Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РГР МАТЕРИАЛТАНУ (Автосохраненный) Дурысы.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
673.58 Кб
Скачать

Қорытынды

Ауа электр беріліс желісінің оқшауламасы орнатылатын орнына байланысты тіректі, өтпелі, аспалы болып бөлінеді. Ал коструктивті орындалуына байланысты тәрелке тәрізді, иінді және де штырлық болып бөлінеді.

Оқшауламаның негізгі сипаттамаларына номиналдық кернеу, разрядтық кернеу, геометриялық, механикалық сипаттамалары жатады.

Контактілік желілерде оқшауламаның 6 түрі қолданады олар: аспалы фиксалды, консольды, секционды, штырлық және де тіректі болып бөлінеді.

Желідегі кернеу шамасы оқшауламаларға теңдей болып бөлінбейді, ең көп кернеу шамасы сымға жақын тұрған оқшауламады болады.

Кез келген оқшауламалық жүйеде оқшауламаның құрамдас бөлігі ретінде ауа немесе газ қолданылады. Мысалы, әуе электр желілерінің сымдары, тарату құрылғыларының, трансформаторлар мен жоғары вольтті басқа да аппараттардың шиналары бір-бірінен ауа кеңістігі арқылы, ал құралымдық бөліктері бір-бірінен қатты диэлектриктен (электртехникалық фарфор, шыны, целлюлоза өнімдері, пластмасса, т.б.) жасалынған оқшаулатқыштар көмегімен оқшауланады. Сонымен бірге ауа немесе белгілі бір газ көптеген электр жабдықтарының (кабельдердің, конденсаторлардың, трансформаторлардың, т.б.) негізгі оқшауламалаушы материалы ретінде де жиі қолданылады. Соңғы жылдары оқшаулама техникасында электрлік беріктігі (диэлектрикті тесіп өтетін кернеу шамасының электродтардың ара қашықтығына қатынасы) жоғары газдар – элегаз (алты фторлы күкірт – SҒ6) және фреон (дихлордифторметан – ССҚ2Ғ2) кеңінен қолданылуда. Олардың электрлік беріктігі ауамен салыстырғанда 2,4 – 2,6 есе артық. Мұнайдан алынатын және синтет. сұйық диэлектриктер электр жабдықтары мен аппараттарының ток өтер бөліктерін оқшаулау, салқындату мақсаттарында кеңінен қолданылады (трансформатор, конденсатор, кабель майлары, т.б.). Жоғары кернеу техникасының басқа бір маңызды мәселесі – жоғары вольттік қондырғыларда пайда болатын тәждік разряд пен жоғары жиілікті сәуле шығаруды зерттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Богородицкий И.П., Пасынков В.В., Тараев Б.М. Электротехнические материалы.–Л.: Энергоатомиздат, 1985.–304 с.

  2. Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение. Учебное пособие.– А.: Ғылым, 2001.– 257 с.

  3. Окадзаки К. Пособие по электротехническим материалам.–М.: Энергия, 1979.– 432 с.

  4. Қ.Х. Бекмагамбетова, Р.М. Кузембаева, Ш.Т. Дуйсенова. Электротехникалық материалтану. 5В081200-“Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету” . Алматы: АЭжБУ, 2012.-38 б.

10