
Экология шпор.АУК151
.docxВ. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады.
Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.
Сонымен, биосфера түсінігіне ағзаның өзгертуші іс-әрекеті кіреді, қазіргі уақытта ғана емес, сонымен бірге, өткендегі де іс-әрекет кіреді.
Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады.
41.Каннибализм кубылысын калай тусинесиз. Каннибализм (французша cannіbale, испанша canіbal – кісі етін жеуші, жалмауыз),
1) биологияда – жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық. Каннибализм сыртқы орта жағдайлары қолайсыз, популяция тығыздығы тым жоғары, қорек немесе су тапшы болғанда байқалады. Каннибализмге аталықтарынан гөрі аналықтары бейім болады. Кейбір түрлерде эвол. даму барысында қалыптасқан түр үшін тиімді де тұрақты құбылыс – облигаттық каннибализм ажыратылады. Мысалы, ұн зауза қоңыздары (Tenebrіo) өз жұмыртқаларын жеу арқылы (оофагия) популяция тығыздығын тежеп отырады; қарақұрт пен дәуіттердің аналықтары шағылысқаннан кейін аталықтарын; Америка саламандрасының аталығы ашыққанда, өзінің уылдырығының біразын; паразиттік тіршілік ететін шаншарлар (Galesus) бір ғана дернәсілін қалдырып, өзгесін жеп қояды. Кейбір жыртқыш балықтар (мысалы, Балқаш алабұғасы) өз майшабақтарын жеу арқылы басқа азық қоры жоқ су қоймаларын да игере алады. Сонымен каннибализм популяция санын қорек мөлшеріне сәйкестендіру арқылы популяцияның сақталуына септігін тигізетін реттеуші механизм қызметін атқарады. Каннибализм құбылысы жануарлардың 1300-ден астам түрінде, әсіресе, кеміргіштер, приматтар, жыртқыштардың арасында жиі кездеседі;
42.Биотикалык байланыстар канша топка болинеди. Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) немесе биоценозга әсер ететін жиынтығы. Тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етуінің барлық формалары. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар .Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.
Барлық биотикалық байланыстар 6 топқа бөлінеді:
1.Бір популяция екінші популяцияға әсер етпейді бейтарап
2.Бір түр қысым көретін, екіншісі популяцияға әсер етпейді аменсализм
3.Бір түр пайда көретін , екіншісіне әсер етпейтін комменсализм
4.Өзара пайдалы байланыстар симбиоз
5.Екі түр үшін де зияндық қатынас бәсекелестік
6.Бір түр пайда , ал екіншісі зиян көретін паразитизм
43.Аутоэкология деген не? Синэкология деген не? Аутэкология - особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
44.Топырак эрозиясы: угымы, турлери, пайда болу себептери. Топырак эрозиясымен куресу шаралары. Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі.Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.
Топырақтың ластануы, антропогендік ластаушы негізгі көздері.
1.Тұрғын үйлер, коммуналдық тұрмыстық кәсіпорындар
2.Өнеркәсіптік кәсіпорындар
3.Жылу энергетикасы
4.Ауыл шаруашылығы: тыңайтқыштар мен улы химикаттар
5.Транспорт
45.Абиотикалык факторлар дегенимиз не жане онын торт факторына аныктама бериниз. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық Абиоталық фактор|химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық фактор|физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды
46.Антропогенди фактордын асер етуине озгеше ерекшеликтери. Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр
47.Кышкыл жанбыр: угымы, пайда болу себептери , коршаган ортага асер етуи, шешу жолдары, проблемалары. Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2. Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия , Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді. Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.
48.Биоценоздын коректик курылымы (продуценттер, консументтер , редуценттер). Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
49.Туракты даму угымынын пайда болу тарихы. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.
Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет
50.Коршаган ортанын биотикалык факторларын сипаттаныз. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға адаптация. Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузоришер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады