Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
documents_mx_umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij.doc
Скачиваний:
1155
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
5.94 Mб
Скачать

Ұңғының құрал-жабдықтары

Ұңғыны газлифттік, фонтандық әдістерімен пайдалану кезінде, жер үстінде және ұңғыға тұсірілетін құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген режимде, керекті шығынды өндіру; ұңғыда өткізілетін технологиялық үрдістерді, қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын болдырмауын қамтамасыз етуі қажет. Болаттан жасалған әртүрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар СКҚ ретінде қолданылады (беріктік шектігі 373-930 МПа). Олардың меншікті диаметрлері 28-114 мм дейін, қалыңдығы – 3-8 мм. Меншікті диаметр ретінде, құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60 және 73 мм (ішкі диаметрі 50,3 және 62,0 мм).

Фонтандық арматура. Ұңғы сағасын саңлаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін оның пайдалану режимін бақылау үшін арналған. Олар келесідей жұмыс істеу қысыммен жасалады: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа.

Егерде қысым 21 МПа кем болған кезде жабатын тиек ретінде тығынды кран колданылады, жоғары қысымдарда – арнайы қолмен, автоматпен немесе гидравлика күшімен қозғалып, жабылатын ысырмалар (задвижка) орнатылады. 5 суретте крест пішінді арматура көрсетілген. Оның құрылымы фонтаншыршасынан және құбыр басынан тұрады (тройниктер, крестовиналар, ысырмалар, аудармалар т.с.с.).

Муфта немесе аударма арқылы бекітілген бір немесе екі қатар СКҚ ұстап және олардың арасын сыңалаусыздандыру үшін фонтанды арматурасының құбыр басы арналған. Ол ұңғыда игеру, пайдалану және жөндеу, зерттеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жүргізген кезде ыңғайлы болуы қажет. Фонтандық шырша-ұңғының өнімін керекті жүйеге бағыттайды, пайдалану режимін өзгертіп қысым және қызуды өлшейді және оның үстіне лубрикатор орнатылады. Егерде, ұңғы екі қатарлы лифтпен жабдықталған болса, фонтандық 2-құбырлар (1 сурет) тройник-3 арқылы ілініп бегітіледі, ал кіші диаметрлі 4-құбыр – аударма-5 арқылы ілініп бекітіледі. Көтергіште бір қатарлы конструкция болса, тройник-3 болмайды, 4-құбыр тізбегі, аударма-5 арқылы, крестовинаға-8 желісіне келіп құйылады. Бұл желістің бойында тез салынып алынатын немесе диаметрі өзгертіліп, реттелетін дроссел-9 орналастырылады, ұңғының пайдалану режимін өзгертіп, реттеу үшін 5- суретте өзгертіп реттейтін аспап ретінде втулкалы штуцер көрсетілген.

Штуцерлерді өзгерту жұмыстарын ұңғыны тоқтатпай істеу үшін екі лақтырма желісі бар фонтан шыршасын қолданады. Сағадағы және құбырлар сақинасындағы қысымды 11-манометрімен өлшейді. Ұңғыға тереңге түсірілетін манометр және басқада аспаптар түсіру үшін шыршаның үстіне лубрикатор-10 қойылады.

Құмы бар ұңғыларда тройник пішінді фонтандық арматура қолданылады. Шыршаның орталық 6 ысырмасының үстіне крестовина 7-нің орнына, қосымша лақтырма желісі бар тройник қойылады (суретте көрсетілмеген), сосын арасына, тағыда ысырма қойылып, жұмыс істейтін лақтырма желісі пайдалынады. Газлифтілі ұңғыларда, қосымша лақтырма желісі (болмайды) қарастырылмаған.

1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.

Құбырлар сақинасы арқылы газ берілген жағдайда, біртізбекті конструкцияда – көтергішке газ 12 бұйірлес желістен айдалады, ал екітізбекті лифтерде – тройник 3 арқылы айдалып ұңғыға беріледі. Арматураның тік өтетін оқпанының диаметрі 50-150 мм аралығында. Жоғары өнімді ұңғылар үлкен диаметрлі оқпаны бар арматурамен жабдықталады. Газ ұңғыларының сағасында термометр, қысым мен өнімді (дебит) реттетігіштер, автоматты клапындар қосылады. Автоматты клапындар лақтырма желісінде, авария болған жағдайда ұңғыны тез жауып тастау үшін арналған.

Газлифт әдісі. Сұйықпен араласқан сығылған газ энергиясын пайдаланып сұйықтарды жоғары көтеру тәсілі. Қабаттан келетін немесе жер үстінен нығыздалып айдалынатын газ, ұңғы газлифтілі әдіспен пайдалану мерзімінде ұңғы өнімінің ағынына қосылып беріледі. Бұл кезде газсұйық қоспасының тығыздығы кішірейіп ұңғы түбіндегі қысым берілген өнім шығының алуды және жинақ пункітіне тасмалдауға, жететіндей болады.

Бұл әдісте агентті (газ) пайдалану екі жолмен жүзеге асады:

  • Компрессорлы. Бұл жағдайда, агент компрессорлық стансияларда сығылып (нығыздалып) дайындалады.

  • Компрессорсыз. Бұл жағдайда, агент ретінде кен орының газы, табиғи қысыммен беріледі. Компрессорсыз газлифтілі әдіске – ұңғы ішіндегі газлифт әдісі жатады. Бұл әдісте, мұнайды көтеру үшін, өсы ұңғының тесіп ашқан газды қабатың газ энергиясы қолданылады.

2 сурет. Газлифт көтергіштер сұлбасы.

Газлифтілі пайдалану әдісінің, басқа механизацияланған әдістерден, ерекшілігі келесіде: құрал-жабдықтарының және оларды қолданудың қарапайымдығы; жөндеу аралық мерзімінің аздылығы; пайдалану коэффициентінің және сұйықты шығару (өнімінің) шығымының молдығы (бірнеше ондық өлшемінен 1800 м/тәу.-дейін); көлбеу ұңғыларда пайдалану мүмкінділігі; ұңғы өнімінде, газдың болғанында немесе құмның болғанына, қарамайтын әдісті қолдану мүмкіндігі.

Әдістің жетіссіздіктеріне, келесілер жатады – алғашқыда газ бөлетін жүйелерді немесе компрессорлық, стансия салу үшін, күрделі қаржыландырудың көп мол болатындығы; түптегі қысым аз болған жағдайда, пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) аз болатындығы; меншікті энергия шығынынын үлкендігі. Сондықтан, газлифтілі әдісті, қабат қысымы және көлемі үлкен кен орындарда, өнімділік коэффициенті біршама үлкен ұңғыларда, пайдалынған жөн.

Нег.: 1. [200-219], 2. [153-166], 3. [142-162]

Қос.: 5. [230-236], 5. [249-251]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай энергия арқылы ұңғылар фонтандайды?

  2. СКҚ (НКТ) дегеніміз не?

  3. СКҚ не үшін тағайындалған?

  4. Фонтанды ұңғы жабдықтарының негізгі элементері қандай?

  5. Ұңғы фонтандау үшін қандай шарт орындалу керек?

  6. Фонтандық арматура не үшін керек?

  7. Фонтандық арматураның қандай түрлері бар?

  8. Штуцер не үшін керек?

  9. Газлифтілі пайдаланудың артықшылығы мен кемшілігі?

  10. Тәжіребиде көтергіштердің қандай түрлері қолданылады?

  11. Комрессорсыз газлифтілі әдіспен пайдалану дегеніміз не?

  12. Мезгіл-мезгіл газлифтілі әдіспен пайдалану дегеніміз не?

  13. Қандай кен орнында (кеніште) ұңғыны газлифтілі әдіспен пайдалану қажет емес?

11- дәріс. Терең сорапты қондырғымен пайдалану тәсілі.

Қондырғы (1 сурет) поршенді сораптан-2, тербелмелі станоктан-15, плунжерды (поршенды) тербелмелі станокпен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен-4 және ұңғы ішіне құйылған сұйықты жер бетіне шығаратын (СКҚ-сорапты компрессорлы құбырлар) құбырлар тізбегінен-5 тұрады. Электроқозғалтқыш-14 редуктор-13 өсіне орнатылған кривошиптің-12 айналуына қызмет етеді және одан әрі балансир-10 шатунының-11 көмегімен арқанды алқа-9 арқылы балансирдің басына ілінген штангілер тізбегінің-4 тік бағытта жоғарылы-төменді жүріс қозғалысын тудырады. Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде айдау клапаны-3 жабылады да, плунжер үстіндегі сұйық оның жүріс ұзындығы бойымен жоғары көтеріліп үш жақты құбыр-6 (тройник) арқылы жинау тораптарына түседі. Сораптың сорғыш клапаны-1 ашылады да, ұңғыдағы сұйық сораптың цилиндріне құйылады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны-1 жабылады да, сұйық бағанасының әсері құбырларға беріледі. Бұл кезде айдау клапаны-3 ашылады да ұңғыдағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке қарай ағады. Одан әрі жоғары қарай плунжер жүрісінің жаңа циклі басталады. Штангіні арқанды алқамен-9 жалғастыратын жылтыратылған штоктың-8 жоғарылы-төменді жүріс қозғалысы кезінде саға арматурасын саңылаусыздандыру (герметизациялау) үшін сальник-7 қарастырылған. Станоктағы күштердің теңсіздігін реттеу үшін тербелмелі-станок балансирлі-16 және роторлы-17 жүктермен теңгеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]