
- •1.Туристік елтанудың пәні, зерттеу объектісі.
- •2.Елтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасу ерекшелігі.
- •3.II дүние жүзілік соғыстан кейінгі дүние жүзінің саяси картасында қандай өзгерістер болды?
- •4.Елдің экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.
- •5.Елтанудағы халықтың қоныстану мәселелері.
- •6.Туристік елтану пәнінің ерекшелігі мен маңызы неде?
- •7.Елтану пәнінің міндеттері мен атқаратын функцияларын атаңыз.
- •10.Францияның гео. Орналасуы,территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •11.Франция шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •12.Франция халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелерін сипаттаңыз.
- •14.Францияның туристік аудандастырылуы. Ірі қала агломерацияларын сипаттаңыз.
- •15.Испанияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары туризм даму факторы ретінде.
- •16.Италияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •17.Италия шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •18.Италия халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •19. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.
- •20.Италияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •21.Италияның туристік аудандары және оларға сипаттама беріңіз.
- •23.Германия шаруашылығының даму ерекшеліктері. Өнеркәсібінің жетекші салалар географиясы.
- •24.Германия халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •25.Германияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.
- •26.Германияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •27.Германияның туристік аудандары және оның сипаттамасы.
- •28.Қытайдың географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.
- •33. Қытайдың бір экономикалық ауданына сипаттама.
- •34. Ақш-тың географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары.
- •35.Ақш-тың халқы, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •36.Ақш-тың өнеркәсіп географиясын сипаттаңыз.
- •37.Ақш-тың әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
- •38.Ақш-тың бір экономикалық ауданына сипаттама беріңіз (өз қалауың бойынша).
- •39.Жапонияның халқы, этникалық діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.
- •40.Жапонияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдай мен ресурстары туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.
- •42.Жапонияның әлемдік экономикадағы алатын орны.
- •44.Үндістан шаруашылығының даму ерекшеліктері.
- •45.Үндістанның халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •46. Үндістанның ішкі айырмашылықтары әкімшілік аумақтық бөлінуі.
- •47.Үндістанның туристік-рекреациялық әлеуеті және оны пайдалану.
- •48.Испанияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.
- •49.Испания халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.
- •50.Испанияның туристік - рекреациялық ресурстарына сипаттама.
- •52.Ұлыбританияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары.
- •53.Ұлыбритания шаруашылығының даму ерекшеліктері. Өнеркәсібінің жетекші салалар географиясы.
- •54.Ұлыбританияның әкішілік-аумақтық бөлінісі, ішкі айырмашылықтары.
- •55.Ақш-тың туристік-рекреациялық әлеуеті және туризм дамуы.
- •56.Еуропа қалалары танымдық туризм орталығы ретінде.
- •57.Азия елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайына сипаттама.
- •59.Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық орналасуы туризм даму факторы ретінде қарастырыңыз.
- •60.Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарын сипаттаңыз.
7.Елтану пәнінің міндеттері мен атқаратын функцияларын атаңыз.
Елтану – бұл 1) нақты аумақты зерттейтін ғылым, 2) физикалық және қоғамдық география төңірегінде нақты аумақтағы географиялық құбылыстардың толық кешеніне зерттейтін ғылым; 3) нақты бір ел және аудан туралы әртүрлі ақпараттардың бірігуінің ұйымдық формасы.Елтанудың басты ұстанымдары: экологиялық (әлеуметтік-экономикалық нысандардың қоршаған ортамен байланысын ескере отырып), гуманистикалық (адамның дамуына баса көңіл аударады). Гуманистикалық ұстаным негізінде географияда қызмет көрсету географиясы, рекреациялық география сынды бағыттары пайда болады. Елтанудың басты міндеттері: адамның өмір сүру салты мен өндіріс процессін көрсету; табиғи ортаны ресур және еңбек ортасы көзі ретінде сипаттау; өндіріс саласының дамуы өмірдің жоғарғы деңгейі мен сапасын қамтамасыз ететін құрал ретінде бағалау. Ғылымның дамуындағы негізгі фактор болып оған деген қоғамдық қажеттілік табылады, яғни ол атқаратын функцияны анықтау. Елтану келесідей функцияларды атқарады: 1.Гносеологиялық функция. Елтану танымдық, ағартушылық маңызы бар. Ол әлемнің географиялық суртені құрастыруға үлкен үлес қосады. 2.Аксеологиялық (бағалау) функция. Елдің немесе аймақтың ресурстарының (табиғи, экономикалық, туристік және т.б. ) бағасы беріледі.3.Ақпараттық функция. Ел немесе оның аудандарының (география, табиғат, мәдениеті, тарихы және т.б. ) туралы мәліметтерді жинау, сақтау және ұсыну. Елдің кешенді сипаттамасы аумақтық жобаларда, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы басқармаларда, аумақтық саясатты орныдалуында, сыртқы экономикалық байланыстарда, соның ішінде туристік байланыстарда қолданыла алады. әсіресе ГАЖ құру өте маңызды, ел бойынша немесе оның жеке аудандары бойынша табиғи, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени құбылыстар мен процесс туралы әртүрлі ақпараттар кешені.
