Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кач питание .doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
110.08 Кб
Скачать

Андреевтің сынамасы.

Сынаманың негізгі еттің сығындысының шіру кезінде қоюланып, сүзілмейтіндігінде. Тәжірибе үшін, 10гр ұсақтап туралған етке 100гр дистиллеренген тұрақсыздандырылған суды қосып, қатты шайқап араластырып, 10-15 минут тұндырады. Алынған тұндырманы дымқылданған жылтыр қағаз сүзгісі арқылы 100 мл межеленген цилиндрге сүзеді. Бұл үшін диаметрі 5см көлемі 25см3 құйғышты пайдаланады. Жаңа ет 5 минут өткен соң 50-60мг тұнық қызғылт сүзінді шығады, ал 10минуттен кейін барлық тұнба сүзіледі. Ал ет сапасыз болса 5-10 минуттан кейін 25-30мг сүзінді алынады, ал барлық тұнбаны алу үшін 1 сағаттан артық уақыт керек.

Қосымша 4.

Несслер іштігімен /реактивімен/ тамаққа сынама.

1 мл Андреевтің тәсілімен алынған еттің сығындысына 1-ден 10 тамшыға дейін несслер сезгіштігін қосып, әр тамшы сайын түтікшені /пробирканы/ шайқап отырып, оның түрінің және мөлдірлігінің өзгеруін бақылайды.

Ет жаңа болса, сығынды көмескіленбейді және сарғаймайды. Тек кейде 5 тамшыдан кейін оның сарғаюы мүмкін. Бірақ, мөлдірлігі өзгеріп, лайлануы байқалмайды.

Егерде ескіргендеі болса, сығындының лайлануы 6 тамшыдан басталады, ал сарғаюы бірден не ақырғы тамшы тамғанда байқалады.

Егерде ет шіри бастаған болса, лайлану 1-ші тамшыдан басталады, ал 10 тамшыдан кейін анық сарғаяды, не көмескі қызылға боялып, тұндырғанда қалдығы байқалады.

Қосымша 4.

Балықты дәмдік зерттеу.

Жаңа балық /әзірде ұйықтаған/ тегіс, жылтыр, мөлдір кілегеймен жабылған, етіне тығыз жабысқан, тазалағанда алынатын қабықшалары бар: көздері жайнаған, мөлдір және дөңес, желбезектері ашық-қызыл түсті, иіссіз, еті тығыз, былпылдақ, сүйектерінен әрең алынады, түсі осы балықтың түріне сай, иісі арнайы балықтікі,суға батпайды.

Ескі балықтың қабықшасы – күңгірт, қара – сұр кілегеймен жабылған және аршығанда тез алынады, көздері көмескі, шарасына кірген, желбезектері қара-сұр түсті, кілегейленген, кейде іріңдеген сасық иіс шығады, еттері былжыраған, іші қампиған, алақанның үстіне салса қатты майысады, суда қарынымен жоғары көтеріледі.

Қандай да болсын осындай бүлінген белгілері бар балықтың түрі, пайдалануға жарамсыз деп табылады. Осылармен қоса, ыстық пышақпен кескенде сасық иіс шықса, еттің түсі кенеттен өзгерсе, ұнамсыз дәмі, майлы сасық иісті сорпасы балықтың жарамсыздығын толық дәлелдейді.

Балықты химиялық зерттеу.

Аммиакты анықтау. /*ИНЗ*/.

Бұл сынаманың мәні шіруден пайда болған аммиак тұз қышқылымен әрекеттесіп, хлорлы аммони ақ түтігінің шығуы.

Күкіртті сутегін анықтау. /Н28/.

Бұл әдіс балық бүлінгенде пайда болатын Н28ақ қағаздың бетінде күкіртті қорғасынның қағаз бетіндегі сірке қышқылды қорғасын ерітіндісімен әрекеттескенде қара дағының пайда болуы.

Көлемі 40-50 мл бокске /күкіртті сутегін анықтау үшін/ ұсақталған /фарш/ 10-25г балықтың етін салады және үстінен сүзгіш қағаздың 3-4 тамшы сірке қышқылды қорғасын ерітіндісі тамызылған тілімін іліп қояды. Бокстың қақпағын жуып, сүзгіш қағаздың тілімін қысады. Бұл тілімнің бір шеті фарштан 1см қашық болуға тиісті.

15 минут өткен соң қағазды алып, осындай басқа тәжірибеге қатыспаған қағазбен салыстырады. Зерттеген балықта бос күкірт сутегі болса, қағаздың сірке қышқылды қорғасыны бар шеті қоңырланады не қараяды.

Қосымша 5.