Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулі бойынша рефлективті есеп

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білуге үйрендім. Блум жүйесінде баға айқын болатын сияқты себебі әр кезеңге өткен сайын оқушының бағасы өзі анықталып отырады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша мынадай бағалау түрлерін қолданамын. «Екі жұлдыз, бір тілек» «Мадақтау сэндвичі» арқылы, «сабақтар кезеңі бойынша бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау, смайликтер беру арқылы, фигуралар беру, тәтті кәмпиттер беру, стикерлер беру арқылы, бірін –бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, топ көшбасшыларының бағалауы 9 балды шкаламен бағалау т.б түрлерін қолданып жүрмін. Осы өзін-өзі бағалау кезінде бір айта кетерім оқушылар өздерін-өздері бағалау кезінде артық немесе кем бағалап қоюы мүмкін сондықтан тақырып немесе тапсырмаға байланысты белгілі критерийлер арқылы бағалатқан жөн, сонда оқушы өзіне дұрыс баға қояды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізілді: Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды. Рефлексияның тиімділігі мен маңызы мұғалім үшін де оқушы үшін де зор себебі оқушы өзінің не үйренгенін, нені түсінбегенін немесе неі ұғып алғанын мұғалімге айтады, ал мұғалім өз кезегінде осыны өзіне келесі сабақтарға ескертпе ретінде алады, осы арқылы келесі сабақтарда дайындық жасайды. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсніктің мәнін білу аса маңызды. Бұл модульде мұғалімдер мен балалар өздерінің мақсаттарына жету үшін не керек екенін білу маңызды деп ойлаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]