Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НСЭС.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
716.32 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Алматы Энергетика және Байланыс УНИВЕРСИТЕТІ»

Телекоммуникациялық жүйелер кафедрасы

«Бағыттаушы электробайланыс жүйелері»

пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В0719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Орындаған:ТукымбековД.Тобы: БРк-10-06

Жетекшісі: аға оқытушы Шұғайып У.Ш

Сынақ кітапшасы № 103155

« » ___________________ 2013 ж.

Алматы 2013

Кіріспе

Жаңа NGN ұрпақ желілері бірте-бірте байланыс торларын құру базалық технологиясына айналып, барлық телекоммуникациялық инфражүйесіне жол салып жатыр. Тор қажетті аппараттың қолдауымен бірге, пакетті коммутациямен цифрлық мәліметтен дауыс телефониясы, телевизияға және т.б. дейін конвергентті ортасы мультимедиялық трафигінің  бірыңғай концепциясын жүзеге асыра алады. 

ҒТП негізгі бағытының бірі - оптикалық - талшықтық жүйелердің жан - жақты дамуы болып келеді. Олар едәуір қашықтықтарға үлкен көлемді ақпаратты өте жоғары жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде үлкен ақпаратты сыйымдылығы бар, регенерация бөліктерінің ұзындығы 200километрге жететін талшықты- оптикалық байланыс жолдары бар. Талшықты – оптикалық телекоммуникациялық технологияның осыншама қарқынды дамуы ақпаратты тарату теориясы, физика және талшықты – оптикалық байланыс жолдары (ТОБЖ) элементтерін шығару технологиясының дамуынсыз бола алмайды.

Қазіргі ТОБЖ-да ақпаратты тарату жылдамдығы мен көлемінің қарқынды өсуі регенерация аймақтарының ұзындығымен бір уақытта өсуі байланыс саласы мен ТОБЖ-ның энергетикалық потенциялына әсер ететін рэлеевтік шашырау әсерінен болатын талшықтағы шығындар, хроматикалық дисперсия, локальді біртексіздіктердегі шығындар секілді факторлармен қатар поляризациялық модалық дисперсия, поляризациялық модалық шығындар және орташа қуаты 10мВт-тан артық болатын оптикалық сәулеленуді талшық бойымен тарату кезінде байқалатын сызықсыз оптикалық құбылыстарды да ескеру қажеттілігіне әкеліп соғады. Жоғарыдағы құбылыстарды ескеру қажетттілігіне байланысты бұл параметрлерді өлшеудің арнайы әдістері мен құралдары бар.

1 Кабельді байланыс жолын жобалау кезіндегі жалпы жағдай

Курстық жұмысты орындай отырып студенттер келесі сұрақтарды меңгеруі тиіс:

1 Кабельді байланыс жолын жобалау кезіндегі жалпы жағдайды

2 Берілген елді мекендердің орналасуына байланысты топология түрін таңдауды

3 ТОТЖ трассасын таңдауды

4 Негізгі жобалау есептерін

4.1 Ағындардың топтық жылдамдықтарын есептеу негізінде мультиплексор типі мен иерархия сатысын таңдауды

4.2 Оптикалық кабельдің типі мен конструкциясын таңдауды

5 байланысты ұйымдастырудың схемасын таңдауды

6 Техникалық есептеулерді

7 Таңдалған трассаға байланысты ТОТЖ құрылысын.

Трасса ретінде АҚ «Қазақтелеком» және АҚ «Транстелеком» операторларының магистралдарын таңдау керек. Ең қысқа ТЖ станциялар арасындағы ең қысқа қашықтық Астана Талдықорған үшін 1359км[1].

Енді өзімнің нұсқам бойынша таңдаған Астана мен Талдықорған қалаларының арасындағы жобаланатын байланыс трассасының бойында халық шаруашылығының даму перспективасы, халықтың орналасу деңгейі байланыс өнімдерімен қамтамасыз етілуі туралы аздаған мәліметтер келтіре кетсем. Қостанай мен Алматы қалаларының арасындағы трассада орналасқан ірі пунктер: Астана - Қарағанды– Алматы - Талдықорған.

1 Кесте –Тапсырма нұсқасы

Сынақ кітапшасының соңғы екі номері

84

ТОТЖ трассасы

Петропавл - Ақтау

Трассаның өту жолы

АВТО

Цифрлық ағындардың саны

70

2 Кесте – Кабель орнату тәсілдері

Сынақ кітапшасының соңғы номері

4

Кабель орнату тәсілі

Траншеяда

1 Сурет –Ұлттық ақпараттық супермагистраль

2 Берілген елді мекендердің орналасуына байланысты топология түрін таңдау

Берілген елді мекендердің орналасуына байланысты топология түрін «нүкте-нүкте» топологиясы ретінде таңдадым. Ол мына ірі-ірі пункттерді яғни темір жол станцияларын қамтиды: Астана-Қарағанды (196 км), Қарағанды-Алматы (1013 км), Алматы- Талдықорған( 249 км).

3 Тотж трассасын таңдау

3 Кесте – ТОТЖтрассасын төсеу нұсқалары

Трассаның сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Нұсқа бойынша бірліктер саны

Темір жол

Авто

Аралас

Трассаның жалпы ұзындығы

Км

1357

2425

-

Трассаның бойындағы елді мекендер

Км

ашық

аралас

аралас

Өткелдер саны

1 өткел

Өзендер арқылы-4, теміржол арқылы-12, шоссе жолдар арқылы-41

Өзендер арқылы-4, теміржол арқылы -16, шоссе жолдар арқылы-46

Өзендер арқылы-4, теміржол арқылы-6, көп

Қызмет көрсетілетін пункттер саны

Пункт

9

21

20≤

Жоғарыдағы келтірілген кестеге қарай отырып, ТОТЖ трассасын салудың экономикалық жағынан ең тиімді жолы автожол екені көрінеді. Ал қауіпсіздігі мен қорғалғандығы жағынан темір жол тиімді, сондықтан да жобалау жұмысымда темір жол трассасын негізге аламын.

4 Негізгі жобалау есептері

4.1 Ағындардың топтық жылдамдықтарын есептеу негізінде мультиплексор типі мен иерархия сатысын таңдау

Е1 ағын саны цифрлық ағынның жылдамдығы арқылы өлшенеді.

Sтреб = 2,048·NПЦТ, (1)

Мұндағы, 2,048 Мбит/с – бір цифрлық ағынның жылдамдығы;

NПЦТ – цифрлық ағынның саны.

Sтреб = 2,048·70=143 Мбит/с

Цифрлық ағын мына шартты қанағаттандыру керек:

Sк SтребּКр, (2)

мұнда Кр – әр түрлі желілердегі коэффициенттің таралуы (1,4…1,5).

Sк =143·1,5=215 Мбит/с

Алынған нәтиже бойынша цифрлық ағынның жылдамдығы үшін келесі деңгейді STM –4 – 622.08Мбит/с аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]