
- •1.Психология пәні, мақсаты,міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •2.Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз
- •XVII-XIX ғ. Психология
- •3.Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •4.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз
- •8.Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •3. Вибрациялық туйсікте
- •9.Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз
- •10.Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз
- •11.Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
- •12.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз
- •14.Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •16.Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
- •17.Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
- •18.Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз
- •19.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •20.Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22.Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңы
- •23.Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28.Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз
- •32Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
- •33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
- •34Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз
- •35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз
- •36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
- •40.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •41. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •42. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •44. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •45. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.
- •49.Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
- •50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз
- •51.«Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз
- •52.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
- •53.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз
- •54.«XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз
- •55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз
- •56.Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз
- •57.Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз
- •58.Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз
- •59.Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз
- •60.Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз
- •Тұлға дамуының кезеңдері (э.Эриксон бойынша)
24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып,оның айқын бейнелеуін қамтамасыз ететін психологиялық процесс.Зейін үш түрі бар:Ырықсыз зейін адам алдында мақсат қоймай ақ қоршаған ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен адам санасының белгілі бір объектіге еріксіз аударуы.Мысалы: өткір иіс,оқыс дыбыс,ашық түстер.Ырықты зейін адам өз алдына мақсат қойып,қандайда ерік жігер күшін жұмсап заттарға саналы түрде көңіл аударады.Мысалы: емтиханға дайындалу,сабаққа дайындалу.Үйреншікті зейін алғашқыда ырықсыз зейінді қажет ететін кейіннен автоматизмге айналатын зейін.Мысалы:машина жүргізу.Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.
25. Зейіннің психологиялық теориялары
Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.
Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді.
Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.
2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.
3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.
4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.
5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.
6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.
7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.
Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.
Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.
Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:
Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.
Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.
Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.
Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.
Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.
Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің бақылау түрі.