Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istoria_Shpor.docx
Скачиваний:
149
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
321.74 Кб
Скачать

1822 Жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.

Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.

Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып ,

олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы:  ОКРУГ

(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.

Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:

БӨЛІКТЕР

(батыс, орта, шығыс)

Басқарушысы- аға сұлтан

ДИСТАНЦИЯ (54)

Басқарушысы-ру шонжарлары

Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

53. Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған Сырдария қазақтарының көтерілісі

Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқының жағдайы мейлінше ауыр еді. Ресей империясының экспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының (1853 ж. В. Перовский Ақмешітті басып алған болатын) күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руы басшыларының бірі Жанқожа өзінің сирек кездесетін сапалық қасиетімен қарапайым еңбеккерлер арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Өз дегенімен істейтін әрі өктем басқарушы Жанқожа сол уақытта Сырдария бойы қазақтарының негізгі бұқарасын құрайтын егінші-қазақтар өте күшті отаршылық езгіге душар етілгенін түсіне бастады. Басты мәселенің бірі-жер мәселесі еді. Ақмешіт басып алынғаннан кейін Сырдария әскери желісі құрылды. Сол желіге қазақ халқының иелігіндегі көлемді жерлер казактар мен келушілерді қоныстандыру үшін бөлініп берілді. Ал қазақтардың өздерінен үйді-үйлері бойынша салық алынып отырды. Бұған қоса олардың мойнына тағы да көптеген жұмыстар жүктелді. Олар жолдарды дұрыстап ұстау, көпірлер салу, белді арықтарды тазалау сияқты істер, болатын. Көлік түріндегі борыш бойынша қазақтар әскери желі бастығының талап етуімен әр түрлі жұмыстар үшін жүйелер бөліп отыруға, бекіністер салуға адамдар шығаруға және құүрылыс материалдарын тасу үшін көлік күшін беруге міндетті болды. Соның өзінде мұндай борыштарды орындау көбінесе науқанды жұмыстармен тұспа-тұс келіп, егіншілерге өте қымбатқа түсетін.1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казактарының алғашқы 26 жанұясы қоныстандырылды. 1857 ж-ға дейін 3000 қазак жанұялары өздерінің бұрынғы тұрған құнарлы жерлерінен енді жыртып егін салуға жарамайтын және егінді суару үшш ағын суы болмайтын жерлерге қуылып, қоныстарын аударуға мәжбүр етілді. Бұрын қазақтар тұрған жерлерге қоныстанған ауғандар үлкен артықшылықтармен пайдаланды, мұның өзі қазақ халқын аяусыз қанауға әкеп соқты.Осының бәрі жылдар бойы жинақталып, XIX ғ-дың 50 жылдары ортасында кішкентай шекті руы егінші-қазақтарының ашық күреске шығуына алып келді.Хиуа хандығының қазақтар жөніндегі озбырлығы олардың аса ауыр салықтар жинауынан, тонаушылығынан және ойына келгендерін істейтіндігінен көрінді. 50 жылдардың басында батырдың әрекеттері Ресей әкімшілігінің де, Хиуа басқарушыларынын да назарында болды. 1843 ж. өзінде-ақ Жанқожа Қуандариядағы Хиуа бекінісін талқандады, және де 1845ж. көктемінде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберілген хиуалықтардың 2000 адамдық жасағын күл-талқан етіп жеңді. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды. Осылай оның сарбаздары Жаңа қала бекінісін де басып алып, қиратып тастады. 1847 және 1848 жж. ол Райым бекінісі маңында хиуалықтарды тойтаруда орыс әскерлеріне талай рет көмектесті. Жанқожа Кенесарының көтерілісіне де қатысты (рас, кейіннен ол бұл қозғалыстан бөлініп кетті) және Кенесарымен бірге хиуалықтардың Созақ бекінісін талқандады. Патша әкімшілігі Жанқожаның шектіліктер арасында қандай беделмен пайдаланатынын көріп және оны саясаттарының бір құралы ретінде өз жақтарына тартуға дәмеленіп, оған өздерінің көңілдері ауатындығын талай рет білдірді. Мысалы,1845 ж. оған 200 сом ақша және шекпен тіктіріп, киюіне мауыт мата жіберілді, ал 1848 ж. жасауыл шенін берді. Соны бере тұрып патша әкімшілігі оған орыс үкіметіне адалдығына ант қабылдауды ұсынды. Ал Жанқожа ант етуден бас тартқанда оны жасауыл шенінен айырып, кішкентай шектіліктерді басқарудан алып тастады.Бір жағынан хиуалықтардың озбырлығы, екінші жағынан-қазақтардың жерлерін орыстардың басып алушылығы бұл отарлық езгіге қарсы ашық көтеріліске шығуға душар еткізді. Әрине, көтерілісшілер өздерінің мұндай бақытсыздықтарының басты кінәлілері Қазалы форты деп ұқты және сондықтан олардың қимылдары бірінші кезекте патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтерілісшілердің басшысы сол кездері 90 жастан асқан Жанқожа " Нұрмұхамедов болды. Сонымен, көтерілістің тууының негізгі себебі Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтарда, сондай-ақ патша режиімнің қоныс аудартушылық саясатында жатты .1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұрындары Жанқожа орыс әскери командованиесінің хиуалықтарға қарсы күресінде одақтасы ретінде көрінсе, енді Сырдария мен оның сағалары аудандарын орыстардың отарлауына қарсы белсенді күрескер болып шықты.1856 ж. аяғына таман бүкіл Қазалы өңірін көтеріліс жалыны шарпыды, бұл уақытта Жанқожаның қаруланған қазақтарының саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске тек шектіліктер ғана емес, ал басқа рулар да, соның ішінде көшпелілер де қатысты. Бұл көтеріліс кезінде де Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әдісін қолданды, сойтіп 1856 ж. аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Көтерілісшілер оған дейін қоныс аударғандар тұрған Солдатская слобода поселкесін жойды. Көтерілісшілерге қарсы осы фортта тұрған (қазақтардың жүздігі, жаяу әскердің 50 адамы, бір зеңбірегі) Михайловтың отряды қимыл жасай бастады. Михайлов отрядының бір шабуылы көтерілісшілердің шағын жасағының жеңілісімен аяқталды. Патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отряды көтерілісшілер қосынын атқылап тастады. Бұл қимылдары 1856 ж. 19 бен 23 желтоқсан аралығында өтті. Желтоқсанның соңғы күндеріне дейін соғыс шайқасушы жақтардың алма-кезек басымдықтарымен жүріп жатты. Алайда жыл аяғында Перовскийдің қысым жасауымен Ақмешіттен генерал-майор Фитингофтың отряды (265 солдат, екі зеңбірек және бір ракеталық қондырғы) жіберілді. 1857 ж. қаңтардың алғашқы күндерінде Қазалы фортының отрядтарымен қосылғанда Фитингофтың 300 казактан, 320 жаяу әскерден, үш зеңбірек пен екі ракеталық қондырғыдан тұратын отряды елеулі соғыс күші болды. 1857 ж. қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында шешуші шайқас болып өтті. Жанқожада 5000-ға дейін қарулы салт аттылар болғанына қарамастан, шайқас барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді ізінде түсіп қуа бастады, оларды Сырдарияның оң жағалауына, демек Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр етті. Жанқожамен бірге 20 шақты ауыл көшіп кетті. Хиуа хандығының жерінде Жанқожа Хиуа ханы немесе Бұхара, немесе Қоқанд басқарушылары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оған мұның сәті түсе қоймады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі ортағасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.Жазалаушылық шаралар ауылдарда тонаумен сабақтасты. Мысалы, тек мүйізді ірі қарадан 21400 мал тартып алынды және тұтас алғанда жазалаушылардың қолдарына түсірген малдарының жалпы саны бұрынғы қай кездегіден де үш есе көп болды. Оның үстіне жазалау шаралары қатардағы еңбеккерлерге қатты соққы болып тиді. Жанқожаның өзі көтеріліс істерінен кетіп, тек бидің міндетін атқарды, ал кейіннен оны өзінің қарсыластары өлтірді. Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады. Әрине бұл хиуа хандарының сыртқы саясатына қайшы келді. Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы насихатты күшейтті, ал олардың орыс бекіністеріне жақындап барып қоныстану мүмкіндігін жою үшін 1847 жылы Қуандарияға бөгет салып тастады. Хиуаның Қожанияз бекінісінен бастап. Арал теңізіне дейінгі өзен арнасы құрғап қалды. Алайда бұған қарамастан, қазақтар орыстардың Райым бекінісі мен Қазалы фортына жақын жерде одан әрі көшіп жүрді.

54. ХVШ және Х1Х ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде

өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да Совет үкіметі кезінде, дәлірек

айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. Революцияға дейінгі

шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс

авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби

нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын

көреміз. Ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде XVIII - XIX ғасырлар

әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. Бірақ

тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. Мысалы,

В.В.Радловтың «Түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды

кітабының ІІІ томында (1870 ж.) Жанақ пен Түбек, Орынбай мен Шортанбай т.б.

бар. Тек ХХ ғасырдың бас кезінде «Қырғыз поэзиясы туралы» деген

В.Н.Белослюдовтың мақаласында ғана

ХІХ-ХХ ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле

қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.

ХІХғасырда қазақ әдебиетін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерінің құндылығы

материалды тек жинауларында ғана емес, әдебиетіміздің мазмұны мен көркемдік

ерекшеліктері жайлы берген ғылыми бағаларының да мәні зорлығында. Өйткені ол

ғалымдардың барлығы да қазақ әдебиетінің нұсқаларын өз күйінде оқып, өз

құлақтарымен естіп, халық жыршыларынан өздері жазып алған материалдарының

негізінде өздерінің талғамдары мен түсініктерін ешбір бояусыз айтуға күш

салған. Өткен дәуірдегі халқымыздың ақындық қабілеті мен әдебиетіміздің

идеялық-көркемдік қасиеттері туралы бұл адамдардың берген анықтамалары - біздер

үшін мақтанарлық нәрсе.

Революцияға дейінгі

тюркология мәселесімен шұғылданушылар: В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский,

М.В.Готовицкий, Я.Лютш, Ю.Новицкий, А.Е.Алекторов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин,

С.Г.Рыбаков - барлығы да қазақ поэзиясын өте жоғары бағалады. Қазақ, қырғыз,

татар, жалпы түрік тілдес елдердің тілдерін көп зерттеп, әдеби нұсқаларын көп

жинаған академик В.В.Радлов өзінің бір мақаласында: «Өздерінің туыстас түрік тектес елдерімен

салыстырғанда, қырғыздар да, қазақтар да сөзге шешендіктерімен ерекшеленеді.

