Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
228.86 Кб
Скачать

9. Қай ханның кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан мүлдем оқшауланады?

А) Ұрұс хан

Ә) Өзбек хан

Б) Жұмадық хан

10. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?

А) Үгедей ұлысының

Ә) Жошы ұлысының

Б) Шағатай ұлысының

11. Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа

А) Үйсін тайпасы

Ә) Дулат тайпасы

Б) Арнат тайпасы

12. << Батпақ шайқасында >> кім жеңіске жетті?

А) Әмір Темір

Ә) Қамар ад – дин

Б) Ілияс – Қожа хан

13. Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті басып алған жылы

А) 1370 ж.

Ә) 1405 ж.

Б) 1336 ж.

14. Ноғай Ордасының іргесін кім қалады?

А) Жаңбыршы

Ә) Нұраддин

Б) Едіге

15. Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым – қатынасын орнатқан хан

А) Едіге

Ә) Ибақ хан

Б) Тайбұға

16. Екіретүп шайқасында кім жеңіске жетті?

А) Тоқа – Темір

Ә) Мұстафа

Б) Әблхайыр хан

17. Әбілхайыр қанша жыл хандық етті?

А) 20 жыл

Ә) 40 жыл

Б) 60 жыл

18. Хандық өкімет билігіндегі әскери атақ

А) Әмір

Ә) Мырза

Б) Бек

19. Әскерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық

А) Тағар

Ә) Баж

Б) Құшыр

20. Мұрагердің, яғни хан баласының тәрбиешісі

А) Наиб

Ә) Атабек

Б) Көкілташ

21. Отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында басым дамыды?

А) Батыс Қазақстанда

Ә) Орталық қазақстанда

Б) Оңтүстік Қазақстанда

22. Сығанақ қаласының төңірегіндегі каналдар

А) Ұзын, қысқа каналдар

Ә) Төменарық, Бозғыларық

Б) Жаман, жақсы арықтар

23. ХІІІ ғасырдың 2 – жартысынан Сырдария бойындағы қалаларда қандай кәсіп өркендей бастады?

А) Ұсталық

Ә) Үйішілік

Б) Кірпіш күйдіру

24. Ханның аңшылық ісін басқаратындарды қалай атаған?

А) Мир шикар

Ә) Наиб

Б) Инақтар

25. Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық

А) Құшыр

Ә) Зекет

Б) Тағар

Қазақстан тарихы. 7 – сынып.

Алтыншы тарау. ХІІІ – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

ІІ нұсқа

1.Шыңғысқан әскери – феодалдық монғол мемлекетін қай ғасырдың басында құрды?

А) ХІІІ ғ.

Ә) ХІV ғ.

Б) ХV ғ.

2. Шыңғысхан тұсындағы Монғол империясының астанасы

А) Орхон

Ә) Керулен

Б) Қарақорым

3. Монғол империясының 1206 ж. құрастырған әдет – ғұрып заңдар жинағы

А) Жеті жарғы

Ә) Яса

Б) Інжу

4. Отырар әміршісі кім болды?

А) Қайырхан

Ә) Үгедей

Б) Керей

5. 1237 ж. Шығыс Еуропаны бағындыруды кім басқарды?

А) Жошы

Ә) Батый

Б) Едіге

6. Монғол шапқыншылығы қазақ жерінде халық болып қалыптасу үрдісін неше жылға кешеуілдетті?

А) 80 – 90 жылға

Ә) 90 – 100 жылға

Б) 150 – 200 жылға

7. Алтын Ордада өз атынан теңге шығара бастаған қай хан?

А) Берке хан

Ә) Мөңке хан

Б) Өзбек хан

8. Алтын Ордаға Ислам дінімен бірге келген жазу

А) Парсы жазуы

Ә) Араб жазуы

Б) Руна жазуы

9. Алтын Орданың билеушісі, барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы

А) Хан

Ә) Князь

Б) Шаньюй

10. Алтын Орданың соңғы билеушісі

А) Тоқтамыс

Ә) Темір

Б) Шейх – Ахмед

11. Шығыс Дешті – Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан ХІV – ХVІ ғасырлардағы деректерде қалай аталды?

