Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

диагностика

.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
145.41 Кб
Скачать

Магистралды құбырдың бөлігіндегі техникалық жағдайын диагностикалық әдіс бойынша бағалауға:

  • Магитрсальді құбырдың салынған жолының аэрокосмостық суреттерін түрлі-түсті, инфрақызыл, радиожиілікті, көпзоналық және т.б. әдістермен түсіру;

  • Құбырды тікұшақ комегімен телевидеоаппаратура қолдана отырып визуалды түрде зерттеу, ол бойынша әсіресе таулы аймақта орналасқан құбырдың жағдайын анықтауға болады;

  • Жерде және тікұшақ көмегімен іске асырылатын, визуалды түрде құбырдың катодтық қорғаныс потенциялын тексеру;

  • Өткізу;

  • Жердегі құбырдың жеке бөлігін бұзбайтындай әдістермен зерттеу (УЗД, қалыңдықты өлшеу, қаттылықты өлшеу, акустоэмиссиондық диагностика және т.б.);

  • Су астындағы құбырларды кемелердегі гидроакустикалық профилемермен зерттеу;

  • Жөндеу жұмыстары мен авария кезінде құбдың бір бөлігін кесіп алып лабораторияда материалдардың қасиеттерін, пісіру істіктерін, изоляциялық жабылуды зерттеу;

  • Геодезиялық және лазерлік құралдарды қолдана отырып жер асты, жер үстінде орналасқан құбыр бөліктерін зерттеу;

  • Су астына сүңгу кезінде құбырдың дюкерлік өтпелдерін зерттеу;

  • Құбырдың ішкі бөлігін визуалды түрде зерттеу және арматураларды опто-волокондық құралдармен зерттеу;

  • Құбырды салу және жөндеу жұмыстары кезінде пісіру істіктерін рентгендік, ультрадыбыстық және магнитографтық әдістермен зерттеу;

  • Құбырдың жеке бөлігін іштен гидравликалық және пневматикалық әдістермен қысым беріп зерттеу.

Ақаулардың пайда болуын алдын алу мақсатында қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі болып құбыр ішіміен арнайы құралдармен жабдықталған деффектоскоптарды пайдаланған тиімді. Дефектосоптардың көшілігі құбырда көлденеңінен пайда болған ақауларды зерттеуге арналған, майысқан жерлерін, құбыр қабырғасының жұқаруы мен ішкі және сыртқы коррозиясын анықтау. Арнайы тапсырмаларды шешуге арналған құбыр ішілік дефектоскоптарды жиі қолданады. Фотокамера және видеокамерамен жабдықталған дефектоскоптар тек құбыр ішін визуалды түрде ғана зерттеуге мүмкіндік береді, ал инерциондық құралдармен жабдықталған дефектоскоптар құбырдың қисықтығын, профильін арнайы құралдармен жабдықталғандары ақауларды, нейтрондық сәулелендіру болса құбырдың су астына салу тереңдігін анықтау үшін және ауырлату қабатының қалыңдығын анықтау.

Барлық дефектоскоптар тасымалданушы өніммен бірге қозғалады және әр түрлі құралдармен: жинау құралдары, ақпараттарды өңдеу және жинау, қоректендіру көзімен жабдықталған. Іштен тексерудің тиімді жақтарына құрылыс кезінде әрдайм тексеріп отыру құралдарымен жабдықтаудың қажеті жоқ сонымен қоса ол құбырдың барлық жүріп өткен жолында тиімді пайдалануға болады.

Снаряд-дефектоскоптарды жіберу мүмкіндігі болу үшін құбырлар жіберу-қабылдау түйіндерімен жабдықталған болуы керек сонымен бірге ол статционарлы және қозғалмалы камералармен жабдықталған болуы керек. Бірінші рет снаряд дефектоскопты құбырды іске қосқан кезде енгізеді ол арқылы құбырдың алғаш іске қосқан кездегі жағдайымен кейінгі тексеру жағдайын салыструға арналған. Екінші рет дефектоскопты 3-5 жылдан кейін қолдану керек. Бұл әдістің принцепиалды шектеулерінен басқа тағы да қолдануда техникалық қиындықтары бар, бірінші бұл әдіспен тексерудің қымбаттығы, ал екіншісі бұл датчиктардың көбі үлкен диаметрлі құбырларға арналған. Одан басқа ескі құбырлар жіберу-қабылдау түйіндерімен жабдықталмаған, сонымен бірге әр түрлі диаметрлерден тұратын сақиналардан тұрады осының бәрі іштен диагностика жасауға кедергі болады. Сондықтан оны қажетті мөлшерде құбырға енгізу реконструкция жасағаннан кейін мүмкін болады.

Құбырдың жай-күйі мен параметрлерін тексерудің түрлері: құбырға «контактілі» және дистанционды орналастырылған, стационарлы және стационарлықсыз (тасымалданбалы немесе көлікке орналастырлған). Контактілі құралдарға тензенометриялық, магнитті, геодезиялық және оптика-волокондық приборлармен, термопарлармен тексеру жатады. Дистанционды түріне радиолокациондық құрылымдар, электромагниттік әдіспен жер асты комуникацияларын іздеу принціпіне негізделген приборлар, гидроакустикалық және аэрокосмостық системалар, оптикалық спектроскпияның абсорбциялық диференциалымен, химиялық методикамен және т.б. Дискреттік өлшеу приборлары көптеген фирмалармен жасалынады және ол көптеген типтермен конструкцияға ие. Оның қатарына әр түрлі метал, саңылау іздегіштер, дефектоскоптар, магнитті, ультрадыбысты, электрлі т.б. манометрлер, термометрлер, термопарлар, вибрографтар, ылғалдық өлшеу приборлары, газ анализаторлары, деңгей өлшегіштер, оптикалық приборлар, әр түрлі тензометрлер, датчиктер және басқа да приборлар.

Ультродыбыстық дефектоскоптық әдіспен зерттеу құбырдың іші мен сыртқы қабырғасында пайда болған әр түрлі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта көлденең, тігінен және сыртынан жіберілген ультра дыбыстар және әр түрлі типті іздегіштер қолданылады. Ультра дыбыстық тексеруге: сақиналы пісірулер мен технологиялық орама.