Олардың шешендіктеріне, шынында да, таңғалмасқа болмайды. Қазақтар сөйлегенде

ешбір мүдірмей, күрмелмей есіп жүре береді, ойларын дәл, айқын етіп бере

білумен қатар, сөз, сөйлемдерін белгілі бір дәрежеде әдемілікке безейді,

әңгімелесіп отырғанның өзінде жай сөйлемінде не жайылма сөйлемінде болсын ырғақ

анық байқалып және жиі кездеседі. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем

түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да, тыңдаушыға өлең

тәрізді әсер етеді... ырғаққа құрылған сөздерді дүниедегі көркемөнердің ең

жоғарғы биігі деп ұғынатын, суырылған шешендікке жаны рақаттанатын халықтың сөздері солай болып келуі әбден түсінікті. Сондықтан да қазақ халық поэзиясының дамуы жоғарғы сатыға жеткен. Олардың мақалдары да, насихат, нақыл сөздері деәдейі қолданылған ұйқастарға негізделінеді; тарихи жыр, айтыстар, салт өлеңдері,жоқтаулар т.б. - бәрі де жиын, тойларда әрдайым-ақ жырланады және оларды жұрт емірене тыңдайды.Сонымен біргеқазақта суырыпсалмалық (импровизация) - мейлінше көп таралған өнер. Аз-мұзтәжірибесі бар ақындардың табанда-ақ өз жандарынан өлеңдер шығарып, әдейілеп жырлап беруге мүмкіншіліктері мол»1, - десе, П.М.Мелиоранский: «Қазақ тілі ең таза және ең бай тілдердің бірі екендігін түрік тілдерінің диалектілерін зерттеушілердің барлығы бірдей

мойындайды. Сөздерін ырғақпен ұқсастыра, әдемі етіп сөйлеуге қазақтар мейлінше ұста және ол жан машығы тәрізді. Сөзге қабілетті адамдар әншілер, ертегішілер,суырыпсалма ақындар қазақтарда үлкен құрметке бөленіп, қатты қадірленеді.Қазақтың халық әдебиеті өте бай және әр алуан»2 , - деді.Басқа тюркологтер де осылар тәрізді пікірлер айтты.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті, тарихи әдебиеті, жазба әдебиеттерінің мазмұн байлығы мен көркемдік

құндылықтары ХІХ ғасырдың бас кезінде кітап шығару жұмыстарын қолға алған татар

буржуазиясының назарларын аудара бастады. Олар хат білетін Жүсіпбек Шайхұлислямов,

Ақылбек Сабалов т.б. арқылы қазақ арасынан ескі әдебиет нұсқаларын жинап,«Қисса», «Хикая» тағы басқа аттармен кітап етіп, бастырып шығарды. (Дулат. «Өсиет нама», Қазан, 1880 ж.; «Қисса Шортанбай», «Шортанбайдың бала зары», Қазан, 1888 ж.; «Қисса Біржан сал мен

Сара қыздың айтысқаны», Қазан, 1888 ж.; «Қисса

Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», Қазан, 1899 ж.; Әбубәкір (Кердері).

«Әдебиет қазақия», бірінші бөлім, 1905 ж.; «Мұрат ақынның Ғұмар қазыға

айтқаны», Қазан, 1908 ж.; «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі», СПб,1909 ж. т.б.) бірақ тарихи әдебиет нұсқаларын белгілі бір жүйеге салу, зерттеу,талдау бағытында пікір айтулар ол кезде де болған жоқ.

55. Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармалармен тығыз танымал болағн Нысанбай, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан бақтыбай, Марабай, Өспе, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың өрнекті ақындары Шортанбай, Дулат, Мұрат, Орынбай, Шөже, Біржан, ЗЖамбыл, Майкөт, Әсет, т.б. өлең-жырлары өздерінің терей мазмұнымен жұртшылықты тәнтті етті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Ұлбике, Айсұлу, Манат, Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады. Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Ақан сері, біржаг сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра – бүгігі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.  Қазақтың жазба әдебиетінің неігізін салушы – Абай Құнанбаев (1845-1904) артында өлеңдер, дасмтандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шыармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Халыққа жат қулық-сұмдықты залымдықты шенеді. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды надан молдаларда жек көріп, әшкерелеп отырды. А. Құнанбаев әр адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолы ең алдымен еңбекте, тек еңбек қана материалдық және рухани игілікке жету құралы деп білді. Еңбекші бұқараның өмірін жақсарту жолдарын ол егіншілікті, қолөнерді және сауданың дамытумен тығыз байланыстырды. Абай жас ұрпақты ғылым мен білімді үйренуге, адалдыққа, имиандыылыққа шақырды. Ол ғылым мен білімнің қоғам үшін маңызын ашып көрсете келіп, бұлардың «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтықпен» сыйыспайтынын ерекше атады.  ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының саяси өмірі де жарық жұлдыздай көзге түскен, әмір-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген А. Байтұрсынов (1893-1938), Ж. Аймауытов (1889-1931), М. Жұмабаев (1893-1938), М. Дулатов (1885-1935) сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар ту ралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Бес арыс» жинағын атауға болады. Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың «Қырық мысалы» қазақ тілінде шықты. «Маса» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталған.т Оның еңбектерінің дені тілге байланысты , сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілген.  Қазақтың Пушкині аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мұхтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулықққ сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейді. Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі. Сондай ірі тұлғалардың қатарына Жүсіпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ірі драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдері көп бұл әдебиетшіні де халық қатты қастерлеп сүйіп оқыған.Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Әдебиеттегі осы сияқты алыптардың өнегесімен, күрестің қызып жатқан күндерінде ұйымдастырылған «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жатық жарияланымдарымен көрінген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Төңкерістен бұрыңғы әдебиетте көркем аударманың шебер үлгілерін қалдырған Абай, Ыбырай болса, сол кездегі «Түркістан уалаяты» газеті мен «Дала уалаяты» газетіінде басылған аудармалардың көркемдік сапасы жағынан құнды аудармалар тууына себін тигізгенін атап өту керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ тіліне аударыла бастаған ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың шығармаларын солардың қатарына жатқызуға болады. Л.Н. Толстой «Ясная Полянада» өзі ашқан мектепте орыс шаруаларының балаларын оқытумен шұғылданған болатын. Соған байланысты педагогика саласында оқу құралы ретінде 1872-1875 жылдары «Новая азбука», «Русские книги для чтения» деген оқулықтар шығарды. Солардан және ұсақ әңгіме, мақал-мәтел, ертегі, нақыл сөздерден аударылып, «Дала уалаяты» газетіінде басылған Л.Н. Толстойдың «Ұзақ пен көгершін», Бұғы мен қарақаттың сабағы, «Бұғы», «Қоян», «Өтпес пышақ», «Мұжық пен жасауыл», «Құмырсқа мен көгершін», «Арыстан, һәм қасқыр мен түлкі», «Сурат кофейнасы», т.б. шығармалары түп нұсқаға сай келетін, тілі жатық, жақсы аудармалар болды. 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды ауызға аламыз.

56. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, оның ерекшеліктері.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні  Қазақ елінде кезінде Тәуекел, Хақназар , Тәуке хандардың билігі кезінен Ресей мен қазақ елі арасында саяси экономикалық және сауда қатынасы біршама жолға қойылды . Патшалы Ресей Қазан Астрахань хандықтарын Батыс Сібірді , Қазақстанмен шекаралас көшіп –қонып жүрген башқұрт, қалмақ , ноғай , халықтарын жаулап алып , Қазақстанмен шекаралас болды .Бірінші Петрдің кезінде –ақ патша үкіметі қазақ жеріне алғашқы бекіністерін салдыра бастады. Қазақстанның Шығысындағы шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуы, жоңғар билеушілерің шапқыншылығы қазақ еліне зор қауіп төндірді. Бұл шапқыншылықтар «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына әкеліп соқтырды. Жоңғар шапқыншылығы біріншіден қазақ билеушілерінің Цин династиясынан көмек сұрауына мәжбүр етсе , екіншіден тайпалар мен рулардың орталық өкіметтен тәуелсіздігін алу үшін, елдегі саяси быраңқылықты тоқтату үшін Ресейдің қол астына өтуіне әсерін тигізді . Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында , әсіресе 16 ғасырдың 2 жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді . Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті . Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары Каспий , сондай –ақ Еділ мен Кама өзені арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысты күшейтті . Орыс үкіметі ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді . Содай –ақ ,Сібір хандығына Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген қазақ хандығы Ресеймен экономикалық , саяси – елшілік байланыс орнатуға мәжбүр болды . Бұл байланыста қазақтар негізінен Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне саяси , мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасай деп үміт етсе , патша үкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады . 1734 ж 10 маусымда Анна Иоанновна Әбілхайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде ат жолдап ,қала салатын жерге И. К. Кириллов А.И.Тевкелеевті жіберді . Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып , олар біртіндеп қалаларға айнала бастады . Сол кездердің өзінде –ақ Жайық өзенінің бойынан 14 қамал салынды . Мұндай әскери бекіністер салу , сол кездегі патша үкіметіне отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты . Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында маңында қазақтардың көшіп қонуына тиым салынды .Ертіс , Тобыл ,Есіл Үй , өзендеінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып оңтүстікке ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұхара мен Ташкент түбіне келіп , қоныстануға мәжбүр болды . 1740 ж Орынбор экспедициясы В .А . Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтандармен келіссөз жүргізіп , онда Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөнінде шарртқа қол қойды . Осы шарттан кейін патша үкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды . Сонымен қатар 1743 жылдың өзінде ғана Кіші жүз бен Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан көптеген жаңа бекіністер салынды . Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілхайыр мен төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды . Әбілхайыр хан патша үкіметімен Орынбор губернаторының түпкі мақсаты бүкіл Қазақстанды империяның отарына айналдыру , өздеріне ұнамайтын ықпалды ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден аңғартты. Ал патша үкіметі болса Әбілхайырды хандықтан түсіріп , өлтіруге тырысты . Сонымен патша үкіметі араға Барақ сұлтанды салып Әбілхайыр сұлтанды өлтіргізеді , ал Барақ сұлтан болса , хандық билікке қол жеткіземін деп ойлады , алайда ол қатты қателескен болатын , ол керісінше халқының көпшілігін өзіне қарсы қойып алды . Сонымен 18 ғасырдың орта шенінде патшалы Ресейдің отарлауымен Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі , Орта жүздің тек аз бөлігі кірді . Ал Солтүстік шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек 19 ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша үкіметінің әскери – саяси күш көрсету нәт

57. Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуы (ХІХ ғ. 2- жартысы)

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері

XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.[1]

Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудара бастауыДүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.[1]

Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы

Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.

Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды

58.1867-1868 жж.Қазақстанда жүргізілген территориялық-әкімшілік реформалары. Реформаның отаршылдық сипаты

Патша үкіметі 18671868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені  шаруашылық  жағынан отарлауға ықпал етуге және оған  Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.

Реформаның отаршылдық сипаты[өңдеу]

1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар өз қандастарының қамын жеуден қалды. Олар ендігі жерде орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады, қайтсем солардың қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды  әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.Жаңа міндетті борыштар мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық  жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бір-ақ көтерілді. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы халық  харадж (егіннен алынған өнімнің оннан бір бөлігі),  зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі) төлеп тұруға міндетті болды. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін қара шығын деп аталатын қосымша салыққа салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге,  көпір, мешіт,  мектеп, аурухана  салуға жұмсалды. Патша үкіметі Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бір бөлігі отаршыл әкімшілік пен әскери күштерді ұстауға жұмсалды, енді бір бөлігі  орталыққа  жіберіліп отырды.

59. 1886 және 1891 жж. Қазақстандағы әкімшілік - сот реформалары

1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.

Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана — 5, Самарканд — 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.

Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі — әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.

Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.

Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.

Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

60. Патша үкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты. ХІХ ғ. екінші жартысында өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуы

Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы[өңдеу]

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.

Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.

Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.

Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері[өңдеу]

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін олардыҚазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы[өңдеу]

1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.

Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.

1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі менМемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.

Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.

Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі[өңдеу]

1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.

Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.

1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.

1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршылөкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.

1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.

1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

61. Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметі.

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз,ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.

1856 жылы полковник М.М. Хоментовский  басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.

Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.[1]

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.

Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.

Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.

62. Ы.Алтынсаринның оқу-ағартушылық қызметі

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. . Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында.

Шығармалары:Өлеңдер Азған елдің хандары Балғожа бидің баласына жазған хаты Жаз Кел, балалар, оқылық

63. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абайдың поэзиясы мен қара сөздері

Шығармалары

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау»өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік  лирикадан  құралады,  поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Музыкалық мұра

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болд

64. 1868-1869 жж. Орал және Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы көтерілістер.

Көтерілістің басталуы

1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600—700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.

Торғай облысы Ырғыз, Елек уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы Орал облысының Орал, Калмыков уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, байбақты рулары көп топтасты. 1869 жылғы наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі формаға ие болып, ұйымдасқан сипат алды. Тіпті комиссия мүшелерімен келіссөз жүргізілді. Олар тұрақты жасақ құрып, алдыңғы шепке күзет қойды, ұсақ топқа бөлініп, үздіксіз шабуыл жасады. Өз іштерінен хан, әмір сайлап, дербес билік  жүйесін  құрды.Халық  арасында беделді азаматтар мен ақсақалдар бас қосып, «Уақытша Ережеге» байланысты кеңес өткізді. Торғай облысы  Елек уезіндегі  Қобда бойында Белқопа деген жердеМұңайтпас Бөтенбеков деген бидің ауылына 500-дей ру ақсақалдары жиналады.

Наурыздың соңы мен сәуірдің басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің зияндыжақтарын түсіндіреді.

Елек, Қобда бойындағы көтеріліс ошағында 6 мың отбасы қарсылық көрсетті. Көтерілісшілерге бұрын сұлтан-басқарушының көмекшісі болған Ханғали Арыстанұлы басшылық етті. Олар Ырғыз уезінде Орал-Ор пошта бекеттерін тонады.

Шекті руы қазақтары «комиссияны қабылдамаймыз, одан Хиуаға кеткеніміз артық» деп мәлімдейді. Бір бөлігі Сырдария облысына қарай қоныс аударуға бел буады. Патша үкіметідистанциядағыларды жазалауға әскери жасақ шығаруға шешім қабылдайды.  Ембі постына шыққан  Новокрещенов  жасағына 18 наурызда Бестамақ деген жерде 700 адам  шабуыл жасайды. Жеңілген қазақтар жаппай  Жем  бағытына  қоныс аударды.Орал мен Торғай облысында  комиссиялар өз міндеттерін орындай алмады. «Уақытша Ереже», негізінен, қыстаулары мен жайлаулары шеп аудандарының ішінде қалған, казак әскерлерінің іргесіне орналасқан, көші-қон жөнінен оларға түгелдей тәуелді қазақтарға ғана енгізілді. Бірақ бұл Кіші жүздегі үй санының ⅓ бөлігінен де аз еді.1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына  Ханкөл,  Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Құрайлы, Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың көтерілісін Сейіл Туркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. Ең маңызды жерлерге салт атты шолғыншылар қойылды.

65.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.

Басқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. Реформаны енгізгенде патша үкіметі қазақтардың, жекелей алғанда адайлардың, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен тарихи ерекшеліктерімен (санаспады. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 2 жылға қатар төлеу міндеттелді.1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды.Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді.Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұлхабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың  бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.

Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салтатты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі — Александров фортын қоршау үшін пайдаланды.

Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы Иранда ағылшындардың ықпалыедәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін  Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы  әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға  Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік  батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті  қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты  әскер  бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып,  көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.

