру қисықтары бойынша А кеніштің негізгі көрсеткіштерінің уақытпен өзгеру сипатын түсіндіру керек.
А кен орнын игеру мерзіміндегі,
негізгі көрсеткіштерінің өзгеру графигі.
1 – орташа қабат қысымы; 2 – жұмыс істеп тұрған ұнғы саны;
3 – газ факторы; 4 – жинақты мұнай өнімі
Әдістемелік ұсыныстар:
Ерітілген газ игеру режиміндегі газ факторы мен қабат қысымның өзгеру сипаттарын қарастыру керек.
Нег.: 1. [172-174], 3. [ 75-77]
Қос.: 7. [158-178]
Бақылау сұрақтары:
Қандай кен орындарында (қабатта) ерітілген газ игеру режимі пайда болады?
Қанығу қысым дегеніміз не?
Газ факторы дегеніміз не?
Ерітілген газ игеру режимінде мұнайдан басқа, ұңғы түбіне тағыда не қозғалады?
Ерітілген газ игеру режимінде, қабаттың өткізгіштік коэффициенті неге тең?
Ерітілген газ игеру режимінде, қабаттың мұнай бергіштік коэффиценті орташа шамамен неге тең?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері.
№10 – практикалық тапсырма. Ұңғыларды фонтандық тәсілмен пайдалану кезінде, қысымның баланс теңдеуін талдау және қысымның терендікпен өзгеру қисықтарын көрсету.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қысымның баланс теңдеуін және оның (қысымның) тереңдікпен өзгеру заңдылықтарын тек мұнай ұңғыларында, яғни мұнай бірге ұңғы бойымен газ жүргенде, қарастырыңдар.
Нег. 1. [200-202], 2. [154-155], 3. [143-144]
Қос.: 7. [233-235]
Бақылау сұрақтары.
Қабаттың гидростатикалық қысымы арқылы фонтандау дегеніміз не?
Ұңғыдағы сұйық бағананың гидростатикалық қысымынан қабат қысымы аз болғанда, ұңғы фонтандау мүмкін бе?
Ұңғыда, қашан мұнайдан газ шыға бастайды?
Саға қысымы дегеніміз не?
Үйкеліске кеткен қысымды және саға қысымды баланс теңдеуінде не үшін ескереді?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері.
№11- практикалық тапсырма. Газлифтілі және сорапты ұңғылардағы қысымның тереңдікпен өзгеру графиктерін сызу және түсіндіру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұңғыларды пайдаланудың осы тәсілдері механизацияланған екенің еске алу керек, яғни сұйықты көтеру үшін сырт жақтан қосымша энергияны әкелу қажет. Оларға қысым баланс теңдеуі орындалмайды.
Нег.: 1. [ 202-204], 3. [144-148], 2. [160-170]
Қос.: 5. [230-235]
Бақылау сұрақтары:
Ұңғыны газлифтілі тәсілмен пайдалану дегеніміз не?
Ұңғыны сорапты қондырғылармен пайдалану дегеніміз не?
Механизацияланған пайдалану тәсілі қандай жағдайда қолданылады?
Газлифтілі тәсілде қандай қосымша энергия түрін пайдаланады?
Сорапты тәсілде қандай қосымша энергия түрін пайдаланады?
Тақырып. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері.
№12 – практикалық тапсырма. Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципін қарастыру. Оның жер үстіндегі және жер астындағы жабдықтарын атаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Терең сорапты қондырғының схемасын қарастыру керек. Сораптың сұйыққа толу және бергіш коэффициентері сияқты ұғымдарға назар аудару керек.
Нег.:1. [242-253], 2. [167-174], 3. [184-191]
Қос.: 7. [310-312]
Бақылау сұрақтары:
Саға штоктың жүріс ұзындығын қалай өзгертеді?
Балансирдің тербеліс саның қалай өзгертуге болады?
Тербелмелі станоктың кривошипы қандай қозғалыста болады?
Плунжердің жоғары қозғалысында, қандай клапан ашылып, қандай жабылады?
Сораптың қандай түрлері бар?
Сораптың бергіш коэффициентің қалай анықтайды?
Сораптың сұйыққа толу коэффициенті неге тең?
Тақырып. Ұңғылар өнімділігін көбейту әдістері.
№13 – практикалық тапсырма. Қабатты сұйықпен жарудың мәні неде? Қабатты сұйықпен жаруда жабдықтардың орналасу схемасын қарастыру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қабатты сұйықпен жару ұрдісі неше кезеңнен тұратының және жару сұйықтар мен құмға қойылған негізгі талаптарды қарастыру керек.
Нег.: 1. [312 –315], 2. [192-196], 3. [237-239]
Қос.: 7. [417-420]
Бақылау сұрақтары:
Жару сұйықтар дегеніміз не?
Пакерді не үшін пайдаланады?
Гидравликалық якорді не үшін орнатады?
Қабатты сұйықпен жару үрдісі неше кезеңнен тұрады?
Қабатты сұйықпен жару үрдісінде құмға қандай талаптар қойылады?
Тақырып. Мұнай мен газды өндірісте жинау және дайындау.
№14 – практикалық тапсырма. Мұнай мен газды жинау және тасымалдау сұлбасын (схемасын) талдау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Мұнайдан айырылған газ, су және мұнайдың өзі дайындауға, кайда бағытталатынына назар аудару керек? Мұнайдың деэмулсациялау тәсілдерін қарастыру қажет.
Нег.: 1. [317-322], 2. [215-220], 3. [250-252]
Қос.: 5. [393-395]
Бақылау сұрақтары:
Сепараторлар (айырғыштар) не үшін тағайындалған?
Эмульсия дегеніміз не?
Айырғыш қондырғыларынан кейін, мұнайдан айырған газ қайда кетеді?
Мұнайдан айырған су қайда кетеді?
Деэмульсациялау жылулық тәсілімен дегеніміз не?
Деэмульсациялау электрлі тәсілімен дегеніміз не?
Деэмульсациялау химиялық тәсілімен дегеніміз не?
Тақырып. Мұнай мен газды тасымалдау.
№ 15 практикалық тапсырма. Құбыр арқылы тасымалдауда мұнай айдау схемаларын талдау және магистралдық құбырды есептеу формулаларын келтіру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қандай мұнай айдау схемасы ең тиімді және неге екеніне назар аудару керек? Құбырдың сағат бергіштігінің формуласын және құбырдың диаметрін анықтау формуласын қарастыру керек.
Нег.: 1. [229-234]
Бақылау сұрақтары:
Қандай тасымалдаудың түрі ең тиімді?
Тәжіребиде, құбыр арқылы қандай мұнай айдау жүйелері қолданылады?
Қандай мұнай айдау схемасы ең тиімді?
Магистралдық құбыр арқылы мұнай және мұнай өнімдерінің сағат бергіштігі неге тең?
Құбырдың нақты диаметрін табу формуласы.