Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 тема ЛПУ 2.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
162.3 Кб
Скачать

Палаталы бөлімшелер

1.Палаталы секция өтпелі (проходное) болмау қажет. Ауруханалық палаталық секция біртекті аурулары бар ауруларға қызмет жасауға арналған қосымша бөлмелер, палаталар жиынтығынан тұрады .

Палаталық секцияға кіргенде шлюзді ескерген жөн. Жұқпалы және психиатрия бөлімшелерінен басқа палата секцияларындағы кереуеттің саны 30-ға тең болу қажет, ал 1 жасқа дейінгі балалар секциясында - 24. Балалар бөлімшесінің әр секциясында 2 бокс немесе жартылайбоксты қарастырған жөн. Бокс немесе жартылай бокс құрамында болу қажет: дәретхана мен ваннадан тұратын сан. бұрыш, палата мен коридордың арасындағы шлюз бен палаталар. Сонымен қатар, бокста сыртқа қарай шығатын тамбур болуы қажет.

2.Екі және одан көп кереуетке ауданның нормасы:

а)ересектер үшін жүқпалы бөлімше-7,5 м 1 кереуетке балалар үшін-6,5 м 1 кереуетке

ә) жұқпалы емес балалар бөлімшесінде - 6,5 м 1 кереуетке

б)терісі күйген, ересектер үшін қайта келтіру емдеуі, анестезио- логия және реанимация, радиология бөлімшелеріндегі, операциядан кейінгі палаталардағы аурулар бөлімшесінде - 10 м

в)босанатын бөлмелерде:

босанғаннан кейінгі бөлме- 7,5 м 1 кереуетке

босанар алдындағы бөлме-6,0 м 1 кереуетке

3.Жұқпалы емес бөлімшелерінің палаталық секциясындағы палаталардың ауданы:

а) шлюзсіз 1 кереуетке арналған палата - 9 м

шлюзбен - 12 м

шлюзбен және дәретханамен - 14 м

Екі және одан артық кереуетке - 1 кереуетке арналған аудан нормасын ескере отырып - 7 м.

4.Палата секциялары мен бөлімше бөлмелерінің ауданы:

  • аурулардың күндіз болатын бөлмелері - 0,5 1 кереуетке

  • дәрігер кабинеті - 10 м

  • процедура бөлмесі - 18 м

  • клизма жасайтын бөлме - 8 м

  • кезекші медбике посты - 4 м

  • буфет - 14 м

  • асхана - 1,2 бір отыратын орынға

5.Әр палаталық секция палаталары 4 кереуеттен аспау қажет. Бүл жағдайда әрқайсысы 1 кереуеттен 2 палата және 2 кереуеттен 2 палатадан кем болмау қажет.

  1. 60-тан аса кереуеті бар балалар соматикалық бөлімшесін жеке корпуста орналастырған жөн.

  2. 1 жасқа дейінгі балалар үшін 8 кереуетке арналған бөлімдер қарастырған жөн.

  3. Балалар бөлімінің палаталық секциялар бөлмесінің ауданы:

  • шлюзсіз 1 кереуетке арналған палата - 9 м

  • шлюзбен 1 кереуетке арналған палата - 12 м

  • 2,3,4 кереуетке арналған палата - 6 м 1 кереуетке

  • дәрігер кабинеті - 10 м

  • процедура бөлмесі - 18 м

  • буфет - 25 м

  • асхана (3 жасқа дейінгі балалар үшін) - 18 м

  • күндіз болатын бөлмелер (7 жастан асқан бала- ларға қарастырылады) - 25 м

  • горшок қоятын бөлме - 8 м

9.Жұқпалы бөлімшелер бөлмесінің ауданы:

  • бокс (сан. бұрыш, палата, шлюз) 1 кереуетке - 22 м

  • 1 кереуетке жартылай бокс - 22 м

  • манипуляция бөлмесі - 18 м

  • буфет - 14 м

  • жартылай бокске түсетін аурулардың

санитарлық өткізуі - 22 м

  • кезекші медбикенің посты - 4 м

10.Хирургия бөліміндегі бөлмелердің ауданы:

  • 1 столға арналған операция бөлмесі - 36-48 м

  • операцияалды бөлмесі - 15 м

  • жабдық-материалдар бөлмесі - 12-ден

кем емес

  • операциядан кейінгі палата - 10 м 1 кереуетке

  • судно жууға арналған бөлме - 8 м

  • бөлмені жинайтын заттарды қоятын орын - 4 м

Оперблоктағы операция столдарының саны мына есеппен алынады: хирургия профиліндегі бөлімшелерде 1 столға 30-40 кереует. Аурухананың операциялық блогы қызмет жасайтын бөлімшемен (хирургиялық, гинекологиялық) ыңғайлы байланыста болу қажет. Оперблокта 2 өткізілмейтін бөлімшелер болуы қажет: септикалық және асептикалық.

Операциядан кейінгі палаталардағы кереуеттің саны норма бойынша 1 операциялыққа қарастырған жөн: бөлімшеде анестезиология және реанимация және қарқынды терапия палаталары болған жағдайда қарастыры лмай ды.

11. Рентген бөлімшесі аурухананың кереуеті көп негізгі корпусында ортақталына орналастырылады: рентген бөлімшесіне стационар аурулары мен поликлиника аурулары үшін жеке кіру есігі болу қажет.

