
- •2. Терминдер мен анықтамалар
- •3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығында айналым жағдайы
- •4. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 4.1. Жалпы талаптар
- •4.2. Сигналдық түстерге қойылатын талаптар
- •4.3. Сигналдық белгілеулерге қойылатын талаптар
- •4.4. Қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
- •4.5. Құрылмалар мен материалдарға қойылатын талаптар
- •4.6. Белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерді өндіруде қолданылатын лак-бояу материалдарына, жабындарға және сигналдық және қарама-қарсы түстердің басқа материалдарына қойылатын талаптар
- •4.7. Климаттық факторлардың әсеріне тұрақтылығы бойынша белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
- •4.8. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін таңбалау мен орауға қойылатын талаптар
- •4.9. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар
- •5. Сәйкестік презумпциясы
- •6. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
- •7. Үйлес стандарттардың тізбесі
- •8. Қолданысқа енгізу мерзімдері және шарттары
- •2 Және 3 типті жарық қайтарғыш жабындардың сыртқы түрінің жобалық құрылымы
- •1. Эвакуациялық белгілер
- •2. Медициналық және санитарлық мәнді белгілер
- •2. Ескерту қауіпсіздік белгілері
4.9. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар
77. Орап-буылған күйдегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері көліктің барлық түрлерімен жабық вагондарда, кемелердің трюмдерінде немесе жабық палубаларында, жабық автомашиналарда тасымалдануы керек.
78. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін тиеген және түсірген кезде ықтимал соққылар мен бүлінулерден қорғалуы қамтамасыз етілуі қажет.
79. Тасымалдаған және сақтаған кезде сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің су болуына жол берілмейді.
80. Орап-буылған күйдегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері минус 5 о С бастап плюс 30 о С дейінгі температурада және ауаның 45% бастап 60% дейінгі салыстырмалы ылғалдылығында жабық қойма орындарында сақталуы қажет.
81. Ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін тасымалдау мен сақтау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5. Сәйкестік презумпциясы
82. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектілерде орнатылған сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
83. Талаптары осы техникалық регламентте аталған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттар бойынша жасалуы мүмкін.
6. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
84. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері оларды Қазақстан Республикасының нарығына жеткізгенге дейін сәйкестікті растау процедураларынан өтуі қажет.
85. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін анықтау тәртібі "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
86. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін бірдейлендіру олардың сәйкестігі расталған және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргізіледі.
87. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін бірдейлендіруді: сынақ зертханалары; сәйкестікті растау жөніндегі органдар; өз құзыретінің шегінде бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
7. Үйлес стандарттардың тізбесі
88. Үйлес стандарттардың тізбесі:
1) ҚР СТ ГОСТ Р 12.026-2002 "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер";
2) ГОСТ 14202-69 "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыржолдары. Таным бояуы, ескерту белгілері мен таңба қалқаншалары";
3) ГОСТ 17925-72 "Радиациялық қауіп белгісі";
4) ISO 17398:2004 "Қауіпсіздік түстері мен белгілері. Қауіпсіздік белгілерінің жіктелуі, пайдаланылуы сақталу ұзақтығы";
5) ISO 7010:2003 "Графикалық символдар. Қауіпсіздік түстері мен белгілері. Жұмыс және қоғамдық орындарда пайдаланылатын қауіпсіздік белгілері".