А)Сығанақ

Ә) Түркістан

Б) Сайрам

12. Ақ Орданың соңғы соңғы ханы

А) Барақ

Ә) Орда Ежен

Б) Ерзен

13. Ақ Орда Қазақстан аумағында салтанат құрды

А) 540 жыл

Ә) 640 жыл

Б) 240 жыл

14. Монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы кім?

А) Темір

Ә) Барақ

Б) Қожа

15. Әмір Темір неше жыл Орта Азияны жеке басқарды?

А) 45 жыл

Ә) 55 жыл

Б) 35 жыл

16. Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа

А) Маңғыттар

Ә) Барластар

Б) Үйсіндер

17. 92 ру – тайпадан құралған хандық

А) Алтын Орда

Ә) Әбілхайыр

Б) Моғолстан

18. Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпысының ақсүйегі

А) Поладшы

Ә) Тоғылық

Б) Мұхаммед

19. Ақ Орда мен Моғолстан Одағы кімге қарсы бағытталды?

А) Ноғай мемлекетіне

Ә) Темір мемлекетіне

Б) Әбілхайыр хандығына

20. Шыңғысханның бала кезіндегі аты

А) Темүжін

Ә) Есугей

Б) Төле

21. Шыңғысхан әскеріндегі ең таңдаулы мыңдық өзінің жеке басын қорғайтын жасауыл қалай аталды?

А) Даруғалар

Ә) Кешіктен

Б) Яса

22. Отырар қаласы неше ай бойы берілмей қарсыласты?

А) 10 ай

Ә) 7 ай

Б) 6 ай

23. Қай ханның кезінде Алтын Орда мен Египет Сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.

А) Берке

Ә) Өзбек

Б) Батый

24. Моғолстанның орталығы болған қала

А) Ақ бешім

Ә) Алмалық

Б) Суяб

25. Әмір Темір қай қалада қаза болды?

А) Испиджап

Ә) Тараз

Б) Отырар

Қазақстан тарихи. 7 – сынып.

Жетінші. Сегізінші тарау. Қазақ халқының қалыптасуы.

Қазақстанның ХІV – XV ғасырлардағы мәдениеті.

І нұсқа

1. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері кімдерге ұқсас болған?

А) Монғолдарға

Ә) Андрондықтарға

Б) Оғыздарға

2. Қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150 – 200 жылға кешеуілдетті?

А) Араб шапқыншылығы

Ә) Ғұндар шабуылы

Б) Моңғол шапқыншылығы

3. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында ... басты рөл атқарды

А) Ақ Орда мемлекеті

Ә) Моғолстан

Б) Әбілхайыр хандығы

4. “ Қазақ ” атауы ХІІІ ғ. дейін қандай мағынада қолданылып келді?

А) Көшпелілер

Ә) Жауынгерлер

Б) Еркін адамдар

5. “ Алаш ” сөзін қазақ халқының қай аңызынан жиі кездестіруге болады?

А) “Қорқыт ата”

Ә) “Оғызнама”

Б) “Алаша хан”

6. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделді?

А) Мал басынан алынатын

Ә) Саудаға Б) Қолөнер

7. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?

А) Пұтқа жалбарыну

Ә) Аруақтарға сиыну

Б) Тасаттық

8. Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған?

А) Пір Ә) Көк тәңірі

Б) Жаратушы

9. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?

А) Арыстан – баб

Ә) Ақыртас Б) Айша – бибі

10. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы

А) Боран мұнарасы

Ә) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

Б) Алаша хан кесенесі

11. XIV – XV ғ. далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш

А) Дың ескерткіші

Ә) Аяққамыр күмбезі

Б) Алаша хан кесенесі

12. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде “ қазақ ” сөзінің мағынасы

А) Мықты, берік, алып

Ә) Көшпелілер

Б) Кезбе, еркін

13. Қазақ халқының қалыптасу процесі

А) XIV – XVI ғғ.

