
- •Студенттің пәндік
- •5В070800 –“Mұнайгаз ісі” мамандығы үшін
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Сурет. Еңкіш жатқан қабат.
- •Мұнай және газ кен орындары
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •2 Сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.
- •1 Сурет. Бір тізбекті ұңғы сағасының байланысты схемасы.
- •1 Сурет. Шеттелген суарыны 2 сурет. Жабық (экрандалған) газ
- •Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері (тәртіптері)
- •Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру
- •1 Сурет. Қабаттың схемалық қиылысы.
- •Ұңғының құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •1 Сурет. Терең сорапты қондырғының схемасы.
- •1 Сурет. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі.
- •Төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
- •1 Сурет. Мұнай айдау жүйесі.
- •Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
- •2.3. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауап паспорты
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •Мұнай-газ ісі негіздері
Төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін);
арнаулы мұздатқыш машиналардан шығатын суықпен істейтін төменгі қызулы айырғыштар;
газды сусыздандыру және бензинсіздендіру үшін абсорбциялайтын қондырғы;
газды адсорбция (гликолдық) жолмен кептіру үшін арналған қондырғы;
Қиыр Солтүстіктегі кен орындарында қолданылатын мұз еріткіштері бар қондырғы.
Газды кептіру және тазалау кен орындарында немесе магистралдық газ құбырларының бастапқы ғимараттарында жасалады. Газдың кептірілуі газ құбырында су буы және кристаллогидраттар түзілмейтін дәрежеде өту керек.
Нег.: 1. [317-326], 2 [210-215], 3. [250-276]
Қос.: 5. [393-421]
Бақылау сұрақтары:
Айырғыштар (сепараторлар) не үшін тағайындалған?
Эмульсия дегеніміз не?
Айырғыш қондырғыларынан кейін, мұнайдан айырған газ қайда кетеді?
Мұнайдан айырған су қайда кетеді?
Деэмульсациялау жылулық тәсілімен дегеніміз не?
Электрлі тәсілімен деэмульсациялау дегеніміз не?
Химиялық тәсілімен деэмульсациялау дегеніміз не?
Газды құрғату не үшін керек?
Қандай газды құрғату тәсілдері бар?
№14- дәріс. Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау.
Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін:
теміржол;
су көлігі;
құбыр жолы;
автокөлік қолданылады.
Кейбір жағдайларда, олар ұшақпен және тікұшақпен де тасылады.
Теміржолмен тасымалдау. Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагон-цистерналармен тасиды. Өнімнің аз ғана бөлігін (2%-тей) ұсақ ыдыстармен (бөшкелер, контейнерлер, бидондар, баллондар) тасуға болады.
Вагон-цистерна – болаттан жасалған көлденең цилиндр. Жүк көтергіштігіне қарай олар екі немесе төртбілікті болып келеді.
Сумен тасымалдау. Су көлігімен (теңізбен, өзенмен шикі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизел отынын, мазутты т. б.) өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасымалданады. Мұнай және мұнай құйғыш кемелермен – теңіздік және өзендік танкерлермен, баржалармен (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін) тасымалданады. Теңіз үстінде өздігінен жүретін мұнай құйғыш кемелер танкерлер деп аталады (оның жүк көтергіштігі 50 т, одан да көп), өздігінен жүрмейтін кемелер теңіз баржасы, не лихтерлер деп аталады. Лихтерлер, жүк көтергіштігі 10 мың тн. және одан да артық, мұнай өнімдерін алыс қашықтарға тасымалдауға арналған және танкерлер жағаға жақындап келе алмайтын болғанда, құю-қотару қызметтерін атқаруға арналған. Құю-қотару операциялары лихтерлерде, қалқитын сорап стансияларында орналасқан сораптар көмегімен жүреді.
Автокөлікпен тасымалдау. Автокөлік мұнй өнімдері ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады. Автокөлік мұнай өнімдерін тарату базасынан тікелей тұтынушыға жеткізу үшін қолданылады.
Мұнай өнімдерін теміржолмен, не су жолымен жеткізудің мүмкіншілігі жоқ аудандарға автокөлік толық пайдаланылады.
Мұнай өнімдерін таситын автоцистерналар мынадай құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек:
мұнай өнімін құюқа арналған келте құбыр;
тыныс клапаны;
деңгейді көрсеткіш;
отын құйғыш ысырма;
ұштары бар екі шланг;
механикалық жетегі бар сораптар.
Құбырмен тасымалдау. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың ең тиімді көліктің түрі, құбыр көлігі болып табылады. Оның мынадай артықшылықтары бар:
өнімді жіберіп тұрудың үздіксіздігі;
өнімді алыс жерлерге тасудағы өзіндік құнының төмендігі;
автоматизациялау үшін, кең мүмкіндіктер;
тасымалдаудағы шығынның аздығы;
егер тиімді болса, құбырды ең қысқа жолмен өткізу мүмкіншілігі.
Өнімдерді едәуір қашықтыққа айдайтын құбырларды магистралдық деп атайды. Магистралдық құбыр мынадай бөліктерден тұрады:
құбыр;
бір немесе бірнеше сорап стансиясы;
байланыс құралдары.
Магистралдық құбырлар келесі көрсеткіштермен сипатталады: ұзындығы, диаметрі, өткізгіш қабілеттілігі, айдайтын стансиялар саны. Ұзындығы 1000 км-ге жететін және одан асатын қазіргі магистралдық құбырлар дегеніміз – жеке көлік өнеркәсібі. Олар аса қуатты негізгі және аралық айдайтын стансиялары бар кешенмен жабдықталған, түрлі өндірістік және көмекші ғимараттары бар, құйғыш станциялармен жабдықталған. Олардың өткізгіш қабілеті жылына 50 млн. т. Мұндай құбырлардың шартты диаметрі 500, 700, 800, 1000, 1200, 1400 мм. болатын жасалады.
Мұнай және мұнай өнімдерін, алысқа жібергенде, құбырда пайда болатын едәуір гидравликалық кедергіні женуге тура келеді. Сондықтан бір сорап стансиясы берілген қысымда айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз ете алмаған жағдайда, құбырдың бойына бірнеше сорап салынады. Құбыр көлігі тиімділігімен қатар, табиғат жағдайларынан тәуелсіз болатындықтан, жыл бойы жұмыс істей береді, бұл басқа көлік тұрлеріне қарағанда өте пайдалы. Айдау принципіне қарай, іс жүзінде екі түрлі жүйе қолданылады: подстансиялық және транзиттік.
Айлаудың подстансиялық жүйесі бойынша, мұнай және мұнай өнімдерімен, әуелі аралық стансиялардың резервін толтырады, содан кейін келесі стансияларға жіберіледі (1, а-сурет). Егер стансияда бірнеше резервуарлар бар болса, өнім айдау үзіліссіз жүріп тұрады; бір резервуарға өнім келп түсіп жатса, екіншісі құбырдан кетіп жатады.