8.Еуропадағы маңызды халықаралық ұйымдар және әлемде алатын орны.
Еуропада көптеген маңызды халықаралық ұйымдар орналасқан. Олар Еуропа Одағы, ТМД, Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Дүниежүзілік туристік ұйым, БЕНИЛЮКС және т.б. Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия,Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания,Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литваелдері мүше болды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы(НАТО) - әскери-саяси одақ.1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланд, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған.Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшлік етеді. НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым Салқын Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания). Бенилюкс - Бельгия, Нидерландтар және Люксембургтің кедендік-экономикалық одағының қысқарған аты. Одақ жасау туралы келісім-шартқа 1958 жылы қол қойылған. Мерзімі-50жыл. 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоғарғы орган - министрлер комитеті. Тұрған жері - Брюссел (Бельгия).
9.Ел табиғатының игерілу деңгейін сипаттаңыз. Елтануда маңызды орынды табиғи ресурстар мен жағдайды зерттеу алады. «табиғи жағдай мен ресурс» түсініктері арасында шекара жүргізуге болады, бірақ кей жағдайларда ол өте қиын (туризм, рекреацияда). Табиғи ресурс - өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты немесе тұтыну өнімі ретінде қолданыла алатын табиғат компаненттері (бөлшектері). Нақтырақ айтатын болсақ, табиғи ресурстар: еңбек құралдарыретінде (жер, ішкі сулар, суландыру үшін су); энергия көзі ретінде (жанатын қазба байлықтар, су және жел энергиясы); шикізат пен материал (минералды шикізат көздері, орман қоры); тұтыну өнімдері (фауна, тұщы су, жабайы өсімдіктер); туризм мен рекреаця үшін нысандар (тау, орман, теңіз, өзен, көл жағалаулары) қолданыла алады.Табиғи ресурстар классификациясынад әртүрлі тәсілдер бар. Ең негізгі тәсілдері болып, табиғи генезисі және табиғи ресурстарды пайдалану әдісіне қарай. Шығу тегі бойынша минералды , су, жер, биологиялық, климаттық ресурстар деп бөледі. Табиғи ресурстарды пайдалану типіне қарай бес топқа жіктейді: -ресурсты пайдалану саласы – табиғатты өндіріс құралы ретінде пайдаланатын ауыл шаруашылық, орман, су шаруашылығы және гидроэнергетика; -қайта өңдеу өндіріс саласы, табиғатты еңбек құралы мен тұтыну көзі ретінде падаланатын промыслы; -рекреация, туризм, спорттың әртүрлі түрлері және денсаулықты қалпына келтіру салалары, табиғатты өмір сүру жағдайы ретінде пайдаланады; -қорық шаруашылығы, ғылым, табиғатты зерттеу полигоны және оны болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында пайдаланады. Табиғаттың сипаттамы суреттемелі-аналитикалық болуы керек, яғни жер бедері генезисі мен оны өзгертетін процестер; жер бедеріне әсер ететін атмосфералық және гидрологиялық процестер ерекшелігі; топырақ жіне өсімдік жамылғысының қалыптасуы, климаттың ішкі сулар мен топырақөсімдік жамылғысна әсері; атмосфералық циркуляция мен оның климат қалыптастырудағы рөлі.