Ә) XV – XVI ғғ.

Б) XIV – XV ғғ.

14. “ Үш жүз ” аңызы бойынша қазақ халқы ру – тайпаларының өз таңбаларын салған жері

А) Қозыбас

Ә) Таңбалы Нұра

Б) Мыңбұлақ

15. Кейбір шежірелерде “ қазақ ” атауының орнына қолданылған сөз

А) Алаш Ә) Жүз Б) Ру

16. Ұлы жүздің мекендеген жері

А) Батыс Қазақстан

Ә) Орталық Қазақстан

Б) Жетісу

17. ІХ – Х ғасырларда “ қазақ ” атауы әлуметтік мағынада қолданылған жер

А) Ноғай Ордасында

Ә) Шығыс Дешті Қыпшақта

Б) Моғолстанда

18. “ Алаш ” сөзі шамамен қай ғасырлар аралығында алғаш рет айтылады?

А) ІХ – Х ғғ. Ә) Х – ХІ ғғ.

Б) ХІ – ХІІ ғғ.

19. “ Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп – қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері.” Кімнің айтқан сөзі?

А) Қ. Аманжолов

Ә) К. Ақышев

Б) Ш. Уәлиханов

20. Бие сүтінен не жасайды?

А) Шұбат

Ә) Қымыз

Б) Айран

21. “ Кодекс куманикус ” қай тілде жазылған?

А) Араб Ә) Монғол

Б) Қыпшақ

22. Музыка өнері тіршілікке байланысты неше бағытта туған?

А) 2 Ә) 3 Б) 4

23. Шамандық наным – сенімнің сақталып келе жатқан бір түрі

А) Пұтқа табыну

Ә) Отқа табыну

Б) Тәңірге табыну

24. XIV – XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты

А) “Мұхаббатнама”

Ә) “Оғызнама”

Б) “Хұсрау мен Шырын”

25. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым

А) Левшин

Ә) А. Құнанбаев

Б) Ш. Уәлиханов

Қазақстан тарихи. 7 – сынып.

Жентінші. Сегізінші тарау. Қазақ халқының қалыптасуы.

Қазақстанның ХІV – XV ғасырлардағы мәдениеті.

ІІ нұсқа

1.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері “ қазақ ” екені жайлы хабар айтқан

А) Рузбихан

Ә) Көмеков

Б) Рубрук

2. Қазақ халқының құрамына кірген ру – тайпалар өздерінің ен – таңбаларын салған жартас

А) Жетісу

Ә) Таңбалы – Нұра

Б) Алтын Орда

3. “ Ислам діні ” атты мақала кімдікі?

А) А. Құнанбаев

Ә) М. Дулатов

Б) Ш. Уәлиханов

4. “ Шыңғыснама ” кімнің еңбегі.

А) Өтеміс қажы

Ә) Кетбұға

Б) Қорқыт

5. Мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған қай хан?

А) Әмір Темір

Ә) Өзбек хан

Б) Тоғылық – Темір хан

6. “ Оғызнама ” қай тілде жазылған?

А) Араб

Ә) Қыпшақ

Б) Татар

7. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі неше бөлмені құрайды?

А) 35

Ә) 40

Б) 50

8. Тайқазан қай жылы жасалған?

А) 1399 ж.

Ә) 1490 ж.

Б) 1370 ж.

9. Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі үлкен ақсарай мен кіші ақсарайда кімдер жерленген?

А) Шаруалар

Ә) Тұтқындар

Б) Атақты адамдар

10. Көккесене неше күмбезді?

А) 2

Ә) 1

Б) 3

11. Қожа Ахмет Йасауи ғимаратының шығыс жағында, 60 м жерде орналасқан кімнің кесенесі?

А) Рабиға Сұлтан Бегім

Ә) Әмір – Темір

Б) Ұлықбек

12. Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырады

А) Әмір Темір шапқыншылығынан кейін

Ә) Алтын Орда ыдырағаннан кейін

Б) Монғолдардың жаулап алуынан кейін

13. Кейбір шежірелерде “ қазақ ” атауының орнына қолданылған сөз

А) Еркін

Ә) Алаш

Б) Кезбе

14. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада салынған?