1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.

Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді.

Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Маңғыстаудағы көтерілісте өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады.

Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді.

XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстандағы көптеген бас көтерулерден айырмашылығы да осында. Салыстырмалы түрде айқын көрінетін батыл қимылдар, үлкен ұйымдасқандық белгілерін көреміз.Көтерілістің нағыз ұйымдастырушыларының бірі малшы шаруа Досан Тәжиевті халық батыр ретінде мойындады.

Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар  оқиғаның даму барысымен ғана анықталды.

66. Х1Х ғ. екінші жартысы ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде сауда жүйесінің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары» деп аталатын бөлімшеде, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары қарастырылады. Қазақстанның оңтүстік өлкесінің Ресей империясына, ортаазиялық хандықтарға (Бұхар, Хиуа), Қытайдың батыс аудандарына географиялық жағынан жақындығы, оның сыртқы сауда саясатындағы ролін анықтады, орыс үкіметінің саяси және экономикалық позицияларының күшеюіне ықпал етті. Ресейдің Қазақстанға қатысты экономикалық саясаты XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғасырдың өне бойында, орыстардың Азия территориясын отарлауы мен игеруі кезінде қалыптасты. XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей текстильді және өңдейтін кәсіпорындарының шикізат пен өткізу рыногына деген қажеттіліктерінің артуы Қазақстан территориясында сенімді сауда жүйесін құруды талап етті. Басыбайлық құқық жойылғаннан кейін, Ресейдегі капитализм тез даму мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендігінен туындаған, ішкі нарықтың тарлығы, патша үкіметін, буржуазия мен көпестердің мүдделері үшін жаңа өткізу нарықтары мен шикізат көздерін іздестіруге итермеледі. А.А. Халфиннің еңбегінде көрсетілгендей бұл кезеңде Ресей әлемдік рынокта Европаға ауыл шаруашылық шикізатты шығарса ал, Азия рыногында, керісінше металл және тоқыма бұйымдарының, өңделген терілердің (дайын фабрика-заводтық өнімдердің) экспортері болды. Осы мәселеге байланысты, зерттеуші А.И. Верегин былай деп мәлімдеді: «Приведя в безопастность торговлю нашу в Средней Азии, мы приобретаем со временем легчайший способ вознаграждать те потери, которые вынуждены сносить по европейской торговле...» [24]. Патшалы Ресейдің Орта Азияға, оның ішінде Қазақстан жеріне енуі, Ұлыбритания арасындағы бақталастық жағдайында жүрді. Осылайша, Ресейдің жаулап алушылық саясатының ұмтылысы нақты стратегиялық, саяси, сауда-экономикалық себептерімен түсіндіріледі.1847 ж. Сыр өңіріндегі орыс әскерлерінің алғашқы бекінісі - Райым бекінісі болды. 1853 жылғы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып ағаннан кейін, Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылып, оған Райымнан Ақмешітке дейінгі аудандар енгізілді. 1853 ж. 26 тамызда Ақмешіт бекінісі патшаның жарлығымен Перовск форты (қазіргі Қызылорда қаласы) болып өзгертілді. 1864 ж. 22 қыркүйекте Шымкент қ. алынды, Ташкент қаласы 1865 жылдың жазында жаулап алынды. Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор және Сібір шептері тұйықталды. Шын мәнінде Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің 130 жылдан астам уақытқа созылған ұзақ та күрделі үрдісі осы оқиғамен аяқталды.Жаулап алған жерлерде жүргізген жаңа әкімшілік құрылыс барысында 1865 ж. 12 ақпанда, 2 жыл өмір сүрген Түркістан облысы құрылды. 1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр Түркістан генерал-губернаторлығын құру және уақытша ережені басқаруға енгізу туралы жарлыққа қол қойды жаңа генерал-губернаторлық: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Хожент, Жизақ уездерінен құрылған. Сырдария облысының облыстық басқармасы – Ташкент қаласында орналасты. Түркістан өлкесінің бірінші генерал-губернаторы К.П. Кауфман болды. