Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тыру

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

Жоспар

  1. Құтырудың белгілері

  2. Алдын алу

  3. Пайдаланған әдебиеттер

Құтыру

Құтыру - адамның ми жасушаларын қатты зақымдайтын жыртқыштар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық зоонозды жұқпа.

Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу белгілері: қозушылық, агрессиялық, ой қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл Корнелий Цельс сипаттаған(біздің дәуірге дейінгі I - ғасыр), ол оны судан үрей деп атаған. Құтыру ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай - ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан сақтайтын антирабиялық вакцина ойлап тапқан. Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болып, қозуы мүмкін. Негізінен, құтырған жан-жануарлардың сілекейі ауру белгісі білінбестен, бірнеше күн бұрын-ақ жұқпалы болады. Құтыру ауруы адамдарға көбінесе үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, одан кейін су көрсе үрейленіп, абалай бастайды, үргенде даусы қарлығып шығады, аузынан сілекейі шұбырады. Адамдар инкубациялық (білінбейтін) кезең өткеннен кейін ауыра бастайды, ол жарақаттың ауыр – жеңілдігіне қарай 10 күннен 1 жылға дейін, көбінесе 1-3 айға созылады: адам еліріп, тыныс алысы бұзылады, жұтынуы қиындайды, аяқ-қолының жаны кетеді. Құтырған ит қапқан адамды сақтандырудың бірден-бір шарасы – емдік егу болып табылады. Сондықтан ондай жағдайда дереу дәрігерге көріну керек.

Құтыруды қоздырушы туралы не белгілі?

Құтыру – бұл жүйке жүйесінің ауыр зақымданумен өтетін, әдетте өліммен аяқталатын жіті вирусты ауру.

Қандай жануарлардан құтыруды жұқтыруға болады?

Құтыру вирусы адамға ауру жануарлардан беріледі: иттер, мысықтар, түлкілер, жанаттар, қасқырлар, ақ түлкілер, шиебөрілер, жарғанаттар.

Құтыруды жұқтыру қалай өтеді?

Құтыруды ауру жануардан төменгі жағдайларда жұқтыру мүмкін:

1. Ауру жануар тістеген кезде;

2. Ауру жануардың сілекейі терінің зақымданған бөлігіне түскен кезде (сызат, жара, жарақат).

Қандай алдын алу шаралары бар?

Құтыруды алдын алу мақсатында жануар тістегенінен кейін, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан кісілердің барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травмотологиялық пунктте медициналық көмек сұрауы керек. Тістеген жарақатты ағынды сумен және сабынмен жуу керек.

Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет. Медициналық тәжірибеде іс жүзінде асқынуды туғызбайтын және жоғары дәрежелі иммунитетті қалыптастыратын құтыруға қарсы вакцина қолданылады. Құтыруға қарсы вакцина БДСҰ куәландырылған және екпе тегін өткізіледі. Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6 ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты тоңазуға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау иммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.

Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады, ал жұқпа көзі және жұқпа қоры – жұқтырылған мал. Вирус ауру басталғанша дейін 8 - 10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтар мен ауыл шаруашылық малдарында таралады. Таралу механизмі – қарым - қатынас арқылы, адам әдеттегідей мал қапқан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейінен таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (жарғанаттар мекендейтін үңгірлерде, зертхана ішіндегі жұқтыру), тамақтан және трансмиссивтік – жәндіктердің шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің аяқталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады.

Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық), қозушылық және сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер бұрыннан жазылған жара орны солқылдап аурады және күйдіріп ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа немесе субфебрильді.

Науқас мұңайып, іштей түңіледі, кейде ашуланшақтық, тамақ ішпеуі, әлсіздік, бас ауруы мен нашар ұйқы мазасыздандырады. Науқастарда кеудесі қысқаны байқалады. Қозушылық кезеңі дене қызуы - 37 ºС, жалпы қозушылық, судан үреймен сипатталады.

Алдын алу шаралары - алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау ережелерін сақтау ҚР және басқа елдерде үй жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес.

Елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді.

Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар, ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу курсын жүргізеді. Мал тістеген немесе тырнағанға ұшыраған науқастарды дереу травматологиялық бөлімшеге, ал ол болмаған жағдайда егу тағайындап, жасау үшін хирургия бөлімшесіне жібереді. Құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация курсы ит қапқаннан кейін 14 күнін кешіктірмей бастағанда ғана тиімді.

Құтырудың белгілері

Хайуандарда

  • Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;

  • Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;

  • Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.

  • Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Адамдарда

  • Тістеген жер ауырып, ысиды;

  • Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;

  • Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;

  • Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;

  • Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.

Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе:

  • Хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;

  • Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз;

  • Егер хайуан бір аптага жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.

Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды.

Алдын алу

  • Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);

  • Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;

  • Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.

Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Құтыру ауруының емі жоқ алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануар тістегенінен, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, антирабикалық егу алу тиіс. Әрбір адам өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет. Медициналық тәжірибеде іс жүзінде асқынуды туғызбайтын және жоғары дәрежелі иммунитетті қалыптастыратын құтыруға қарсы вакцина қолданылады. Құтыруға қарсы вакцина Біріккен Денсаулық Сақтау Ұйымы куәландырылған және екпе тегін егіледі. Құтыруға қарсы егу алғанда және егу курсының аяқталуынан кейін кем дегенде 6 ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты суықтауға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау иммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпай мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігер 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал егерде жарақаттаған ит, мысық қашып кетсе немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу тағайындалады. Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз керек.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.

  2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан",

  3. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл,