Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

birlestik_esebi2

.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
1.77 Mб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері бірлестігінің 2014-2015 оқу жылындағы есебі

Орыс тілі шет тілдері бірлестігінде 5 мұғалім бар:

1.Гатаулина Н.Ф.- орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз.

2. Сатмаганбетова С.Н. - орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі,

ІІ- санатты ұстаз.

3.Ботаханова Д.Т- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ІІ- санатты ұстаз.

4.Абаканова А.С. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз.

5.Харшинбай Миллиона - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Мақсаты: оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдана отырып,

көптілді,жан-жықты дамыған құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазан айының 13-20 аралығында орыс тілі шет тілдер бірлестігінің

онкүндігі болып өтті.Онкүндік барысында орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф.

«Конкурс знатоков русского языка» тақырыбында сыныптан тыс сайыс

өткізді.

Ағылшын тілі мұғалімдері Ботаханова Д.Т. мен Абаканова А.С.

5 «А», «Ә» «English fast and easy» тақырыбында сайыс өткізді.

Қазан айының 10-20 аралығында орыс тілі, шет тілдер бірлестігінің

апталығы болып өтті. Апталық «Тіл-достықтың алтын діңгегі» тақырыбында салтанатты жиынмен ашылды. Салтанатты жиынды бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. ашты. Жиында балалар ағылшын және орыс тілдерінде тіл туралы және тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны туралы мағлұматтар берді. Орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер, өлең жолдарын оқыды. Мектеп дәлізінде арнайы ширма безендіріліп, онда ағылшын және орыс тілдерінде ақпараттар, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар ілінді. Әр сынып ағылшын тілінде газеттер шығарып ілді. 15 қазан күні ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. 6 «А» «Sightseeing of London» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

17 қазан күні орыс тілі мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. 9 «А» «Типы сложносочиненных предложений. ССП с соединительными союзами» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 17 қазан күні ағылшын тілі мұғалімі Абаканова А.С. 5 «А» сыныбында «What color is your cat?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

17 қазан күні ағылшын тілі мұғалімі Харшинбай М. 2 «Ә» сыныбында «Proffesions» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Жас мамандармен жұмыс жүргізілуде. Бірлестікте екі жас маман бар. Жас мамандарға ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. тәлімгер ретінде тағайындалған болатын. Дина Толегеновна тәлімгер ретінде жас мамандарға әдістемелік көмек қажеттігін айта келіп, өзінің жас мамандардың сабақтарына қатысып, сабақ жоспарын құрудан бастап, сыныпты ұйымдастыру, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізілуі қажет түрлі әдіс-тәсілдермен қаруландыруға тырысып жатқанын айтты. Әрине жас келсе іске демекші жас мамандар қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға тез бейімделетіні туралы айтты. Оған дәлел Харшинбай Миллионаның 1 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабағы, бұл сабақты мұғалім интербелсенді тақтада, флипчарттың көмегімен өткізген болатын. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып берілген тапсырмалардың өте ұтымды қолданылғанын айтты. Тәжірибелі ұстаздар Гатаулина Н.Ф. мен Сатмаганбетова С.Н. өздерінің тәжірибесінен көптеген ақыл кеңестерін беруге әрқашан да дайын екендіктерін, кез келген уақытта жас мамандарға көмекке келуге дайын екендіктерін айтты. Сөз соңында бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна жас мамандарға әлі де болсын қай жағынан да көмек қажет екенін және осы жұмыстың жандандырыла түсуі керектігін айтты. Келесі кезекте алдағы уақыттағы маңызды сынақ ҰБТ-ге дайындық сөз етілді. ҰБТ-ге байланысты 11 сыныпқа сабақ беретін орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып, ҰБТ-ге дайындықтың жүргізіліп жатқандығын, бірақ әлі де болса кейбір оқушылардың төмен нәтиже көрсетіп отыруына байланысты дайындықты күшейту қажеттігі айтып өтті. Бірлестіктегі мұғалімдердің екеуі ІІІ деңгейлі курсты аяқтағанын осы мұғалімдерге сабақтарында бағдарламаның 7 модулінің жүзеге асырылуының және осы мақсатта жұмыстың жандана түсуі керектігін айтылған болатын. 2015 жылы сертификатталған мұғалімдерге құжаттары мен папкаларының жинақталуда. Біздің бірлестігімізден 2 мұғалім осы бағдарламамен жұмыс жасауда.

Одан кейін қалалық олимпиадаға қорытынды жасалды. Өкінішке орай қалалық олимпиададан оры тілінен де, ағылшын тілінен ешқандай оқушының орын алмауы, тіпті ІІ турға өтпей қалуы олимпиадаға дайындық жұмыстарының нашарлығы себебінен болып отырғанын айта келіп, алдағы уақытта олимпиадаға дайындықты дайындықты жолға қойып, жұмысты күшейту керектігін баса айтты. Осы кемшілікпен қатар бірқатар жетістіктердің де жоқ емес. Орыс тілі, шет тілдері пәндерінен онлайн режиміндегі, «Кенгуру», «British bulldog» сайысына ағылшын тілі бойынша , «Руский медвежонок» сияқты олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстар мен түрлі конкурстарға қатысып жатқандығы және нәтижесі бар екендігі айтылды.

Ағылшын тілі пәнінен онлайн режиміндегі «Урфоду», «Кенгуру», «British bulldog» сайысына ағылшын тілі бойынша олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстар мен түрлі конкурстарға қатысып жатқандығы және 13 оқушы қатысты. Нәтижесінде «British bulldog» сайысынан 7 оқушы І орын, 2 оқушы ІІ орын алды.

Орыс тілі пәнінен «Инфоурок» сайысына 4 оқушы қатысып, оның 3-і І- орын, 1-і ІІ орын алды. КИО сайысына 9 оқушы қатыстырылды. 8«Ә» сынып оқушысы Турсынгалиева Камила 44 ғылыми-практикалық онференциясынан ғылыми-зерттеу жұмыстарынжа жеңгені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. XI халықаралық «Урфоду» олимпиадасына 15 оқушы қатысып, 11 оқушы І дәрежелі дипломмен, 4-і ІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.

Орыс тілі пәні бойынша 9 «А» сынып оқушылары Қасымхан Гүлайым мен Суниятова Айсұлу ақпан айында videouroki.net жобасына қатысып, «Тарих мекені» тақырыбы бойынша сертификатқа ие болды.

КИО олимпиадасына Байдуллаева Жанель(6 «Ә» кл.) и Толеуханов Алдияр (6 «А» кл.) қатысып сертификаттарға ие болды. Сатмаганбетова С.Н. «Инфоурок» Халықаралық жобасына орыс тілі, шет тілдері пәндері бойынша 5 оқушы қатыстырылып 1 оқушы -1 орын, 4 оқушы -2 орын алды. КИО олимпадасына орыс тілі пәнінен 9 оқушы қатысып мынадай нәтижесінде 1 оқушы «Қала бойынша үздік нәтиже» сертификатына 2 оқушы «Үздік нәтиже» сертификатына ие болды.

Сонымен қатар бірлестік мүшелеріне алдағы атқарылар іске сәттілік тілеп, бірлестікпен жұмыла отырып атқарылар жұмыстың көп екендігін ескертті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]