
- •1. Қазақстан тарихы пәні. Оны оқытудың мақсаты мен міндеті.Деректану және тарихнама.
- •3. Үйсін мемлекеті.
- •4.Қола дәуірі.
- •6.Ғұндар. « Ұлы қоныс аудару»
- •7. Сарматтар.
- •8. Қаңлы мемлекеттік бірлестігі.
- •9.Найман мен Керей - ұлыстары.
- •10.Түрік, Батыс Түрік қағанаты.
- •11.Қарлұқ қағанаты.
- •12.Оғыздар
- •13.Қимақ қағанаты
- •14.Қарахан мемлекеті.
- •15.Қарақытай (қидандар) мемлекеті
- •17.Түркеш қағанаты
- •1822 Жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»
- •1917 Жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •1. Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгерді.
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2050 Жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
11.Қарлұқ қағанаты.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тірегенҚытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахрхалықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» Қарлұқтардың сыртқы саясаты Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.