Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
леуметтану-сж.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
186.88 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үдірістерге қатынасынан көрінеді.

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әр уақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады.

Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.

Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.

Кешенді зерттеу жобаларында сапалық зерттеулер сандық зерттеудің алдында, сол сияқты соңында да жүруі мүмкін. Бірінші жағдайда бұл зерттелетін объект туралы аз біліп, құралдар жиынтығын формализмге негіздей алмаумен байланысты, екінші жағдайда сандық әдістемелерден сапалық әдістемелерге өту жиналған фактілерді терең түсінумен, ерекшелігі мен өзгешелігін белгілеумен, нақтылау қажеттілігімен байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ғабдуллина Қ.  Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

  2. Социологиялық сөздік” (ред. Бас.К.Ү.Биекенов.) А.2003 ж.

  3. Горелов, А. А. Социология в вопросах и ответах:учеб. Пособие А.  А. Горелов.-М.:Эксмо,2005.

  4. Габдуллина,   К.   Г.   Практикум по социологии права:учеб.пособие/ К.  Габдуллина.-Алматы:Юрид. лит.,2004.

  5. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2011.

  6. Смелзер Н. Социология. 2000.

  7. Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы 2008ж.