Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ Сессия.docx
Скачиваний:
130
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
94.86 Кб
Скачать

1 Дәрежелі сәуле ауруы қандай сәулелену дозасы кезінде пайда болады? c) 100-200 рентген;

Авария дегеніміз не? A) технологиялық процестердің бұзылуы, механизмдер, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Авариялық – қалпына келтіру жұмыстары? B) жоғарғы қауіптілікті және қиратудың жеке ошақтарын жою, коммуналдық жүйелеріндегі зақымдалуларды, аварияларды жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін аз болса да жағдай жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру, кезек күттірмейтін жұмыстар;

Авариялық – құтқару қызметтері - C) авариялық – құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы – құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы – құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық – құтқару құрамаларын құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

Авиациялық апат - Е) адамдардың өлімі мен із – түссіз жоғалуына, зардап шегушілердің дене жарақатына немесе кеменің және ондағы тасымалданатын материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін, ұшу немесе пайдалану кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз: D) В және С;

Автотрансторттағы ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар: Е) барлық жауап дұрыс

Адамның сәулелену ауруына ұшыраудың неше дәрежесі бар? B) 4;

Азаматтық қорғаныс – бұл... D) бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны;

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің жергілікті деңгейде шешілуі - B) жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды;

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің Республикалық деңгейде шешілуі - C) республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты жүргізеді? B) ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі;

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - A) мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі;

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар - Е) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау, Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту.

Азаматтық қорғаныстың ортақ дабылы? C) «Баршаның назарына»;

Алғашқы жер сілкінісі кезінде: A) жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;

Аммиак - B) мүсәтірге тән қатты иісті газ;

Аммиак авариясы болған кезде мақта мата таңғышын неге матырып алу керек? B) 2% бор (лимон) қышқылы;

Аммиак қай мөлшерде жинақталғанда адам тіл тартпай кетеді? A) 50-100 мг/л;

Аммиакпен уланғанда бірінші кезекте неден мерт болады? A) өңеш және өкпенің ісінуінен;

Аммиакты нейтралдау үшін қолданылатын дегазациялау құралдары: D) су;

Аммиактың адамға әсері қандай? C) түшкіріп жөтелдіреді, тыныс алу ауырлайды;

Анатомиялық таңғыш ретінде қандай заттарды пайдалану керек? B) тіреуіш қылып зардап шегушінің өз денесін пайдаланады. Мысалы, зақымдалған қол денесіне, ал аяғы сау аяғына бинтпен таңылады;

Антропогендік ТЖ Е) адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат

Апат дегеніміз не? D) тұтқиылдан пайда болған, адамның тіршілік әрекеттері бұзылуымен, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономикалық және экологиялық шығынмен сипатталатын зілзала;

Апаттар көлемі бойынша: B) кіші, орта, үлкен;

Апаттар түрі бойынша: C) табиғи және жасанды;

Арнайы барлау? Е) радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымданған жерлердің ауасы және сыртқы ортаның басқа да нысандардың сипаты туралы неғұрлым толық мәліметтер алу үшін жүргізіледі.

Арнайы сақтандыру дегеніміз не? D) қоздырғыш түрі анықталғаннан кейін қоздырғышты жою белсенділігі жоғары антибиотиктердің көмегімен арнайы шұғыл сақтандыру жүргізу;

Артериальді қан кету кезінде... A) жарақаттан жоғары жгут қою;

Артериальді қан кеті кезіндегі қанның түсі? C) ашық - қызыл;

Аса қауіпті инфекция - C) уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы;

Аталған аурулардың қайсылары әлеуметтік маңызды ауруларға жатады? B) туберкулез,бруцеллез,вирусты гепатит

Ауа райына байланысты апатқа қай жағдайлар жатады? Е) барлық жауап кіреді.

Ауа соққы толқыны - A) жарылыс орталығынан жан-жақка дыбыстан тез жылдамдықпен тарайтын күшті сығылған ауа аймағы;

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, органдардың ауыр жарақаттануына әкелетін артық қысым C) 60-100 кПа;

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, органдардың жеңіл жарақаттануына әкелетін артық қысым A) 20-40 кПа;

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, органдардың орташа жарақаттануына әкелетін артық қысым B) 40-60 кПа;

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, органдардың өте ауыр жарақаттануына әкелетін артық қысым D) 100 кПа;

Ауа соққы толқынының қуат көзі - B) жарылыс орталығындағы миллиард атмосфераға дейін жететін жоғарғы қысым белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі;

Ауа температурасының күрт төмендеуі бұл... B) қысқа уақыт ішінде ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі;