
10 Слайд
Бухгалтерия бөлімі. Бас бухгалтердің міндеті:
Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;
Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;
Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап тапсыру.
1-ші бугалтердің міндеті:Ұйымның аванстық есебін есептеп тапсыру, әр күн сайын басқа филиалдардан келіп отыратын қаржылық жағдайын, яғни олардың кассаларында қаншалықта бар нақты ақшаны көрсетіп, директордың алдында есеп беру.
2-ші бухгалтердің міндеті:Ұйымға әкелінген тауарлардың, бөлшектердің,жабдықтардың құжаттарын қабылдап, 1 С компьютерлік бағдарламадағы « тауарларды қабылдау» бөліміне еңгізу. Тауарларды сатылған уақытта, сатылғандығы жөнінде накладной толтырып жазып беру. Ұйым директорының, бас бухгалтердің қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.
Кассирдің міндеті:Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді. Кассадан берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын толтырып, оған ұйым басшысының , бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен бірге кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған қалдықты анықтайды, оның ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп көрсетеді.
11 Слайд
Сонымен жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2013 жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теңгені құраған, ал 2014 жылы 76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша қаражаттары елеулі төмендеген. 2013 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2014 жылы 206484,1 теңгені құраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2 пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша 2013 жылы 490661 мың теңгеге, ал 2014 жылы 330872 мың теңге, яғни 159789 мың теңгеге төмендеп отыр, бұл көрсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да, зиянмен аяқтап отыр.
12 Слайд
Кассадағы ақша қаражаттары есебі және құжаттық рәсімдеу
Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру жүргізіледі.Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.
Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
«VIP-ГТ» ЖШС – де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.
«VIP-ГТ» ЖШС – де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды – жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.
«VIP-ГТ» ЖШС – нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотының кредиті бойынша жазу беріледі.