А) Отырар

Ә) Сайрам

Б) Түркістан

15. Арыстан баб кескенесі неше бөлмеден тұрады?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

16. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым

А) Ш. Уәлиханов

Ә) М. Дулатов

Б) Левшин

17. Музыка өнері тіршілікке байланысты неше бағытта дамыған?

А) 4

Ә) 2

Б) 3

18. Түйе сүтінен не жасайды?

А) Шұбат

Ә) Қымыз

Б) Айран

19. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?

А) Аруақтарға сиыну

Ә) Тасаттық

Б) Пұтқа жалбарыну

20. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында ... басты рөл атқарды

А) Моғолстан мемлекеті

Ә) Әбілхайыр хандығы

Б) Ақ Орда мемлекеті

21. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері кімдерге ұқсас болған?

А) Андрондықтарға

Ә) Қимақтарға

Б) Моңғолға

22. Айранды ненің сүтінен жасаған?

А) Бие сүтінен

Ә) Сиыр сүтінен

Б) Түйе сүтінен

23. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделеді?

А) Саудаға

Ә) Мал басынан алынатын

Б) Қолөнерге

24. Қандай оқиға қазақ жеріндегі қазаз болып қалыптасу үрдісін 150 – 200 жылға кешеуілдетті?

А) Монғол шапқыншылығы

Ә) Араб шабуылы

Б) Ғұндар шабуылы

25. “ Қазақ” атауы ХІІІ ғ. дейін қандай мағынада қолданылып келді?

А) Еркін адамдар

Ә) Жауынгерлер

Б) Көшпелілер

III бөлім. Қазақстан тарихы. 7 – сынып. ІХ – Х тарау.

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.

І нұсқа

1. Қазақ хандығы құрылуы алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің ішкі – сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер?

А) Әбілхайыр хандығы мен Мауараннахр

Ә) Әбілхайыр мен Моғолстан хандықтары

Б) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы

2. Қазақ хандығының құрылуына Қазақстанның қай аумағында негіз қаланды?

А) Батыс Жетісу жерінде

Ә) Орта Азияда

Б) Орталық Қазақстанда

3. XV ғ. басында Әбілхайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?

А) Орыс әскерінен

Ә) Қытайлардан

Б) Ойраттардан

4. Моғолстан ханы кім еді?

А) Мұхаммед Шайбани

Ә) Есен – бұға Б) Темір

5. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

А) Әл – Марвази

Ә) Мұхаммед Хайдар Дулати

Б) Идриси

6. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

А) 30 Ә) 20 Б) 10

7. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға Ә) 1 млн - ға

Б) 700 мыңға

8. Қасым ханның атты әскерінің саны

А) 300 мың Ә) 150 мың

Б) 200 мың

9. Хақназар кіммен дос болып, өзара көмектесу жөнінде “ант беріскен шарт” жасасты?

А) Баба Сұлтанмен

Ә) Шайбани ханмен

Б) ІІ Абдалахпен

10. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

А) Сұлтандарға

Ә) Билерге Б) Батырларға

11. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

А) “Қасқа жол”

Ә) “Билік кесім”

Б) “Жеті жарғы”

12. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық қай ханның билігі тұсында шарықтау шегіне жетті?

А) Әбілхайыр

Ә) Барақ Б) Жошы

13. Тарихи деректерге қарағанда Әбілхайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін неше жылға жуық күрес жүргізген?

А) 30 жыл Ә) 20 жыл

Б) 40 жыл

14. Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне Моғолстанның қай ханы қарсы болмаған?

А) Уәйіс Ә) Жүніс

Б) Есен – бұға

15. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығын құрды

А) Батыс Жетісу жері Қозыбасыда

Ә) Батыс Қазақстан Орал өңірінде

Б) Орталық Қазақстан Сарысу жерінде

16. Керей мен Жәнібек хандар қай жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) 1465 – 1466 жж.

Ә) 1466 – 1467 жж.

Б) 1565 – 1566 жж.

17. Соңғы ғылыми зерттеулер бойынша қазақ хандығы қай жылы құрылған?

А) 1465 ж. Ә) 1458 ж.

Б) 1450 ж.

18. Қазақ хандығының алғашқы – қарым – қатынас жасаған елі қай хандық болды?

А) Әбілхайыр хандығы

Ә) Өзбек хандығы

Б) Моғол хандығы

19. Жәнібек хан қай ханның баласы?

А) Барақ хан Ә) Есен – бұға

Б) Қасым хан

20. Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығының тағына кім отырды?

А) Қасым Сұлтан

Ә) Бұрындық Б) Дулати

21. Ойраттар қай жерді мекендеген тайпа болатын?

А) Батыс Монғолияны

Ә) Қытайды Б) Жапонияны

22. Ойраттарды кейде қалай атады?

А) Жужандар

Ә) Жоңғарлар Б) Оғыздар

23. Орыс елінің қай патшасы Строгановтарға қазақтармен ешбір баж салығынсыз сауда жасауды бұйырған?

А) Олег

Ә) Иван Грозный

Б) Николай

24. Шығай хан неше жасында хан тағына отырды?

А) 80

Ә) 90

Б) 70

25. Қай ханның тұсында Қазақ хандығын екі хан билейді?

А) Хақназар хан

Ә) Есім хан

Б) Шығай хан

Қазақстан тарихы. 7-сынып

Тоғызыншы, оныншы тарау. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.

Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы

ІІ нұсқа

1.Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды?

А) «Қатаған қырғыны»

Ә) «Қалмақ қырылған»

Б) «Қара сиыр »

2. Тұрсын хан барлық әскерін жинап қай жерді шабады?

А) Ташкентті

Ә) Түркістанды

Б) Таразды

3. Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін қазақ халқы Жәңгірді қалай атады?

А) Ер Жәңгір

Ә) Батыр Жәңгір

Б) Салқам Жәңгір

4. 1643 ж. Жәңгір 600 жауынгермен Жоңғардың неше мың әскеріне қарсы шықты

А) 40 мың Ә) 50 мың

Б) 70 мың

5.Билер кеңесі кай жерде өткізілетін

А) Күлтөбеде

Ә) Үлкентөбеде

Б) Майтөбеде

6. Ғылыми зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің ең таңдаулы неше биі қатысқан

А) 9 Ә) 10 Б) 7

7.Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген қай би

А) Төле би

Ә) Қазыбек би

Б) Әйтеке би

8. Әйтеке бидің шын аты?

А) Айдар Ә) Айбол

Б) Айтық

9. 1694 ж. Тәуке хан І Петрмен қай елші арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады?

А) Аталықов

Ә) Айтбаев

Б) Атамбаев

10. Жәңгірдің сәлемін естіген Жалаңтөс батыр неше мың қолмен жоңғарларға шабуыл жасайды.

А) 30 мың

ә) 20 мың б) 50 мың

11. Тұрсынхан туралы жазған қай жырау.

А) Сыпыра жырау ә) Бұхар жырау

Б) Марғасқа жырау

12. Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 ж. Мәскеуден қай тілмаш жіберілді.

А) Вельямин Степанов

ә) Бажин Александр

б) Рудь Игорь

13. Қазақ хандары кімнің ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты.

А) Есен-бұға

Ә) Әмір Темір

Б) Керей

14. XV ғ. 80 ж. Шайбани хан қай елдің ханының қолдауымен Қазақ хандығына қарсы шабуылға шықты.

А) Моғолстан ә) Ақ Орда б) Ноғай

15. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай ханның ұрпақтары.

А) Ұрұс хан ә) Уәйіс хан б) Әмір Темір

16. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ хандығының қол астына қаратты.

А) 1470ж Ә) 1570ж б) 1670ж

17. Қасым ханның таққа отырған жылы.

А) 1480ж ә) 1511ж б) 1509ж

18. Хақназар ханның ел билеген жылдары.

А) 1500-1508жж ә) 1557-1582 жж

Б) 1538-1580жж

19. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.

А) 1598ж ә) 1582ж б) 1588ж

20. Қазақ хандығы құрылуы алғы шарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер

А) Әбілқайыр мен Моғолстан хандықтары

Ә) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы

Б) Әбілқайыр хандығы мен Мауараннахр

21. Моғолстан ханы кім еді.

А) Әмір Темір ә) Шайбани б) Есен-бұға

22. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды.

А) М.Х. Дулати ә) Ә.Идриси б) әл-Марвази

23. Соңғы ғылыми зерттеулер бойынша Қазақ хандығы қай жылы құрылған.

А) 1465ж ә) 1458ж б) 1450ж

24. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді.

А) Батырларға ә) Сұлтандарға б) Билерге

25. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті.

А) 300 мыңға ә) 1млн. Б) 800 мыңға

Қазақстан тарихы. 7- сынып

Он бірінші, он екінші тарау.

Қазақ мемлекетінің XVI-XVII ғасырлардағы әлеуметтік –экономикалық жағдайы.

Қазақстанның XV-XVII ғасырлардағы мәдениеті.

І нұсқа

1.Ауылды басқаратын адам?

А) Ауылнай

Ә) Би

Б) Рубасы

1. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталады?

А) Жиналыс

Ә) Құрылтай

Б) Мәжіліс

3. Маусымды көші-қон қанша мезгілге бөлінеді?

А) екі

Ә) үш

Б) төрт

4. Егіншілікпен айналысатын малы жоқ кедейлер

А) Қараша

Ә) Жатақ

Б) Егіншілер

5. XVI ғ соңындағы Қазақ хандығының астанасы?

А) Сығанақ

Ә) Сауран

Б) Түркістан

6. Қазақстанда тұрғын үйдің қанша түрі бар?

А) Бір түрі

Ә) Екі түрі

Б) Төрт түрі

7. Үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қою қалай аталады?

А) «Ат тергеу»

Ә) «Жарапазан»

Б) «Қазық майлау»

8.Қазақтарды ислам дініне сенетін халықтар деп кім жазды?

А) Сейфи

Ә) Марко Поло

Б) А. Дженкинсон

9.Есім ханның ең жақын жорық жырауы?

А) Марғасқа

Ә) Шалкиіз

Б) Доспамбет

10. Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді деп кім жазды?

А) Роллан

Ә) Г.Н.Потанин

Б) Макдиси

11. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы

А) Өтеміс қажы

Ә) Әбілғазы

Б) М.Х. Дулати

12. XVI-XVII ғ.ғ қазақ-моғол қарым –қатынастарының тарихы баяндалатын еңбек

А) «Шыңғыснама»

Ә) «Шежірелер жинағы»

Б) «Тарих»

13. Ата-аймақты кім басқарды?

А) Ауылбасы

Ә) Ақсақал

Б) Ру биі

14. Жүздің биін қалай атаған?

А) Жүзбасы

Ә) Ордабасы

Б) Ордаби

15. Ұлы жүздің ұраны

А) Бақтияр

Ә) Алдияр

Б) Абылай

16. Хандық неше жүзден құралды?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

17. Хан тағына кімдердің ұрпағы сайланды?

А) Әмір-Темір

Ә) Шыңғысхан

Б) Мұқылай

18. XVI-XVII ғ.ғ қазақ хандығы халқының құрамы неше топтан тұрды?

А) 3

Ә) 4

Б) 2

19.Жазғы үйдің неше түрі болды?

А) 3

Ә) 2

Б) 1

20. Қазыны ненің етінен дайындады?

А) Сиыр етінен

Ә) Қой етінен

Б) Жылқы етінен

21. Жами ат- тауарих кімнің еңбегі

А) Қ. Жалайыри

Ә) О.Мұхаммед

Б) М.Х.Дулати

22. Екі жағына да 12 жануардың бейнесі салынған ортағасырлық түрік медальоны қай жерден табылды?