Рентген бөлімшесі бөлмесінің (кабинетінің) ауданы:

  • диагностика аппаратымен басқару бөлмесі - 10 м

  • фотолаборатория (1 стационарлы рентгенодиаг- ностикалық аппаратқа) - 10 м

  • 1 столы бар процедура бөлмесі - 34 м

12. Физиотерапиялық бөлме бүкіл ауруханаға жалпы болып орналастырылады: сонымен бірге, 50 және одан көп кереуеті бар жеке корпустарға өзінің физиотерапия бөлімшелерін (кабинеттерін) соғуға рұқсат беріледі. Амбулаторлық ауруларды қызмет жасауын ескере отырып, 200 кереуетке дейінгі ауруханаларда электро- және жарықпен емдеу кабинеттері 1 кушеткаға 6 м есебімен орналастырылады, кабинеттің ауданы 12 м-ден кем болмау қажет (кабинетте ауданы 8 м болатын таңғыштарды өңдеу үшін бөлме қарастырылады).

13. 500 кереуетке арналған ауруханада аурухананың барлық бөлімшесін қабылдайтын лаборатория үшін арнайы бөлме соғылады.

14.50 және одан көп кереуеті бар ауруханада жеке ғимаратта орналасатын патолого-анатомиялық бөлімше соғылады. Оны шаруашылық аймағында орналасатын ғимаратқа соғу рұқсат етіледі, ас даярлайтын бөлмені есепке алмағанда. Жұқпалы аурумен ауырған өліктерді ашуға арналған бөлмелер оқшаулануы қажет және жеке сырттан кіру есігі болу қажет.

15. Табиғи жарықтың жеткіліктілігі жарық коэффициенті (ЖК) бойынша бағаланады - бұл терезе ауданының еден ауданына қатынасы;

а) операция бөлмесінде, босанатын палаталарда, таңу бөлмелерінде, лабораторияда, секцияларда, дәріханаларда - ЖК = 1:4; 1:5;

ә) күндіз болатын палаталар, бөлмелерде дәрігер кабинетінде, процедуралық, стерилизация бөлмелерінде - 1:5; 1:6;

б) буфетте, күту бөлмесінде, рентген және физиотерапия кабинеттерінде -1:6; 1:7;

в) басқа бөлмелерде - 1:7; 1:8;

16. Төбеде орналасқан жалпы палаталардың жарықтағыш шамдары тұтас шашыратқыш болу қажет.

17. Жалпы жарықтандыратын жарықтағыш шамдарымен бөлменің жарықтануы:

Бөлмелер

Шырақтың (лампа) жарықтануы лк – пен

люминесцентті

қыздыру шамдары

1

Таңу, босанатын, операцияалды, наркоз, операция, реанимация палаталары

500

200

2

3 – ші м. көрсетілгендерден басқа палаталар

100

50

3

Жаңа туылған балалар палаталары, операциядан кейінгі бокстар және жартылай бокстар

150

75

4

Аурулар күндіз болатын бөлмелер

150

75

5

Процедура бөлмелері

500

200

6

Көру бөлмелері, фильтрлер

500

200

7

Дәрігерлер кабинеті: хирургтер, стоматологтар, травматологтар, педиатрлар, дерматологтар, венерологтар, инфекционистер

500

200

18. Ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешулеріне қойылатын талаптар:

а) операция бөлмелері, асблогының пісіру залының биіктігі 35 м-ден кем емес; жұқпалы бөлімшелер бөлмесінің биіктігі - 3,3 м-ден кем емес;

ә) ғимараттардағы бөлмелердің ені 2,4 м-ден кем болмау қажет; палаталар мен емдеу бөлмелерінде, операция бөлмелерінде -5 м; палата коридорларында - 2,4 м.

б) екі жақты құрылыста екі жанынан түзу табиғи жарықпен жарықтандыратын палаталарды байланыстыратын коридордың шектелінген ұзындығы 30 м-ден аспау қажет, ал бір жанынан жарықтандырғанда-15 м. Екіжақты құрылыс коридорының ұзындығы 60%- тен аспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі;

в) аурухана ғимараты аурулар, келушілер, қызмет-шаруашылыққажеттіліктері үшін жеке кіру есігі болу қажет. Жеке сыртқы есіктері болу қажет: босанатын бөлімше (10 кереуеттен бастап), балалар бөлімшесі (25кереуеттен бастап), жұқпалы бөлімше (әр жұқпалы ауру түріне бөлек).

Көпқабатты ғимаратта әр ауру бөлімшесі екі баспалдақтан кем емес шығу есігі болуы қажет (қарама-қарсы жақтарында).

ЕМХАНА

1. Амбулаторлық - емхана мекемелерін стационарға біріккен жеке тұрған ғимаратқа орналастырған жөн. Балалар бөлімшесінің жеке сыртқы есігі болу қажет және ересектерге арналған бөлімшемен байланыспау қажет.

  1. Процедура және күту бөлмелерімен бірге дерматовенеролог, фтизиатр, акушер-гинеколог, психиатр кабинеттерінің аймақтары өткізілмейтіндей етіп жобалануы қажет.

  2. Инфекционист кабинеті барлық кабинеттерден оқшаулануы қажет және күту бөлмесінен жеке сыртқы есігі болу қажет.

  3. Амбулаторлық-емхана мекемелері бөлмелерінің ауданы:

  • вестибюль-гардероб - 10 м-ден аспау қажет

  • тіркеу орны - 10 м-ден аспау қажет

  • хирург, фтизиатр, онколог,

уролог және т.б. кабинеттері - 18 м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]