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже бойынша Түркістан өлкесі Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарынан тұрды. Патша үкіметі жаулап алынған жерлерде саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында орыстарды қоныстандыру саясатын ұстанды. Қоныс аудару үрдісінің экономикалық жетістігі, тарихи кемшіліктермен қатар жүрді. Қазақстан әлемдік нарыққа тартылды, отырықшылану процесі жүрді, бірақ қазақтар көптеген құнарлы жерлерінен айырылып, отар елге айналды. «Оңтүстік Қазақстандағы әкімшілік және несиелік құрылымдардың сауда жүйесінің дамуына әсері мен құқықтық негіздері» деп аталатын бөлімшеде, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі әкімшілік және несиелік құрылымдардың сауда жүйесінің дамуына әсері мен құқықтық негіздері қарастырылады. Қосылған территорияларды басқаруды ретке келтіру, халықтың барлық топтарына ортақ басқару жүйесін енгізу сауда жүйесінің қалыптасуына кедергі жасаған жағдайлардың көпшілігін жойды, мысалы орыс көпестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, саудада халықтың әр түрлі топтарының арасындағы айырмашылықты жойды, қазақ даласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды бақылайтын күшті билік орнады. Ресей сауда капиталының рынокты жаулап алуын жеңілдедетін мелекеттік актілердің бірі, татарларға Түркістан өлкесінде жылжымайтын мүлікті сатып алуға тиым салу шарасы болды. Татарлардың құқын бұлайша шектеуді К.П. Кауфман: «олай істемегенде татарлар ортаазиялық сауданы жаулап алар еді» деп түсіндірді. Жергілкті сауда капиталын шектейтін, осыған ұқсас мемлекеттік іс-шара Ферғана, Самарқан және Сырдария облысының мақта рыногында берік орын алған, бухарлық еврейлердің сауда істерін жауып, өздерін Бұхар жеріне көшіру әрекеті болды. Бұл арқылы, Ресей капитализмі мақта нарығында неғұрлым күшті делдалдардан құтылғысы келді. Осылайша, XIX ғ. Ресейдің азиялық бөлігінде әкімшілік-территориялық құрылымында орын алған түбегейлі өзгерістер, қазақ және ортаазиялық жерлерді Ресейге біріктірді, елдің құрамдас бөлігіне айналдырды, олармен сауда ішкі сауда сипатын алды. Бұның алдындағы XVIII ғ. өне бойында және XIX ғ. бірінші жартысында саудамен отарлау мемлекеттік отарлаудан ерте жүрді, бірақ тығыз экономикалық байланыстардың орнауына Азия территориясындағы тұрақсыз саяси жағдай кері әсерін тигізген болатын. Енді, XIX екінші жартысындағы әкімшілік реформалардың нәтижесінде, конфронтациялық аспект екінші орынға түсті. Осылайша, әкімшілік-территориялық реформалар қазақ даласында сауда жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады.Қазақстанда сауданың дамуына әкімшілік шаралармен қатар, саудагерлерді, кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз еткен біртұтас банк жүйесінің құрылуы ықпал етті. 1875 ж. Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесінің құрылуы, құрамына Жетісу облысы кірген бүкіл Түркістан генерал-губернаторлығы үшін елеулі оқиға болды. Бұл Түркістан өлкесіндегі ең алғашқы Мемлекеттік банк бөлімшесі болды, филиалды ашуда орыс үкіметі ең алдымен қосылған өлкенің әскері мен әкімшілік мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысты, сондықтан бастапқыда банктің коммерциялық функциялары соңғы орында тұрды. Маңызды коммерциялық операциялар вексельдік және тауар кепілдемесіне берілетін операциялар болды. Мемлекеттік банктен несие алғандардың ішінде қазақ көпестері де болды, олар шамамен 20-25%-ды құрады, негізінен ұсақ несиені пайдаланды (1 мың рубльден 10 мың р. аралығында). Банктердің есеп-ссудалық комиттерінің мүшелері ірі буржуазия өкілдері болғандықтан, олар көбіне банк несиесіне орта және ұсақ буржуазияны жақындатпай, тауар несиесін өз қоймалары мен қамбарларынан беруге тырысты. Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылғаннан кейін, қазақ жерінде жеке-меншік коммерциялық банктердің бөлімшелері ашыла бастады. XX ғасырдың басында кеңінен дамыған несиелік кооперация, ссудалы-жинақтаушы және несиелік серіктестіктер түрінде көрініс берді. 1914 ж. Сырдария облысында 14 несиелік, 18 ссудалы-жинақтаушы серіктестіктер болды. Несиелік кооперациялар негізінен орыс шаруаларының ауылдарына, қоныстанушыларға қызмет көрсетті, отырықшы қазақ халқының үлес салмағы өте аз болды (0,2-37%).Несиелік кооперациялар негізінен ауыл тұрғандарына, оның ішінде егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысқан тұрғындарға несие берді. Несиелер көбіне қысқа мерзімге берілді, шамамен бір жылға, ал оның мөлшері несиелік кооперация мүшесінің мүліктік жағдайына тәуелді болды. Несиелік кооперациялар құрылған аудандарда, өсімқорлық операциялар азайды, себебі серіктестіктердегі несие, өсімқорларға қарағанда арзан болды. Дегенмен, ауыл шаруаларының көпшілігі үшін бұл несиелерге қол жеткізу өте қиын болды, тіпті ала алмады, сондықтан өсімқорлардың жоғары пайыздық несиелерін пайдалануға тура келді. XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басында Қазақстанда сауда жүйесінің дамуына байланысты оларды реттейтін құқықтық нормалар да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Өлкедегі сауда қатынастары Ресей империясының «Сауда Жарлығы», жергілікті әкімшілік-басқарманың уақытша ережелерінің негізінде реттелді, шекаралас орттаазиялық хандықтармен арадағы сыртқы сауда, 1860-70 жж. Хиуа және Бұқар хандықтарымен жасалған трактаттардың негізінде жүргізілді.

