
- •Студенттің пәндік
- •5В070800 –“Mұнайгаз ісі” мамандығы үшін
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Сурет. Еңкіш жатқан қабат.
- •Мұнай және газ кен орындары
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •2 Сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.
- •1 Сурет. Бір тізбекті ұңғы сағасының байланысты схемасы.
- •1 Сурет. Шеттелген суарыны 2 сурет. Жабық (экрандалған) газ
- •Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері (тәртіптері)
- •Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру
- •1 Сурет. Қабаттың схемалық қиылысы.
- •Ұңғының құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •1 Сурет. Терең сорапты қондырғының схемасы.
- •1 Сурет. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі.
- •Төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
- •1 Сурет. Мұнай айдау жүйесі.
- •Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
- •2.3. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауап паспорты
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •Мұнай-газ ісі негіздері
Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
Табиғи газдарға – газ және газ конденсатты кен орындарының газдары. Газ кен орындарының табиғи газдарында ауыр көмірсутек өте аз болады, ең көп тараған метан (93-98%), сондықтанда оларды отын энергетикалық қажеттерге жұмсайды.
Газ конденсатты кен орындарының газдары негізінен метаннан тұрады. Бірақ, жоғары температурада қайнайтын компонентер де болады. Олар қысым төмендегенде конденсатқа айналады.
Конденсатты газ өңдеу немесе мұнай өңдеу зауыттарында өңдеуден өткізгенде сұйытылған газ, бензин және дизел жанар майларын алады.
Мұнай газдары көп мөлшерде пропаннан, бутаннан және бензин фракциялы көмірсутерден құралған және аз мөлшерде метаннан тұрады. Метан газ өңдеу зауытының негізгі шикізаты болып есептеледі.
Көмірсутекті газдарды өңдеу тәсілдері. Мұнай газдарын өңдегенде, одан бензин, сұйытылған газ және жеке көмірсутектерді алады.
Газды механикалық қосындылардан тазарту үшін, конструкциясы әр түрлі сепараторларды пайдаланады. Оның жұмыс істеу реті мынандай: газдың қозғалу жылдамдығын азайтқанда, ағынның бағытын өзгертіп немесе ортадан тепкіш күш пайда болғанда газдан құм, шаң, ылғалдық тамшылары, май және конденсат бөлініп шығады. Кейбір кен орындарының газдарында көп шамада күкірт қосылыстары болады, оның ішіндегі ең негіздісі күкіртті сутегі. Олар коррозиялық заттар туғызады. Ол өте улы. Газ күкірт қосылыстарынан арнайы қондырғылармен тазартылады.
Газ күкіртсутегінен тазартылып болғаннан кейін келесі өңдеу сатысына көшіп бензиннен ажыратады.
Газды бензиннен ажыратудың тәсілдері:
Компрессорлы тәсіл . Газды компрессордан шығарып, содан кейін оны суытады. Нәтижесінде газдың құрамындағы көмірсутегінің көптеген ауыр бөлігі сұйық күйге айналып, сепараторларда конденсатқа айналмаған газдарды ажыратады. Компрессорлық тәсілде құрамында көп пропан, бутан, және басқада ауыр көмірсутектері бар майлы газдардан бензинді ажырату үшін қолданылады.
Абсорбциялық тәсіл. Оның негізгі маңызы газ құрамында болатын ауыр көмірсутектерді сұйық мұнай өнімімен (мыс. керосинмен) ерітуде. Арнайы абсорбер деп аталатын колоннада абсорбентпен өңделетін газды байланыстырады. Бұл кезде жұтатын сұйықтықты (абсорбент) колоннаның жоғарғы бөлігіне береді: сұғындырма немесе тарелка бойынша төмен қарай аға отырып, абсорбент бірнеше қайтара төменнен жоғары қарай жүріп келе жатқан газ ағынымен араласады. Көмірсутектермен байыған абсорбент колонналық төменнен десорбцияға жетіледі, бұл кезде конденсациядан кейін тұрақсыз бензин түзетін, алынған көмірсутектер одан буланады. Регенерацияланған абсорбент суытылады да қайтадан пайдаланылады. Адсорбциялық тәсіл қатты қуысты материалдардың (адсорбенттері) бу мен газды жұту (абсорбтеу) қабілеттігіне негізделген. Газды адсорбентпен, мысалы: әрекеттелген көмірмен толтырылған цилиндрлі аппарат – адсорбер арқылы өткізеді. Абсорбент газдан ауыр көмірсутектерді жұтады және уақыт өтуіне қарай олармен қанығады, жұтылған көмірсутектерді алу және адсорбциялайтын қабілетін қалпына келтіру үшін, қаныққан адсорбентті өткір су бу қоспаларын суытады және сұйық түрге айналдырады. Алынған тұрақсыз бензин суды тұндырған кезде жеңіл бөлініп шығады.
Нег: 1. [360-385], 2. [249-276]
Бақылау сұрақтары:
Мұнайдан алынған өнімдер қандай топтарға бөлінеді?
Дистиллят дегеніміз не?
Мұнайды өңдеудің термиялық крекингі дегеніміз не?
Кокстау дегеніміз не?
Пиролиз дегеніміз не?
Каталикалық крекинг дегеніміз не?
Каталикалық реформинг дегеніміз не?
Газды өңдеудің компрессорлық әдісі дегеніміз не?
Газды өңдеудің абсорбциялық әдісі дегеніміз не?