А) Созақ ауданы Баба-Ата қаласы

Ә) Жамбыл ауданы Өрнек ауылы

Б) Орталық Қазақстан өңірі

23. Ислам діні Қазақстанның қай аймағында орнықты?

А) Шығыс және Алтай баурайында

Ә) Оңтүстік және Жетісу аймағында

Б) Батыс және Торғай аймағында

24. «Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірмедің» -деп ханды жазғырған кім?

А) Қазтуған

Ә) Сыпыра

Б) Асан Қайғы

25. Соқпалы аспапты тап?

А) Дауылпаз

Ә) Шертер

Б) Домбыра

Қазақстан тарихы. 7-сынып

Он бірінші, он екінші тарау Қазақ мемлекетінің XVI-XVII ғасырлардағы

әлеуметтік –экономикалық жағдайы

Қазақстанның XV-XVII ғасырлардағы мәдениеті

ІІнұсқа

1.Қағанның үрім –бұтақтарын қалай атады?

А) Күңдер

Ә) Тегіндер

Б) Бұдундар

2. Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрды?

А) 2 Ә) 3 Б) 7

3.Руды басқаратын басшыны қалай атады?

А) Ру биі

Ә) Көкілташ

Б) Даруға

4. Бірнеше ұлыстардан құралатын не?

А) Ата-аймақ

Ә) Жүз

Б) Ру

5. Кіші жүздің ұраны

А) Ақжол

Ә) Ағыбай

Б) Алдияр

6. Орта жүздің ұраны

А) Абылай

Ә) Ақжол

Б) Жауғашар

7. Үш жүзден құралатын не

А) Жүз

Ә) Ата-аймақ

Б) Хандық

8. Қазақтың ханы елді билеумен қатар, ненің жоғарғы басшысы саналды?

А) Әскердің

Ә) Рудың

Б) Жүздің

9. Шығу тегі араб болып саналатын кімдер?

А) Арғындар

Ә) Қожалар

Б) Наймандар

10. Қазақ халқы маусымды көшіп-қонуды қысқы көшінде өздерінің жылы қыстауларындағы тұрақ-жайларында неше ай қоныстанды?

А) 6 ай

Ә) 2 ай

Б) 3 ай

11. Көктеу, жайлау, күздеуде неше ай тұрақтаған?

А) 4 ай

Ә) 2 ай

Б) 5 ай

12. Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі не болды?

А) Дауыл

Ә) Боран

Б) Жұт

13. Қыстау мен көктеудің арасы неше шақырымнан аспаған?

А) 20-25

Ә) 30-35

Б) 40-45

14. Жайлау мен көктеудің арасы Оңтүстік аудандарда неше шақырым болған.

А) 50-100

Ә) 100-150

Б) 200-250

15.Жайлау мен көктеудің арасы Солтүстік және Солтүстік Батыс аудандарда неше шақырымға жеткен?

А) 500-1000

Ә) 1000-2000

Б) 3000-4000

16.Қойдың күзем жүнін қай мезгілде қырқады?

А) Көктемде

Ә) Күзде

Б) Жазда

17.XV-XVI ғасырлар аралығында Қазақ хандығының астанасы болған қала?

А) Түркістан

Ә) Суяб

Б) Сығанақ

18. 30-40 жастағы әйелдер бастарына кестеленген не киді?

А) Сәукеле

Ә) Кимешек

Б) Күндік

19. Қазақтардың өте бағалы тағамдарының бірі

А) Көже

Ә) Сүт ботқа

Б) Жент

20. XV-XVII ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қай тіл ресми әдеби тіл ретінде қолданылды

А) Көне қыпшақ тілі

Ә) Араб тілі

Б) Өзбек тілі

21. Қазақтардың 200 мыңнан астам адамы ислам дінін ұстағандарын атап өткен кім?

А) Рашид ад-Дин

Ә) Сейфи

Соседние файлы в папке 7 сынып