67. 1905-1907 жж. орыс төңкерісіне Қазақстан халқының қатысуы. Қарқаралы петициясы

Қарқаралы петициясы

Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.[1]

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 300-ден астам жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны. 1905 ж. желтоқсанда Успенск руднигіндегі тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы. Успенск руднигі жұмысшыларының құрған ұйымы. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. І, ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар. Б.Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алуы. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы. Столыпин аграрлық реформасы Қазақстанда жүзеге асырылу барысы және нәтижелері. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға алынуы. «Қара жұмысшалар одағының» құрылуы.

68. Столыпиннің аграрлық реформасы. Патша үкіметінің Қазақстанға қоныс аудару саясаты

Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы[өңдеу]

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.

Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына  рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік  аймақтарында  қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін  қоныс  аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен,  1907 жылы Ресейдің орталық  губернияларындағы  шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда  үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек  қоныс  аударуға шақырды. Ол басылымдарда  Қазақстан  мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.1917  жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға  қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.

Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері[өңдеу]

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар  себептері  болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар  бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін олардыҚазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы[өңдеу]

1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше  қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы  Қорған  және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы  Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.

Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.

Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.

1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі менМемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.

Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.

Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі[өңдеу]

1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.

Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.

1903 жылы «Сырдария , Фергана және Самарқанд  облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.

1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршылөкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.

1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.

1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

69. ХХ ғ.басындағы Қазақстан мәдениеті. «Айқап», «Қазақ» және т.б. басылымдар.

ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан Қожақұлы, Ақансері, Байжігіт және басқалар. Құрманғазының "Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ғылым, ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865 жж.). Омбы кадет корпусын бітіріп, Гасфорттың адъютанты лауазымына тағайындалуы. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызы. Ш.Уәлихановтың ориенталистика саласындағы еңбегі. Ш.Уәлихановты бүкіл әлемге танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.

Айқап” - журнал. Бірінші нөмірі 1911 жылы қаңтарында Троицкіде шығарылды. Баспагері әрі редакторы М.Сералин болды.[1]

Журнал алғашқы айларда айына бір рет шықты. 1912 жылдан бастап айына екі рет шығып отырды. Зерттеушілер Қ. Бекқожин мен С.Қозыбаевтың айтуынша, "Айқаптың" таралымы 1000 дана болған, шығып тұрған бес жылдың ішінде оқырман қолына 89 нөмірі тиген. Бірінші бетінде ел жаңалығы, ресми хабарлар, екінші және үшінші беттерде "Ашық хат" айдарымен оқырмандар хаты жарияланып тұрған. Көкейкесті мақалалар (жер, съездер, сайлаулар туралы) 4-6 беттерге орналастырылған. "Фельетон",'Ақпараттар" айдарымен берілген материалдарды оқырман журналдың ортаңғы бөлігінен тапқан. Шетел жаңалықтары, өлген кісінің өмірі мен қызметі туралы мақалалар (некролог), жаңа шыққан кітаптарға пікірлер соңғы беттерде жарияланды. "Айқап" өз заманының алдыңғы қатарлы басылымы болды. 1911-1912 жылы журналға А.Ғалымов, 1913-1914 жылдары С.Торайғыров хатшылық етті. ЖурналдаЖ.Сейдалин, С.Көбеев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Дөнентаев, Б.Қаратаев, М.Жолдыбаев, Б.Бекжанов т.б. қызмет атқарды.

Жас қазақ — қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы. 1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрды. Редакторлары —Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға, өнер-білімге ұмтылуға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тап жауларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Оларға кооператив, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді. “Жас қазақ” сол кездегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиетмұраларын жариялап тұрды. 1925 жылы Ташкентте шығып тұрған “Жас қайрат” журналымен қосылып, “Лениншіл жас” журналы болып шықты.

ҚАЗАҚ Газеті

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және басқалар бастаған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары жалпыхалықтық газет ашумен 1905 жылдан айналыса бастады. Алдымен олар «18 ақпан жарлығы» шығысымен  

өздерінің саяси талаптарын әйгілі «Қарқаралы петициясына» тізіп жазып, осы жарлыққа қол қойған орыс патшасының атына поштамен  жөнелтеді. Петицияның 3-тарауында: «Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет, ол үшін бастапқы цензурасыз баспахана ашуға және газет басуға рұқсат сұрау емес, құлақтандыру тәртібін орнату керек болады» деп жазылған еді. Сол жылғы желтоқсан айының басында ақпарат көзі ретінде Санкт-Петербургтің «Новая жизнь» газетін сілтеп көрсеткен семейлік «Семипалатинскій листокъ» «17 қазан манифесі мен одан кейінгі тұста Ә.Бөкейхановтың қазақ тілінде газет басып шығару үшін қырға кеткенін» хабарлады. Ал қараша айында Бөкейхан Ресейдің «жергілікті (земский) және қалалық қайраткерлерінің» Мәскеудегі съезінде қазақтың сөз бостандығына зәру екенін айтып сөз сөйледі. Ол: «Ана тілін еркін қолдану қазақтардың таяу арадағы мұқтажы, сөз бостандығы әсіресе алдағы сайлау науқанына қажет» деп мәлімдеді.

Бірінші болып 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте басылып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. Бұл мерзімді басылым Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде алма-кезек шығып тұрды.  АЛҒАШҚЫ «ГАЗЕТТЕР» Басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейін «Особое прибавленіе къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымына, 1900 жылға дейін - «Акмолинскимъ, Семипалатинскимъ и Семиречинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымының «Киргизская степная газета» атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал біржола жабылған 1902 жылға дейін «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды.

70. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Көтерілістің шығу себебі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзетітөңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да көрінді. Көтерілістің Жетісудағы орталығы

1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиенілінсуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал – губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от – жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12 – сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16 – сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жаотысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патшаәкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.

Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.

еңінен тарады.

71. 1917 ж. Ақпан төңкерісі. Уақытша буржуазиялық үкіметтің Қазақстандағы саясаты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]